Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы 2013 жылғы 21 қаңтар №23-ө-м Астана қаласы



жүктеу 3,5 Mb.
бет9/10
Дата01.12.2017
өлшемі3,5 Mb.
#2523
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

жұмыстағы ақауларды жою, салу-тігу машиналарын тазарту және майлау.

621. Білуге тиіс:

брошюраларды дайындау технологиясы;

қолданылатын жартылай дайын өнімдерге, материалдарға, тігілген брошюраларға, журналдарға және арнайы басылымдарға қойылатын технологиялық талаптар;

сымдардың нөмірлері және бекітілетін бұйымдардың сипаттамасына қарай қойылатын талаптар;

салу-тігіу машиналарын реттеу тәсілдері.
Параграф 2. Салу-тігу-кесу агрегаттарының машинисі, 4-разряд
622. Жұмыс сипаттамасы:

өздігінен салғыштары бар салу-тігу машинада брошюраларды, журналдар мен арнайы бұйымдарды жинақтау және тігу;басқа форматты және көлемді өнімді тігуге көшу кезінде машиналардың тораптарын реттеу;

дәптерлер мен қаптамаларды өздігінен салғыштарды-ашқыштарды орнату және реттеу.

623. Білуге тиіс:

өздігінен салғыштарды-ашқыштардың конструкциясы және реттеу тәсілдері.
Параграф 3. Салу-тігу-кесу агрегаттарының машинисі, 5-разряд
624. Жұмыс сипаттамасы:

салу-тігу-кесу агрегаттарында брошюралар мен журналдарды, паспорттық құжаттамаларды, құжаттама кітапшаларды жинақтау, тігу және үш жақтан кесу;

бұйымның форматтары мен көлеміне сәйкес қалыңдық өлшегішті, тегістегіш бұрыштамаларды, автоблоктау құрылғыларын, кесу тораптары мен басқа да механизмдерін баптау және реттеу;

жұмыстағы ақауларды жою, пышақтарды түзету, салу-тігу-кесу агрегатты тазарту және майлау.

625. Білуге тиіс:

кесуден кейін басылымдардың форматы және қойылған шектеулер;

салу-тігу-кесу агрегаттарының негізге тораптарын реттеу тәсілдері;

пышақтарды қайрау және түзету техникасы.


79. Шабу-буып-түю агрегатының машинисі
Параграф 1. Шабу-буып-түю агрегатының машинисі, 3-разряд
626. Жұмыс сипаттамасы:

өздігінен жұмыс істейін (шабу-буып-түйю агрегаттарынан тыс) қызмет көрсетілетін автоматта колодаға ойын карталарын буып-түю;

алғашқы буып-түю үшін қағаз орамасын орнату;

багажникті қораптардың пішімдерімен зарядтау;

колодадағы парақтардың санына сәйкес қораптарды қалыптастыру, колодаларды қораптарға беру механизмдерін, қораптарды желімдеу және кептіру механизмдерін реттеу;

өздігінен жұмыс істейтін (шабу-буып-түйю агрегаттарынан тыс) қызмет көрсетілетін автоматта ойын карталары колодаларын будаға буып-түю;

баспа формасын орнату;

қағаз орамасын зарядтау;

басу, кесу және желімдеу аппараттарын реттеу; қызмет көрсетілетін автоматтарды тазарту және майлау;

колодаларды будаларға буып-түю;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою;

өздігінен жұмыс істейтін (шабу-буып-түйю агрегаттарынан тыс) немесе шабу-буып-түю агрегатына салынған қызмет көрсетілетін автоматта ойын карталарының колодаларын шабу және іріктеу бойынша дайындық жұмыстарын орындау;

өздігінен салғышты зарядтау, таяныштарды орналастырып қою және парақ өткізгіш жүйелерді реттеу бойынша басқа да жұмыстар;

шабу-буып-түю агрегаттарында агрегаттарында ойын карталарының кесінді қалдықтарын жою.

627. Білуге тиіс:

қолданылатын агрегаттардың сорттары мен қасиеті;

басу өніміне қойылатын техникалық талаптар;

жабыстыру және флексография баспасы процестерінің принципті негіздері;

қызмет көрсетілетін автоматтарды реттеу тәсілдері;

шабу-буып-түю автоматының парақ өткізгіш жүйелерді реттеу тәсілдері.


Параграф 2. Шабу-буып-түю агрегатының машинисі, 4-разряд
628. Жұмыс сипаттамасы:

өздігінен жұмыс істейтін (шабу-буып-түйю агрегаттарынан тыс) қызмет көрсетілетін автоматта ойын карталарының колодаларын шабу және іріктеу;

шабу штампын жетектеу;

өздігінен салғышты, парақ өткізгіш жүйені, шабылған колоданы іріктеу механизмін реттеу;

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою;

жоғары білікті машинисттің басшылығымен шабу-буып-түю агрегатында ойын карталарының колодаларын шабу, іріктеу және буып-түю.

629. Білуге тиіс:

шабылған штампылардың сапасына қойылатын техникалық талаптар; қызмет көрсетілетін автоматты реттеу тәсілдері;

ойын карталарын шабу, карталарды колодаға және колоданы будаға буып-түю бойынша автоматтарды агрегаттаудың негізгі принципі.
Параграф 3. Шабу-буып-түю агрегатының машинисі, 5-разряд
630. Жұмыс сипаттамасы:

шабу-буып-түю агрегатында ойын карталарының колодаларын шабу, іріктеу және буып-түю, циклограмма бойынша агрегаттың өткізгіш жүйесі мен агрегат тораптарын реттеу.

631. Білуге тиіс:

циклограмма бойынша шабу-буып-түю агрегатының механизмдері мен тораптарын реттеу ережесі мен тәсілдері.


80. Каландр машинисі
Параграф 1. Каландр машинисі, 2-разряд
632. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті каландр машинисінің басшылығымен ойын карталарының басылған парақтарын каландрирлеу;

қызмет көрсетілетін машиналарды жұмысқа дайындау;

қабылдау үстелін және шығару тасымалдағышын реттеу; каландрирлеу сапасын бақылау;

дайын өнімді түйістіру;

гренирлеу машиналарында ашық хаттарды, қаптамаларды, ерекше қаптамаларды, форзацтар мен басқа да түрлерін гренирлеу;

каландрларды қыздыру; өнімді машинаның салғыш тақтаға салу;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақауларды жою.

633. Білуге тиіс:

пайдаланылатын қағаздың қасиеті, ойын карталардың сорттары;

каландрирлеу сапасына қойылатын техникалық талаптар;

қабылда үстелін және шығару транспортерін реттеу тәсілдері.


Параграф 2. Каландр машинисі, 3-разряд
634. Жұмыс сипаттамасы:

ойын карталарының баспа парақтарын каландрирлеу;

қысатын біліктердің, өздігінен салғыштарды, қағаздарды каландр арқылы қағаздарды өткізу механизмдерін реттеу;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыстағы ақауларды жою.

635. Білуге тиіс:

ойын карталарының сорттарына қарай каландирлеу режимдерін;

қызмет көрсетілетін машиналардың механизмдерін реттеу тәсілдерін.
81. Кітап салғыш машинаның машинисі
Параграф 1. Кітап салғыш машинаның машинисі, 2-разряд
636. Жұмыс сипаттамасы:

кітап салғыш автоматта кітап блоктарының мұқаба қаптамасын салу жөніндегі дайындық жұмыстарды орындау;

желімдеу аппараттарына желімді құю;

блоктарды тиеу науасына немесе өздігінен салғыштарға беру, салынған блоктарды түзету;

кітап салғыш автоматты тазарту және майлау.

637. Білуге тиіс:

кітаптарды салу түрлері мен тәсілдері;

қолданылатын материалдарға, қақпақтар мен өңделген кітап блоктарына қойылатын талаптарды.

Параграф 2. Кітап салғыш машинаның машинисі, 3-разряд
638. Жұмыс сипаттамасы:

кітап салғыш жартылай автоматта кітап блоктарының мұқаба қалыптарын салу;

блоктың форматы мен көлеміне сәйкес тиегіш науаны, блокты берушіні тегістеу және блоктау құрылғысын орнату;

блоктардың сапасын және салынуын бақылау;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақаулықты жою;

жоғары білікті кітап салғыш машина машинисінің басшылығымен энциклопедиялық және жоғары көркемдік басылымдарды кітап блоктарының түптеме кітапшаларына салу.

639. Білуге тиіс:

кітап блоктарын өңдеудің технологиялық процессін;

қолданылатын материалдардың (қағаздардың, желімді ерітінділердің) қасиеті;

кітап салғыш жартылай автоматтарды реттеу тәсілдері.


Параграф 3. Кітап салғыш машинаның машинисі, 4-разряд
640. Жұмыс сипаттамасы:

кітап салғыш автоматта кітап блоктарының мұқаба қаптамаларын салу;

басқа көлемді және форматты кітаптарды салуға көшу кезінде кітапқа салу автоматының механизмдерін баптау және реттеу;

қаптамаларды өздігінен салғыштарды, беру механизмін және блоктарды тасымалдағыш механизмдерін, желім білікшелерін ауыстыру механизмдерін, кітаптарды транспортер канатына көтеру және салынған кітаптарды шығару механизмін орнату және реттеу;

салынған блоктарды бақылау;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

641. Білуге тиіс:

брошюралау-түптеу процестерінің негізгі технологиясы;

дайын кітаптардың сапасына қойылатын талаптар;

кітап салғыш автоматтардың негізгі тораптарын реттеу.


82. Конверт машинасының машинисі
Параграф 1. Конверт машинасының машинисі, 3-разряд
642. Жұмыс сипаттамасы:

конверт машиналарында конверттерді жасау;

конверт машиналарына орама қағаздарды орнату, баспа формасын түзету. өздігінен салғышты жартылай дайын өнімдермен зарядтау;

желім аппараттарын желіммен және бояу аппараттарын бояумен толтыру;

конверттерді басу, ойып жазу және жабыстыру;

конверттердің форматы мен қағаздың тығыздығына қарай конверт машинасының жұмысын баптау;

желім жағу аппараттары мен бүктеу механизмдерінің жұмысын бақылау;

сапасын тексеру, есептеу, конверттерді будаларға бандерольдау және буып-түю;

қатаң есептегі жартылай дайын өнімдер мен конверттерді қабылдау және тапсыру;

жұмыстағы ақаулықты жою, конверт машинасын тазарту және майлау.

643. Білуге тиіс:

конверттерді дайындау процессі;

баспа формаларын орнату және түзету ережесі;

басу бояуының қасиеті;

қолданылатын желімдер мен қағаздардың қасиеті;

конверт машиналарын реттеу тәсілдері;

қатаң есептегі өнімдерді пайдалану тәсілдері.
Параграф 2. Конверт машинасының машинисі, 4-разряд
644. Жұмыс сипаттамасы:

парақты және орама конверт машиналарында көркемдік конверттерді жасау;

жоғары білікті конверт машинасының басшылығымен электрлі бақылау-есептеу құрылғылары бар орама ротациялық конверт машиналарында көркемдік конверттерді жасау;

қызмет көрсетілетін машиналарды баптау, жылдамдықты орама ротациялық конверт машиналарды жөндеу;

қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау.

645. Білуге тиіс:

конвертті парақты және орама ротациялық машиналардың құрылғысы, қызмет көрсетілетін машиналарды реттеу тәсілдері, қолданылатын басу бояулары мен желімдердің қасиеті.
Параграф 3. Конверт машинасының машинисі, 5-разряд
646. Жұмыс сипаттамасы:

электрлі бақылау-есептеу құрылғылары бар орама ротациялық конверт машиналарында көркемдік конверттерді жасау;

желімделген орама қағазды зарядтау құрылғысына орнату, қағаз төсемін өткізу, бандерольдау секциясының желімдеу аппараттарын толтыру;

тарқату механизмін, бандерольдау механизмінің төселетін қалпын автоматты бақылауға арналған құрылғыларды, форматты кесу және бұрыштарды кесу тораптарын, дайындамаларды тасымалдау тораптарын, конверт клапандарын гуммирлеу секциясын, кептіруді, жүгіртуді, бүктеуді, электронды бақылау-есептеу және блоктау құрылғысын баптау және реттеу;

конвертердің сапасын бақылау;

жұмыс процессінде ақаулықтарды бақылау.

647. Білуге тиіс:

жылдамдықты орама ротациялық конверт машиналарының құрылғысын;

жылдамдықты орама ротациялық конверт машиналарының тораптары мен секцияларын жұмыс режиміне жүйелеп қосу, машиналардың барлық тораптарын реттеу тәсілдері.
83. Жабу машиналарының машинисі
Параграф 1. Жабу машиналарының машинисі, 3-разряд
648. Жұмыс сипаттамасы:

жабу машиналарында баспа баспаларын тыспен (қарапайым және таратып) жабу;

блоктың форматы мен көлеміне сәйкес форматты таяныштарды шәкілдер бойынша, бұрылыс үстелінің құрылғысын, қысу, өздігінен салғыш және басқа да механизмдерді орнату және реттеу;

жұмыстағы ақауларды жою, жабу машиналарын тазарту және майлау.

649. Білуге тиіс:

жабу түрлері; брошюраларды тыспен жабудың технологиялық процессін;

жабу кезінде қолданылатын қағаздар мен желімдердің қасиеті;

қолданылатын жартылай дайын өнімдердің және дайын брошюралардың сапасына қойылатын талаптар;

жабу машиналарын реттеу тәсілдері.
84. Қаптама жасайтын машиналардың машинисі
Параграф 1. Қаптама жасайтын машиналардың машинисі, 3-разряд
650. Жұмыс сипаттамасы:

қаптама жасайтын машиналарда мұқаба қаптамасын жабу;

секцияларды картонды жақтармен, түбіршек материалдармен және қалдықтармен тиеу;

картон мен қалдықты беру тораптарын, пышақ, шеттерін бүгу және өңдеу, каландрирлеу және желім жағу механизмдерін реттеу;

жоғары білікті қаптама жасайтын машинаның машинисінің басшылығымен қаптама жасайтын машиналарда тұтас жабатын және құрама түптеу қаптамаларын жасау;

матамен, қалдықтың орамасын орнату;

секцияларды картонды жақтармен тиеу;

желім аппараттарына желімді құю;

жұмыстағы ақауларды жою, қаптама жасайтын машиналарды тазарту және майлау.

651. Білуге тиіс:

құрама және тұтас жабатын түптеу қаптамаларын жасаудың технологиялық процессін;

мұқаба қаптамасының сыныптамасын;

қолданылатын материалдар мен дайын қаптамаларға қойылатын техникалық талаптарды.
Параграф 2. Қаптама жасайтын машиналардың машинисі, 4-разряд
652. Жұмыс сипаттамасы:

өздігінен салғышсыз қаптама жасайтын машиналарда тұтастай жабатын және құрама мұқаба қаптамаларын жасау; әр түрлі түрдегі және форматты қаптамаларды жасауға көшу кезінде механизмдерді баптау және реттеу;

картон мен қалдықты беру тораптарын, шеттерді бүктеу және өңдеу, каландрирлеуші, желім жағушы және пневматикалық құрылғыларды орнату және реттеу;

сыртқы материалдардың дайындамаларын тиеу;

қаптама жасайтын материалдардың жұмысындағы ақауларды жою;

жоғары білікті қаптама жасайтын машинаның машинисінің басшылығымен қаптама жасайтын автоматтарда тұтас жабатын мұқаба қаптамасын жасау;

секцияларға картондарды, тыстарды тиеу;

желім аппараттарына желімді құю;

жұмыстағы ақауларды жою, қаптама жасайтын аппараттарды тазалау және майлау.

653. Білуге тиіс:

брошюралау-түптеу процестерінің негізгі технологиясы;

түптеу материалдарын пішудің ережесі;

түптеу материалдарын жасау кезінде пайдаланылатын материалдарға қойылатын негізгі талаптар;

қаптама жасайтын машиналар мен автоматтарды реттеудің ережесі.


Параграф 3. Қаптама жасайтын машиналардың машинисі, 5-разряд
654. Жұмыс сипаттамасы:

өздігінен салғыштары бар қаптама жасайтын машиналарда тұтастай жабатын және құрама мұқаба қаптамаларын (оның ішінде поливинилхлоридтен, бумвинилдан және тағы баска жасалған қақпақтарды, престелген пленкасы бар тұтастай қағаз қақпақтарын) жасау;

әр түрлі түрдегі және форматты қаптамаларды жасау кезінде қаптама жасайтын машиналарды баптау және реттеу;

басу қосымшасы бар қаптама жасайтын машиналарда құрама мұқаба қаптамаларын жасау, түбіршек және жақ бойынша бояулармен басу;

бояу аппараттарын баптау және реттеу, штамптарды орнату;

басу сапасын бақылау;

бұрышты пышақтарды, материалдардың бойлық және көлденең бүктеулерін, шеттерді өңдеулерді, каландрирлеуші, желім жағушы және пневматикалық құрылғыларды орнату;

машинаның жұмысындағы ақауларды жою;

қаптама жасайтын машиналарда қаптамаларды тыстармен жабу; тыстар мен қаптамаларды өздігінен салғыштарды, тыстарды бүктеу механизмдері мен басқа да механизмдерді орнату және реттеу; машинаның жұмысындағы ақаулықтарды жою;

картонды, қалдықтар мен тыстарды (әр түрлі материалдардан), кареткаларды, қаптамаларды өздігінен салғыштарды (әр түрлі материалдардан) беру тораптарын орнату және реттеу.

655. Білуге тиіс:

басылымның форматына қарай қаптама жасайтын машиналардың механизмдерін орнату үшін таблицаларды құру принципі, өздігінен салғыштарды және басқа да механизмдерді реттеу тәсілдері.


Параграф 4. Қаптама жасайтын машиналардың машинисі, 6-разряд
656. Жұмыс сипаттамасы:

қаптама жасайтын автоматтарда тұтастай жабатын мұқаба қаптамаларын жасау;

әр түрлі және форматты қаптамаларды жасау кезінде автоматты баптау және реттеу;

әр түрлі материалдардан жасалған картондарды, тыстарды беру тораптарын орнату және реттеу.

657. Білуге тиіс:

қаптама жасайтын автоматтың құрылғысы мен конструктивтік ерекшеліктері, автомат механизмдерін реттеу тәсілдері.


85. Лактау-гуммирлеу машинасының машинисі
Параграф 1. Лактау-гуммирлеу машинасының машинисі, 2-разряд
658. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті лактау-гуммирлеу машинасы машинисінің басшылығымен басылған өнімдерді форматы 102х126 см дейін лактау-гуммирлеу машиналарында лактау, сондай-ақ барлық типтегі лактау-гуммирлеу машиналарында маркалар мен басқа өнімдерді гуммирлеу;

лак пен желімді ваннаға құю;

парақтарды қабылдау механизмдері мен басқа да механизмдерді орнату, өздігінен салғыштарды зарядтау;

лактау-гумирлеу машиналарын тазалау, жуу және майлау.

659. Білуге тиіс:

лактау және гуммирлеу процестерінің міндеті;

қолданылатын материалдар мен жартылай дайын өнімдерге қойылатын техникалық талаптар;

майлау материалдардың қасиеті;

баспа бедерлерін қолдану ережесі мен оларды сақтау тәсілдері.


Параграф 2. Лактау-гуммирлеу машинасының машинисі, 3-разряд
660. Жұмыс сипаттамасы:

форматы 102х126 см дейін лактау-гуммирлеу машиналарында басылған бояу өнімдерін (тыстарды, маркаларды;

ашық хаттарды, көркемдік репродукциялар мен затбелгілік-буып-түю өнімдерін) лактау;

барлық типтегі лактау-гуммирлеу машиналарында маркалар мен басқа өнімдерді гуммирлеу;

жоғары білікті лактау-гуммирлеу машинасы машинисінің басшылығымен басылған өнімдерді ірі габаритті (форматы 1З0х130 см) лактау-гуммирлеу машинасында лактау;

декелді даярлау және орнату;

кептіргіш құрылғыларды, лак қабатының қалыңдығын және бедердегі желімді, ауаны беру және оның температурасын реттеу. лак пен желімді құрастыру;

лактау-гуммирлеу машиналарының жұмысындағы ақаулықтарды жою.

661. Білуге тиіс:

лак пен желімнің қасиеттері, өнімнің сипаттамасын ескере отырып, оларды қолдану ережесі;

лактау және гуммирлеу сапасын бақылау әдістері;

лактау-гуммирлеу машиналарының механизмдерін реттеу ережесі.


Параграф 3. Лактау-гуммирлеу машинасының машинисі, 4-разряд
662. Жұмыс сипаттамасы:

форматы 102х126 см дейін лактау-гуммирлеу машиналарында жоғары көркемдік өнімдерді: тыстарды, маркаларды, ашық хаттарды, мұражай суреттерінен репродукцияларды ледеринде және басқа техникалық матада, мелованды фототиптік және пластифицирленген қағаздарда лактау;

ірі габаритті (форматы 130х130 см) лактау-гуммирлеу машиналарында өнімдердің барлық түрлерін лактау;

жоғары білікті лактау-гуммирлеу машинасы машинисінің басшылығымен ірі габаритті (форматы 130х130 см) лактау-гуммирлеу машиналарында басылған жоғары көркемдік Гознак өнімдерді лактау;

қосарлы пневматикалық өздігінен салғышты баптау, реттеу;

инфрасәулелердің лампалары мен желдеткіштерінің жұмысын қадағалау;

доғалы соплоларды, салқындатқыш құрылғыларды орнату және ірі габаритті лактау-гуммирлеу машиналарында лактайтын өнімге қабылдау.

663. Білуге тиіс:

Ледеринге және қағаздың жоғары сортты арнайы түрлеріне лак жабындыларын жағу ерекшеліктері;

ірі габаритті лактау-гуммирлеу машиналарында механизмдерді реттеу тәсілдері.


Параграф 4. Лактау-гуммирлеу машинасының машинисі, 5-разряд
664. Жұмыс сипаттамасы:

ірі габаритті лактау-гуммирлеу машиналарында жоғары талап қойылатын Гознак бұйымдарының жоғары көркемдік өнімдерін (маркалар, маркаланған ашық хаттар және тағы баска) лактау.

665. Білуге тиіс:

Гознактың жоғары көркемдік бұйымдарын лактаудың ерекшеліктері.


86. Сызу машиналарының машинисі
Параграф 1. Сызу машиналарының машинисі, 2-разряд
666. Жұмыс сипаттамасы:

орама және парақты сызу машиналарында дәптерлерге арналған қағаздарды және ақ өнімдерінің бұйымдарын сызу бойынша дайындық жұмыстарын орындау;

сызу қағаздарының барлық түріне арналған жиынтықтарды құрастыру;

орама мен өздігінен салғыштарды қағазбен толтыру;

бояу аппараттарына бояуларды құю;

қағаз парақтарын түйістіру;

сызу машиналарын тазарту және майлау.

667. Білуге тиіс:

сызғылардың түрлерін және оларға жиынтықтарды құрастыру;

қолданылатын қағаздар мен бояуларға қойылатын техникалық талаптар.


Параграф 2. Сызу машиналарының машинисі, 3-разряд
668. Жұмыс сипаттамас:

орама және парақты сызу машиналарында дәптерлерге арналған қағаздарды және ақ өнімдерінің бұйымдарын сызу;

сызу жиынтықтарын, резеңке білікшелерді, қағазды шабу өлшемдерін орнату;

жұмыстағы ақаулықтарды жою, сызу машиналарын реттеу.

669. Білуге тиіс:

қолданылатын қағаздар мен бояуларды қолдану қасиеттері;

сызу сапасына қойылатын техникалық талаптар;

сызу машиналарын реттеу тәсілдері.


87. Кітаптарды футлярларға салу машинасының машинисі
Параграф 1. Кітаптарды футлярларға салу машинасының машинисі, 2-разряд

670. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті кітаптарды футлярларға салу машинасы машинисінің басшылығымен футлярларды жасау және қызмет көрсетілетін машиналарда кітаптарды футлярларға салу;

кітаптарды кітап салғыш футлярларға салу үшін машинаға тиеу;

өздігінен салғышты футлярлар пішімдерімен зарядтау;

қызмет көрсетілетін машиналардың механизмдерін реттеуге қатысу.

671. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін машиналардың жұмыс істеу принципі;

қолданылатын материалдардың қасиеті;

қолданылатын жартылай дайын өнімдерге қойылатын техникалық талаптарды.


Параграф 2. Кітаптарды футлярларға салу машинасының машинисі, 4-разряд
672. Жұмыс сипаттамасы:

футлярларды жасау және кітаптарды футлярларға салу машинасында кітаптарды кітап салғыш футлярларға салу;

кітаптарды өздігінен салғыштарды және футлярлардың пішімдерін орнату және реттеу, футляр пішімдерін өткізу механизмдерін реттеу, футлярларды, желім аппараттарын қалыптастыру және футлярға салынған кітаптарды шығаруды реттеу;

басқа форматты және көлемді кітаптарды салуға көші кезінде қызмет көрсетілетін машиналардың механизмдерін баптау және реттеу; машинаның жұмысындағы ақаулықтарды жою.

673. Білуге тиіс:

кітаптарды футлярларға салу машинасының құрылғысын;

кітаптарды футлярларға салу сапасына қойылатын техникалық талаптар;

қызмет көрсетілетін машиналардың негізгі тораптарын реттеу тәсілдері және оны баптау ережесі.


88. Желімдеу-каптал машиналарының машинисі
Параграф 1. Желімдеу-каптал машиналарының машинисі, 3-разряд
674. Жұмыс сипаттамасы:

өздігінен салғышсыз желімдеу-каптал машиналарында кітап блоктарының түбіршектерін қағазбен желімдеу және капталды жапсыру;

қағаздар мен капталдарды секцияға толтыру;

желім аппараттарына желімдерді құю;

қағаз-каптал мен желім секцияларын, қысу төсемдерін, қысқаш тасымалдағыштары мен қабылдағыш құрылғылардың бұрылыс үстелін реттеу;

желімдеу-каптал машиналарын баптау; жұмыстағы ақаулықтарды жою, машиналарды тазарту және майлау.

675. Білуге тиіс:

желімдеу-каптал машиналарының негізгі тораптарының жұмыс істеу принципі және реттеу ережесі;

брошюралау-түптеу процессінің технологиясы; қағазға, капталға, желімге, өңделген блоктың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

желімдеу-каптал машиналарының негізгі тораптарын реттеу ережесі.

Параграф 2. Желімдеу-каптал машиналарының машинисі, 4-разряд
676. Жұмыс сипаттамасы:

өздігінен салғышы бар желімдеу-каптал машиналарында кітап блоктарының түбіршектерін қағазбен желімдеу және капталды жапсыру;

өздігінен салғыштарды зарядтау және реттеу. машиналардың барлық тораптарын баптау.

677. Білуге тиіс:

желімдеу-каптал машиналарының құрылғысы;

өздігінен салғышты реттеу ережесі;

машина механизмдерін жұмыстың дәлдігіне тексеру ережесі және баптау тәсілдер.
89. Іріктеу-тігу машиналарының машинисі
Параграф 1. Іріктеу-тігу машиналарының машинисі, 3-разряд
678. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті машинистің басшылығымен 18-30 секцияда парақты іріктеу машиналарында әр түрлі форматты және көлемді блоктарды жинақтау;

блоктың форматы мен көлеміне сәйкес дәптерлердің өздігінен салғыштарды, іріктеу және жылдамдатқыш тасымалдағыштарды, қысқыштарды, таяныш талшықтарын, сорғылар мен ілгектерді орнату және реттеу;

қызмет көрсетілетін машиналардың жұмысындағы ақаулықтарды жою, машиналарды тазарту және майлау;

жоғары білікті іріктеу-тігу машинасы машинисінің басшылығымен 16 секциялы парақты іріктеу машиналарында әр түрлі форматты мен көлемді ашық хаттар жинақтарын іріктеу.

679. Білуге тиіс:

кітаптардың элементтерін; ашық хат жинақтарының түрлері;

дәптерлердің, ашық хаттардың сапасына және ашық хаттарды жинақтау түрлеріне қойылатын техникалық талаптар;

парақты іріктеу машиналарының негізгі тораптарын реттеу тәсілдері;

ашық хаттарды басу үшін қолданылатын қағаздың сорттары;

ашық хаттардың форматы;

ашық хат іріктеу машиналарын реттеу тәсілдері.


Параграф 2. Іріктеу-тігу машиналарының машинисі, 4-разряд
680. Жұмыс сипаттамасы:

12 секциялы іріктеу-тігу машиналарында әр түрлі форматты және көлемді блоктарды жинақтау және тігу. 12-30 секциялы тігінсіз парақты іріктеу машиналарында әр түрлі форматтар мен көлемді, әр түрлі форматты плакаттарды, ашық хаттарды, репродукцияларды іріктеулерді жинақтау; машинаның іріктеу және жылдамдатқыш тасымалдағыштардың синхронды жұмыстарын баптау;

тігін аппараттарын орнату және реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

681. Білуге тиіс:

брошюралау процестерінің технологиясы;

өнімдерді жинақтаудың және блоктарды тігу сапасына қойылатын техникалық талаптар;

қолданылатын сымдарға қойылатын талаптар;

парақты іріктеу машиналарының негізгі тораптарын реттеу тәсілдері.


Параграф 3. Іріктеу-тігу машиналарының машинисі, 5-разряд
682. Жұмыс сипаттамасы:

қос буланған парақты машиналарда үлкен форматты және көлемді энциклопедиялық, сөздік және жоғары көркемдік басылымдардың блоктарын жинақтау;

қызмет көрсетілетін машиналардың синхронды жұмысын баптау;

жұмыс процессіне ақаулықтарды жою;

электр жабдықтарымен жарақталған парақты іріктеу машиналарында кітап блоктарын жинақтау;

парақты коллаторларда нөмірлеуді басумен және іріктеулерді бекітумен қатаң есептегі парақтар-бланктер формаларын іріктеуді жинақтау; стапельді коллаторда нөмірлерді басумен сансыз формулярларды іріктеу.

683. Білуге тиіс:

энциклопедиялық, сөздікі және жоғары көркемдік басылымдардың блоктарын жинақтаудың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

қос буланған парақты іріктеу машиналарын баптау тәсілдері;

электр техника негіздері және электр құрылғыларымен жарақтандырылған парақты іріктеу машиналарын баптау тәсілдері;

кітап өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар, коллатордың негізгі тораптарын және нөмірленген барабандарды реттеудің тәсілдері.
90. Жабыстырғыш машинаның машинисі
Параграф 1. Жабыстырғыш машинаның машинисі, 2-разряд
684. Жұмыс сипаттамасы:

жабыстырғыш жартылай автоматтарында дәптерлерге форзацтарды, иллюстрацияларды және парақ бөлігін жабыстыру;

дәптердің түбіршектерінің иінінен түбіршек форзацтарының бос жерін, енін реттеу және қабаттың қалыңдығына желім жағу;

дайын жапсырмаларды түйістіру және есептеу;

жұмыстағы ақаулықтарды жою, жабыстырғыш жартылай автоматтарды тазарту және майлау;

жоғары білікті жабыстырғыш жартылай автоматтары машинисінің басшылығымен күнтізбелік блокты қаңылтырмен жиектеуге салу;

пайдаланылатын материалдарды және жабыстырғыш жартылай автоматты жұмысқа дайындау.

685. Білуге тиіс:

жабыстыру түрлері;

қолданылатын материалдардың негізгі қасиеті;

жартылай дайын өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар;

қаңылтырмен жиектеу сапасына қойылатын талаптар;

жабыстырғыш жартылай автоматтарды реттеу тәсілдері және күнтізбекті жиектеуге арналған жартылай дайын өнімдерін пайдалану ережесі.
Параграф 2. Жабыстырғыш машинаның машинисі, 3-разряд
686. Жұмыс сипаттамасы:

жабыстыру автоматында форзацтарды, иллюстрациялар мен парақтардың бөліктерін дәптерлерге жабыстыру, парақты немесе суретті параққа, сондай-ақ парақты суретке салу;

дәптерлердің форматы мен қалыңдығына сәйкес өздігінен салғыштың сорғыларын, қысқыштарын, кареткаларын, тегістегіштерін, прессті қысуды, блоктауды және басқа да тораптарды орнату және реттеу;

дайын жабыстырмаларды тексеру, есептеу және буып-түю;

жұмыстағы ақаулықты жою;

жабыстырғыш автоматтарын тазарту және майлау;

жабыстырғыш жартылай автоматтарында күнтізбелік блокты қаңылтыр жиектеуге салу;

жиектерді бүктеу;

жабыстырғыш жартылай автоматтың тораптарын реттеу;

жиектеу автоматтарында дәптерлерді, сондай-ақ тігінсіз бекітілген кітап блоктарының немесе терможіптермен, қағазбен немесе матамен бекітілген блоктардың түбіршектерін жиектеу;

тиеу құрылғыларын дәптердің, өздігінен салғыштың форматы және жиектеу автоматтарының қаптамаларын дәптердің қалыңдығы бойынша орнату және реттеу. өздігінен салғышты және жиектеу ленталарын зарядтау;

желімді құю;

дәптерлерді түйістіру және есептеу;

жабыстырғыш жартылай автоматтарда декоративтік бұйымдар үшін жұқа қағаздарды жабыстыру;

өздігінен салғыштардың тарту жіптерін, белгілейтін инелердің, парақтар мен басқа да механизмдерді есептеуге арналған құрылғыларды орнату және реттеу;

өздігінен салғышты қағазбен зарядтау;

жартылай дайын өнімдерді түсіру;

желімдеу сапасын бақылау;

қызмет көрсетілетін жабдықтарды тазарту және майлау.

687. Білуге тиіс:

брошюралау операцияларының түрлері мен олардың міндеттері;

жұқа қағазбен желімдеу және жиектеу технологиясы;

күнтізбеліктерді дайындаудың технологиялық процессі;

қолданылатын материалдардың қасиеті;

жабыстыру автоматтарын реттеу тәсілдері.
Параграф 3. Жабыстырғыш машинаның машинисі, 4-разряд
688. Жұмыс сипаттамасы:

жабыстырғыш автоматтарда энциклопедиялық, жоғары көркемдік, бірегей басылымдардың дәптерлеріне форзацтарды, иллюстрациялар мен парақтың бөліктерін жабыстыру:

Гознактың құжаттамалық кітапшаларының: «Еңбек ардагері» куәліктерінің, көшіп-қону билеттерінің, жүргізуші куәліктерінің және басқа бұйымдардың тыстарының барлық алаңын желімдеп және престерде қыса отырып, кесінді қаптамаларына басылған титул парағын жабыстыру;

қысымды, желім қабатының қалыңдығын тегістеу;

тыстың әр түрлі форматтарына өлшемдерді және тасымалдағыш жүйелерді орнату;

жабыстыру процессін жүргізу;

желім жағу аппараттарының және парақ беру механизмін реттеу;

желімдеу сапасын бақылау;

жабыстыру автоматын тазарту және майлау;

жабыстырғыш автоматтарда форзацтарды бір уақытта желімдеп дәптерлерді жиектеу.

689. Білуге тиіс:

қолданылатын желімдердің рецепттері;

жабыстырғыш автоматтарды реттеу тәсілдері.
Параграф 4. Жабыстырғыш машинаның машинисі, 5-разряд
690. Жұмыс сипаттамасы:

титул-жабыстыру машиналарында, барлық алаңын желімдеп және престерде қыса отырып, Гознак бұйымдарының (паспорттық құжаттама) кесінді тыстарын басылған титул парағын немесе форзацтарды жабыстыру.

691. Білуге тиіс:

механизмдерді реттеудің тәсілдері және титул-жабыстыру машиналарының жұмыс істеу режимдері.


91. Пленканы престеуші машинист
Параграф 1. Пленканы престеуші машинист, 2-разряд
692. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті пленканы престеуші машинистің басшылығымен престеу машинасында пленкаларды престеу (ламинирлеу) бойынша жұмыстарды орындау;

бедерлердің сапасын тексере отырып, оларды қабылдау;

престеу машиналарын жұмысқа дайындауға қатысу; машиналарды тазалау және майлау.

693. Білуге тиіс:

престеу машиналарын пайдалану ережесі және оған қызмет көрсетудің тәртібі.


Параграф 2. Пленканы престеуші машинист, 3-разряд
694. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті пленканы престеуші машинистің басшылығымен престеу машинасында изобасылымдарға, қаптамаларға, затбелгілік өнімге пленкаларды престеу (ламинирлеу);

орамды тарқату және орамнан пленкаларды беруді реттеу;

престеуден кейін пленкаларды кесу;

лакты ваннаға құю және лакты беру жүйесін алдын ала реттеу.

695. Білуге тиіс:

басылған өнімге пленкаларды престеудің технологиялық процессі;

қолданылатын материалдарға қойылатын негізгі талаптар.


Параграф 3. Пленканы престеуші машинист, 4-разряд
696. Жұмыс сипаттамасы:

престеу машинасында изобасылымдарға, картографиялық басылымдарға және қаптамаларға пленкаларды престеу (ламинирлеу).

әр түрлі және форматты полиграфиялық өнімдерге пленкаларды престеуге көшу кезінде престеу машиналарының механизмдерін баптау және реттеу.

лактың температурасын және қабатының қалыңдығын реттеу, престеу сапасын бақылау.

престеу машинасының жұмысындағы ақаулықтарды жою.

697. Білуге тиіс:

престеу машиналарының механизмдерін реттеу тәсілдері;

дайын өнімге сапасына қойылатын техникалық талаптар.


92. Кесу машиналарының машинисі
Параграф 1. Кесу машиналарының машинисі, 2-разряд
698. Жұмыс сипаттамасы:

қол және механикаландырылған кесу станоктарында парақтарға орама қағаздарды, техникалық маталарды тарқату және кесу, картонды кесу және қысқарта кесу.

пішу форматына шаблондар бойынша материалдарды өлшеу.

орау.


кесу (шабу).

басылған суреттері бар парақтарды кесу және суреттерді бұйымдарға жинақтау.

жоғары білікті кесу машиналарының машинисінің басшылығымен көп рольді парақ кескіш машиналарда рольді қағаздарды кесу.

орамдарды кескіш машиналарға әкелу.

орамдарды зарядтау.

кескіш қағаздарды қабылдау, түсіру.

кескіш машиналарды тазалау және майлау.

699. Білуге тиіс:

түптеу материалдарының құрылымы және пішу ережесі;

парақ қағаздарын пішуге және кесуге қойылатын техникалық талаптар;

кесетін қағаздарды түйістіру және есептеу;

брошюралау және түптеу операциялардың түрлері және олардың міндеті;

қағаздың, матаның және түптеу маталарының жалпы сипаттамасы;

парақ кескіш машиналарды пайдалану ережесі.


Параграф 2. Кесу машиналарының машинисі, 3-разряд
700. Жұмыс сипаттамасы:

бір пышақты, парақ кескіш, тығырық кескіш және картон кескіш машиналарда басылған өнімге сәйкестендіріп қағаздарды, техникалық маталарды, картонды кесу және қысқарта кесу.

түйіскен парақтарды бір пышақты машина үстеліне салу және оларды затлға итеру.

кесу сызығын өлшеу және кесу форматына затлды орнату.

бөліктерге кесу кезінде пышақтарды, өлшемдерді, картон жолақтарын беру қадамдарын орнату. басылған өнім мен матаның қағаз орамаларын орнату.

берілген өлшем бойынша кесу үшін өнімдерді өлшеу.

тығырықтарды түсіру және оларды буып-түю.

кесілген картонды түйістіру және салу.

бір пышақты, парақ кескіш, тығырық кескіш және картон кескіш машиналардың жұмыс процесіндегі ақауларды жою, машиналарды тазалау және майлау.

шаблондарды дайындай отырып, бекітілген макеттер бойынша техникалық маталар мен оларды ауыстырғыштарды пішу.

талшықтар бойынша бағытты ескере отырып және қолдық нормаларын сақтай отырып бекітілген макеттер бойынша қағаз бен картонды пішу.

701. Білуге тиіс:

қағаздардың стандартты форматының түрлері;

парақты қағаздарға қойылатын техникалық талаптар;

маркалар және картонның қалыңдығын;

целлофанның қасиеті және оны пайдалану ережесі;

артикулдар, фондар және өнімдердің түрлілігі бойынша қорғау торлары;

матаның сорттары, мәрлілер және кесуге келіп түсетін басқа да материалдар және оларға қойылатын техникалық талаптар;

талшықтар бойынша бағытты ескере отырып, маталарды, қағаз бен картонды пішу және материалдың алаңын барынша пайдалану ережесі;

бір пышақты, парақ кескіш, тығырық кескіш пен картон кескіш машиналарын реттеу тәсілдері..

702. Жұмыс үлгілері:

1) рольдік қағаздар – парақты кескіш машиналарда кесу;

2) картон – картон кескіш машиналарда жолақтарға және бөліктерге кесу;

3) қағаздар мен картонның (басуға келмейтін) парақтары, түптеме техникалық маталар – бір пышақты машиналарда кесу және қысқарта кесу;

4) рең торы бар билеттерді басумен картонның, ойын карталарының парақтары - картон кескіш машиналарда жолақтар мен бөліктерге кесу;

5) целлофанда басылған өнім, ақшалай белгілерге арналған қағаздар және диаграммалық қағаздар – тығырық кескіш машиналарда тығырықтарға ораумен орамаларды кесу;

6) техникалық маталар, мәрлі, пластмасса, жабынсыз және арнайы жабыны бар қағаздар (парафинмен, бояумен және тағы баска) және басылған өнімдер – оралатын тығырық кескіш машиналарында орамаларды кесу.
Параграф 3. Кесу машиналарының машинисі, 4-разряд
703. Жұмыс сипаттамасы:

бір пышақты машиналарда белгілер бойынша түйістіріліп және тегістеліп, басылған өнімнің қағаздарын, сондай-ақ техникалық маталарды кесу және қысқарта кесу.

бір пышақты және үш пышақты машиналарда атаулары және нөмірленуі бойынша бөліп салынған бланк билеттерін, кітаптарды, журналдар мен ақ бұйымдарын кесу, ою және қысқарта кесу.

кесінді форматы бойынша бүйір пышақтарын орнату, планкаларды, затла мен ағаш қалыптарын ауыстыру.

пышақтарды түзету.

пышақтарды орнату және реттеу.

нөмірлеу тәртібімен атаулары бойынша өнімдерді жинақтау.

парақ кескіш төрт орама, жеті орама машиналарда қағаздарды көлденең және бөлшектеп кесу, машиналардың жылдамдығын реттеу.

форматты өзгерту.

пышақтарды ауыстыру.

кесу дәлдігін және қағаздың реңдігін бақылау.

қызмет көрсетілетін кескіш машиналардың жұмысындағы ақауларды жою.

704. Білуге тиіс:

кесуден кейін кітап блоктарының, брошюралар мен журналдардың форматтары;

нормаларды приветка биіктігіне орнату;

қолмен және машинамен бүктеу үшін жолақтарды түсіру тәсімі және дұрыс жағын айқындау тәсілдері;

кесудің жүйелілігі;

кесудің дәлдігіне қойылатын қажетті шектеулер;

қатаң есептегі және нөмірленген бұйымдарды кесу сапасына қойылатын техникалық тараптар;

пышақтарды түзету және қайрау ережесі;

үш пышақты машиналардың негізгі тораптарын реттеу тәсілдері.

705. Жұмыс үлгілері:

1) брошюралар, кітаптар, журналдар, квитанциялар, күнтізбеліктер мен ақ бұйымдары – бір пышақты және үш пышақты машиналарда 3 жақтан кесу;

2) қағаздар – парақ кескіш жеті орама машиналарында көлденең және бөлшектеп кесу;

3) басу мен сызуға, мәтіннің басылған парақтарына, тыстарға, форзацтарға, бланктерге, ашық хаттарға, плакаттарға, карталар мен қатаң есептегі билеттерге арналған қағаздар – бір пышақты машиналарда кесу және қысқарта кесу;

4) диаграммалық, оның ішінде қағаздардың арнаулы түрлерінде басылған өнімдер – орау-кесу станоктарында бір уақытта кесумен орау;

5) картон – автоматты баптамай картон кескіш автоматтарда жолақтар мен бөліктерге кесу.
Параграф 4. Кесу машиналарының машинисі, 5-разряд
706. Жұмыс сипаттамасы:

бір пышақты және үш пышақты машиналарда мөлдір және жергілікті белгісі бар қағаздарда басылған орындаулардың жоғары дәлдігін қажет ететін өнімдерді, жоғары көркемдік шығармашылық өнімдердің басылған парақтарын кесу және қысқарта кесу.

бір-үш пышақты автоматтарда басылған өнімдер мен блоктарды кесу және қысқарта кесу, картон кескіш автоматтарда картонды кесу, автоматтарды баптау.

үш пышақты кесу машиналарында ерекше күрделі энциклопедиялық, жоғары көркемдік басылымдарды, сондай-ақ осы басылымдардың сигналдық экземплярды кесу.

707. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілген жабдықтардың жұмыс режиміне қойылатын талаптар;

көп бояулы басылымдардың сапасына қойылатын талаптар;

кесу автоматтарында баптау және реттеу тәсілдері.

708. Жұмыс үлгілері:

1) суреттерден репродукциялардың энциклопедиялық және сирек басылымдардың жапсырмалары, ұсақ затбелгілер мен карталар, көркемдік маркаланған ашық хаттар және ледериндегі репродукциялар;

2) ақша белгілерінің, ақша-зат лотереясының бұйымдары, паспорттық құжаттамалар.
93. Дәптер агрегаттарының машинисі
Параграф 1. Дәптер агрегаттарының машинисі, 2-разряд
709. Жұмыс сипаттамасы:

дәптерлі агрегаттарда мектеп дәптерлерін шығару жасау бойынша дайындық жұмыстарын орындау.

сызғылардың барлық түріне арналған жинақтарды дайындау.

бояу ванналарын толтыру.

тігін аппараттарына сымдарды толтыру.

пышақтарды орнату.

жазатын, сорғыш және тыстау қағаздарын орнату.

дәптерлерді қабылдау, есептеу және сұрыптау.сапасын бақылау.

дәптер агрегаттарын тазалау және майлау.

710. Білуге тиіс:

дәптерлі агрегаттарда жасалған бұйымдардың түрлері;

формаларды түзетудің міндеттері;

сымдардың нөмірлері;

тігін аппараттарына пышақтарды орнату және сымдарды толтыру тәсілдері;

брак түрлері.
Параграф 2. Дәптер агрегаттарының машинисі, 3-разряд
711. Жұмыс сипаттамасы:

сызу-бүктеу машиналарында тігінсіз мектеп дәптерлерін жасау және сорғыш қағазды салу, сызу жинақтарын машиналарға орнату.

формаларды түзету.

пышақтарды және форматқа әрі бүктеуге қағаздарды кесуге арналған өлшемдерді орнату.

сызу-бүктеу машиналарының жұмысындағы ақауларды жою.

712. Білуге тиіс:

дәптерлерді дайындаудың технологиялық процессі;

формаларды түзету тәсілдері;

материалдар мен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар;

сызу-кесу машиналарының негізгі тораптарын реттеу ережесі.

Параграф 3. Дәптер агрегаттарының машинисі, 4-разряд
713. Жұмыс сипаттамасы:

кесу секциясыз дәптер агрегаттарында мектеп дәптерлерін жасау.

сызу-кесу машиналарына сызу және бояу білікшелерінің жинақтарын орнату.

форматқа және бүктеуге кесу үшін өлшемдерді орнату.

тігін аппараттарын орнату.

сызу, басу, қаптау, форматқа кесу, іріктеу және бүктеу процессін жүргізу.

сапаны бақылау, қызмет көрсетілетін машинаны реттеу.

714. Білуге тиіс:

қағаздың сорттары мен басу қасиеттері;

дәптерлерге қойылатын мемлекеттік стандарттар;

дәптер агрегаттарының негізгі тораптарын реттеу тәсілдері.
Параграф 4. Дәптер агрегаттарының машинисі, 5-разряд
715. Жұмыс сипаттамасы:

кесу секциясы бар дәптер агрегаттарында мектеп дәптерлерін жасау.

дәптерлерді үш жақтан кесу үшін пышақтарды орнату.

пышақтарды қайрау.

кесу секцияларын реттеу.

716. Білуге тиіс:

пышақтарды қайрау тәсілдері және дәптер агрегаттарының кесу секцияларын реттеу.
94. Бүктеу машиналарының машинисі
Параграф 1. Бүктеу машиналарының машинисі, 2-разряд
717. Жұмыс сипаттамасы:

шағын форматты кассета-пышақ машиналарында және басқа шағын форматты бүктеу машиналарында иллюстрациялардың, сызбалардың, форзацтар мен басқа да өнімдердің басылған парақтарын бүктеу. өздігінен салғышты, бүйір таяныштарын, тасымалдағыш таспаларды, бүктеу аппараттарын, қабылдағыш құрылғылардыиіндердің санына және бүктеу түріне сәйкес орнату және реттеу.

бүктелген өнімдерді түйістіру, есептеу және буып-түю.

жұмыстағы ақауларды жою, шағын форматты бүктеу машиналарын тазалау және майлау.

жоғары білікті бүктеу машиналар машинасының басшылығымен бүктеу-жапсыру машиналарында лотерея билеттерін бүктеу және жапсыру.

718. Білуге тиіс:

Кітаптардың негізгі бөлшектерінің міндеті;

түрлі бүктеу кезінде жолақтардың негізгі түсірулердің негізгі ережелері;

шағын форматты бүктеу машиналарын реттеу ережесі.
Параграф 2. Бүктеу машиналарының машинисі, 3-разряд
719. Жұмыс сипаттамасы:

басылған парақтарды бір пышақты, кассеталы және кассета-пышақты бүктеу машиналарында бүктеу.

форматқа, иіндердің саны мен бүктеу түрлеріне сәйкес өздігінен салғыштарды, тасымалдағыш таспаларды, парақтарды бүйірлеп тегістеудің құрылғысын, бүктеу аппараттарын, қабылдағыш құрылғыларды, терможіптер мен басқа механизмдерді орнату және реттеу.

бүктелген дәптерлерді түйістіру, есептеу және буыпт-үю.

бүктеу машиналары жұмысындағы ақауларды жою.

бүктеу машиналарында нөмірлену жүйелілігін бақылайотырып, иллюстрацияларды бүктеу және дәптерлерді бүктелген суреттерден ажыратып салу, қаптаманы бүктеу және ішкі парақтарды Гознак бұйымдары үшін құжаттама кітапшаларының қаптамасына салу.

бүктеу машиналарын жұмысқа дайындау.

өздігінен салғыштарды зарядтау.

сурет пен парақ қағаздарының форматына, иін санына, бүктеу түрлеріне және тығыздығына сәйкес сорғыларды, ауаның берілуін, бөлгіш щеткаларды, шығару құрылғыларының тасымалдағыш таспаларын қысуды, бүктеу машиналарының басқа да механизмдерін реттеу.

салынған парақтарды түйістіру, есептеу және буып-түю.

бүктеу машиналарының жұмысындағы ақауларды жою, тазарту және майлау.

биговальды-бүктеу машиналарында жабыстырылған титул және Гознак бұйымдарының форзацтары бар басылған кесінді қаптамаларды бүктеу.

бұйымның форматына сәйкес өздігінен салғыштарды, түзеткіштерді, бигтің ені мен тереңдігін, бүктеу енін, қабылдағыш үстелді және бүктеу машиналарының басқа да механизмдерін орнату және бекіту.

қаптаманы биговкалау және бүктеу процестерін жүргізу. өнімнің сапасын тексеру.

бүктеу машиналарының жұмысындағы ақауларды жою, тазарту және майлау.

жоғары білікті бүктеу машиналар машинасының басшылығымен бүктеу-жапсыру-перфорациялау машиналарында лотерея билеттерін бүктеу, жапсыру және перфорациялау.

жоғары білікті бүктеу машиналар машинасының басшылығымен бүктеу-салу және желімдеу-конверттеу машиналарында конверттерді бүктеу, оларға бүктелген лотерея билеттерін салу, лотерея билеті бар конвертті желімдеу, перфорациялау, металл блокшаларымен бекіту.

720. Білуге тиіс:

қағаздардың форматтарына қойылатын мемлекеттік стандарттар;

жолақтарды түсіру және бүктеу түрлері;

бүктелген дәптерлер мен иллюстрацияларға, Гознак бұйымдарына, лотерея билеттеріне қойылатын техникалық талаптар және бүктеу сапасын бақылау тәсілдері;

дәптерлерді престеу режимдері;

бүктеу машиналарының негізгі тораптарын реттеу тәсілдері.
Параграф 3. Бүктеу машиналарының машинисі, 4-разряд
721 .Жұмыс сипаттамасы:

кескіш құрылғысы бар қосарлы пышақты бүктеу машиналарында басылған парақтарды бүктеу.

кескіш құрылғылардың пышақтарын орнату және реттеу.

пышақты, кассеталы және кассета-пышақты машиналарда, оның ішінде терможіпті құрылғысы бар жоғары көркемдік, энциклопедиялық, мерейтой, сыйлық басылымдарының басылған парақтарын, басылған титул парақтарын, паспортты құжаттамаларды бүктеу.

биговальды-бүктеу машиналарында жапсырылған титул немесе паспортты құжаттама форзацтары бар басылған кесінді қаптамаларды бүктеу.

бүктеу-жапсыру-перфорациялау машиналарында лотерея билеттерін бүктеу, жапсыру және перфорациялау, сондай-ақ, бүктеу-желімдеу машиналарында лотерея билеттерін бүктеу және жапсыру.

өздігінен салғышты, бүктеу аппараттарын, жапсыру және перфорациялау механизмдерін орнату және реттеу, өнімнің сапасын тексеру, құжаттаманы рәсімдеу.

722. Білуге тиіс:

парақтарды кесуге қойылатын техникалық талаптар;

үлкен форматты парақтарды бүктеу кезінде өздігінен салғыштарды реттеудің ерекшеліктері;

кескіш құрылғыларды реттеу тәсілдері.
Параграф 4. Бүктеу машиналарының машинисі, 5- разряд
723. Жұмыс сипаттамасы:

пышақты, кассеталы және кассета-пышақты машиналарда паспортты құжаттамалардың, еңбек кітапшаларының басылған ішкі парақтарын бүктеу, карталарды құрамды көп иінді құрамдау.

бүктеу-салу және желімдеу-конверттеу машиналарында конверттерді бүктеу, бүктелген лотерея билеттерін салу, лотерея билеті бар конвертті желімдеу, перфорациялау, металл блокшаларымен бекіту, машиналардың механизмдерін орнату және реттеу, өнім сапасын бақылау, құжаттамаларды рәсімдеу.

724. Білуге тиіс:

Гознак бұйымдарының сапасына және лотерея билеттерін өңдеуге қойылатын техникалық талаптар.
95. Тігін машиналары мен автоматтардың машинисі
Параграф 1. Тігін машиналары мен автоматтардың машинисі, 2-разряд
725. Жұмыс сипаттамасы:

бір аппаратты сымдау-тігу машиналарында кітап-журнал, ақ және картонажды өнімдерді жамау салып және жамап тігу.

басқа форматтарға және тігу түрлеріне көшкен кезде тігін аппараттарын орнату және баптау.

сымдардың берілуін реттеу.

дәптерлерді салу және тігу.

726. Білуге тиіс:

кітаптардың, брошюралар мен журналдардың құрама элементтері;

бұйымның сипаттамасына сәйкес тігіннің түрлері;

жартылай дайын өнімдерге және тігілген бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар;

сымдау-тігіу машиналарын реттеу тәсілдері.


Параграф 2. Тігін машиналары мен автоматтардың машинисі, 3-разряд
727. Жұмыс сипаттамасы:

көп аппаратты сымдау-тігу машиналарында тігінжіпте және өнімнің барлық түрлерінде ақ өнімін тігу.

басылымның көлемі мен форматына сәйкес тігін аппараттарын, салу үстелін, тасымалдағышты, өздігінен салғышты және сымдау-тігу машиналарының басқа да механизмдерін орнату және баптау.

дәптерлерді салу.

тігу сапасын бақылау.

қызмет көрсетілетін жабдықтардың ақауларын жою.

728. Білуге тиіс:

кітап блоктарын жасау және өңдеу бойынша технологиялық операциялар;

кітап блоктарын бекіту түрлері мен тәсілдері;

қолданылатын материалдарға (сымдарға, жіптерге, мәрліге) қойылатын технологиялық талаптар;

сымдау-тігу машиналарын реттеу тәсілдері.
Параграф 3. Тігін машиналары мен автоматтардың машинисі, 4-разряд
729. Жұмыс сипаттамасы:

тігінжіп машиналары мен автоматтарында кітап-журнал өнімдері мен құжаттамалық кітапшаларды тігу, сондай-ақ оларға баптау жұмыстарын жүргізу.

көп аппаратты сымдау-тігу машиналарында Гознактың құжаттамалық кітапшаларын тігу.

дәптердің берілуін және тігілетін блоктардың көлемін бақылау үшін механизмдерді және өздігінен салғышты баптау.

қызмет көрсетілетін жабдықтардың барлық тораптарын бөлшектеу және құрастыру.

бөлшектер мен бөліктерді тексеру және жетілдіру;

жоспарлы-ескерту жөндеуінің жүйесі бойынша қызмет көрсетілетін жабдықтарды алдын ала қарауларға, тексерулерге, жөндеуге қатысу.

730. Білуге тиіс:

тігілген блоктарға қойылатын техникалық талаптар;

тігінжіп машиналары мен автоматтарының құрылғысын, қызмет принциптері, конструктивтік ерекшеліктері, оларды реттеу тәсілдері, тексеру және теңшеу ережелері.


Параграф 4. Тігін машиналары мен автоматтардың машинисі, 5-разряд
731. Жұмыс сипаттамасы:

электронды бағдарламалық басқарылатын тігінжіп автоматтарында кітап-журнал және альбом өнімдерін тігу;

тігілетін блоктың форматы, көлемі, жұмыс режимі туралы деректерді енгізу; технологиялық режимнің бұзылуы, қоршаулардың ашылуы туралы хабарлар ету.

732. Білуге тиіс:

Электронды бағдарламалық басқарылатын тігінжіп автоматтарының конструктивтік ерекшеліктері;

бағдарлама бойынша жұмыс істейтін өздігінен салғыш, желім аппараттары конструкциясының ерекшеліктері;

электрониканың негіздері.
96. Нөмірлеуші
Параграф 1. Нөмірлеуші, 1-разряд
733. Жұмыс сипаттамасы:

белгілерді алдын ала тере отырып, оларды жетектеп және түзете отырып контролы-кеңселік бұйымдарды қолмен нөмірлеу;

нөмірлегіштің қалпақшасында теру немесе клишені бекіту;

түзету және басу;

нөмірлеудің дұрыстығын тексеру.

734. Білуге тиіс:

түзетулердің міндеті;

баспа бояуына және нөмірлеу сапасына қойылған талаптар;

қаріптердің кеглдері.

735. Жұмыс үлгілері:

Нөмірлеу

1) квитанция;

2) контор кітаптары;

3) ленталар;

4) талондар;

5) чектер;

6) жапсырмалар.
Параграф 2. Нөмірлеуші, 2-разряд
736. Жұмыс сипаттамасы:

белгілерді алдын ала тере отырып, оларды жетектеп және түзете отырып, қатаң есептегі құжаттарды және жұмысты қолмен және нөмірлеу станогында нөмірлеу;

бояу тонын келтіре отырып, негізгі мәтінге жекелеген сөздер мен белгілерді басу;

қағаздарды есептеп қабылдау және тапсыру;

нөмірлеу станогын тазалау, майлау және реттеу.

737. Білуге тиіс:

қаріптердің гарнитуралары;

қатаң есептегі құжаттамалармен жұмыс істеу ережесі;

нөмірлеу аппараттарын реттеу тәсілдері.

738. Жұмыс үлгілері:

Нөмірлеу

1) кәсіподақ билеттері, жинақтар және тағы баска;

2) массасы 120-160 қағазда форматы 75х100 см және одан артық теңіз және арнаулы карталар;

3) квитанция-бланк кітаптары және қатаң есептегі басқа да бұйымдар.


Параграф 3. Нөмірлеуші, 3-разряд
739. Жұмыс сипаттамасы:

белгілерді алдын ала тере отырып, оларды жетектеп және түзете отырып, станоктарда, престерде және қолмен қарапайым тәсілмен және бақылау бедерлеумен ақша бұйымдарын, облигацияларды, лотерея билеттерін, паспорт және орден құжаттамаларын нөмірлеу;

нөмірлеудің дұрыстығын тексеру;

ілеспе құжаттамаларды рәсімдеу;

белгіленген тәртіппен есептей отырып, қағаздарды, жартылай дайын өнімдер мен дайын бұйымдарды қабылдау және тапсыру.

740. Білуге тиіс:

жергілікті белгілері бар қағаздардың қасиеті;

нөмірлеу станоктары мен престерді баптау және реттеу тәсілдері.


97. Түптеуші
Параграф 1. Түптеуші, 1-разряд
741 .Жұмыс сипаттамасы:

түптеу операцияларын орындайтын станоктардан жартылай дайын өнімдердің сапасын тексере отырып қабылдау;

кітаптарды, папкаларды, ақ және бланк бұйымдарын жасау бойынша жекелеген түптеу операцияларын орындау.

742. Білуге тиіс:

түптеу станоктарында орындалатын операциялардың түрлері;

кітаптарды, мұқаба қаптамаларын, папкаларды, ақ және бланк бұйымдарын жасаудың технологиялық операциялары;

қолданылатын материалдар мен жартылай дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар.

743 .Жұмыс үлгілері:

1) қағаз бен картон – жапсыру;

2) ақ бұйымдары – кесінділерді бояу;

3) күнтізбеліктер, жыртылмалы – жабыстыру және кептіру;

4) клапандар, қалталар, қарындаштар, блокшалар – папкаларға, блоктарға және басқа бұйымдарға жапсыру немесе бекіту;

5) кітаптар, ақ және бланк бұйымдары – футлярларға салу;

6) мұқаба қаптамалар – каландрирлеу;

7) кітаптардың қаптамалары – шпацияны ию;

8) түбіршек материалы, тыстар, қаптамалар, карталар – желім жағу машиналарында және қолмен желім жағу;

9) «Бірінші сынып оқушысына сыйлық» типтегі жиынтық – жинақтау;

10) папкалар – қағазбен алып тастау;

11) қағаз парақтарының будасы – бұдан кейін өңдеу үшін желімдеу;

12) репродукцияларға арналған рамалар – құлақшаларды белгілеу және толтыру;

13) көркемдік репродукциялар - өңдеу.
Параграф 2. Түптеуші, 2-разряд
744. Жұмыс сипаттамасы:

кітаптарды жасау жөніндегі автоматтық желілер машинисінің басшылығымен кітаптарды жасау жөніндегі механикаландырылған және автоматты ағын желілеріндегі, түптеу операцияларын орындайтын машиналар мен агрегаттардағы жұмыстарды орындау;

жартылай дайын өнімдерді түйістіре отырып және сапасын тексеріп тасымалдағышқа немесе жабдықтардың секциясына төсеу және салу, сондай-ақ жартылай дайын өнімдер мен дайын өнімдерді сапасын тексеріп қабылдау, қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысын қадағалау;

кітаптарды, папкаларды, ақ және бланк бұйымдарын жасау бойынша жекелеген түптеу операцияларын орындау;

рәсімделуі қарапайым бланк және ақ бұйымдарды жасау бойынша операциялар кешенін орындау;

блок түбіршегін жапсыру және жиектеу, тысты жапсыру.

745. Білуге тиіс:

механикаландырылған және автоматты ағын желілерінде, қызмет көрсетілетін машиналар мен агрегаттарда орындалатын операциялардың түрлері;

блок түбіршектерін дөңгелетуге арналған станоктарды және кітаптарды штрихтауға арналған автоматтарды реттеу тәсілдері;

қағаздың көлемі мен тығыздығына қарай блоктың түбіршегін дөңгелету режимі;

ақ бұйымдарының түрлері;

құрама мұқаба қаптамасын жасау және блоктарды салудың технологиялық процестері.

746. Жұмыс үлгілері:

1) брошюралар, журналдар, кітаптар – түптеу операцияларын орындайтын автоматты, механикаландырылған желілерді, машиналар мен агрегаттарда жасауға қатысу;

2) блоктар – желімдеу, желімдеуден кейін ажырату, қаптамаларды таратып салу және іріктеу, түбіршектерді қысу және дөңгелету; кесінділерді бояу; түбіршектерге каптал мен жазық қағазды жапсыру; ленталық бет-белгіні (ляссе) жапсыру; түптеу машиналарына салынған блоктарды түзету;

3) блокноттарға (қосалқы) арналған блоктар – толық жасау;

4) рамадағы сурет – кергіштерді бекіту;

5) клапандар, қалталар, ойын алаңдары – жасау;

6) кітаптар – түптеу автоматтары мен станоктарында штрихтау;

7) кесінді түптеудегі жазба кітапшалары, жалпы дәптерлер – техникалық матамен жабу.

8) фаскасыз тік бұрышты қатты түптемедегі сынақ кітапшалары, рұқсатнамалар және куәліктер – толық жасау.

9) жиектелген қаптамадағы квитанциялық кітапшалар – толық жасау.

10) мұқаба қаптамалары – түбіршекпен және қаптамамен жабу;

11) қаптамалар (құрама түптеу) – толық жасау;

12) картонды жақтар – фасканы түсіру және бұрыштарды кесу;

13) алты күндіктер (ашық) – толық жасау;

14) кітаптардың, брошюралардың, ақ бұйымдарының блоктары – шиыршықтармен қолмен бекіту.
Параграф 3. Түптеуші, 3-разряд
747. Жұмыс сипаттамасы:

кітаптарды, папкаларды және ақ бұйымдарды жасау жөніндегі жекелеген түптеу операцияларын орындау;

рәсімделуі күрделі ақ және бланк бұйымдарын жасау бойынша операциялар кешенін орындау, қолданылатын материалдарды дайындау;

блоктың түбіршегін желімдеу және дөңгелету;

дөңгелек бұрышы, жұмсақ астары мен фаскасы бар түбіршектерді жасау;

блоктарды қаптамаға салу.

748. Білуге тиіс:

мұқаба қаптамаларының типтері;

тұтастай жабылатын мұқаба қаптамаларын, жұмсақ астары бар рұқсатнамалар мен куәліктерді жасаудың технологиялық процессі;

үлкен форматты кітап блоктарын салудың ерекшеліктері;

жартылай дайын өнімдерге, материалдар мен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар;

блокты каширлеу станоктарын реттеу тәсілдері.

749. Жұмыс үлгілері:

1) канатпен түптелген, техникалық матамен жабылған фотографияларға, сызуға және тағы баска арналған массалық альбомдар – толық жасау;

2) кітаптардың, брошюралардың, журналдардың, ақ бұйымдарының блоктары – түптеу жартылай автоматта шиыршықтармен бекіту;

3) кітаптардың, жоғары көркемдік, энциклопедиялық басылымдардың блоктары – түбіршекті желімдеу, қысу және дөңгелету, кесінділерді бояу, ленталық бет-белгілерді (ляссе) жапсыру;

4) массалық басылым кітаптарының блоктары – мұқаба қаптамаларын қолмен салу; түптеу станогында блок түбіршектерін өңдеу: желімдеу, кептіру, дөңгелету, каширлеу, жазу қағаздары мен капталды жапсыру;

5) үстел үсіне қойылатын блокноттар – толық жасау;

6) паспартуда иллюстрациялары бар жоғары көркемдік басылымдар – тесіктерді алдын ала сылаумен блок түбіршектерін желімдеу, блоктардың сигнал беру және көрме даналарын толық өңдеу;

7) суреттер – кергіштерді қолмен және станокта керу және бекіту;

8) канатты құрама түптеудегі контора кітаптары – толық жасау;

9) былғары – шерфтау;

10) тұтастай жабылатын қаптамалар – толық жасау;

11) ноталарға арналған папкалар – толық жасау;

12) клапандары мен байламдары бар папкалар – толық жасау;

13) кесінді папкалар – мәтіні басылған және нөмірленген қағазды алып тастау;

14) техникалық матадан жасалған, жұмсақ астары, фаскасы және дөңгелек бұрышы бар рұқсатнамалар мен куәліктер;

15) жұмсақ астары бар жабық алты күндіктер – толық жасау.


Параграф 4. Түптеуші, 4-разряд
750. Жұмыс сипаттамасы:

кітаптарды жасап шығару бойынша жекелеген түптеу операцияларын орындау;

материалдарды өздігінен дайындай отырып, массалық шығарылымдағы мұқаба қаптамалары мен ақ бұйымдарды жасау бойынша жекелеген операцияларды орындау;

қаптамаларға арналған, оның ішінде жібек мен барқыттан жасалған материалдарды бояу және кесу.

751. Білуге тиіс:

блоктарды өңдеудің және мұқаба қаптамаларын жасаудың технологиялық процестерін;

тігілген блоктар мен материалдардың (жібек, барқыт) сапасына қойылатын техникалық талаптар;

Талшықтар мен жіп негіздерінің бағытын ескере отырып, түптеу материалдарын, оның ішінде жібекті, барқытты, жасанды былғарыны пішу тәсілдері.

752. Жұмыс үлгілері:

1) жібекпен және барқытпен жабылған альбомдар – толық жасау;

2) жоғары көркемдік басылым кітаптарының блоктары – қолмен түптеу қақпақшасына салу;

3) бюварлар – толық жасау;

4) ақ бұйымдар мен үстел үстіне қоятын ойындардың макеттері – толық жасау;

5) адрестік папкалар – толық жасау;

6) клапандары мен қалталары бар жібекпен және сәтенмен қапталған папкалар-портфельдер;

7) әр түрлі форматты репродукцияларға арналған клапанды папкалар, жоғары көркемдік басылымдарға арналған футлярлар (жабыстырылған, құрама) – толық жасау;

8) полимерлі жабыны бар әр түрлі негіздегі түптеу материалдарынан жасалған тұтастай жабылған түптеу қақпақшалары – жасау;

9) мұқаба қаптамалары (массалық) – толық жасау.


Параграф 5. Түптеуші, 5-разряд
753. Жұмыс сипаттамасы:

өздігінен материалдарды дайындап, кесіндіні торшондап және алтын жалатып, былғарыдан, барқыт пен жібектен жасалған көркемдік мұқаба қаптамалары мен ақ бұйымдарды жасау;

массалық басылымдар мен сигналды даналарға арналған мұқаба қаптамаларының макеттерін жасау;

дәптерлерді бүктеу және жинақтау;

форзацтар мен иллюстрацияларды жапсыру;

бір пышақты машиналарда блоктарды кесу;

блок түбіршектерін желімдеу және дөңгелету;

қаптамаларды жасау;

блокты қаптамаға салу;

престеу.

754. Білуге тиіс:

брошюралау және түптеу операцияларын орындаудың технологиялық процессі;

желімнің түрлері мен қасиеті, түптеу материалдары мен операциялардың сипаттамасына қарай оларды қолдану тәсілдері;

блок кесіндісін торшондау және алтын жалатудың техникалық тәсілдері;

былғарына пішу тәсілдері.

755. Жұмыс үлгілері:

Толық жасау

1) клапандары мен қалталары бар былғарыдан жасалған түптеу қақпақшаларындағы сақиналардағы жазба кітапшалары, былғарыдан жасалған рұқсатнама мен куәліктер;

2) мұқаба қаптамаларының макеттері;

3) былғарыдан, барқыт пен жібектен жасалған мұқаба қаптамалары (көркемдік, сыйлықты, мерейтой мен факсимильді басылымдар, атластар мен альбомдар);

4) көркемдік футлярлар.
Параграф 6. Түптеуші, 6-разряд
756. Жұмыс сипаттамасы:

материалдарды түсі бойынша іріктеп және мозайкалы суреттерді құрастыра отырып, былғарыдан, барқыт пен жібектен жасалған көркемдік мұқаба қаптамаларын жасау.

757. Білуге тиіс:

кітап басылымдары мен ақ бұйымдарды рәсімдеуді техникалық тәсілдерін;

өрнек салудың (бояусыз, фольгамен, рельефті) технологиялық режимі;

өрнек салу және алтын жалату үшін материалдарға қойылатын техникалық талаптар;

түптеу материалдарын пішу кезінде қолданылатын жабдықтардың барлық түрлерін реттеудің, мұқаба қаптамасын жасау, өрнек салу және алтын жалату тәсілдері.

758 .Жұмыс үлгілері:

Толық жасау

1) факсимильді қол қойылған атаулы билеттер;

2) көркемдік мұқаба қаптамасының макеттері;

3) мозайкалы мұқаба қаптамалары;

4) ерекше көркемдік сирек басылымдардың мұқаба қаптамалары;

5) сый көркемдік папкалар.


98. Перфораторлаушы
Параграф 1. Перфораторлаушы, 1-разряд
759. Жұмыс сипаттамасы:

кесу сызығы пайда болу немесе одан кейін бекіту үшін перфораторлау станоктарында қағаздарды, кітап блоктарын, брошюраларды, журналдарды перфораторлау (кесу);

штампты орнату. жұмыстағы ақауларды жою, перфораторлау станоктарын тазарту және майлау.

760. Білуге тиіс:

перфораторлайтын бұйымдардың түрлері;

перфораторлаудың түрлері және олардың пайда болу тәсілдері;

перфораторлауға қойылатын техникалық талаптар.
Параграф 2. Перфораторлаушы, 3-разряд
761. Жұмыс сипаттамасы:

перфораторлау машиналары мен станоктарында, есептеумен басылған Гознак маркалары мен маркалы блоктарды перфораторлау;

алдыңғы операциялардың брактарды анықтау;

бұйымның форматына сәйкес парақтардың берілу қадамын белгілеу;

түйреуге арналған рашкеттерді есептеу;

перфораторлау;

өнімді есептеу және бақылау;

перфораторлау станогын реттеу.

762. Білуге тиіс:

өнімді есептеу тәсілдері;

брак түрлері;

перфораторлау станогын реттеу тәсілдері.


99. Баспашы-өрнек салушы
Параграф 1. Баспашы-өрнек салушы, 1-разряд
763. Жұмыс сипаттамасы:

мұқаба қаптамасын өрнектеуге дайындау жұмыстарын орындау және қаптаманы өрнектегеннен кейін станокта және қолмен өңдеу.

764 .Білуге тиіс:

өрнектеуден кейін қаптамаларды сырлау және тазалау тәсілдері;

тазалауға арналған қызмет көрсетілетін станоктарды реттеу тәсілдері.

765. Жұмыс үлгілері:

1) мұқаба қаптамалар және картонажды өндіріс бұйымдар – сырлау;

2) формалар-штампылар – білікшенің көмегімен бояулар жағу.


Параграф 2. Баспашы-өрнек салушы, 2-разряд
766. Жұмыс сипаттамасы.

қол және жартылай автоматты престерде ақ және картонажды өндіріс бұйымдарына блинтті өрнектеу және езілген бояумен басу;

форма-штамптарды бекіту және түзету;

орама және беріліс білікшелерін орнату. жартылай автоматты престерде басу кезінде бояулардың берілуін реттеу;

престерді тазалау және майлау;

өрнектеудің күрделі түрі кезінде, сондай-ақ алтын жалатқыш ротациялық автоматтарда өрнектеу кезінде дайындық жұмыстарын орындау.

767. Білуге тиіс:

қаптамалар мен затбелгілерге өрнек салу және басу түрлері;

штамптарға қойылатын техникалық талаптар және оларды орнату тәсілдері;

өрнектеу режимдері;

қолданылатын дайын өнімдер мен басу сапасына қойылатын техникалық талаптар;

алтын жалату престерін реттеу тәсілдері.

768. Жұмыс үлгілері:

1) мұқаба қаптамасы –сырлау, фольганың қаптамасын пішу және төсеу, алтынмен, светофольмен, фольгамен, потальмен өрнектелгеннен кейін тазалау;

2) папкалар, массалық шығарылымның ақ және картонаж өндірісі қаптамалары мен бұйымдары – билнтті өрнек салу және басу;

З) затбелгілер - билнтті өрнек салу және басу.


Параграф 3. Баспашы-өрнек салушы, 3-й разряд
769. Жұмыс сипаттамасы:

қол және жартылай автоматты престерде кітаптардың, ақ және картонажды өндірістің көркемдік бұйымдарының мұқаба қаптамасына блинтті өрнек салу және езілген бояумен басу.

тигель машиналарында қоспасыз бір және бірнеше бояуға басу.

қол және жартылай автоматты престерде затбелгілерді кеспей рельефті (конгревті) өрнек салу.

матрицаларды бекіту, форма-штамптарды орнату және түзету.

формат бұйымдарына сәйкес өлшемдерді орнату. бұйымдарды салу және түсіру.

басу және өрнек салу сапасын тексеру.

жұмыстағы ақауларды жою, қызмет көрсетілетін тигель машиналары мен престерді тазалау және майлау.

жоғары білікті баспашы-өрнек салушының басшылығымен алтын жалатқыш ротациялық автоматтарда мұқаба қаптамасына өрнек салу және басу бойынша жұмыстарды орындау.

770 .Білуге тиіс:

рельефті өрнектеу үшін штамптар мен матрицаларғ, бояуларға қойылатын техникалық талаптар;

тигель машиналарын реттеу тәсілдері;

алтын жалатқыш ротациялық автоматтарды пайдалану және қызмет көрсету ережесі.

771. Жұмыс үлгілері:

Блинтті өрнектеу және басу

1) грамоталар (үкіметтік);

2) мұқаба қаптамалары;

3) көркемдік ақ және картонаж бұйымдарының папкалары мен қаптамалары.

Рельефті өрнек салу

Затбелгілер.


Параграф 4. Баспашы-өрнек салушы, 4-разряд
772. Жұмыс сипаттамасы.

қол және жартылай автоматты престерде кітаптардың, ақ және картонажды өндірістің көркемдік бұйымдарының мұқаба қаптамасына бояу және металды фольгамен, светофольмен өрнек салу, сондай-ақ рельефті (конгревті) өрнектеу (бояусыз немесе басу материалымен).

кітап блоктарының кесінділерін фольгамен өрнектеу: блоктарды ажарлау, фольгамен өрнек салу.

қол және жартылай автоматты престерде және жабыстыру машиналарында фольгамен өрнек салу, сондай-ақ затбелгілерді ойып жаза отырып рельефті өрнектеу.

тигель машиналарында араластыра отырып бірнеше бояуға басу.

автомат престерде барлық түрді басу және өрнек салу.

рельефті (конгревті) өрнек салу үшін матрицалар жасау.

көркем басу үшін баспа білікшелерін алып тастау.

бұйым форматына сәйкес өлшемдерді орнату. фольганы беруді, қысымды рельеф биіктігін, бояу қабатының қалыңдығын, штамптың қызу температурасын.

өрнек салу сапасын тексеру.

қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс процесінде ақауларды жою.

773. Білуге тиіс:

қолданылатын материалдардың: сырлардың, фольганың, езілген бояулардың, техникалық маталар мен жасанды былғарының негізгі қасиеттері;

штампты қыздырудың температуралық режимі және өрнек салу уақыты;

автоматты престер мен жабыстыру машиналарын реттеу тәсілдері.

774. Жұмыс үлгілері:

Фольгамен өрнек салу

1) барқыттан, жібек маталардан, күдеріден, былғары мен жасанды былғарыдан жасалған көркемдік қораптардың бөлшектері;

2) мұқаба қаптамалары;

3) ақ және картонажды көркемдік бұйымдардың папкалары мен қаптамалары.

Рельефті өрнек салу

1) конгревті және фольгамен өрнектелген кәдесый және атаулы ашық хаттар;

2) массалық шығарылымдағы ақ және картонажды бұйымдардың папкалары мен қаптамалары;

3) барельефі бар куәліктер.


Параграф 5. Баспашы-өрнек салушы, 5-разряд
775. Жұмыс сипаттамасы:

қол және жартылай автоматты престерде жоғары көркемдік және энциклопедиялық басылымдарға арналған қаптамаларда рельефті немесе фольгамен өрнек салу;

автоматты толық баптаумен және реттеумен автоматты престерде фольгамен және рельефті өрнек салу;

қол, жартылай автоматты және автоматты престерде ледериннен жасалған мұқаба қаптамасы мен папкаларды алтынмен өрнектеу;

толық баптаумен және реттеумен алтын жалатқыш ротациялық автоматтарда жұмыстың барлық түрін басу және өрнек салу.

776. Білуге тиіс:

рельефті өрнектеуге арналған матрицалардың түрлері және оларды дайындау тәсілдері;

былғарының, барқыттың, күдерінің, жібектің және көркемдік басылымдарды рәсімдеу үшін пайдаланылатын басқа да материалдардың негізгі қасиеті;

сұйық және құрғақ сырлардың рецепттері және қолдану ережелері;

престерді реттеу тәсілі.

777. Жұмыс үлгілері:

Фольгамен өрнек салу

1) грамоталар (үкіметтік);

2) барельефі мен сюжетті суреті бар мұқаба қаптамалары;

3) энциклопедиялық, жоғары көркемдік басылымдардың мұқаба қаптамалары; полимерлі жабылатын әр түрлі негіздегі мұқаба қаптамалардан жасалған қаптамалар;

4) паспорт құжаттамасының кесінді тыстары;

5) былғарыдан, күдеріден, барқыттан, жібектен жасалған марапаттау және мерейтой папкалары.

Рельефті өрнектеу

1) мұқаба қаптамасы;

2) басудың әр түрлі тәсілдерімен басылған элементтердің араласуын қажет ететін бірнеше иілген конгревті және фольгамен өрнектелген жоғары көркемдік кәдесый ашық хаттары;

3) былғарыдан, күдеріден, барқыттан, жібек пен ледериннен жасалған марапаттау және мерейтой папкалары;

4) ақ және картонажды көркемдік бұйымдардың папкалары мен қаптамалары.


Параграф 6. Баспашы-өрнек салушы, 6-разряд
778. Жұмыс сипаттамасы:

қол, жартылай автоматты және автоматты престерде берілген композиция бойынша жоғары көркемдік бұйымдарға арналған былғарыдан жасалған қаптамаларда алтынмен және рельефті өрнектеу;

визит карточкаларының жиектерін алтындату;

макетке сәйкес әр түрлі материалдар үшін бояуды, сырды іріктеу;

терілген жолдарды, оюды немесе штампты картонға теру және жапсыру;

қолданылатын материалдар мен сырларға сәйкес штампқа әшекейлерді орнату. қыздыру температурасын айқындау;

өрнек салу және сырлау сапсын тексеру.

779. Білуге тиіс:

алтынмен жұмыс істеген кезде техникалық және режим шарттары;

алтынның сырмен және қолданылатын материалдардың негізімен өзара әрекеттесуі;

түптеу жұмыстары үшін бекалтындарды жасаудың технологиялық процессі;

автоматты престерді реттеу тәсілдері.

780. Жұмыс үлгілері:

Алтынмен өрнек салу.

1) былғары мұқаба қаптамасы;

2) орден куәліктері.



жүктеу 3,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау