1.5. Пəннің мазмұны: « Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсын
оқытудың тақырыптары модульдерге бөлініп қарастырылады.
Ресми іс қағаздарындағы тақырыптардың əрқайсысын тиісті дəрежеде
меңгертумен қатар, құжаттардың жазылу стилі де қоса үйретіліп отырылады.
Пəн бағдарламасы студенттердің оқытушымен өзара жəне өздік жұмысы
бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.
Іс қағаздарын жүргізуде жиі кездесетін құжат түрлері өзара
сабақтастықта іріктеліп алынған. Бұл сабақтастық мемлекеттік тілде іс
қағаздарын жүргізуді жүйелі түрде үйренуге ықпал етеді.