Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2015.23.11 № 414-V ЕҢБЕК КОДЕКСІ
Дата: 20.09.2017 18:07:13
37
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан
Республикасының
Заңында
белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына екі жылдан аз қалған
жұмыскерлермен еңбек шартын жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан
құрылған комиссиясының оң шешімінсіз осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 2)
және
4)
тармақшаларында
көзделген негіздер бойынша бұзуға жол берілмейді.
2. Еңбек шарты осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында
көзделген
негіз бойынша бұзылған кезде, егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым
ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші он бес жұмыс күні бұрын еңбек шартын бұзу
туралы жұмыскерлерді жазбаша хабардар етуге міндетті. Хабардар ету мерзімі
тараптардың келісімі бойынша жұмыс істелмеген уақытқа пропорционалды түрде жалақы
төлеумен ауыстырылуы мүмкін. Хабарламада жұмыс беруші еңбек шартын бұзу үшін
негіз болған себептерді көрсетуге міндетті.
Мынадай:
1) құрылымдық бөлімшенің (цехтың, учаскенің) жабылуы;
2) жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіндігінің болмауы;
3) жұмыскерлердің өкілдерін еңбек шартын бұзу үшін негіз болған себептерді (жұмыс
берушідегі экономикалық өзгерістер мен еңбек шартын бұзу қажеттілігі арасында тікелей
байланыстың болуын) көрсете отырып, кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ету
шарттары бір мезгілде сақталған кезде осы негіз бойынша еңбек шартын бұзуға болады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында
көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу
құрамына жұмыскерлердің өкілі қатысуға тиіс аттестаттау комиссиясының шешіміне
негізделуге тиіс.
Жұмыскерлерді аттестаттауды жүргізу тәртібі, талаптары мен кезеңділігі ұжымдық
шартта немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
4. Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында
көзделген негіз бойынша
еңбек шартын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
құрылатын емтихан комиссиясының шешіміне негізделуге тиіс.
5. Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында
көзделген негіз бойынша
еңбек шартын бұзу үшін жұмыскердің осы жұмысты жалғастыруына кедергі келтіретін
денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына
сәйкес келмеуі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
медициналық қорытындымен расталуға тиіс.
6. Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 8)
,
9)
,
10)
,
11)
,
12)
,
13)
,
14)
,
15)
,
16)
,
17)
және
18) тармақшаларында
көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзу осы Кодекстің 65-
бабында көзделген тәртіптік жаза қолдану тәртібі және осы Кодекстің
66-бабының
талаптары сақтала отырып жүргізіледі.
7. Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 9)
және
10) тармақшаларында
көзделген
негіздер бойынша еңбек шартын бұзу медициналық қорытындымен расталуға тиіс.
Жұмыскерді медициналық куәландыруға жіберу туралы шешімді жұмыс беруші
уәкілеттік берген адам қабылдайды. Жұмыскер медициналық куәландырудан өтуден бас
тартқан жағдайда тиісті акт жасалады.
8. Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 20) тармақшасында
көзделген негіз бойынша
еңбек шартын бұзуға жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын ұсынғаннан кейін
жол беріледі.
2016.06.04. № 483-V ҚР
Заңымен
9-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
9. Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында
көзделген негіз бойынша
еңбек шартын бұзуға еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің
актісінде айқындалатын мөлшерде өтемақы төлене отырып, жұмыскер «Қазақстан
Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының
Заңы
11-бабының 1-тармағында
белгіленген зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін, еңбек
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2015.23.11 № 414-V ЕҢБЕК КОДЕКСІ
Дата: 20.09.2017 18:07:13
38
шартын бұзу күніне дейін кемінде бір ай қалғанда жұмыскерді хабардар ете отырып жол
беріледі.
10. Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 25) тармақшасында
көзделген негіз
бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыс беруші жұмыскерге болмағаны туралы актіні
хабарламасы бар хатпен жіберген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жұмыскер
болмау себептері туралы ақпаратты ұсынбаған кезде жол беріледі.
54-бап. Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу мүмкіндігін
шектеу
1. Осы Кодекстің
52-бабы 1-тармағының 1)
,
18)
,
20)
және
23) тармақшаларында
көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі және
демалыста жүрген кезеңінде жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға
жол берілмейді.
2. Жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа
дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі
мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын
анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен осы Кодекстiң
52-бабы 1-тармағының 2)
және
3) тармақшаларында
көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасымен
еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.
55-бап. Еңбек шартын жұмыскердің басқа заңды тұлғаға ауысуына байланысты
тоқтату негізі және тәртібі
1. Жұмыскермен еңбек шарты оның:
1) акцияларының (қатысу үлесінің) елу пайызынан астамы еңбек шарты тоқтатылатын
жұмыс берушіге тікелей немесе жанама түрде тиесілі;
2) еңбек шарты тоқтатылатын жұмыс беруші акцияларының (қатысу үлесінің) елу
пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі;
3) көрсетілген заңды тұлға және еңбек шарты тоқтатылатын жұмыс беруші
акцияларының (қатысу үлесінің) елу пайызынан астамы бір заңды тұлғаға тиесілі басқа
заңды тұлғаға ауысуына байланысты тоқтатылады.
2. Жұмыскердің жазбаша өтініші және басқа заңды тұлғаның жұмысқа қабылдауға
келісуі туралы жазбаша растамасы еңбек шартын тоқтату үшін негіздер болып табылады.
Еңбек шартын тоқтату күні тараптардың келісімі бойынша айқындалады.
56-бап. Еңбек шартын жұмыскердің бастамасы бойынша бұзу тәртібі
1. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыскер жұмыс
берушіні кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар ете отырып, еңбек шартын өзінің
бастамасы бойынша бұзуға құқылы. Еңбек шартында еңбек шартын бұзу туралы
жұмыскердің жұмыс берушіге хабардар етуінің неғұрлым ұзақ мерзімін белгілеуге жол
беріледі.
2. Еңбек шарты жұмыскердің бастамасы бойынша жұмыс берушінің жазбаша
келісімімен, осы баптың 1-тармағында көзделген хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін
бұзылуы мүмкін.
3. Жұмыскер жұмыс берушінің еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы оны
жазбаша хабардар етуге құқылы. Егер жазбаша хабардар етілген күннен бастап жеті күн
мерзім өткен соң жұмыс берушінің еңбек шартының талаптарын орындамауы жалғасса,
жұмыскер үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс берушіні жазбаша хабардар ете отырып,
еңбек шартын бұзуға құқылы.
4. Осы бапта көзделген хабардар ету мерзімі ішінде тараптардың келісімі бойынша
хабарлама кері қайтарылып алынуы мүмкін.
5. Осы бапта көрсетілген хабардар ету мерзімі өткен соң, материалдық жауапты
адамдардың кінәсінен жұмыс берушінің мүлкін (құжаттамасын) қабылдау-беру
Достарыңызбен бөлісу: |