Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму



жүктеу 0,77 Mb.
бет3/4
Дата07.12.2017
өлшемі0,77 Mb.
#3458
1   2   3   4

9. Хаттамаларды ресімдеу
128. Хаттама кеңес (отырыс) кезінде жазылған, баяндама мен сөйлеген сөздерден ұсынған тезистер, анықтамалар, шешімдер жобасы мен хаттама мәтінінің құрылымына сәйкес басқа да материалдар негізінде осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес басылып шығарылады.

129. Хаттамалар толықтай немесе қысқаша түрде басып шығарыла алады.

Толықтай хаттаманың мәтіні әдетте екі: кіріспе және негізгі бөлімнен тұрады.

Кіріспе бөлімде тақырыптан кейін: отырыс (жиналыс) төрағасының (төрағалық етушінің) және хатшының тегі мен аттарының бас әріптері, қатысқандар тізімі немесе қатысушылар саны 10 адамнан аспайтын болса, қоса беріліп отырған тізімнің жіберілгендігі көрсетіледі.

Кіріспе бөлім күн тәртібімен – күн тәртібінде әр тармақтағы баяндаушыны көрсете отырып маңыздылығына қарай орналастырылған, қарастырылатын мәселелердің тізімімен аяқталады. Әр мәселе араб цифрмен нөмірленеді және оның атауы сол жақ жиегінің шегіне басылып шығарылатын «Туралы» деген көмекші сөзбен аяқталады. Кейбір жағдайда күн тәртібі хаттамаға қоса беріле алады, бұл жағдайда хаттамада мәтінің алдында «Күн тәртібі қоса беріліп отыр» деген жазба жазылады.

Хаттаманың негізгі бөлімі күн тәртібінің тармақтарына сәйкес келетін бөлімдерден тұрады. Әр бөлімнің мәтіні: бас әріптермен жазылатын ТЫҢДАДЫ – СӨЗ СӨЙЛЕДІ – ҚАУЛЫ ЕТТІ (ШЕШТІ) деген жүйе бойынша құрастырылады.

Баяндамалар мен сөйлеген сөздердің негізгі мазмұны хаттама мәтінінде орналастырылады немесе оған қоса беріледі; соңғы жағдайда мәтінде «Сөйлеген сөздердің мәтіні қоса беріліп отыр» деген сілтеме жасалады. Қабылданған шешімдер толық басылып шығарылады, қажет болған жағдайда дауыс берудің қорытындысы көрсетіледі.

Қысқаша хаттаманың мәтіні де екі бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде күн тәртібі көрсетілмейді.

Қысқаша хаттаманың негізгі бөліміне қарастырылып отырған мәселелер және олар жөнінде қабылданған шешімдер енгізіледі. Мәселелердің атауы нөмірленеді және «Туралы» деген көмекші сөзден басталады, орта жолда басып шығарылады және соңғы жолдың төменгі жағынан бір сызықпен сызылады. Сызықтың астыңғы жағында аталмыш мәселенің талқылауына қатысқан лауазымды тұлғаның тегі, мәселеге қатысты қабылданған шешім көрсетіледі.

130. Хаттамаға отырысқа төрағалық етуші мен хатшы қол қояды. Хаттаманың уақыты, отырыстың уақыты болып табылады.

131. Хаттамалар ЭҚАБЖ «Хаттамалар» ДБ тіркеледі, дайындалған мәселені қарастыруда құрылымдық бөлімшенің индексін көрсету арқылы оларға күнтізбелік жыл шегінен ЭҚАБЖ реттік нөмірі қойылады.

132. Хаттамалардың көшірмелері немесе қабылданған шешімдер хаттамадан үзінді ретінде мүдделі ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға таратылу тізіміне сәйкес жіберіледі. Таратылу тізімдемесін қарастырылған мәселені әзірлеген құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы құрастырады және қол қояды. Хаттамалардың көшірмелері мен олардың үзінділері мөрмен куәландырылады.

10. Орындалуды бақылау тәртібі
133. Комитетте орындауды бақылауды ұйымдастыру «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңына, «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, олардың орындалуын бақылау және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне, Комитеттің регламентіне және осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

134. Құжаттардың орындалуын бақылауға алуға, құжаттарды бақылауға алу, орындалу барысын қадағалау, орындалған құжатты бақылаудан алу, орындалған құжаттарды іске жіберу, есепке алу, жалпылау мен құжат барысын сараптау және құжаттардың орындалу нәтижелері, басшылықты құжаттардың орындалуы жайлы ақпараттандыру жатады (14,15 қосымшаға сәйкес).



135. Орындалуды талап ететін барлық тіркелген құжаттар бақылауға алынады.

136. Құжаттардың орындалуын бақылау мәселенің мәніне қарай Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына немесе лауазымды тұлғаларға жүктеледі.



Комитет басшыларының бұрыштамалары бар құрылымдық бөлімшелер орындау үшін жолданған құжаттарды орындаудың мерзімдеріне бақылау жасауды ҚҚЕМТДБ жүзеге асырады.

137. ҚҚЕМТДБ өкімдік сипатқа ие (бұдан әрі – бақылаудағы құжаттар) және Комитеттің немесе оның басшыларының атына тапсырмаларды қамтитын директивті құжаттардың мынадай түрлерін бақылауға алады:

1) актілер немесе Қазақстан Республикасы Президентінің актілері;

2) халықаралық іс-шаралар мен өңірлік сапарлар қорытындылары бойынша берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары немесе тапсырмаларының тармақтары;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңестердің, отырыстардың және қоғамдық маңызды іс-шаралардың хаттамаларында қамтылған тапсырмалар немесе тапсырмаларының тармақтары;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары;

5) «Бақылауға алынды» мөртаңбасы, «шұғыл», «баяндау», «ұсыныстар енгізу» белгілері бар болған жағдайда қызметтік және өзге де құжаттар бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары немесе тапсырмаларының тармақтары, сондай-ақ, мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттілігі туындайтын тапсырмалар;

6) үкіметтің қаулылары, Премьер-Министрдің өкімдері, Үкімет отырыстарының, Премьер-Министрде, Премьер-Министрдің орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысында өткен кеңестердің хаттамалары;

7) орындалу мерзімі көрсетілген, немесе «өте шұғыл», «шұғыл», «тездету» белгілерімен бақылауға алу туралы нұсқаулары бар Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының тапсырмалары;

8) Парламент депутаттарының сауалдары және Үкіметтің қорытындысын қажет ететін олар бастамашылық еткен заң жобалары;

9) прокурорлық қадағалау актілері.

138. «Жұмысты жалғастыру үшін» деген қарары бар тапсырма, оның ішінде жоғары мемлекеттік органдардың «Бақылау» мөртаңбасы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және Премьер-Министрі Кеңсесінің отырыстары хаттамаларында және іс-шаралар жоспарларында құрайтын тармақтар Комитеттің бақылауына-жұмыс бақылауына алынады.

139. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері міндетті түрде бақылауға қойылады.

140. Бақылауға алынған Президенттің және Үкіметтің әр актісіне, Премьер-Министрдің өкіміне орындаушы жинақтаушы папка (іс) ашады.

Жинақтаушы папкалардағы құжаттар мынадай тәртіппен топталады:


  1. бақылауға алынған актінің көшірмесі (қаулылар, өкімдер);

  2. бақылаудан алу туралы жазба және тапсырма;

  3. бақылау құжатының және оның бөлек тармақтарының орындалу барысы туралы ақпарат және басқа құжаттар (хронологиялық тәртіпте орналасады).

Президенттің актілерін, Үкіметтің қаулыларын, Премьер-Министрдің өкімдерін орындау бойынша құжаттарды қамтитын істер толығымен орындалғанға және бақылаудан алынғанға дейін Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінде сақталады, кейін Комитеттің мұрағатына тапсырылады.

141. Құжаттың орындалуына бақылау туралы белгі «Бақылауға алынды» сөздерімен немесе мөртабандарымен құжатты орындаудың бақылау белгілері мен мерзімдерін қоюмен ЭҚАБЖ ДБ құжатты ТБК тиісті жолдарды енгізумен анықталады.

142. Егер, тапсырма Комитеттің бірнеше құрылымдық бөлімшелеріне берілсе, бақылау және үйлестіру бойынша жұмысты тапсырмада бірінші болып көрсетілген құрылымдық бөлімше, немесе жанында «(жинақтау)» деген белгісі бар бөлімше жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелер, тапсырманың тең орындаушылары жинақтауды жүзеге асыратын бөлімшеге өз ұсыныстарын құжат үшін белгіленген мерзімінен бір күн бұрын енгізеді, егер басқасы тиісті тапсырмамен белгіленбесе.

143. Егер бақылау құжаттарында Комитеттің бірнеше құрылымдық бөлімшелерінің құзырына жататын тапсырмалар болса, толығымен бақылау бекітілген құрылымдық бөлімше Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен үш жұмыс күні ішінде нақты тармақтарды орындауды бекітуді жасайды және келіседі (әр тармақ бойынша Комитеттің нақты құрылымдық бөлімшесіндегі орындаушысын және орындау мерзімін көрсетумен), ол жетекшілік етуші Төрағаның орынбасарымен бекітіледі. Бекітілген құжаттың көшірмесі тартылған құрылымдық бөлімшелерге және міндетті түрде бақылауды жүзеге асыратын Басқармасының қызметшісіне жолданады.

144. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары мен актілері келесі бақылау түрлеріне қойылады:

1) шұғыл- белгілерімен: «аса шұғыл» - үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жылдамдату» - он жұмыс күні ішінде;

2) қысқа мерзімді-он жұмыс күнінен бір айға дейін;

3) орташа мерзімді- бірден алты айға дейін;

4) ұзақ мерзімді- алты айдан астам.

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары мен актілерінде белгіленген тапсырмалардың орындалу мерзімі ұйымдарға түскен күннен бастап жұмыс күніне енгізілген боп есептеледі.

Тапсырмада мерзім көрсетілмеген жағдайда олар Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мекен-жайларына ақпарат бере отырып бір ай мерзімде орындалады.

145. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен оның орынбасарларының және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмалары мен актілері келесідей бақылау түрлеріне қойылады:

1) шұғыл бақылау «аса шұғыл» белгілерімен-тапсырма түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жылдамдату»-сәйкесінше тапсырмамен белгіленбеген болса, он жұмыс күнінен кешіктірілмей;

2) қысқа мерзімді бақылау, сәйкесінше тапсырмамен белгіленбеген болса, белгіленген орындау мерзіміне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей;

3) орташа мерзімді бақылау, сәйкесінше тапсырмамен белгіленбеген болса, белгіленген орындау мерзіміне дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей;

4) ұзақ мерзімді бақылау, сәйкесінше тапсырмамен белгіленбеген болса, белгіленген орындау мерзіміне дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен оның орынбасарларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі басшыларының тапсырмалары мен актілерінде белгіленген тапсырмалардың орындалу мерзімі Комитетке түскен күннен бастап жұмыс күніне енгізілген боп есептеледі.

Тапсырмада мерзім көрсетілмеген жағдайда олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен оның орынбасарларының және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі басшыларының мекен-жайларына ақпарат бере отырып бір ай мерзімде орындалады.

Премьер-Министрдің жедел тапсырмалары (Осы ереженің 16 – қосымшасына сәйкес ), егер Премьер-Министр өзгеше белгілемесе, тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі апта мерзімнен асырмай орындалады.

Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын орындау мерзімін ұзартуды және бақылаудан алуды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ғана жүзеге асырады.

Бұл ретте Комитет тапсырманы орындау мерзімінің ұзартылғаны немесе үкіметтік шешімдерді және басшылықтың тапсырмаларын нақты орындау мерзімін көрсете отырып, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстырылғаны туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне дереу хабардар етеді.

Премьер-Министрдің белгілеген мерзімдері бұзылған жағдайда, Премьер-Министрдің Кеңсесі Комитеттің ақпаратын тапсырманың орындалу мерзімінің бұзылуына жол берген Министрліктің және Комитеттің тиісті лауазымды адамына тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың көшірмесі ұсынылған кезде ғана қабылдайды, бұл ретте Премьер-Министрдің тапсырмасын орындауға жауапты Комитет Премьер-Министр тапсырмасының орындалу мерзімінің бұзылуына кінәлі бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың нақты лауазымды адамдарын жазалау туралы ұсыныс енгізуге құқылы.

Егер тапсырманы мерзімінде орындау мүмкін болмаса, тапсырманың орындалуына жауапты орындаушы алдын ала, бірақ белгіленген мерзімге дейін 1 (бір) күннен кешіктірілмей тапсырманың нақты орыдалуының мерзімін көрсете отырып, оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігін немесе орындау мерзімін ұзартудың дәйекті түрін негіздей отырып тапсырманың орындалуының ағымдағы жай-күйін көрсетіп, Министрдің немесе оның жоқ болған кезіндегі орынбасарының қолымен сәйкесінше хат енгізеді.

Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау мерзімдерін қайтадан ұзартуға Премьер-Министр орынбасарының немесе Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының (міндеттердің бөлінуіне немесе бақылаудың тиісті бекітілуіне сәйкес) тиісті ұсынысы негізінде Министрдің жауапты орынбасарына қатысты тәртіптік сипаттағы шараларды қабылдау туралы мәселе қарала отырып, ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.

Премьер-Министрдің Кеңсесіне Премьер-Министрдің тапсырмасын (оның ішінде Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын) орындау мерзімін екі реттен артық ұзарту туралы ұсыныс енгізілген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын жазалау туралы мәселе қаралады.

Премьер-Министрдің тапсырмаларын уақытылы орындамағаны үшін мерзімнің бұзылуына жол берген Министр мен Комитеттің төрағасы, аталған тапсырманың орындалуын үйлестіруді жүзеге асыратын Министр мен Төрағаның бағытталушы орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары жауапты болады.

146. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары, егер Президент өзгеше белгiлемесе, тапсырма қол қойылған күннен бастап екi аптадан аспайтын мерзiмде орындалуы тиiс.

147. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларының мерзімін ұзартуды тек Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асырады.

148. Қазақстан Республикасы Президентiнің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi басшылығының бақылаудағы тапсырмалары оларға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен оның орынбасарларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының бұрыштамаларымен бiрге, тапсырмада басқа мерзімдер белгіленбесе тапсырма күнінен бастап 20 күндік мерзімнен кешіктірмей орындалады.

Үкімет мәжілістерінің хаттамаларындағы және Қазақстан Республикасының Президентінде, Үкімет басшылығында және Кеңес Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларындағы хаттамалық тапсырмаларды орындау мерзімі тапсырманың күнінен бастап есептеледі. Егер мәжілісте (кеңесте) нақты тапсырманың орындалу мерзімі аталған жағдайда, өз атына тапсырма берілген және өкілдері мәжіліске (кеңеске) қатысқан Комитет (оның ішінде кеңеске тікелей қатысып отырған лауазымды адамдар Комитеттің төрағасына олардың орындалуын ұйымдастыру үшін тиісті тапсырмалар мен ескертпелер туралы жазбаша түрде баяндайды) өздеріне мәжіліс (кеңес) хаттамасының түсуін күтпей, мәжілістен (кеңестен) кейін бірден тапсырмаларды орындауға кірісуге міндетті.

149. Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының сауалдарына жауаптар және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылардың жобаларын дайындау туралы Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының тапсырмалары, егер тапсырмада өзге неғұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, тиісінше 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады.

Егер Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының Кеңсе басшысының тапсырмаларында (оның ішінде хаттамалық), сондай-ақ Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінде қамтылған тапсырмаларда, сондай-ақ іс-шаралар жоспарында нақты орындау мерзімі көрсетілмесе және олардың мазмұнын оларды орындау ұзақ уақытты (тұрақты, бір жыл ішінде және т.б.) қажет ететіні туындаған жағдайда не олардың мазмұнын орындау мерзімі туралы біржақты тұжырым жасау мүмкін болмаса, сондай-ақ даулы жағдайларда, мұндай тапсырмаларды бақылауға алу қажеттілігін, оларды орындаудың нақты мерзімін белгілеуді Кеңсе Басшысы айқындайды және олар орындауға жауаптыға дереу жеткізіледі.

150. Комитет Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындауға жауапты болған жағдайда үш күндік мерзімде оларды іске асыру бойынша ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары жасалады.

151. Кез-келген іс-шаралар жоспары бекітілетін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімдерінің орындалуына бақылау Комитет ішінде осы құжаттарды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеген құрылымдық бөлімшеге жүктеледі.

152. Қазақстан Республикасының Президенті Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің тапсырмалары бар құжаттар, депутаттық сауалдар және министрліктер мен ведомстволардың хаттары орындалған болып саналады егер: олардың орындалуы бойынша тиісті жұмыс жүргізілсе, кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданып, тапсырма берген немесе сұрау жасаған органға жауап жолданса.

153. Министр мен төрағаның тапсырмалары бір айдан кешіктірілмей орындалады, егер Министр мен төраға тапсырма берген кезде өзге мерзімді белгілемесе.

Төрағаның тапсырмасы талап етілген барлық жұмыстар орындалған, қажетті ақпараттар жинақталып, талдау жасалған, жасалған ескертулерді жою бойынша шаралар қабылданған, жүргізілген жұмыстардың нәтижелері туралы Төрағаға жазбаша ақпарат берілген жағдайда орындалған болып саналады.

154. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және/немесе тапсырмалары тармақтарының орындалу мерзімін ұзартуға, оның ішінде оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігінің шешімі бойынша бір реттен асырмай жол беріледі.

Актілер және/немесе тапсырмалардың тармақтарын орындаудың мерзімдерін ұзарту туралы қайталау өтініші ерекше жағдайларда Министрліктің және Комитеттің лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрық актілерінің көшірмелері қоса беріліп Қазақстан Республикасының Президенті Әкiмшiлiгiне жолданады, және хатқа қосымша ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Әкiмшiлiгiне жолданады.

Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және/немесе тапсырмалары тармақтарының орындалу мерзімін ұзарту туралы екі реттен артық ұсыныс енгізілген жағдайда Министр мен төрағаны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралады.

155. Егер Комитет Мемлекет басшысының актілерін немесе тапсырмаларын орындауға - жауапты мемлекеттік орган болып табылатын болса, Комитеттің жауапты орындаушысымен Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тиісінше белгіленуімен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат жолданады.

156. Мемлекет басшысының әрбір актілері немесе тапсырмаларының орындалуы туралы жеке құжат жасалынады. Сонымен қатар лауазымды тұлғалар-орындаушылар есептік ақпаратты құрастыру кезінде «орындалды», жартылай орындалды» және «орындалған жоқ» нақты формулировкаларымен тапсырмаларды орындаудың нәтижелеріне бағалау жүргізіледі. Екінші және үшінші жағдайларда ақпараттарда міндетті түрде тапсырманың жартылай орындалудың немесе орындалмаудың объективтілігін растайтын ресми құжаттарға сілтемесі бар себептер көрсетілілуге тиіс.

Қорытынды ақпаратқа Министрдің қолы қойылады, ол болмаған кезде міндетін атқарушысының қолы қойылады.

Актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын бақылаудан алу үшін:

      1) олардың толық және сапалы орындалуы;

      2) туындаған объективті жағдайларға орай орындаудың мүмкін еместігі негіз болып табылады.

Комитеттің жауапты құрылымдық бөлімшелері актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын бақылаудан алу үшін Президент Әкімшілігіне орындаудың нәтижелерін не туындаған объективті жағдайларға орай оны орындаудың мүмкін еместігін көрсетіп хат енгізеді.

157. Құжатты бақылаудан алу не орындау мерзімін ұзарту туралы шешім оны бақылауға қойған басшымен жүзеге асырылады: Министрмен немесе Төрағамен (ол болмаған жағдайда бірінші басшының міндетін атқарушы тұлға), министрдің және төрағаның орынбасарларымен немесе тапсырма бойынша ҚҚЕМТДБ.

ҚҚЕМТДБ қызметшісімен бақылау карточкасында ЭҚАБЖ ДБ бақылаудағы құжатта ТБК «Орындау карточкалары» толтырудың дұрыстығын тексереді, (құжаттың шығыс нөмірі мен күні және хат алушының атауы, орындалу туралы белгі) бақылау парағына «бақылаудан алынсын» белгісі қойылады, бұдан кейін осы құжат бойынша іс жүргізу тоқтатылады.

Егер мәселе ауызша шешілсе онда орындаушы «Орындау карточкасына» кіммен (тұлғаның аты-жөні және лауазымы) әңгімелескендігі, қысқаша мазмұнын және күнін көрсету арқылы тиісті жазба енгізіледі және ҚҚЕМТДБ қызметшісіне хабардар етуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларының орындалуын бақылаудан алуды тек Қазақстан Республикасының Президенті ғана жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының тармақтарын ҚҚЕМТДБ оларды Қазақстан Республикасының Президенті, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары бақылаудан алғаннан кейін ғана бақылаудан алады және ЭҚАБЖ ДБ құжатты ТБК тиісті ақпараттарды енгізумен берілген тапсырманы лауазымды тұлғамен орта мерзімді (тоқсан сайын ақпараттарды ұсынумен) немесе ұзақ мерзімді (жарты жылдық немесе жылдық мерзімде ақпараттарды ұсынумен) бақылауға ауыстырылады.

158. Бақылаудан алынған құжаттар осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте мұрағатқа, оның ішінде және ЭҚАБЖ ДБ электрондық мұрағатына беру үшін іске жауапты орындаушымен қалыптасады.

ҚҚЕМТДБ ЭҚАБЖ ДБ-ғы бақылаудағы құжат Комитеттің жауапты құрылымдық бөлімшесіне жолданатын ТБК қалыптасады, Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің іс жүргізушісі құжаттың соңғы орындаушысын құжаттың ТБК-ға енгізеді. Орындаушы жинақ папкасын қалыптастырады.

Жинақ папкасында актіні іске асырудың барысы туралы мынадай барлық материалдар топтастырылады: тапсырманың бақылау карточкаларының түпнұсқалары, акті мен тапсырманың көшірмелері, Басшылықтың ұйымдастырушылық іс-шаралары мен қарарлары/тапсырмалары, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері хат алмасу, аралық сұраныстар, ақпараттар және басқа да материалдар.

11. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс
159. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Комитеттің ЭҚАБЖ БҚ «Азаматтардың өтініштері» деректер базасында жүргізіледі және жалпы іс жүргізуден жеке жүргізіледі.

Өтініштерді тапсыру Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің бірінен басқасына тиісті қарарларды ТБК-ға қоюмен ҚҚЕМТДБ арқылы тек Комитет басшылығының қарарлары бойынша жүргізіледі.

1160. Осы Қағидалардың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаның валидациясынан (бар болуын және тұпнұсқалығын тексеру) электрондық құжаттарды қоса алғанда, тасымалдаушының түріне қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыруға қолданылады.

Комитетте жазбаша түрде тікелей жүгінген өтініш иесіне (жеке тұлға) күні мен уақыты, Аты-жөні мен өтінішті қабылдаған ҚҚЕМТДБ қызметкерінің қысқаша аты-жөнін көрсете отырып талон (17 қосымшасы) беріледі.

161. Жеке тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі тегінің бас әріпінен немесе «ЖТ», «ҰЖЫМ» әріптік индексінен және реттік тіркеу нөмірінен тұрады (мысалы: ЖТ-А-7 немесе Ұжым-Б-23).

162. Заңды тұлға өтінішінің тіркеу нөмірі «ЗТ» әріптік индексінен және реттік тіркеу нөмірінен тұрады (мысалы: ЗТ-А-41).

163. Сол бір адамның мүддесімен сол бір мәселе бойынша бірнеше өтініш түскен кезде бірінші өтініш негізгі өтініш ретінде тіркеледі, ал кейінгілері негізгі өтінішке толықтырылады және өтініш берушілерді бірінші өтініш келіп түскен күннен бастап есептелетін белгіленген мерзім шегінде оларды шешу нәтижелері туралы хабарлай отырып, бір өтініш ретінде қаралады.

Егер бірінші өтінішті тіркеген уақыттан бастап заңнамада белгіленген қарау мерзімі аяқталса немесе өтініш беруші өзінің өтініші бойынша қабылданған шешіммен келіспесе, сол адамнан сол бір мәселе бойынша келіп түскен жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері қайталама болып саналады. Сол автордың әр түрлі мәселелер бойынша өтініштері бастапқы болып саналады.

Олар бойынша авторға толымды жауап берілген сол бір мәселе бойынша көп мәрте келген өтініштер қайталама болып саналмайды және қаралмайды.

  Автор күнтізбелік бір жылдың ішінде сол бір мәселені қоятын жеке тұлғалардың қайталама өтініштеріне кіріс нөмірінде «/» белгі арқылы реттік нөмірлері "бір", "екі" деп және одан әрі көрсетіле отырып, бастапқы өтініштің тіркеу нөмірі қойылады. Қайталама өтініштерге оның алдындағы өтініштерді қарау материалдары қосып қойылады.

Толымды жауаптары бар жеке немесе заңды тұлғалардың бұрын қаралған қайталама өтініштері қосымша қарауға жатпайды, Комитеттің құрылымдық бөлімшесі орындаушыларымен өтініш берушіге үш күн мерзімде бұл туралы хабарланады.

164. Дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туралы мәліметтер қамтылатын және мұндай жағдайда ҚҚЕМТДБ Комитет басшылығына баяндалғаннан кейін олардың құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдарға жедел қайта жіберілетін жағдайлардағы арыздар зерттеліп ҚҚЕМТДБ бір жыл сақталады, одан соң акті бойынша жойылады, ал өтініш берушінің авторлығын белгілеу мүмкін емес, қолы, оның ішінде ЭЦҚ қойылмаған, пошталық мекенжайы көрсетілмеген өтініштері жасырын өтініштер деп саналып қараудан бас тартылады.

Президент пен Президент Әкімшілігінің тапсырмаларымен Қазақстан Республикасы Президентінің «akorda.kz» ресми сайтына ЭҚАБЖ ДБ арқылы келіп түскен кәсіпкерлердің өтініштерін қабылдау кезінде ҚҚЕМТДБ уақтылы тіркеуді қамтамасыз етеді. Кәсіпкерлердің тіркелінген өтініштері шұғыл түрде Төрағаға (немесе міндетін атқарушы тұлғаға) баяндалады. Кәсіпкерлердің өтініштерін орындау мерзімі «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-III Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.

Комитеттің лауазымды тұлғалары кәсіпкерлердің өтініштерімен жұмыс жасау кезінде ондағы мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді, одан соң электрондық құжаттармен жұмыс жасау барысында ақпараттық қауіпсіздіктің талаптарын сақтайды, соның ішінде ЭҚАБЖ ДБ арқылы келіп түсетін (жеке жауапкершілік Төрағаға жүктеледі). Құжаттардан көшірме алуға тыйым салынады.

Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік органдарға дербестендіру кезінде атауы жанында (созыв) немесе (свод) таңбасы қойылған орган жауапты болып табылады, ондай таңбалар жоқ болған жағдайда тапсырмада бірінші боп көрсетілген орган жауапты болады.

Мемлекеттік орган-бірлесіп орындаушы жауапты мемлекеттік органға-орындаушыға өтінішті қарау мерзімінің өтуіне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей ақпарат жолдайды.

Жауапты мемлекеттік орган-орындаушы мемлекеттік органдардың ақпараттарын жинақтап болған соң белгіленген мерзімде Әкімшілікке ақпаратты жолдайды.

Комитетте бақылауға алынған кәсіпкерлердің әрбір өтініштерінің қаралу қорытындысы туралы Әкімшілікке Министрмен қол қойылған (немесе міндетін атқарушы тұлға) ақпарат ұсынылады. Егер сұраулар Әкімшілік бөлімдерінің басшыларымен жіберілген болса онда ұсынылған ақпараттарды қызмет бағытын тиісінше жетекшілік ететін Министр орынбасарының қойылған қолымен жолдауға рұқсат етіледі.

165. Жеке және заңды тұлғалардың талап-өтініштері қаралады және Төрағаның бұрыштамасында басқа мерзім көрсетілмесе, Комитетте келіп түскен күнінен бастап бір айға дейін шешім қабылданады. Қосымша зерттеу мен тексерісті қажет етпейтіндері он бес күннен кешіктірілмейді. Қосымша тексеріс жүргізу қажет болған жағдайда тапсырма берген лауазымды тұлғаның рұқсатымен мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ бір айдан аспауы керек. Өтініш берушіге бұл туралы хабарланады және ЭҚАБЖ ДБ ТБК белгі қойылады.

Орындау мерзімі түскен күнінен және Комитетте өтініштерді тіркеуге алғаннан бастап есептеледі.

166. «Электрондық үкімет» порталынан электрондық өтініштері түскеннен бастап ҚҚЕМТДБ Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасына (бұдан әрі – ҚР ҰКО ЭЦҚ) валидацияны (бар болуын және тұпнұсқалығын тексеру) жүргізеді.

Электрондық өтініштердің осы түрімен одан кейінгі жұмыстар «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес және қағаз тасығыштарда Комитеттің қарауына түскен жеке тұлғалардың өтініштерімен ұқсас жұмыстар жүзеге асырылады.

Өтініштердің осы түрі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық статистика және арнайы есепке алу комитетіне ұсынылатын есептілікке енгізіледі.

Өтініштердің осы түріне жауаптар өтініш берушіге электрондық форматта «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жолданады.

167. Жоғарғы тұрған органның тапсыруымен қаралып жатқан жеке және заңды тұлғалардың хаттарына, өтініштеріне, шағымдарына жауап талап етілген жағдайда соңғы мекенжайға Төраға қол қойған хат жіберіледі, онда қойылған мәселелердің жауаптары көрсетілген.

168. Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштері оларға берілген жауаптар мен олардың рұқсат беруіне байланысты құжаттар көшірмелері бекітілген істер номенклатурасына сәйкес істе қалыптасады.

169. Ұйымдастырушылық жұмысына қатысты азаматтар хаттарының, өтініштерінің, шағымдарының істерін қалыптастыру кезінде және Комитеттің басшылығы жеке қабылдаған кезде оларды қарау бойынша құжаттар (жеке мәселелер бойынша) түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жеке топтастырылады.

170. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері онда көтерілген мәселелер қаралып, қажетті шаралар қабылданса және өтініш берушіге жауап қайтарылса, жеке және заңды тұлғалардың талап-өтініштері шешілген болып саналады. Егер, жауапта автор көтерген мәселенің шешімі бойынша көзделген шаралар туралы ғана хабарланса, онда шешілмеген болып саналады.

171. Хаттардың орындалуын бақылау олардың қаралуына жауапты Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жүктеледі.

172. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне берілген жауаптың тіркеудегі нөмірі номенклатура бойынша істің нөмірінен, өтініштің тіркеудегі нөмірінен тұрады (мысалы, 01-17/ЖТ-27-и).

173. Жылдың күнтізбелік мерзімі аяқталғаннан кейін жеке және заңды тұлғалардың тексерілген талап-өтініштерінің барлық материалдары іске тігіледі және ведомстволық мұрағатқа өткізіледі.

174. Азаматтарды қабылдау Төрағамен бекітілген кестеге сәйкес Комитет Регламентінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Азаматтарды қабылдау есебі осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес формат бойынша, карточкалар бойынша жүргізіледі.


жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау