9 (12 жылдық білім беру бойынша эксперименттік мектептердің 10) сынып оқушыларының.
ОБ ОЖСБ-ны ұйымдастыру және өткізу
ОЖСБ Нұсқаулықтың 8 тармағына сәйкес кешенді тестілеу нысанында қағаз түрінде, сондай-ақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өткізіледі.
ОЖСБ өткізу тәртібі:
ҰТО белгіленген мерзімде «ҰБТӨП» деректер базасы (бұдан әрі – ҰБТӨП базасы) арқылы жинақталған оқушылардың санына сәйкес тестілеу материалдарын дайындайды және облыстық, Астана және Алматы қалалық БСБД-ға жеткізуді қамтамасыз етеді;
БСБД тестілеу материалдарын ОЖСБ-ны өткізу орнындарына жеткізуді қамтамасыз етеді;
Нұсқаулықтың 8 тармағына сәйкес негізгі орта білім деңгейіндегі ОЖСБ білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі;
мектеп әкімшілігі ОЖСБ-ны өткізуге аудиториялардың дайындығын қамтамасыз етеді;
Нұсқаулықтың 4 тармағына сәйкес ОЖСБ-ны өткізу мерзімін білім саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
Нұсқаулықтың 7 тармағына сәйкес ОЖСБ-ны өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды БСБД және Министрліктен жіберілген уәкілетті өкілдер жүзеге асырады;
тестілеу аяқталғаннан кейін барлық мөрленген материалдар арнайы Интервоид пакетте Министрлік өкілімен ОЖСБ нәтижелерін өңдеу үшін ҰБТӨП-ке жеткізіледі;
Нұсқаулықтың 14 тармағына сәйкес нәтижелерді өңдеу ҰБТӨП-те жүргізіледі;
ҰТО ҰБТӨП-ке электрондық тасымалдағыш арқылы немесе телекоммуникациялық желі арқылы «ОЖСБ 9 сынып» АЖО-сын жібереді;
«ОЖСБ 9 сынып» АЖО-сы – арнайы бланкте өткізілетін тестілеу нәтижелерін өңдеуге және оқушылардың деректер базасын (бұдан әрі – ДБ)
құруға арналған бағдарлама;
оқушылардың жауап парақтарын сканерлеуді Министрлік өкілі мен БСБД өкілінің бақылауымен ҰБТӨП-тің инженері жүргізеді;
жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейін Министрлік өкілі телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-дан дұрыс жауаптар коды файлын алады;
нәтижелерді өңдеуден кейін осы технологиялық нұсқаулықтағы 1-қосымшаға сәйкес әрбір мектеп бойынша тестілеудің емтихан ведомосы 4 данада (мектеп әкімшілігі, аудандық немесе қалалық білім бөлімі (бұдан әрі - АББ (ҚББ), Министрлік өкілі және ҰБТӨП үшін) беріледі;
ОЖСБ-ның қорытындысы телекоммуникациялық желі бойынша ҰТО-ға жіберіледі;
Министрлік өкілі БСБД-ға және ҰТО-ға ОЖСБ өткізу жөніндегі жұмысы жайлы осы технологиялық нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес қағаз және электрондық нұсқада есеп тапсырады.
ОЖСБ-ны компьютерлік тестілеу әдісімен өткізу тәртібі:
ҰТО келесі АЖО-ларды дайындайды және электрондық тасымалдағыш немесе телекоммуникациялық желі бойынша ҰБТӨП-ке жібереді:
«Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО-сы - тестілеу өткізілетін компьютерлік сыныптар және олардың жабдықталуы туралы мәліметтерді, тестілеуге қатысушылар туралы ДБ қалыптастыру және лектерге бөлуге
арналған бағдарлама, мектептегі
бір компьютерге қондырылады;
«Оператор» АЖО-сы - тестіленушілер тізіміне сәйкес тестілеуге қатысушылар туралы деректерді енгізуге арналған «Мектеп» АЖО-ға көмекші бағдарлама;
«Оқушылар базасы (өтініш қабылдау)» АЖО-сы - мектеп бойынша тестілеуге қатысушылар туралы ақпараттарды жинақтауға арналған бағдарлама, мектеп бекітілген ҰБТӨП-тің бір компьютеріне қондырылады;
ҰБТӨП мектептерге «Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО-сы және «Оператор» АЖО-сын белгіленген мерзімде қондыру және толтыру үшін жібереді;
ҰБТӨП-те «Оқушылар базасы (өтініш қабылдау)» АЖО-сын қондыру жүзеге асырылады және мектептен деректерді қабылдау бойынша жұмыстар жүргізіледі;
мектеп осы технологиялық нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес мектеп бойынша жауаптыны анықтайды және осы технологиялық нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес оқушылар тізімін қалыптастырады және АББ-мен (ҚББ) бекітеді;
АББ-мен (ҚББ) бекітілген оқушылар тізімі «Оператор» АЖО-сына енгізіледі;
«Оператор» АЖО-сының көмегімен тестіленушілер туралы барлық деректер «Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО-сына жіберіледі;
«Оқушылар» ДБ-ға барлық оқушылар туралы деректерді енгізгеннен кейін лектерге бөлу және белгіленген мерзім ішінде тестілеуді өткізу кестесін жасау жүрізіледі;
«Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО-сы көмегімен құрылған «Оқушылар» ДБ телекоммуникациялық желі немесе тасымалдағыштар арқылы ҰБТӨП-ке жіберіледі;
ҰБТӨП деректерді жинақтағаннан кейін телекоммуникациялық желі арқылы деректерді ҰТО-ға жібереді;
ҰТО «Тестіленуші» АЖО-сы, «Компьютерлік сынып» АЖО-сы, «Мектеп (тестілеу)», «Оқушылар базасы (тестілеу)» АЖО-ларын қалыптастырады және электрондық тасымалдағыштар немесе телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-ке жібереді;
«Тестіленуші» АЖО-сы – пәндер бойынша аудиториялық тізімді қабылдау, тестілеуді өткізу, тестілеу нәтижелерін жіберу үшін тестілеу өтетін әрбір компьютерге қондырылатын бағдарлама;
«Компьютерлік сынып» АЖО-сы «Тестіленуші» АЖО-сы қондырылған компьютерлердегі деректерді топтастыру, тестіленушілердің тіркелген деректерін өзгерту, «Тестіленуші» АЖО-сына арналған пәндер бойынша аудиториялық тізім құруға арналған бағдарлама және жеке пәндер бойынша тестілеу нәтижелерін қабылдау үшін әрбір компьютерлік сыныпта бір компьютерге қондырылады;
«Мектеп (тестілеу)» АЖО-сы – «Компьютерлік сынып» АЖО-сынан деректерді топтастыру, тестілеу нәтижелерін жинауға арналған бағдарлама және «Оқушылар базасы (тестілеу)» АЖО-сына жіберу үшін мектептің тек бір компьютеріне ғана қондырылады;
«Оқушылар базасы (тестілеу)» АЖО-сы - ақпараттарды жинау, нәтижелерді өңдеу, емтихан ведомосын басып шығару және статистикалық мәліметтерді қалыптастыруға арналған бағдарлама, ҰБТӨП-тің бір компьютеріне қондырылады.
ҰБТӨП «Тестіленуші», «Компьютерлік сынып» және «Мектеп (тестілеу)» АЖО-ларын қондыру үшін мектептерге жібереді;
«Компьютерлік сынып» АЖО-сы көмегімен тіркеу файлы құрылады, ол арқылы компьютерлік сыныптың барлық компьютерлері тіркеледі;
бағдарлама тіркелгеннен кейін осы технологиялық нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес аудиториялық тізім мен тестілеуге рұқсаттама беріледі;
Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес тестілеу ОЖСБ-ны өткізу мерзімін білім саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
Нұсқаулықтың 7-тармағына сәйкес ОЖСБ-ны өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды БСБД және Министрлік өкілдері жүзеге асырады;
ағымдағы пән бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін бағдарлама жұмысы автоматты түрде тоқтатылады және «Тестіленуші» АЖО-сындағы тестілеу нәтижелері «Компьютерлік сынып» АЖО-сына топтастырылады;
«Компьютерлік сынып» АЖО-сы нәтижелерді топтастырғаннан кейін келесі пәнді тестілеу үшін файл қалыптастырады (аудиториялық тізім) және «Тестіленуші» АЖО-сына жіберіледі;
«Компьютерлік сынып» АЖО-сынан «Мектеп (тестілеу)» АЖО-сына тестілеу нәтижелерін жинақтау тестілеудің әрбір легі аяқталғаннан кейін жүргізіліп отырады;
тестілеу нәтижелері «Мектеп (тестілеу)» АЖО-сынан «Оқушылар базасы (тестілеу)» АЖО-сына жіберіледі;
«Оқушылар базасы (тестілеу)» АЖО-сының көмегімен барлық деректер ҰТО-ға жіберіледі;
тестілеу нәтижелерін өңдеу және тестілеудің емтихан ведомосін беру үшін ҰТО ҰБТӨП-ке дұрыс жауаптар кодын жібереді;
«Оқушылар базасы» АЖО-сының көмегімен оқушылардың нәтижелері өңделеді және осы технологиялық нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес тестілеудің емтихан ведомосі беріледі;
Министрлік өкілі БСБД мен ҰТО-ға осы технологиялық нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес атқарылған жұмыс туралы қағаз түрінде және электрондық нұсқада есеп тапсырады.