Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2015.23.11 № 414-V ЕҢБЕК КОДЕКСІ
Дата: 20.09.2017 18:07:13
39
аяқталмаған жағдайлардан басқа, жұмыскер жұмысты тоқтатуға құқылы. Жұмыс
берушінің мүлкін (құжаттамаларын) қабылдау-беру аяқталған күн материалдық жауапты
жұмыскерлермен еңбек шартын бұзған күн болып табылады.
57-бап. Еңбек шартын тараптардың еркінен тыс мән-жайлар бойынша тоқтату
негіздері
1. Еңбек шарты тараптардың еркінен тыс мына мән-жайлар бойынша:
204-бабының
редакциясына сәйкес 1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан
бастап қолданылды) (
бұр.ред.қара
)
1) жергілікті атқарушы органдар шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты
қайтарып алған не тұруға ықтиярхаттың қолданылу мерзімі өткен кезде;
2) жұмыскер не жұмыс беруші - жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру
мүмкіндігін болғызбайтын жазаға сотталған сот үкімі заңды күшіне енген кезде;
3) жұмыскер не жұмыс беруші - жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот
жұмыскерді не жұмыс беруші - жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялаған немесе хабар-
ошарсыз кетті деп таныған жағдайда;
4) сот жұмыскерді әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған,
соның салдарынан жұмыскердің еңбек қатынастарын жалғастыруға мүмкіндігі болмайтын
жағдайда;
5) бұрын осы жұмысты атқарған жұмыскер жұмысына қайта алынған жағдайда;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР
Заңымен
6) тармақша жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
6) жұмыскер келісімшарт бойынша әскери қызметке, құқық қорғау және арнаулы
мемлекеттік органдарға қызметке кірген кезде жұмыскер тиісті құжатты үш күн мерзімнен
кешіктірмей көрсеткен күннен бастап тоқтатылуға жатады.
2. Сот үкімінің немесе шешімінің заңды күшіне енген күні, жұмыскердің немесе
жұмыс беруші жеке тұлғаның қайтыс болған күні осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4)
тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша еңбек шарты тоқтатылған күн болып
табылады.
58-бап. Еңбек шартын жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас
тартқан кезде тоқтату негіздері
1. Жұмыскермен еңбек шарты жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас
тартқан кезде:
1) жұмыскер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауысудан бас тартқан;
2) еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты жұмыскер жұмысты жалғастырудан
бас тартқан;
3) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақат алған, кәсіптік ауруға
шалдыққан немесе денсаулығына өндіріске байланысты емес өзге де зақым келген кезде
жұмыскер денсаулық жағдайына байланысты уақытша басқа жұмысқа ауысудан бас
тартқан жағдайларда тоқтатылуға жатады.
2. Жұмыскер еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан кезде не
жұмыскердің жазбаша бас тартуының жоқтығы туралы акт болған кезде еңбек шартын
тоқтатуға жол беріледі.
3. Жұмыскердің еңбекке уақытша қабілетсіздігі (оның ішінде жүктілігіне және
босануына байланысты) және демалысы кезеңінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген
негіздер бойынша еңбек шартын тоқтатуға жол берілмейді.
59-бап. Еңбек шартын жұмыскердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға)
ауысуына немесе оның лауазымға тағайындалуына байланысты бұзу
тәртібі
Жұмыскердің сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына немесе лауазымға
тағайындалуына байланысты онымен еңбек шарты, егер Қазақстан Республикасының
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2015.23.11 № 414-V ЕҢБЕК КОДЕКСІ
Дата: 20.09.2017 18:07:13
40
заңдарында осындай лауазымдарды атқаратын адамдарға ақы төленетін өзге
лауазымдарда болуға тыйым салу белгіленген болса, бұзылады.
Жұмыскердің жұмыс берушіні хабардар етуі және жұмыскердің жұмысқа (лауазымға)
сайлану немесе тағайындалу актісі негіздер болып табылады.
60-бап. Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек
шартын тоқтату негіздері
Егер еңбек шартын жасасу талаптарын бұзу еңбек қатынастарын жалғастыру
мүмкіндігін болғызбаса:
1) медициналық қорытынды негізінде жұмыскердің денсаулық жағдайы бойынша
қарсы көрсетілімі бар жұмысты орындауға еңбек шарты жасалған;
2) жұмысты орындауға арналған еңбек шарты адамды белгілі бір лауазымдарда болу
немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырған заңды күшіне енген сот үкімін
немесе қаулысын бұза отырып жасалған;
204-бабының
редакциясына сәйкес 3) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан
бастап қолданылды) (
бұр.ред.қара
)
3) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтаманы не
шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты белгіленген тәртіппен алмай немесе
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе ерекшеліктерді
сақтамай, шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шарты жасалған;
4) мемлекеттік органның шетелдік жұмыскерімен еңбек шарты Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптар бұзыла отырып
жасалған;
5) еңбек шарты осы Кодекстiң
26-бабының 2-тармағында
көрсетілген адамдармен
жасалған жағдайларда;
6) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген басқа да
жағдайларда, еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шарты
тоқтатылуға жатады.
61-бап. Еңбек шартының тоқтатылуын ресімдеу
1. Жұмыс бер уші - жеке тұлға қайтыс болған (сот қайтыс болды деп жариялаған
немесе хабарсыз кетті деп таныған) жағдайда еңбек шартының тоқтатылуын және үй
жұмыскерлерімен еңбек шартының тоқтатылуын қоспағанда, еңбек шартының
тоқтатылуы жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
2. Жұмыс берушінің актісінде осы Кодекске сәйкес еңбек шартын тоқтатудың негізі
көрсетілуге тиіс.
3. Жұмыс берушінің еңбек шартын тоқтату туралы актісінің көшірмесі жұмыс
берушінің актісі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жұмыскерге
тапсырылады не оған хабарламасы бар хатпен жіберіледі.
62-бап. Еңбек қызметін растайтын құжаттарды, сондай-ақ еңбек қызметіне
байланысты өзге де құжаттарды беру
1. Жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылған күні жұмыскердің еңбек қызметін
растайтын құжатты беруге міндетті.
2. Жұмыс беруші жұмыскердің (оның ішінде бұрынғы жұмыскердің) талап етуі
бойынша, өтінішпен жүгінген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде мамандығы
(біліктілігі, лауазымы), жұмыс істеген уақыты және жалақы мөлшері көрсетілген
анықтаманы, жұмыскердің біліктілігі және оның жұмысқа көзқарасы туралы мәліметтерді
қамтитын мінездеме-ұсынымды, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да құжаттарды
беруге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |