Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет3/20
Дата16.02.2018
өлшемі0,51 Mb.
#9838
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

                    қазақстандық жалпы білім беретін мектептер

                   оқушыларының халықаралық салыстырмалы

                   зерттеулердегі нәтижелері:

                    оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі

                   халықаралық бағдарлама (PISA) – 40-45 орын, 4 және

                   8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану

                   саласындағы сауаттылығын бағалау (TIMSS) – 10-12

                   орын, «Оқу және мәтінді түсіну сапасын зерделеу»

                   (PIRLS) – 10-15 орын;

                    мектептердің жалпы санына шаққанда инклюзивті

                   білім беру үшін жағдайлар жасаған мектептердің

                   үлесі – 70 %;

                    қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби

                   даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті

                   беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің

                   үлесі - 80%;

                    ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік білім беру

                   тапсырысы бойынша білім алған түлектердің оқуды

                   бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмыспен

                   қамтылғандардың және жұмысқа орналасқандардың

                   үлесі – 80 %;

                    ұлттық институционалды аккредиттеу рәсімінен

                   өткен колледждердің үлесі – 30 %;

                    жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті

                   тәуелсіз бағалаудан алғашқы реттен өткен жоғары

                   оқу орындарын (бұдан әрі – ЖОО) бітірушілердің

                   оған қатысқандардың жалпы санынан үлесі – 80 %;

                    жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру

                   тапсырысы бойынша білім алған бітірушілердің 80

                   %-ы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бір жыл

                   ішінде мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан;

                    әлемнің үздік университеттері рейтингінде

                   көрсетілген Қазақстанның жоғары оқу орындарының

                   саны – 2;

                    халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық

                   институционалды аккредиттеуден өткен жоғары оқу

                   орындарының үлесі – 65 %;

                    халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық

                   мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу

                   орындарының үлесі – 30 %;

                    отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін

                   өндіріске енгізудің негізінде білім мен ғылымды

                   біріктіру жолымен инновациялық қызметті жүзеге

                   асыратын жоғары оқу орындарының үлесі - 13%;

                    соңғы 5 жылда импакт-факторлы ғылыми журналдарда

                   жарияланымдары жарық көрген профессор-оқытушы

                   құрамының және ғылыми қызметкерлердің үлесі – 5 %;

                    барлық жастағы адамдар үшін білім берудің әртүрлі

                   нысандары мен типтері енгізіледі;

                    жастардың жалпы санынан 55 %-ы жастар саясаты мен

                   патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды іске

                   асыруға белсенді түрде қатысатын болады.




Қаржыландыру       Бағдарламаның бірінші кезеңін республикалық

көздері мен        бюджеттен қаржыландыру көлемі 509,7 млрд. теңгені

көлемі             құрайды.

                   Жергілікті бюджеттен қаржыландыру жыл сайын тиісті

                   жергілікті бюджеттерден білім беру жүйесін

                   дамытуға бөлінетін қаражат шеңберінде жүзеге

                   асырылатын болады.

2. Кіріспе

      Білім беру «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді 

 маңызды басымдықтарының 

Стратегиясының

бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру 

жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті

республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған 

болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

      Халықаралық тәжірибе ерте балалық шақтан ересек жасқа дейін адами капиталға, атап 

айтқанда, білім беруге бөлінетін инвестицияның экономика мен қоғамға елеулі қайтарымы 

болатынын дәлелдеп отыр.

      Адами капиталға бөлінетін инвестициялар жылдам өзгеретін әлемде бейімделе алатын 

техникалық прогрессивті, өнімді жұмыс күшін құру үшін аса қажет. Болашақтың табысты 

экономикасы білім беруіне, халықтың дағдылары мен қабілетіне инвестициялайтындар болмақ. 

Білім беруді әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар ретінде ғана емес, 

экономикалық инвестициялар ретінде түсіну қажет.

      Білім беру мен экономикалық өсуді байланыстыратын көптеген дәлелдер бар:

      макро- және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулерді шолу білім берудің, 

табыстың және өнімділіктің арасында тығыз байланыстың бар екенін дәлелдеп отыр. Бұл ретте

оқытудың бастапқы кезеңіне инвестициялаудың зор қайтарымы болатыны байқалады;

      зерттеулер білім беруді дамытуға жұмсалған инвестицияның маңызды жақтарын растайды.

      Экономикалық пайдадан бөлек білім беру басқа да әлеуметтік пайдаларды келтіреді, 

әлеуметтік капиталдың – азаматтардың көп үлесінің қатысуымен құралған, әлеуметтік бірлігі

мен интеграциясы жоғары, құқық бұзушылық деңгейі төмен қоғамның қалыптасуына ықпал етеді.

Жастайынан білім алу әлеуметтік, эмоционалдық және басқа да өмірге қажетті дағдыларды 

қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Білім беру қызметінің барлық спектрларын одан әрі 

дамытудың сенімді дәлелдері осында. Қазақстанның білім беруді түбегейлі жаңғыртуы: білім 

беруге салынатын инвестицияны айтарлықтай және тұрақты ұлғайтуы, оның сапасын жақсартуы 

қажет.

      Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылады: 2020 жылға қарай Қазақстан – білімді 



мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің 

дамуы еліміздің болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени өркендеуі сүйенетін 

тұғырнамасы болуы тиіс.

      Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың

ұйымдастырушылық негізі – қазақстандық білімді жаңғыртудың жалғастырылуын қамтамасыз 

ететін Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) болуы тиіс.

      Бағдарлама білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушылық негізі 

ретінде білім беру мен тәрбиенің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің 

құқықтық-ұйымдастырушылық нысандарының және қаржы-экономикалық тетіктерінің құрылымындағы

, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді қамтитын ресурстары мен мерзімі бойынша 

бір-бірімен өзара байланыстағы іс-шаралар кешені болып табылады.



3. Ағымдағы жай-күйді талдау


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау