Жұмыс мақсаты: Шетелдік өнімдерді сертификаттау тәртібімен танысу .
Жұмысты орындау:
1 Шетелдік өнімдерді сертификаттауды жүргізу мақсаттарын анықтау.
2 ҚР СТ 3.9 қолданып, оқытушының тапсырмасы бойынша сертификаттауға қажетті құжаттамаларды толтыру.
3 Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Бақылау сұрақтары:
1 ҚР МСЖ шетелдік өнімдерді сертификаттау кезінде қандай процедуралар орнатылған?
2 Шетелдік өнімдерді сертификаттау тәртібі қандай?
3 Кедендік бақылауды жүргізу үшін қандай құжаттар қолданылуы керек?
4 Өтініммен бірге қандай құжаттар болуы қажет?
5 Шетелдік сертификатты мойындамауы туралы шешімді қабылдаған кезде сәйкестікті растау органдарының әрекеттері қандай?
6 Өтінуші мен сәйкестікті растау органдары арасындағы түсініспеушіліктер қандай жолмен шешіледі?
4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
4.1 Курс бойынша өзіндік жұмысты келесі тәртіпте жүргізіп тұруы қажет. Курстың әрбір тақырыбы бойынша ұсынылатын әдебиетті оқып, теориясына көп тоқталмай, оқылатын сұрақтардың мәніне ғана тоқталып, түсініксіз жерлерін белгілеу керек.
Содан кейін материалды мұқиятты түрде игеру қажет, яғни теориялық ережелерді, керекті негізгі мәліметтерді арнайы дәптерге жазып тұрады.
Курсты оқу барысында студент СӨЖО мен СӨЖ реферат немесе үй тапсырмасы түрінде орындайды, оның басты мақсаты өткен тақырыпты толық меңгеру үшін.
Студенттердің өзіндік жұмысы тақырыптарының тізімі:
1 ҚР СТ 1.0 Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер
2 ҚР СТ 3.0 Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі ережелер
3 Дамыған елдерде стандарттаудың қалыптасуы
4 Стандарттаудың әдістері. Стандарттаудың нысандары
5 Техникалық реттеудің мақсаттары мен принциптері
6 Техникалық реттеу саласындағы Мемлекеттік органдар
7 Ақпараттық орталық және оның функциялары
8 Техникалық регламенттер мен стандарттардың Мемлекеттік қоры
9 Техникалық комитеттерді құру, бекіту және жою тәртібі
10 Техникалық регламенттер
11 Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар
12 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау
13 Техникалық реттеу саласында ҚР заңнамасын бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының жауапкершілігі
14 Мемлекеттік органдар мен олардың функциялары
15 Мемлекеттік бақылауды жүргізетін лауазымды адамдардың функциялары мен құқықтары
16 Сәйкестікті растау саласында Үкіметтің құзыреті
17 Өнімді сертификаттау схемалары (сұлбалары)
18 Сәйкестікті растау саласында ТР органдары
19 Қызметтердің түрлері. Қызметтерді сертификаттау схемалары (сұлбалары)
20 Сынақ зертханасының (орталығының) басшысының функциялары
21 Өлшемдер бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің құрылымы
22 Физикалық шамалардың сандық және сапалық сипаттамалары
23 Өлшемдер әдістемелерінің түрлері, оларды жасау және сараптау
24 Эталондарды қолдану және сақтау тәртібі
25 Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың нысандары
26 Менеджмент жүйесі
27 Стандарттау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдары
28 Метрология жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдары
29 Сәйкестікті растау жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдары
30 Өлшем құралдарын салыстырып-тексеру
5.2 Оқу - әдістемелік әдебиеттердің тізімі:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с.
3 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.
4 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.
5 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)
6 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы ҚР заңы (2000 жылдың 7 маусымы № 53-11 ( 09.06.2004 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)
7 ҚР СТ 1.2 – 2002 ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі.
8 ҚР СТ 1.5 – 2000 ҚР МСЖ. Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар
9 ҚР СТ 1.9 – 2003 ҚР МСЖ. Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды және стандарттау, сертификаттау және аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды қолдану тәртібі
10 ҚР СТ 1.15 – 2004 ҚР МСЖ. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер. Құру және әрекет ету тәртібі
11 ҚР СТ 2.1-2000 ҚР МӨЖ. Терминдер мен анықтамалар
12 ҚР СТ 2.3-2001 ҚР МӨЖ. Шама бірліктерінің эталондары. Негізгі ережелері, құру, бекіту, сақтау және қолдану тәртібі
13 ҚР СТ 3.4-2003 ҚР МСЖ. Өнімнің сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі. Жалпы талаптар
14 ҚР СТ 3.5-96 ҚР МСЖ. Қызметтерді сертификаттау. Негізгі ережелер
15 ҚР СТ 3.9- 04 ҚР МСЖ. Шетелдік өнімді сертификаттау
16 ҚР СТ ИСО / ХЭК 65:2001 Өнімді сертификаттау органдарына қойылатын жалпы талаптар
17 ҚР СТ 7.3-2002 ҚР АЖ. Сынақ зертханаларына қойылатын талаптар
18 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б.
19 Самсаев М.Б. Өзара-ауыстырымдылық стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу. Сапа менеджменті – Алматы, 2008 ж. – 300 б.
4 МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
4.1 Курс бойынша өзіндік жұмысты келесі тәртіпте жүргізіп тұруы қажет. Курстың әрбір тақырыбы бойынша ұсынылатын әдебиетті оқып, теориясына көп тоқталмай, оқылатын сұрақтардың мәніне ғана тоқталып, түсініксіз жерлерін белгілеу керек.
Содан кейін материалды мұқиятты түрде игеру қажет, яғни теориялық ережелерді, керекті негізгі мәліметтерді арнайы дәптерге жазып тұрады.
Курсты оқу барысында магистрант СӨЖО мен СӨЖ реферат немесе үй тапсырмасы түрінде орындайды, оның басты мақсаты өткен тақырыпты толық меңгеру үшін.
Магистранттардың өзіндік жұмысы тақырыптарының тізімі:
1 Еуропалық экономикалық одақтың метрологиялық ұйымы (Евромет)
2 Өлшемдер мен таразылардың халықаралық ұйымы (МОМВ)
3 Заңнамалық метрологияның халықаралық ұйымы (МОЗМ)
4 Еуропалық экономикалық одақтың қызметінің негізгі бағыттары
5 Стандарттау жөніндегі халықаралық ИСО ұйымының құрылымы
6 Сынау және сертификаттау жөніндегі Еуропалық ұйымның функциялары
7 Сапа жөніндегі Еуропалық ұйымның ұйымдастырушылық құрылымы
8 Тарифтар мен сауда жөніндегі Бас келісімнің функциялары мен мақсаттары (ГАТТ)
9 Сапа жөніндегі Еуропалық ұйымның (ЕОК) қызметінің негізгі бағыттары
10 Дүниежүзілік денсаулық ұйымының қызметі
11 Тұтынушылық одақтардың халықаралық ұйымы
12 Стандарттау жөніндегі Еуропалық комитеттің құрылымы
13 Сынақ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі халықаралық конференцияның қызметінің бағыттары
14 Стандарттау жөніндегі скандинавияаралық ұйымның негізгі функциялары
15 Халықаралық электротехникалық комиссияның ұйымдастырушылық құрылымы
16 Стандарттау және метрология жөніндегі арабтық ұйымы
17 Стандарттау жөніндегі африкалық өңірлік ұйымының өзіндік ерекшеліктері
18 Еуропалық еркін сауда ассоциациясы
19 БҰҰ еуропалық экономикалық комиссиясы
20 БҰҰ азық - түлік және ауыл шаруашылығы мекемесі (ФАО)
4.2 Магистранттардың білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:
1 ИСО - Халықаралық стандарттау ұйымы қай жылдан бастап жұмыс атқарады?
А)1948 жыл
В) 1956 жыл
С)1958 жыл
D) 1968 жыл
Е)1947жыл
2 ИСО жұмысына қанша елдер қатысады?
А) 120-дан аса
В) 130
С) 100
D) 160
Е) 200
3 ИСО-ның қаражат қоры:
А) жарнама, стендтер, басқада шаралар ұйым қоры
В) ұйымның жұмысына стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың өкілдері
С) мүше-елдер жарнасы, стандарттар мен басқа басылымдар сату, сондай-ақ қайырымдылықтардан құралады
D) Техникалық комитеттер және Орталық хатшылық
Е) барлық жауап дұрыс
4 ИСО-ның жоғары органы:
А) ИСО Кеңесі
В) Техникалық комитеттер және Орталық хатшылық
С) Кеңес комитеттері
D) Бас ассамблея
Е) барлық жауап дұрыс
5 Техникалық комитетер (ТК) қандай комитеттерге бөлінеді?
А) техникалық комитет бөлімдер мен жұмысшы топтары
В) Техникалық комитеттер және Орталық хатшылық
С) жалпы техникалық комитет және техниканың нақты саласында
D) жалпы техникалық және салааралық міндеттер
Е) барлық жауап дұрыс
6 Жалпы техникалық комитет қандай мәселелер атқарады?
А) техникалық комитет бөлімдер мен жұмысшы топтары қызметтерін атқарады
В) Техникалық комитеттер және Орталық хатшылық қызметтер мәселелерін атқарады
С) жалпы техникалық комитет және техниканың нақты саласында жұмыстарды шешеді
D) жалпы техникалық және өнірлік жұмыстарды
Е) жалпы техникалық және салааралық міндеттерді шешеді.
7 ИСО халықаралық стандарттарының 75% қандай стандарттар?
А) сынау әдістерінің стандарттары немесе ұлттық стандарттар
В) негіз қалаушы стандарттар немесе сынау әдістерінің стандарттары
С) жалпы техникалық комитет және техниканың нақты саласы үшін стандарттар
D) негіз қалаушы стандарттар және өнірлік жұмыстарды
Е) жалпы техникалық және негіз қалаушы стандарттар
8 Кәсіпорындардағы өнім сапасы мәселелерін шешудің бірыңғай жолына бағытталған 9000 сериялы ИСО-ның төрт стандартының бірінші ұқсамы қай жылы жарияланды?
А)1987 жыл
В) 1956 жыл
С)1994 жыл
D) 1990 жыл
Е) 1947жыл
9 Кәсіпорындардағы өнім сапасы мәселелерін шешудің бірыңғай жолына бағытталған 9000 серия-лы ИСО-ның төрт стандарты 1994 жылы өзгерту-лер енгізуден кейінгі ұқсамы?
А) төртінші және үшінші
В) екінші
С) төртінші
D) соңғы ұқсамы
Е) бірінші
10 ИСО Кеңесіне неше комитет кіреді?
А) он алты
В) екі жүз
С) төрт
D) жеті
Е) тоғыз
11 Терминология мен сауданы дамыту үшін халықаралық стандарттар пайдалану жөнінде семинарлар ұйымдастырумен айналысатын комитет:
А) ИНФКО
В) КАСКО
С) СТАКО
D) ДЕВКО
Е) ПЛАКО
12 Жұмыстың техникалық жақтарын ұйымдастыру мен үйлестіру бойынша ИСО жұмыстарын жоспарлау жөнінде ұсыныстар дайындайтын комитет:
А) ИНФКО
В) КАСКО
С) СТАКО
D) ДЕВКО
Е) ПЛАКО
13 Өнім, көрсетілетін қызмет, процестер және сапа жүйелерінің стандарттар талаптарына сәйкестігін мақұлдау мәселелерімен айналысады осы іс- әрекеттердің тәжірибесін зерттейді және ақпаратты талдайтын комитет:
А) ИНФКО
В) КАСКО
С) СТАКО
D) ДЕВКО
Е) ПЛАКО
14 Дамып келе жатқан елдердің стандарттау төңірегіндегі сұраныстарын зерттейді және сол елдердің осы саласына ықпал етуге ұсынымдар әзірлейтін комитет?
А) ИНФКО
В) КАСКО
С) СТАКО
D) ДЕВКО
Е) ПЛАКО
15 ДЕВКО-ның басты функциясы:
А) дамып келе жатқан елдерде стандарттаудың барлық аспектілерін кең көлемде талқылаулар ұйымдастыру, дамыған елдердің тәжірибелерін алмасуға жағдайлар жасау
В) дамыған елдердің түрлі оқып – үйрету орталықтары базасында стандарттау жөнінде мамандар даярлау
С) дамып келе жатқан елдердегі стандарттаумен айналысатын ұйымдар мамандарын тәжірибе жинақтауға жіберуге ықпал ету
D) дамып келе жатқан елдер үшін стандарттау жөнінде оқу құралдар дайындау
Е) барлық жауаптар дұрыс
16 КОПОЛКО міндеттеріне жататындар:
А) өнімді стандарттаудан өте жоғары әсер алатын, сондай-ақ ұлттық және халықаралық стандарттауға тұтынушылардың өте кеңінен қатысулары үшін қарастырылуы қажет шараларды анықтау
В) тұтынушыларды ақпараттармен қамтамасыз етуге, олардың мүдделерін қорғауға бағытталған ұсыныстарды және де стандарттау мәселелері бойынша оларды оқытып – үйрету бағдарламасын стандарттау позиция-сында жасап шығару
С) стандарттау, тұтыну тауарларына стандарттарды қолдану (пайдалану) және тұтынушылар мүдделеріне қажетті басқа да стандарттау мәселелері бойынша жұмыстарға тұтынушылардың қатысу тәжірибелерін жинақтау.
D) дамып келе жатқан елдер үшін стандарттау жөнінде оқу құралдар дайындау
Е) А,С, D дұрыс жауаптары
17 ИНФКО құзіретіне қайсысы жатады:
А) ақпараттық қызмет көрсетулер , деректер базалары, маркетинг, стандарттар мен техникалық регламенттер сату төңіректерінде ИСО мен мүшелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру
В) стандарттарды үйлестіру мен басқа жоғарыда аталған мәселелер бойынша саясат әзірлеу жөнінде ИСО Бас ассамблеясына кеңес беру;
С) А, В, Е дұрыс жауаптары
D) барлығы дұрыс
Е) ИСО ақпарат желісі (ИСОНЕТ) жұмыстарын бақылау және басшылық жасау
18 ИСО-ның ресми тілдері:
А) француз және ағылшын, шотландық тілдер
В) орыс, ағылшын, итальяндық тілдер
С) А, В, Е дұрыс жауаптары
D) барлығы дұрыс
Е) ағылшын, француз және орыс
19 Электртехника, радиоэлектроника, байланыс салалары қандай стандарттарды әзірлейді?
А) МЭК
В) ИСО
С) БҰҰ ЕЭК
D) ФАО
Е) ЕЭК
20 МЭК 13 ел қатысқан халықаралық конференцияда...... яғни ИСО - дан бұрын қүрылды
А) 1909 жылы
В) 1955 жылы
С) 1906 жылы
D) 1966 жылы
Е) 1905 жылы
4.3 Оқу - әдістемелік әдебиеттердің тізімі:
1 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000г. 465 с.
2 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под ред. Проф. В.А. Швандера.- М.: ЮНИТИ-ДАНА,2000. 487с
3 Международные и региональные организации по стандартизации и качеству продукции. – М.: Издательство стандартов, 1990. – 216 с.
4 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.
5 ИСО/ХЭК сериялы халықаралық стандарттар
Достарыңызбен бөлісу: |