1.Жағымды психологиялық ахуал туғызу.
Мұғалімдерге психологиялық ахуал . Танысу: есімдерінеи сын есім қосып айтады.
2. 3 топқа бөлінеді.
Практикалық жұмыс.
І топ.Мектептегі ҰБТ-ға дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде,көңіліңіз тола ма ?
ІІ топ. Қатемен жұмысты қалай жүргізу тиімді болады деп ойлайсыз?
ІІІ топ Өзіңізді 11 сынып оқушылары деп есептеңіз. Мұғалімнің тестке дайындық сабақтары ұнай ма? Нәтижелі болу үшін қандай ұсыныс айтар едіңіз?
Әзірленуге – 10 минут; қорғауға – 5 минут
Топтар бірін-бірі екі жұлдыз, бір ұсыныс, қол белгілерімен бағдар шам арқылы бағалайды.
Қыс мезгілін үнсіз қимылмен білдіреді.
ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді?
-Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру.
- Интерактивті технологияларды қолдану.
-Жеке тұлғаның даралығын дамыту.
–Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру.
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін және білім сапасын көтеру жұмыстарын келесі кезеңдерден көруге болады.
1-кезең. Диагностикалық:
-Бақылау жұмыстарын өткізу арқылы оқушылардың білім деңгейлерін анықтау.
-Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің сараптамаларын жасау арқылы қиындық тудыратын мәселелерді анықтау;
-ҰБТ –ды өткізу ережелерімен және ұсыныстарымен танысу;
2-кезең. Практикалық:
-Тест жинақтарымен жұмыс.
-Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік жұмыстар.
-Топтық және жеке дайындық.
-Тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.
3- кезең. Синтетикалық (анықтаушылық):
-Тақырыптар бойынша бақылау тестілері.
-Мониторинг
-Қатемен жұмыс парағын жүргізу
-Психологиялық тренинг ұйымдастыру және жүргізу
Үш кезең бойынша өткізілетін жұмыстар оқушыларды үш топқа бөлінетінін анықтайды: 1 топ үнемі 20 ұпайдан жоғары алатын оқушылар,2- топ 15 ұпайдан 20 ұпайға дейін алатын оқушылар,3-топ 15 ұпайдан төмен алатын оқушылар.
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда төмен балл жинаған оқушылармен мынадай жұмыстар жүргіземін:
- Ереже жаттату
- Жаттығу жұмыстарын жүргізу
- Тапсырма орындау
- Әр тест сұрақтарымен жұмыс
- Меңгермеген тақырыпты қайталау
- Оқушы қателескен тест сұрағын түсіндіру
- Ереже сұрау
- Емтихан алу
- Қосымша сабақ өткізу
- Логикалық тапсырмаларды орындату
- Мониторинг жасау (көрсету)
- Кемшілігін жоюға талпындару, жетістіктерін мадақтау
- Бәсекелестік туындату
- Оқушымен достық қарым-қатынас орнату
Бұл жолда ұстаз талмай, шаршамай, үздіксіз, уақытпен санаспай еңбек етуі қажет.
Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді ұрпақ дейтін болсақ, осы мақсатқа жету үшін әліде көптеген жұмыстар істеуге тиіспіз. Сондықтан жаңа заманға лайықты білімді ұрпақ даярлауда аянбай еңбек ете берсек, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізеріміз күмәнсіз.
Барлық ұстаздар қауымы білімді ұрпақ даярлауға атсалысайық демекпін
|