Анықтама құрылымы төмендегідей:
1. Құжаттың аты.
Мысалы: Анықтама.
2.
Негізгі мəтін.
Негізі мəтінде анықтаманың не үшін берілгендігі
жазылады. Мысалы:
Осы анықтама Қапалбекова Гүлназ
Сатыбалдықызының Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ Автоматика жəне
басқару жүйесі технологиялары институтының күндізгі бөлімінің IV курс
студенті екендігін растайды.
3. Анықтаманың қай ұйымға арналып берілгендігі туралы
мəлімет.
Мысалы: Анықтама темір жол жəне аэрофлот кассаларына көрсету
үшін беріледі.
4. Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мəлімет.
Мысалы:
2007 жылдың 30 тамызына дейін жарамды. Анықтама берілген күннен бастап
3 айға дейін жарамды.
5.
Анықтама мəтінінде жазылған мəліметтің растығын жауапты ұйым
жетекшісінің лауазымы, аты-жөні жəне қолы. Мысалы:
Қазақ тілі
Достарыңызбен бөлісу: |