Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



жүктеу 1,05 Mb.
бет5/6
Дата04.12.2017
өлшемі1,05 Mb.
#3165
1   2   3   4   5   6

  • құрт тәрізді өскіні бар соқыр ішек;

  • жүрек клапандары (фронтальдік қима);

  • жатыр.

    Параграф 4. Анатомия бойынша қималар препараторы, 6-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    адамның қалыпты және патологиялық органдарынан ерекше күрделі қималар жасау. Жаңа туған нәресте мен эмбриондардың денесінен қажетсіз тіндерді алып тастау. Фиксациялағаннан кейін көрсетілген мәйіт материалынан бекітілген эталонға және анатомиялық атласқа сәйкес қималарды әзірлеу. Жаңа туған нәресте мен эмбриондардың мәйіт органдарының табиғи бояуын қалпына келтіру. Ерекше күрделі және нәзік қималарды ұзақ сақтауға арналған арнаулы химиялық ерітіндіні рецептура бойынша дайындау. Күрделілігі орташа және күрделі органдардың анатомиялық қималарының құрастырылуын бақылау. Ерекше күрделі және нәзік қималарды құрастыру. Біліктілігі анағұрлым төмен препаратордың жұмысына басшылық ету. Ерекше күрделі препараттар жасау үшін моргтен адамның, жаңа туған нәресте мен эмбриондардың қалыпты және патологиялық органдарын патологонатом-дәрігермен бірге алу. Мәйіт органдарын және мәйіттердің тұтастығы мен сапасын (бүлінуін), мәйіттің бұзылуын, органдар мен жекелеген тамырлардың кесілуін тексеру.

    1. Білуге тиіс:

    адамның қалыпты және патологиялық анатомиясын, адамның, жаңа туған нәресте мен эмбриондардың барлық мәйіттік органдарын препараттау техникасын, технология рецептурасы бойынша ерітінді жасауды және оларды қолдануды, түрлі түрдегі және күрделіліктегі қималарды жасауды, пластинкалық препараттарды жасау техникасын.

    1. Жұмыс үлгілері:

    Қималарды әзірлеу және препараттарды құрастыру:

      1. миға қан құйылу;

      2. тыныс жолдары бар өкпе;

      3. бас миы, алдыңғы бетінен фронтальді қима;

      4. 7 айлық ұрық;

      5. асқазан рагі;

      6. көк бауыр, маляриялық дақтану;

      7. фиброзды-кавернозды өкпе туберкулезі;

      8. адам эмбрионы.

    27. Биологиялық материалдарды қабылдаушы


    Параграф 1. Биологиялық материалдарды қабылдаушы, 3-разряд


    1. Жұмыс сипаттамасы:

    көрнекті құралдар жасауға пайдаланылатын жануарлардың, өсімдіктердің, тастақтардың, геологиялық үлгілердің табиғи нысандарын қабылдау және іріктеу. Жануарларды күту және тамақтандыру, оларды ұстау режимін сақтау. Оларды препараттау алдында жансыздандыру. Орама материалды іріктеу және нысандарды тасымалдау ерекшеліктерін ескере отырып буып-түю. Нысандарды тасымалдау. Қабылданған нысандарды алғашқы өңдеу, органдарға консервілейтін ертіндіні құю. Нысандарды сақтауға салу және сақталу кезеңінде оларды күту (фиксациялайтын ерітіндіні ауыстыру, зарасыздандыру, көгеруден және кеміргіштерден сақтау). Құрал тақырыптары бойынша нысандарды іріктеу және оларды өндіріске беру. Нысандардың есебін жүргізу.

    1. Білуге тиіс:

    көрнекті құралдар жасауға пайдаланылатын табиғи нысандар ассортиментін, қабылданатын нысандардың ғылыми атуын, құрылым ерекшеліктерін және ерекше белгілерін, нысан сапасына қойылатын талаптарды, алғашқы өңдеу тәсілдері мен жолдарын және фиксациялайтын ерітіндіні жасауды, мәйіт органдарының материалдарымен және тірі жануарлармен жұмыс істеу ережесін және қорғану шараларын, жануарларды күту және тамақтандыру рационын, оларды ұстау мен тасымалдау тәсілдерін, нысандарды қабылдау, сақтау, беру және есебін жүргізу ережесін.

    Параграф 2. Биологиялық материалдарды қабылдаушы, 4-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    көрнекті құралдар жасауға пайдаланылатын жануарлардың, өсімдіктердің, тастақтардың, геологиялық үлгілердің табиғи нысандарын қабылдау және іріктеу. Нысандарды сақтауға салу және сақталу кезеңінде оларды күту. Балғын және фиксацияланған нысандарды преапараттау. Реактивтер мен күшті уларды қолдана отырып фиксациялайтын ерітіндіні жасау. Материалдарды микроскоппен іріктеп алу. Құрал тақырыптары бойынша нысандарды іріктеу және оларды өндіріске беру. Нысандардың есебін жүргізу.

    1. Білуге тиіс:

    алғашқы өңдеу тәсілдері мен жолдарын және фиксациялайтын ерітіндіні жасауды, наркотиктермен және улармен жұмыс істеу ережесін, нысандарды микроскоппен препарттау жолдары мен тәсілдерін, улы жануарлармен жұмыс істеу ережесін және олармен уланған кезде алғашқы көмек көрсету жолдарын, нысандардың анатомиялық құрылысы мен стаылар бойынша эмбриологиялық дамуды.

    Параграф 3. Биологиялық материалдарды қабылдаушы, 5-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    қабылданған жұқпалы жануарлардың бүлінген ішкі органдары мен тіндерін қабылдау, өңдеу және мүшелеу, бұл органдарды паразиттерді бөле отырып препараттау, гельминттердің жекелеген түрлерін жару, оларды фиксациялау.

    1. Білуге тиіс:

    бүлінген органдарды препараттау, паразиттерді мүшелеу тәсілдерін, күрделі фиксаторларды жасауды және оларды пайладану ережесін.

    28. Үлгілерді бояушы


    Параграф 1. Үлгілерді бояушы, 1-разряд


    1. Жұмыс сипаттамасы:

    үлгілерді майлы бояумен бояу жөніндегі қарапайым жұмысты біліктілігі анағұрлым жоғары бояушының басшылығымен орындау. Үлгілерді грунтовкалау.

    1. Білуге тиіс:

    үлгілерді бояу мен грунтовкалау ережесін, араластырғыштардың атауларын.

    Параграф 2. Үлгілерді бояушы, 2-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    үлгілерді майлы бояумен бояу жөніндегі қарапайым жұмыстарды орындау. 4-ке дейінгі тондағы колерлерді жасау. Үлгілерді кептіру.

    1. Білуге тиіс:

    колерлерді жасаудың рецептурасы мен тәсілдерін, бояу, бояуды түсіру кезектілігі техникасын, үлгілерді кептіру ережесін.

    1. Жұмыс үлгілері:

    Үлгілерді бояу:

      1. ішкі құлақ каналы;

      2. солитер басының үлгісі;

      3. әйел жамбасы нәрестенің басымен.

    Параграф 3. Үлгілерді бояушы, 3-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    үлгілерді майлы бояумен бояу жөніндегі күрделілігі орташа жұмыстарды тондық боямамаен орындау. 4-ке артық тондағы колерлерді жасау, үлгілерді құрастыру және бөлшектеу.

    1. Білуге тиіс:

    адамның жүйелері мен органдарының анатомиялық құрылысын берілген жұмыс шегінде, қолданылатын майлы бояулардың, еріткіштердің, лактардың қасиеттерін, лаков, үлгілерді құрастыру және бөлшектеу ережесін.

    1. Жұмыс үлгілері:

    Үлгілерді бояу:

      1. адамның сегментарлы бронхылары;

      2. адам ұрығының дамуы;

      3. пультті камераның және азу тіс каналдарының топографиясы;

      4. түкті фолликул, бойлық кесінді сызбасы.

    Параграф 4. Үлгілерді бояушы, 4-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    үлгілерді майлы бояумен бояу жөніндегі күрделі жұмыстарды орындау. Үлгілерді боямалау.

    1. Білуге тиіс:

    күрделі үлгілерді бояу жолдары мен тәсілдерін, боямалау ережесін, қолданылатын бояулар мне лактардың грунтпен және материалдармен өзара әрекеттесуін.

    1. Жұмыс үлгілері:

    Үлгілерді бояу:

      1. ересек адамның диафрагмасы;

      2. өңеш және асқазан жолдарының үстіңгі бөлігінің бұлшық еттері;

      3. адамның пайда болуы;

      4. көз қарашығы.

    Параграф 5. Үлгілерді бояушы, 5-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    үлгілерді майлы бояумен бояу жөніндегі ерекше күрделі жұмыстарды орындау. Үлгілерді лессирлеу. Біліктілігі анағұрлым төмен бояушының жұмысына басшылық ету.

    1. Білуге тиіс:

    адамның органдары мен тіндерінің анатомиялық құрылысы мен орналасуын, үлгілерді бояу мен лессирлеу ережесін, қолданылатын материалдардың химиялық қасиеттерін.

    1. Жұмыс үлгілері:

    Үлгілерді бояу:

      1. бауыр бөлігі, макро-микроскопиялық құрылымы;

      2. кесіндідегі адамның терісі;

      3. күн өрімі;

      4. жаңа туған баланың ішкі органдар топографиясы;

      5. бас және мойын топографиясы.

    29. Диапозитивтер мен фототаңбаларды бояушы


    Параграф 1. Диапозитивтер мен фототаңбаларды бояушы, 1-разряд


    1. Жұмыс сипаттамасы:

    диапозитивтер мен фототаңбаларды 1-2 бояуды қолдана отырып, біліктілігі анағұрлым жоғары бояушының басшылығымен бояу. Диапозитивтерді бояуға дайындау. Талап ететін тон бояуларын іріктеу.Күрделі емес контурды жартылай тон мен детальдаусыз айналдыра жүргізу. Нүктелерді, жарықтарды техникалық ретушьтеу.

    1. Білуге тиіс:

    диапозитивтер мен фототаңбаларды основные жасаудың негізгі принциптерін, аниаланды бояуларды араластыруды, фотоэмульсионды материалдарды бояу кезінде қолданылатын жаққыш түрлерін.

    Параграф 2. Диапозитивтер мен фототаңбаларды бояушы, 2-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    диапозитивтер мен фототаңбаларды 1-2 бояуды қолдана отырып бояу. Контур конфигурациясы күрделі бөлшектерді атлас пен натура үлгісін пайдаланып, лупаны, ұсақ бөлшектерді қолдана отырып бояу.

    1. Білуге тиіс:

    диапозитивтерді 1-2 бояумен бояу техникасын, бояу шәкілін жасауды, көлемді және әртонды заттрады бояу жолдарын, көрнекті диапозитивтерге қойылатын талаптарды, экранда проекциялау кезінде сурет пен бояудың анықтығы болу шарттарын.

    Параграф 3. Диапозитивтер мен фототаңбаларды бояушы, 3-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    диапозитивтер мен фототаңбаларды 3-4 бояуды және иапозитивтегі күрделі конфигурацияларға жартылай тондарды түсіре отырып бояу. Типтік бояуларды түсіру.

    1. Білуге тиіс:

    диапозитивтерді 3-4 бояумен бояу техникасын, бояу тану жөніндегі негізгі ұғымдарды, бояудан кейін боялған жерді өткізу мен бекітуді, бояуларға, бояғыштар мен еріткіштерге қойылатын техникалық талаптарды, анатомияны орындалатын жұмыс көлемінде білу.

    Параграф 4. Диапозитивтер мен фототаңбаларды бояушы 4-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    диапозитивтер мен фототаңбаларды 5-6 бояуды және диапозитивтегі күрделі конфигурацияларға жартылай тондарды түсіре отырып бояу. Бояу түсіру. Ұсақ және микроскопиялық бөлшектерді анықтау үшін фон жасау. Бөлшектерді ұсынылған көздер бойынша жеткізіп бояу. Аурулар: ісіктер, жаралар, суық және оқ ататын қарумен жараланудың клиникалық деректерін бояу.

    1. Білуге тиіс:

    патология негіздерін, анилинді бояғыштардың негізгі қасиеттерін, диапозитивтерді 5-6 бояумен бояу техникасын.

    99. Диапозитивтер мен фототаңбаларды бояушы 5-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    Диапозитивтер мен фототаңбаларды 6 артық бояуды қолдана отырып бояу. Портреттерді көркемдеп бояу. Эмульсионды қабатта контур мүлде болмаған кезде жекелеген бөлшектерді салу және бояу. Диапозитивтер мен фототаңбалардың алғашқы үлгілерін бояу. Біліктілігі анағұрлым төмен бояушының жұмысына басшылық ету.

    1. Білуге тиіс:

    химия негіздерін, диапозитивтерді көп түспен бояу техникасын, түсті диапозитивтер мен фототаңбаларды ретушьтеу ережесін, боялған позитив эталондарына қойылатын тараптарды.

    30. Микротомада кесуші


    Параграф 1. Микротомада кесуші, 4-разряд


    1. Жұмыс сипаттамасы:

    целлоидиндік ботаникалық немесе гистологиялық блоктарды, тығыз органдар мен өсімдік тіндерін микротомада қалыңдығы 12 микрон қималарға кесу. Гистологиялық құрылымдардың дұрыс бағытталуын және тұтастығын, сондай-ақ қималардың сапасын микроскоппен бақылау. Блок нысандарының әр қайсысының микротоманың заттық үстелінде дұрыс орнату.Микротоманың пышағының көлбеуі мен кесу бұрышын нысан бойынша реттеу. Қималардың берілген қалыңдығын белгілеу.

    1. Білуге тиіс:

    целлоидиндік блоктарды кесу және мироскопирлеу техникасын, микротома мен микроскоптың құрылымын, өңделетін өсімдік органдары мен тіндерінің немесе адамның және жануарлардың органдары мен тіндерінің гистологиялық құрылысын, жұмысты орындау үшін қажетті көлемде, блоктар мен қималарды сақтау ережесін.

    1. Жұмыс үлгілері:

    Кесу:

      1. өкпе;

      2. тангентальді, радиальді және көлденең бағыттарда.

    Параграф 2. Микротомада кесуші, 5-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    целлоидиндік және парафинді ботаникалық немесе гистологиялық блоктарды микротомада қалыңдығы 12 микронға дейінгі қималарға кесу. Ағаштың ерекше қатты породаларын, сүйектенген және известтелген учаскелері бар гистологиялық блоктарды кесу. Целлоидиндік және парафинді блоктарды орталық қимасын таңдай отырып іріктеп кесу. Парафинді қималарды слюдаға немесе заттық шыныға жапсыру. Қима сапасын микроскоппен бақылау және осы препаратқа арналған гистологиялық құрылымы бар қималарды таңдау. Микротома ұстарасын түзеу.

    1. Білуге тиіс:

    целлоидиндік және парафинді кесілуі қиын блоктарды кесу техникасын, блоктарды қоректендіру және тығыздау тәсілдерін.

    1. Жұмыс үлгілері:

    Кесу:

      1. емен бұтағы;

      2. селягинелла сабақтары;

      3. адамның сүйектері;

      4. өсімдік жасушасының митозы.

    31. Табиғи нысандарды құрастырушы


    Параграф 1. Табиғи нысандарды құрастырушы, 1-разряд


    1. Жұмыс сипаттамасы:

    қарапайым геологиялық нысандарды, өсімдіктер мен жануарларды табиғатта құрастыру, алғашқы өңдеу және біліктілігі анағұрлым жоғары құрастырушының басшылығымен оларды жинастыру.

    1. Білуге тиіс:

    берілген нысандарды құрастырудың жолдары мен тәсілдерін, қолданылатын жабдықтарды және оларды пайдалануды.

    Параграф 2. Табиғи нысандарды құрастырушы, 2-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    қарапайым геологиялық нысандарды, өсімдіктер мен жануарларды табиғатта құрастыру, алғашқы өңдеу және оларды жинастыру. Көрнекті құралдарға жарамды нысандарды іріктеу, жинау, буып-түю және этикеткалау.

    1. Білуге тиіс:

    жиналатын қарапайым нысандардың атауын, сыртқы құрылымы мен оларға қойылатын сапалық талаптарды, нысандарды іріктеу, жинау, буып-түю және этикеткалаудың жолдары мен тәсілдерін.

    1. Жұмыс үлгілері:

      1. мәжнүн талдың, сары люцернаның, фиалканың сабақтары – іріктеу және өңдеу;

      2. бақалар (дамуы) – жинау және алғашқы өңдеу;

      3. пемза – жинау.

    Параграф 3. Табиғи нысандарды құрастырушы, 3-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    күрделілігі орташа геологиялық нысандарды, өсімдіктер мен жануарларды табиғатта құрастыру, алғашқы өңдеу. Жәндіктерді жеммен аулау.

    1. Білуге тиіс:

    күрделілігі орташа нысандарды құрастыру, алғашқы өңдеу жолдарын, жиналатын нысандардың атауын, құрылымы мен олардың ерекшелік белгілерін, оларға қойылатын техникалық талаптарды.

    1. Жұмыс үлгілері:

      1. андезиттер, мирабиллиттері және тағыда басқа – жинау;

      2. бұршақ (мүшеленген гүлі), батпақ мятлигі (толық өсімдік), шабындық сұлышасы (толық өсімдік) - жинау және алғашқы өңдеу;

      3. мамыр қоңыздары (личинкалары), капустницалар (ересек жәндік және тағыда басқа - жинау және алғашқы өңдеу.

    Параграф 4. Табиғи нысандарды құрастырушы, 4-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    күрделі геологиялық нысандарды, өсімдіктер мен жануарларды табиғатта құрастыру, алғашқы өңдеу. Адамның және жануарлардың организмінде кездесетін паразиттерді жинау. Ерекше тәсілді қажет ететін улы өсімдіктерді жинау.

    1. Білуге тиіс:

    күрделі нысандарды құрастыру, алғашқы өңдеу жолдарын, жиналатын нысандардың атауын, нысанын, олардың ерекше белгілері мен құрылым ерекшіліктерін, оларға қойылатын техникалық талаптарды, фиксациялайтын ерітінділерді жасау ережесін, паразиттерді зарасыздандыру тәсілдерін.

    1. Жұмыс үлгілері:

      1. аскарида (ересек жәндік) - жинау және алғашқы өңдеу;

      2. нуммулиттер, фузулиндер - жинау.

    Параграф 5. Табиғи нысандарды құрастырушы, 5-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    ерекше күрделі геологиялық нысандарды, өсімдіктер мен жануарларды, ерекше тәсілдер мен еңбек құралдарын қажет ететін жетуі қиын жерлерде жинау, оларды алғашқы өңдеу. Биологиялық нысандарды жекелеген түрлерін белгілі бір даму сатыларын ескере отырып, жасанды жағдайларда өсіру. Жануарларды күту, тамақтандыру, ұстау режимін сақтау, нысандарды оптикалық аспаптардың көмегімен тексеру және бракқа шығару. Тамырлар мен органдарды фиксациялау үшін фиксациялайтын ерітінді жасау. Нысандарды жансыздандыру, жару және препараттау. Біліктілігі анағұрлым төмен құрастырушының жұмысына басшылық ету.

    1. Білуге тиіс:

    ерекше күрделі геологиялық нысандарды жинау, оларды алғашқы өңдеудің жолдары мен әдістерін, олардың болатын және тіршілік ететін жерлерін, биологиялық дамуын, жинау уақытын, ерекше құрылым белгілерін, фиксациялайтын күрделі ерітіндіні жасауды, оптикалық аспаптармен жұмыс істеу техникасын, улы паразиттік өсімдіктер мен жануарларды жинау ережесін білу, улы өсімдіктерден уланған немесе улы жануарлар шаққан кезде алғашқы көмек көрсету жолдарын, қоршаған ортаны қорғау ережесін және жануарларды аулау мен өсімдіктерді жинау, геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік техникасын.

    1. Жұмыс үлгілері:

    Аулау:

      1. жыландар;

      2. сары шаян;

      3. бүйілер.

    Жинау:

      1. авгиттер;

      2. бериллдер;

      3. корундтар.

    Өсіру:

      1. маляриялық масалар;

      2. қара тарақандар.

    32. Өсімдіктерді кептіруші


    Параграф 1. Өсімдіктерді кептіруші, 1-разряд


    1. Жұмыс сипаттамасы:

    өсімдіктерді нысандарды құрғақ қағаз матрасшаларда бір рет жаза отырып, қағаз матрасшалар мен прес рамаларында біліктілігі анағұрлым жоғары кептірушінің басшылығымен кептіру. Өсімдіктерге арналған қағазды кептіру.

    1. Білуге тиіс:

    кептірілген өсімдіктердің сапасына қойылатын талаптарды, кептіруге қажетті материалдар мен айлабұйымдарды, жұмыс тәсілдерін.

    Параграф 2. Өсімдіктерді кептіруші, 2-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    өсімдіктерді нысандарды құрғақ қағаз матрасшаларда бір рет жаза отырып, қағаз матрасшалар мен прес рамаларында кептіру. Өсімдіктерді қағаз парақтарымен жабындау, оларды рамаға салу, престеу және кептіру камерасына орналастыру. Кептіру камерасындағы температураны және ауаның ауысу жылдамдығын реттеу. Қағаз матрасшаларды жасау және жөндеу.

    1. Должен знать:

    кептіруге қажетті материалдар мен айлабұйымдарды, оларды пайдалануды, кептіру камерасының құрылымын, жұмыс принцип мен оларды пайдалану ережесін, кептіру камерасындағы температураны және ылғалдықты реттеу тәсілдерін, өсімдіктерді кептірудің дәрежесін айқындау тәсілдерін.

    1. Жұмыс үлгілері:

    Кептіру:

      1. қайыңның, қарағайдың бұтақтары;

      2. гүлдеп тұрған ветреница өсімдіктері;

      3. осина гүлденуі.

    Параграф 3. Өсімдіктерді кептіруші, 3-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    өсімдіктерді нысандарды құрғақ қағаз матрасшаларда бірнеше құрғақ мартасшалармен жабындай отырып рет жаза отырып, қағаз матрасшалар мен прес рамаларында кептіру. Өсімдіктерді қыздыру аспаптарының көмегімен құмда кептіру. Кептіру мерзімі мен дәрежесін айқындау. Біліктілігі анағұрлым төмен кептірушінің жұмысына басшылық ету.

    1. Білуге тиіс:

    кептіру қондырғыларын, олардың құрылымын, реттеуді, түрлі әдіспен кептірілген өсімдік сапасына қойылатын талаптарды, кептірілетін өсімдіктердің атаулары мен құрылым ерекшеліктерін, түрлі өсімдіктерді кептіру режимдерін.

    33. Таксидермист


    Параграф 1. Таксидермист, 1-разряд


    1. Жұмыс сипаттамасы:

    балықтың, құстың, сүтқоректілердің қарапайым тұлыбын біліктілігі анағұрлым жоғары таксодермистің басшылығымен жасау, терілерді түсіру, препараттау және консервілеу.

    1. Білуге тиіс:

    терілерді өңдеу техникасын, терісі сыпырылатын нысандардың сыртқы түрлерін.

    Параграф 2. Таксидермист, 2-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    балықтың, құстың, сүтқоректілердің қарапайым тұлыбын жасау. теріні майдан, қаннан, ластан тазарту, мышьяк жағу. Жасанды дене жасау. Буындарға арналған сымдарды жасау және оны денеге бекіту. Экспонатты уақытша тұғырға орнату, пішіндеу, позалау және қауырсынды төсеу. Экспонатты соңғы өңдеу: оны тұрақты тұғырға не бұтаққа отырғызу, жасанды көздерді қою, тұғырға этикетка мен қалтақапты жапсыру, бұтаны мүкпен жабу және буындарды лактау.

    1. Білуге тиіс:

    қарапайым тұлыпты толтыру техникасын және оларды соңғы өңдеу тәсілдерін, теріні түсіру және өңдеу тәсілдерін.

    1. Жұмыс үлгілері:

    Тұлып дайындау:

      1. торғайлар;

      2. таутандар;

      3. суырлар.

    Параграф 3. Таксидермист, 3-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    балықтың, құстың, сүтқоректілердің күрделілігі орташа тұлыбын жасау. Терілерді өңдеу, жеткеріп пішіндеу, позалау, қабыршағын, жүні мен қауырсынын салу. Тұлыпты соңғы өңдеу.

    1. Білуге тиіс:

    күрделілігі орташа тұлыпты толтыру және теріні түсіру және өңдеу техникасын, тұлыптың қабыршағын, жүні мен қауырсынын салу жолдарын, өңделетін нысандардың анатомиясы мен биологиясын.

    1. Жұмыс үлгілері:

    Тұлып дайындау:

      1. тиіндер;

      2. мөңке балық;

      3. қояндар.

    Параграф 4. Таксидермист, 4-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    балықтың, құстың, сүтқоректілердің, жорғалаушылар мен қос мекенділердің күрделі тұлыбын жасау. Жануарлар экспонаттарын табиғи позада және көркем өңдеумен: шүйілу, қорғану, тамақ табу және тағыда басқа, сондай-ақ құстардың қанаттарын жайып жасау.

    жүктеу 1,05 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау