33. Федерация-бұл:
A) Заңды анықталған бағыныштылыққа ие мемлекеттік құрылымдардан тұратын (одақ, бірлестік) мемлекеттік құрылымның жәй нысаны.
B) Кейбір мәселелер бойынша мемлекеттердің уақытша одағы.
C) Кейбір мәселелер бойынша мемлекеттердің тырақты одағы.
D) Заңды түрде белгілі дербес ылттық - мемлекеттік қырылымнан тыратын (одақ, бірлестік) күрделі басқару нысаны.
E) Мемлекеттік немесе заңды анықталған дербестікке ие ылттық-мемлекеттік қырылымдардан тыратын мемлекеттік қырылымның күрделі нысаны.
34. Унитарлы (біртұтас) мемлекет-бұл:
A) Бөлігі бір-бірінен тәуелсіз, бөлінген мемлекет.
B) Белгіленген дербестігі бар мемлекеттік құрылымдардан тұратын біртұтас мемлекет.
C) Мемлекеттің аумағы әкімшілік-аумақтық бөліністерден тұратын жәй басқару нысаны.
D) Ұлттық құрылымдардан тұратын және әкімшілік бөліністерге бөлінетін күрделі мемлекеттік құрылыс нысаны.
E) Мемлекет аумағы әкімшілік-аумақтық бөліністерге. бөлінетін ұлттық-мемлекеттік құрылымның қарапайым, бөлінбейтін, біртұтас нысаны.
35. ҚР-ның мемлекеттік құрылыс нысаны:
A) Федерация.
B) Конфедерация.
C) Унитарлы.
D) Достастық.
E) Республика.
36. Мемлекеттік құрылыс нысаны:
A) Орталық және жергілікті биліктердің арасындағы өзара қатынастардың сипаты, мемлекеттің саяси-аумақтық құрылымы.
B) Мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктердің, соның ішінде мемлекеттің саяси өміріне қатысатын еңбек ұжымдарының барлық жиынтығын ұйымдастырылған түрде білдіру.
C) Мемлекеттің пайда болу, қызмет ету және дамудың негізгі жалпы заңдылықтары.
D) Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдісі мен тәсілдерінің жиынтығы.
E) Мемлекеттің мемлекеттік бөліну белгісі.
37. Саяси режим-бұл:
A) Мемлекет пен құқықты зерттейтін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
B) Саяси билікті жүзеге асырудың мазмұны мен сипатын білдіретін әдістері мен тәсілдерің жиынтығы.
C) Белгілі бір мақсатқа жету үшін биліктік қатынастармен және құрылыммен қамтылған мемлекеттік құрылыс нысаны.
D) Қоғамда мемлекеттік билікті жүзеге асырылатын органдар жүйесі.
E) Мемлекет қызметінің негізгі бағыттары.
38. Мемлекет саяси режиміне байланысты төмендегідей бола алмайды:
A) Демократиялы.
B) Шығыстық.
C) Либералды.
D) Авторитарлы.
E) Тоталитарлы.
39. Мемлекет функциясы-бұл:
A) Қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің әлеуметтік мәні мен маңызын, ролін көрсететін әрекеттерінің басты бағыттары.
B) Қоғамдық қатынастарға мемлекеттік әсер етудің механизмін көрсететін қоғамның саяси жүйесі әрекетінің басты бағыттары.
C) Мемлекеттің өзге қоғамдық ұйымдарға қатынасын сипаттайды, оның мазмұны мен сипатын көрсетеді.
D) Жария-биліктік қатынастар мен құрылымдары бар мемлекеттік органдар жүйесі.
E) Басқару нысанын, мемлекеттік құрылым нысанын және мемлекеттік режимді қамтитын мемлекеттік билікті ұйымдастыру.
40. Мемлекет функциясы түрлері:
A) Императивті, диспозитивті.
B) Қамтамасыз етуші.
C) Өкілеттік етуші.
D) Ішкі, сыртқы.
E) Рұқсат етуші, тыйым салушы.
41. Қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің әлеуметтік мәні мен маңызын, рөлін көрсететін мемлекет әрекетінің негізгі бағыттары:
A) Мемлекет функциясы.
B) Мемлекет механизмі.
C) Мемлекет типтері.
D) Мемлекет билігі.
E) Әлеуметтік билік.
42. Мемлекеттің сыртқы (қызметі) функциялары:
A) Әскери және басқа мемлекеттермен ынтымақтастық.
B) Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, құқықтық тәртіпті қорғау.
C) Экологиялық.
D) Қаржылық, мәдени.
E) Әлеуметтік қызмет.
43. Мемлекет функциясын жүзеге асырудың негізгі нысандары:
A) Заң шығарушы.
B) Атқарушы-жарлық етуші.
C) Соттық.
D) Бақылау-қадағалау.
E) Құқықтық және ұйымдастырушылық.
44. Мемлекеттің механизмі-бұл:
A) Барлық мемлекеттерге тән өте мәнді белгілердің жиынтығы.
B) Мемлекеттің өз міндеті мен қызметін орындауына көмегі тиетін жалпы қағидалары және түпкі мақсаттардың бірлігімен өзара байланысқан органдар мен мекемелердің жүйесі.
C) Құқықтық нормаларды бекіту және білдіру әдістерінің жүйесі.
D) Саяси биліктің қағидасы.
E) Өзіндік құқықтық құралдардың арнайы жүйесі ретіндегі қоғамдық қатынастарға нәтижелі және нормативті ұйымдастырылған әсер ету механизмі.
45. Демократизм, биліктің бөлінуі, субординация және координация, заңдылық, кәсіпқойлық төмендегілердің қайсысының қағидасы:
A) Саяси жүйенің.
B) Құқықтың.
C) Мемлекет механизмінің.
D) Сот билігінің.
E) Мемлекеттік құрылым нысанының.
46. Мемлекеттік аппарат-бұл:
A) Мемлекет функциясын жүзеге асыратын шенеуліктердің қызметі.
B) Федералды аппарат.
C) Адамдар белгілі бір тобын басқару аппараты.
D) Мемлекеттік құрылымның элементі.
E) Мемлекеттің қызметтерін жүзеге асыруды тікелей жүргізетін биліктік өкілеттік құзыреті бар органдар жүйесі.
47. Құзіретінің сипаты бойынша мемлекет органдары төмендегідей болады:
A) Құқықшығармашылық.
B) Өкілеттік.
C) Федералды.
D) Алқалы.
E) Жалпы, арнайы.
48. Иерархиясы (орналасу сатысы) бойынша мемлекеттік органдар:
A) Құқықшығармашылық.
B) Жоғарғы, жергілікті.
C) Федералды.
D) Алқалы.
E) Өкілетті.
49. Шешім қабылдау тәсілі бойынша мемлекеттік органдар:
A) Құқықшығармашылық.
B) Өкілетті.
C) Федералды.
D) Алқалы, жеке.
E) Заң шығарушы, атқарушы.
50. Бағыныштылық сипаты бойынша төмендегідей мемлекеттік органды анықтауға болады:
A) Құқықшығармашылық, қықық қолданушы.
B) Өкілетті, атқарушы.
C) Вертикалды, екі жақты бағынышты.
D) Алқалы, жеке.
E) Жалпы, арнайы.
51. ҚР-ның Парламенті-бұл:
A) Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы атқарушы орган.
B) Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жергілікті өкілетті орган.
C) Құқықшығармашылық қызметті жүзеге асыратын жергілікті заң шығарушы орган.
D) Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті орган.
E) Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы сот органы.
52. ҚР Президентінің өкілеттік ету мерзімі:
A) Екі рет қатарынан.
B) 5 жыл.
C) 7 жыл.
D) 4 жыл.
E) 65 жасқа дейін.
53. Вето-бұл:
A) Қандай да бір шешімге құзіріті бар органмен немесе азаматпен салынған жазбаша тыйым.
B) Қандай да бір санкцияға құзіретті органмен салынған ауызша тыйым.
C) Қандай да бір шешімге құзіретті органмен немесе тұлғамен салынған ауызша немесе жазбаша тыйым.
D) Барлық соңғы жағдайларға күші бар және оларға міндетті ереже, норма болып табылатын нақты істер бойынша мемлекеттің органдарының шешімі.
E) Кодификациялық акт.
54. Мемлекет басшысының лауазымына отырудың салтанатты рәсімі:
A) Прерогатива.
B) Импичмент.
C) Инаугурация.
D) Вето.
E) Референдум.
55. ҚР-ның үкіметі-бұл:
A) Белгілі аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жоғары өкілетті орган.
B) Қықықшығармашылық қызметті жүзеге асыратын заң шығарушы биліктің атқарушы органы.
C) Атқарушы билікті жүзеге асырады және олардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады, атқарушы билік органдары жүйесін басқарады.
D) Өкілетті органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті билік органы.
E) Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайтын, Қазақстанды ел ішінде және халықаралық қатынастарда көрсететін өкілетті орган.
56. Сот билігі-бұл:
A) Сот органдарына қадағалауды жүзеге асырады.
B) Заңға бағынышты нормативті-құқықтық актілерді өмірге келтіреді.
C) Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асырады.
D) Әділ сотты жүзеге асырады.
E) Соттық нормативті-құқықтық актілерді шығарады.
57. Мәслихаттың өкілеттік мерзімі:
A) 5 жыл.
B) 6 жыл.
C) 4 жыл.
D) Жаңа сайланған ҚР Президентінің алдында құзіреті тоқтатылады.
E) үкіметтің құзіретінің мерзіміне сәйкес болады.
58. Мәслихат-бұл:
A) ҚР-ның заңшығарушы биліктің өкілетті органы, депутаттардың жиыны.
B) ҚР-ның облыс, аудан, қала, қала ішіндегі аудан аумағындағы атқарушы органы.
C) Биліктік құзірет берілген лауазымды адам.
D) Депутаттардың жиыны, облыс, аудан, қала аумағындағы ҚР-ның тұрғындарының өкілетті органы.
E) Заң шығарушы қызметін жүзеге асыратын жалпы ұлттық өкілетті мекеме.
59. Облыс, республикалық маңыздағы қала және астананың әкімдерінің өкілеттік мерзімі қай уақытта тоқтатылады:
A) 9 жылдан кейін.
B) 5 жылдан кейін.
C) 4 жылдан кейін.
D) Республика Президентінің жаңадан лауазымға отыруы кезінде.
E) Жаңадан Премьер Министрдің лауазымға отыруы кезінде.
60. Азаматтық қоғам-бұл:
A) Топтық, әулеттік, таптық қатынастармен біріктірілген қоғамның саяси ұйымы.
B) Өзара байланысты мемлекеттік органдардың жиынтығы.
C) Мемлекеттік, сондай-ақ мемлекеттік емес органдардың, ұйымдардың, мекемелердің жиынтығы.
D) Мемлекеттің саяси қызметімен орнықтырылмаған қоғамдық қатынастардың-экономикалық, әлеуметтік, мәдени, идеологиялық, діни, моралдық-сан алуандығы.
E) Топтық, әулеттік таптық қатынастармен, отбасы жағдайымен біріккен адамдардың байланыстарының жүйесі.
61. Құқықтық жүйе төмендегінің пайда болуына себеп болды, ол:
A) Әлеуметтік жүйе.
B) Саяси жүйе.
C) Экономикалық жүйе.
D) Анық жүйе.
E) Адам.
62. Саяси жүйенің құрылымы:
A) Қоғамның саяси ұйымы, сана, құқықтық нормалар, қатынастар, сот тәжірибесі.
B) Саяси партиялар, қозғалыстар, шіркеу, жастар ұйымы, кәсіподақ, фермерлер, заңгерлер бірлестігі.
C) Заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, нұсқаулар.
D) Депутаттар, президент, министрлер, әкімдер, соттар, адвокаттар.
E) Парламент, үкімет, жоғарғы сот, маслихаттар, әкімшіліктер
63. Қоғамның саяси жүйесінің элементтері:
A) Саяси бірлестіктер (ұйымдар, партиялар және т.б.).
B) Саяси сана.
C) Саяси қатынастар.
D) Идеология.
E) Пайдалану экономикасы.
64. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде:
A) Қоғамның саяси жүйесінде екінші рөлде.
B) Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде жетекші орынды иемденеді.
C) Мемлекет, партия, ұйымдар саяси жүйенің тең құқылы элементтері.
D) Тек мемлекеттік органдар арасындағы қатынастарды реттейді.
E) Саяси партиялардан кейін тұрады, олардың басымдылығын таниды.
65. Зайырлы мемлекет-бұл:
A) Қоғамда діни бірлестіктер мемлекеттік органдармен бірге саяси билікті жүзеге асырады.
B) Жариялы-биліктік қатынастар және құрылымдарға ие қоғамдық бірлестіктер.
C) Мемлекеттік аппараттың дербес түрі, құрылымдық ерекшеленген звено.
D) Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін биліктік өкілеттік берілген діни бірлестіктердің жиынтығы.
E) Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген және мемлекеттік функцияларды орындамайды.
66. ҚР-ның қоғамдық бірлестіктері:
A) Ұйым шеңберінде жария-биліктік құзырет берілген мемлекеттік құрылым нысаны.
B) Ерікті негізде құрылған әртүрлі мемлекеттердің діни ұйымдары.
C) Жалпы бір мақсатқа жету үшін құрылған мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жиынтығы.
D) Заңға қайшы келмейтін бір жалпы мақсатқа жету үшін ерікті негізде құрылған саяси партиялар, кәсіподақтар және басқа да азаматтардың бірлестігі .
E) Заңға қайшы келмейтін жалпы бір мақсатқа жету үшін ерікті негізде құрылған коммерциялық ұйымдар жиынтығы.
67. Қандай жастан ҚР азаматы саяси партияның мүшесі бола алады:
A) 11 жастан.
B) 16 жастан.
C) 18 жастан.
D) 19 жастан.
E) 20 жастан.
68. ҚР-да кімдер қоғамдық бірлестіктердің мүшесі бола алады:
A) 14 жасқа толған ҚР азаматы.
B) 16 жасқа толған ҚР азаматы.
C) 16 жасқа толған шет ел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар.
D) 18 жасқа толған ҚР азаматы.
E) 16 жасқа толған ҚР азаматы, сонымен қатар, азаматтығы жоқ адамдар және шет ел азаматтары.
69. Құқықтық мемлекет-бұл:
A) Қоғамның табиғатынан шығатын істерді орындауды және таптық міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін тарихи қалыптасқан жан-жақты әмбебап саяси қоғамды ұйымдастыру нысаны.
B) Жария-саяси биліктің ұйымдастырылуы мен әрекет етуінің және олардың құқық субъектісі ретіндегі тұлғалармен өзара қарым қатынасының құқықтық нысаны.
C) Адамзатпен құрылған және құрылатын және қоғам дамуының тарихи жеткен деңгейін сипаттайтын материалды және рухани құндылықтардың жиынтығы.
D) Қоғам дамуының белгілі кезеңіндегі экономикалық құрылыс
E) Мекемелердің, қатынастардың және қоғамдық сананың әртүрлі нысандарының жиынтығы.
70. Құқықтық мемлекеттің қағидалары:
A) Құқықтық заңдардың жоғарылығы, азаматтардың құқықтары және міндеттерінің бірлігі, билік бөлісу.
B) Басқарудың республикалық нысаны.
C) Президенттілік институтының болуы.
D) Мемлекет шекарасының болуы
E) Демократиялық саяси режим.
71. Табиғи құқық-бұл:
A) Қоғам мен мемлекет алдында, мәдениетте, өмірде, Отанды қорғауда, тәрбиеде, тұлғаның өмірі, денсаулығы және құқықтарын қорғаудағы еңбегі үшін азаматтарды марапаттаудың жоғарғы нысаны.
B) Міндеттерден босатуды білдіретін субъектінің өз мүдделерін өте толық түрде қанағаттандыруға берілетін құқықтық мүмкіншілігі.
C) Адамның әрекетінің құқыққа сай немесе құқыққа қарсылық белгілері болып қызмет ететін нормалар жүйесін білдіретін әлеуметтік-нормативті реттеуші.
D) Мемлекет жалпыға міндетті маңыз беріп және оларды орындауды мәжбүрлеу күшімен қорғайтын, әдетке айналған әлеуметтік нормалардың жиынтығы.
E) Адам табиғатымен негізделген және нақты заң шығарушының еркінен тәуелсіз, ажырағысыз құқықтар мен бостандықтардың жиынтығы.
72. Азаматтық қоғамның құрылысы:
A) Мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, жанұя, шіркеу.
B) Мемлекеттік емес әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдар, жанұя, шіркеу.
C) Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдар, жанұя, шіркеу, халықаралық ұйымдар.
D) Еркін қалыптасатын қоғамдық пікір және плюрализм.
E) Адамдардың қоғамдық өмірдің құқықтық құбылыстарына қатынасын білдіретін идеялар, көзқарастар, сезімдер, дәстүрлер жиынтығы.
73. Азаматтық қоғамның белгілері:
A) Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету, өзін-өзі басқарушылық, құқықтық мемлекет.
B) Жалпы хабарланғандық және адамдардың ақпаратқа құқықтарын шынайы жүзеге асыру.
C) Экономиканың көпсалалығы, биліктің легитимді және демократиялы сипаты.
D) Еркін қалыптасатын қоғамдық пікір және плюрализм.
E) Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету, өзін-өзі басқарушылық, құқықтық мемлекет, экономиканың көпсалалығы, биліктің легитимді және демократиялы сипаты, еркін қалыптасатын қоғамдық пікір және плюрализм.
74. Адам құқығы-бұл:
A) Нақты, мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыста болатын тұлғаның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған заңмен қорғалатын заңдық мүмкін болатын әрекет тәртібі мөлшері.
B) Қандай да болмасын тосқауылдардың жоқтығын білдіретін азаматтардың құқығы.
C) Қоғам және мемлекет эволюциясымен бірге түрі өзгеретін тарихи өзгермелі категория.
D) Тұлғаның қоғамдағы белгілі жүйедегі құқықтарын және міндеттерін білдіретін заңды түрде бекітілген жағдайы.
E) Тұлғаның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған заңмен қорғалатын мүмкін болатын әрекет тәртібі мөлшері.
75. Адам және азаматтың алғашқы құқықтары:
A) Азаматтық және саяси құқықтар.
B) Әлеуметтік, саяси құқықтар.
C) Экономкалық, мәдени құқықтар.
D) Бейбітшілікке, өзін-өзі анықтауға құқығы.
E) Қолайлы қоршаған ортаға, ақпаратқа құқығы.
76. Таптық қоғамға дейінгі әлеуметтік нормалар:
A) Қоғамдық ұйымдардың нормалары.
B) Техникалық құралдарды пайдалану ережелері.
C) Нормативті-құқықтық акт.
D) Әдет-ғұрыптар, моралдық нормалар, салт-дәстүрлер.
E) Нормативті келісім.
77. Құқықтың пайда болу жолдары:
A) Мемлекеттің құқықшығармашылығы мен құдай еркіне байланысты.
B) Мемлекеттің құқықшығармашылығы мен адамгершілік нормалары.
C) Мемлекеттің құқықшығармашылығы мен мононормалардың әлеуметтік нормаға айналуы.
D) Прецеденттік құқық пен құдай еркі.
E) Әлеуметтік норманың құқықтық сипатқа ауысуы.
78. Нормативтілік, интеллектуалды-ерікті сипат, мемлекеттік мәжбүрлеу мүмкіншілігімен қамтамасыз етілгендік, формалды анықталғандық, жүйелілік-бұл ненің белгілері:
A) Саяси жүйенің.
B) Нормативті - құқықтық актінің.
C) Құқықтық мемлекеттің.
D) Мемлекеттік биліктің.
E) Құқықтың.
79. Құқықтың қай белгісінде құқықтық нұсқаулар әрекетінің жалпылық, міндеттілік, үздіксіздік, аумақтық ұйымдастырылғандығы деген түсініктер шоғырланған:
A) Ерікті сипат.
B) Жалпыға міндеттілік.
C) Формалды анықталғандық.
D) Жүйелілік.
E) Нормативтілік.
80. Құқық мәні туралы негізгі теориялар:
A) Табиғи, нормативтік, әлеуметтік.
B) Табиғи, күштеу, әлеуметтік.
C) Нормативтік, теологиялық, келісімдік.
D) Нормативтік, әлеуметтік, келісімдік.
E) Діни, материалистік, органикалық.
81. Құқықтың қазіргі анықтамасы:
A) Қоғамда танылған әрекет мүмкіншілігі немесе негізделген, расталған бостандық.
B) Мемлекеттік билікпен орнатылған және онымен қоғамдық қатынастардың бекітілуі мен дамуы толықтай қорғалатын нормалар жүйесі.
C) Үстем таптың мазмұны өмірдегі материалдық жағдаймен анықталатын билеуші таптың заңға айналған еркі.
D) Билеуші таптың еркінің заңға айналғандығын білдіретін адамдарының мінез-қылқының нормативті-таптық реттеушісі.
E) Қоғамда қатынастарды реттеуге арналған мемлекетпен тағайындалған және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті нормалар жүйесі.
82. Мемлекеттік-өкілдікнормативтік нұсқауларда объективтендірілген мемлекеттік ерік:
A) Құқық нормасы.
B) Құқық саласы.
C) Құқық мазмұны.
D) Құқық жүйесі.
E) Құқықтық норманың санкциясы.
83. Объективті құқық-бұл:
A) Адам әрекетінің құқықтығы немесе құқыққа қарсылығының өлшемі, практикада тұлғаның заңдық құқықтары мен міндеттерінің бар-жоқтығын анықтаудың заңдық негізі болып табылатын нормалар жүйесінде көрінетін әлеуметті нормативті реттеуші.
B) Тұлғаның мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың тұлғаларға берген құқықтық мүмкіндіктері.
C) Мемлекеттік-өкілдік нормативтік нұсқауларда объективтендірілген мемлекеттік ерік.
D) Құқықты терең білу, түсіну, оның талаптарын саналы түрде орындау.
E) Құқықтық нормаларды жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық тәртіп.
84. Құқық функциялары /қызметі/-бұл:
A) Декларативті, позитивті.
B) Корпоративті, әлеуметтік.
C) Ұлттық, нәсілдік.
D) Реттеуші, қорғаушы.
E) Әлеуметтік, авторитарлық.
85. Құқықтың қоғам өміріндегі мәні мен әлеуметтік орнымен анықталатын қоғамдық қатынастарға заңды әсер етудің негізгі бағыттары:
A) Құқық жүйесі.
B) Құқық мазмұны.
C) Құқық саласы.
D) Құқық түсінігі.
E) Құқық қызметі.
86. Нақты-географиялық, ұлттық тарихи, діни және арнаулы-заңдық белгілер негізінде құқық типі төмендегідей бөлінеді:
A) Тарихи; өркениеттік.
B) Феодалдық, буржуазиялық.
C) Ұлттық құқықтық жүйелер, құқықтық отбасылар.
D) Романо-германдық, мұсылмандық.
E) Социалистік, англо-саксондық.
87. Романо-германдық құқықтық жүйенің негізгі қайнар көзі:
A) Сот прецеденті.
B) Корпоративті нормалар.
C) Адамгершілік нормалары.
D) Нормативті актілер.
E) Әдет-ғұрыптық құқық.
88. Англо-саксондық құқықтық жүйенің негізгі қайнар көзі:
A) Сот прецеденті.
B) Корпоративті нормалар.
C) Адамгершілік нормалары.
D) Нормативті актілер.
E) Әдет-ғұрыптық құқық.
89. Діни адамгершілік нормалары құқықтың негізгі қайнар көзі болып саналатын құқықтық жүйе:
A) Романо-германдық.
B) Англо-саксондық.
C) Социалистік.
D) Феодалдық.
E) Діни.
90. Экономикалық базис типіне байланысты құқық типі төмендегідей бола алмайды:
A) Социалистік.
B) Феодалдық.
C) Мұсылмандық.
D) Құл иеленуші.
E) Буржуазиялық.
91. Әлеуметтік нормалар-бұл:
A) Қоғамдағы адам әрекетін реттеуші жалпы ережелер.
B) Нормалар жүйесін құрайтын әлеуметтік нормативті реттеуші.
C) Мемлекеттік-өкілдік нормативті нұсқауларда объективтендірілген мемлекеттік ерік.
D) Құқықты өмірге, адамдардың шынайы әрекетіне енгізу.
E) Құқықты теориялық игеруді көрсететін идеялар, түсініктер, конструкциялар.
92. Әлеуметтік норманың түрлері:
A) Орган, лауазым.
B) Консенсус.
C) Құзірет.
D) Әдет-ғырып, дәстүр.
E) Ұйым.
93. Әдет-ғұрып-бұл:
A) Тарихи қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, дәстүрге айналған мінез-құлық ережесі.
B) Белгілі іс-әрекеттердің қайталануы.
C) Әлеметтік қатынас.
D) Адамның мінез-құлқы және ерік білдіру бостандығының шарасы.
E) Нормативтік акт.
94. Корпоративті нормалар-бұл:
A) Жергілікті өкілетті органдармен өзінің қызмет ету мақсатына жету үшін шығарылатын нормалар.
B) Қоғамдағы мінез-құлық ережелері.
C) Мемлекеттік ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың бұйрықтарында, шешімдерінде бекітілген нормалар.
D) Қоғамдық ұйымдардың қызмет ету мақсатына жету үшін шығарылған жарғы, ереже, шешімдерінде көрсетілген, бекітілген әрекет тәртібі.
E) Белгілі мемлекеттің белгілі бір жерінде қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез-құлық ережелері.
95. Құқықтың қайнар көзі-бұл:
A) Құқықтық нормаларды мазмұндау, бекіту тәсілі.
B) Құқықтық нормалардың пайда болуы мен дамуын өмірге келтіретін және объективті қалыптастыратын қайнар көздері.
C) Мемлекеттік құқық құрылыста саяси билікті жүзеге асыру тәсілін ұйымдық-саяси өзгерту тәсілі.
D) Нормативті-құқықтық нормаларды өңдеуге, шығаруға, өзгертуге бағытталған қызмет нысаны.
E) Субъектіге арналған міндетті, қажетті мінез-құлықты ресми нұсқау тәсілі.
96. Құқықтың қайнар көзіне төмендегінің қайсысы жатпайды:
A) Нормативті-құқықтық акт.
B) Мораль қағидалары.
C) Құқықтық әдет-ғұрып.
D) Сот прецеденті.
E) Нормативтік келісім-шарт.
97. Құқықтық әдет-ғұрып-бұл:
A) Тарихи қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа беріліп дәстүрге айналған мінез-құлық ережесі.
B) Мемлекеттік органның шешімі.
C) Мемлекетпен танылған, тарихи қалыптасқан ұрпақтан ұрпаққа беріліп, дәстүрге айналған мінез-құлық ережесі.
D) Барлық қатынас субъектілеріне арналған биліктік нұсқау.
E) Кейбір индивидтердің еркін білдіру әдісі.
98. Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің иерархиясынан тыс жатады:
A) Қазақстан Республикасының кодексі, заңдары және ҚР Президентінің заңдық күші бар жарлықтары.
B) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары.
C) Қазақстан Республикасы Парламентінің нормативтік қаулылары.
D) Министрлердің нормативтік бұйрықтары; мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары; басқа орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары, қаулылары.
E) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары.
99. Нормативті-құқықтық акт:
A) Құқық нормаларын бекітуге, өзгертуге немесе жоюға бағытталған, айқындалған тәртіпте қабылданатын мемлекеттік органның актісі.
Достарыңызбен бөлісу: |