58
келісімі, еңбек шарттарын бұзу туралы бұйрықтардың еңбек заңнамасына сәйкес
рәсімделуі) қабылдауға байланысты өтініш берушілермен еңбек шарттарды бұзу кезінде
еңбек заңнамасы бұзылмағаны туралы ақпараттандырды.
ҚР Еңбек кодексі жұмысберушіге ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің
құзыреттерін тоқтату туралы шешім қабылдауға негіз болған себепті көрсетуді
белгілемейтінін атап өткен жөн, бұл жұмысберушіге жоғарыда аталған
жағдайда қызметкерлермен еңбек шарттарын бұзу туралы нормаларды кеңінен
қолдануға мүмкіндік береді.
Бұл мән-мәтінде Еңбек кодексінде «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР
Заңына сәйкес қызметкерлердің құзыреттерін мерзімнен бұрын тоқтатуға
байланысты жұмысберушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу
негіздемесіне қатысты нормаларды нақтылау маңызды болып табылады.
Жекелеген өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қызметкерлермен
еңбек шартын бұзу кезінде жұмысберушінің еңбек заңнамасының нормаларын
сақтамауы анықталды.
Омбудсменуге О.Г. мүддесінде С.Ж. «Ақбота-Үміт» балабақшасы әкімшілігінің оның
еңбек құқықтарын бұзуы туралы өтініші түсті.
Қызылорда облысының Еңбек саласындағы бақылау жөніндегі басқармасы
Омбудсмен мекемесінің сұрауымен өткізген тексеріс нәтижелері бойынша О.Г.
жұмысберушісінің оны жұмыстан босату кезінде оған тиесілі 100 мың теңге мөлшеріндегі
соманы төлемегені анықталды.
Осыған байланысты мемлекеттік еңбек инспекторы жұмысберушіге еңбек
заңнамасының бұзылуын жою туралы ұйғарым берілді.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге жұмыстан босату кезінде «Қазгеология» АҚ
әкімшілігінің әрекетімен келіспеу туралы өтінішімен Б.А. шағымданды.
Ұлттық құқық қорғау мекемесінің сұрауына еңбек жөніндегі уәкілетті орган
жұмысберушінің өтініш берушімен еңбек шартын бұзу бөлігінде еңбек заңнамасының
бұзылуы анықталмады деп мәлімдеді.
Сонымен бірге, «Қазгеология» АҚ әкімшілігінің 2018 жылғы 26 қазандағы Б.А.-мен
еңбек шартын бұзу туралы бұйрығы оған 2018 жылғы 15 қарашада, яғни ҚР Еңбек
кодексімен белгіленген мерзімді бұзумен мәлімделді.
Анықталған бұзушылық үшін жұмысберушіге бұдан былай еңбек заңнамасының
бұзылуына жол бермеу туралы бұйрық шығарылды.
Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес жеке еңбек дауларын келісу
комиссиялары, ал шешілмеген мәселелер бойынша немесе келісу
комиссиясының шешімін орындамау бойынша соттар қарайды
.
Еңбек
жөніндегі уәкілетті органның қызметкердің бұрынғы жұмысын қалпына
келтіруде заңсыз жұмыстан босату туралы анықталған фактілер туралы рөлін
қолданыстағыеңбек заңнамасында реттелмейтіні назар аудартады.
Омбудсменге «Астана су арнасы» ШЖҚ-дағы МКМ (бұдан әрі – Кәсіпорын)
әкімшілігінің әрекетімен келіспеу, еңбек құқықтарын бұзу туралы Б.Р. өтініші түсті.
Астана қ. мемлекеттік еңбек инспекторы бұған дейін өткізген тексеріс нәтижелері
бойынша Кәсіпорында жұмысберуші ҚР Еңбек кодексі 100-бабының 1-тармағын бұзып,
59
өтініш берушіге бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы
сақталмайтын демалысты бермегені анықталды. Сонымен қатар, осы кодекс 54-бабының
1-тармағын бұзып, еңбек шарты ол еңбекке уақытша жарамсыз болған кезеңде бұзылды.
Мемлекеттік еңбек инспекторы өткізген тексерістің нәтижелері бойынша
Кәсіпорынға 06.11.2018ж. еңбек заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы бұйрық
шығарылды, өтініш берушіге оны бұрынғы лауазымды қалпына келтіру үшін сотқа
жүгінуге кеңес берілді. Бұл ұйғарымға жұмысберуші мемлекеттік еңбек инспекторына
дәлелдерді келтіріп, хат жолдады, соларға сәйкес Кәсіпорын өз әрекеттерін заңды деп
санайды.
А.ж. 5 желтоқсанда Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің жанындағы әлеуметтік
және еңбек салаларындағы мониторинг жөніндегі Жұмыс тобының мүшелері Кәсіпорынға
барғанын, еңбек шарттарымен танысқанын, сондай-ақ Б.Р. өтінішінің мәселесін зерттеп
қарағанын атап өткен жөн.
Жұмысберушінің 05.10.2018ж. бұйрығына сәйкес өтініш берушімен еңбек шарты
Еңбек кодексі 52-бабы 1-тармағының 13-тармақшасы негізінде бұзылды (ақшалай немесе
тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін жұмыскер кінәлі әрекеттер жасаған
немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсіздік жұмыс берушінің
тарапынан оған деген сенімнің жоғалуы).
Жұмыс тобының мүшелері Кәсіпорынға бару барысында жұмысберуші өтініш
берушімен жоғарыда аталған негіз бойынша еңбек шартын бұзу кезінде тәртіптік жаза
қолдану тәртібін бұзғанын және Кәсіпорын еңбек шартын бұзу кезінде функционалдық
міндеттерге сәйкес лайықсыз негіздің қолданғанынанықтады.
Кәсіпорынның келісу комиссиясы жоғарыда аталған мәселелерді қарау
қорытындылары бойынша Б.Р. талаптарын қанағаттандырмады.
Бұндай жағдайларда өтініш берушіге тиісті талап арызбен сотқа жүгіну құқығы,
сондай-ақ еңбек жөніндегі уәкілетті органның талап арызды жазуда заң көмегін көрсетуге
дайын екені туралы түсіндірілді.
ҚР Еңбек кодексі келісу комиссиясының жұмыс тәртібін, шешімдерді
қабылдауды реттемейтінін атап өткен жөн. Бұл мәселелер жұмысберуші мен
жұмыскерлер өкілдерінің арасында жазбаша келісім немесе ұжымдық шартта
белгіленеді. Сараптамалық қоғам өкілдерінің пікірі бойынша,құқықтық
белгісіздік тәжірибе жүзінде әрбір комиссия дауларды шешу тәртібін, комиссия
жұмысына қойылатын талаптарды, шығарылатын шешімдердің мазмұнын
өзінің қарастыруымен анықтауына алып келеді.
Бұл арада бұл комиссиялардың жұмысына азаматтық қоғам өкілдерінің,
медиаторлардың қатысуы еңбек дауын қарау және шешім қабылдау процесінің
ашықтығына және объективтілігіне жәрдемдесетін еді. Бұндай комиссиялардың
тиімді қызметі сот органдарының жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік беретін еді.
Еңбекті қорғау және өндірістік қызмет үшін жағдайды жақсарту
мәселелері әлі де өзекті болып қалып отыр.
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге еңбек құқықтарының бұзылуына, 2018 жылғы 20
шілдеде жұмыс орнында орын алған жазатайым оқиғаны тергеу бойынша шаралардың
қабылдалмауына шағымменМ.З. өтініші түсті.
Өтініш беруші жұмысберуші оған медициналық көмек көрсету бойынша шараларды
қабылдамағанын, тиісті актінің жасалмағанын мәлімдеді.
Достарыңызбен бөлісу: |