Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



жүктеу 1,98 Mb.
Pdf просмотр
бет4/46
Дата18.05.2022
өлшемі1,98 Mb.
#38643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
жазуға үйрету

 



 
КІРІСПЕ 
 
Әрбір  уақыт  кезеңінде  адамдардың  ақыл-ойы  мен  көзқарасы  өзгеріп 
отыратыны  –заңды  құбылыс.  Қоғамдық  қарым-қатынастардың  өзгеруі,  жаңа 
білімнің  жинақталуы,  өндірістің  жетілдіруі,  әлеуметтік  прогресс  педагог 
қызметінің  мазмұндық  сипатына  да  тікелей  ықпал  етеді.  Сондықтан  жас 
ұрпақты    жаңа  кезеңнің  талаптарына    сай    тәрбиелеу  үшін    оларға  жаңа 
мазмұнмен  бұрынғыдан да жоғары  деңгейде білім  беру қажет. Жаңа  жүйеге 
көшу  процесі  білім  парадигмасының    өзгеруімен  қатар  жүреді.  Білім 
парадигмасының  өзгеруімен    басқаша    дидактика,  жаңаша    құқықтық  және 
әлеуметтік  қарым-қатынастар  және  мұғалім  мен  оқушының  басқаша  
менталитеті  қалыптасуда.  Білімді  гуманитарлау  процесі    жүруде. 
Гуманитарландыру  процесі    оқушыға    жеке    тұлға  ретінде    қарап  және 
«мұғалім-оқушы»  қарым-қатынасының  жаңа    жүйесі  қалыптасқанда  ғана  іске 
асады.  Жаңа  білім  парадигмасы  бірінші  орынға  баланың  білімін,  білігін  ғана 
емес,  оның  жеке  тұлғасын  білім  арқылы  дамуын  қойып  отыр.  Олай    болса,  
білім беру саласындағы басты мәселе – білім беру сапасын арттыру және оның   
үздіксіздігін    қамтамасыз   ету.  
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «білім беру жүйесінің 
басым  міндеттеріне:  білім  беру  бағдарламаларын  меңгеру  үшін  жағдайлар 
жасау  және  жеке  адамның  шығармашылық,  рухани  дене  мүмкіндіктерін 
дамыту,  адамгершілік  пен  салауатты  өмір  салтының  берік  негіздерін 
қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау»,-деп атап көрсеткен. 
Білім  сапасын  арттыру  үшін  бастауыш  мектепте  оқытылатын  әр  пәнді 
әдістемелік жағынан жетілдірудің маңызы зор. 
Балабақшадан бастап сауат ашу, есептей білу темптілік, үйретуге сияқты 
бетбұрыс,  бастауыш  сыныпта  күрделеніп  оқу  мен  жазуды  байланыстыру, 
көркемдей  шапшаң  жазу  сияқты  талпыныс  жасауда.  Соның  ішінде 
оқушылардың  каллиграфиясына  тоқталсақ,  ол  тек  мектеп  қабырғасында 
қалыптастырылады. 
Бастауыш  мектепте  оқу,  жазуды  үйретудің  әдістемесі  басқа  ғылымдар 
сияқты қалыптасып, дамып келеді. Жазуды қай кезде оқыту керек? деген сұрақ 
ерте кезден пікір – талас туғызып келеді. 
Американдық психолог Ф.Фришен  ХХ ғасырдың басында жазуды үйрету 
9  жасында  өте  қолайлы  десе,  20  –  жылдары  Ю.К.Фаусек  5  жастан  жазуды 
үйрету керек екенін тәжірибе жүзінде көрсетті. 
Оқу,  жазудың  әдістемесіне  басқа  елдердің  тәжірибесінің  де  әсері  мол. 
Мәселен,  Германияда  торкөз  арқылы  оқыту  әдісі  ХIХ  ғасырдың    аяғында 
бірнеше  елдерге  тарап,  қолдану  аясы  кеңейді.  Алайда,  гигиеналық  талап  пен 
жазуға  кері  әсерін  тигізетіні  дәлелденгенде,  ол  әдіс  қолданыстан  алынып 
тасталынды. 
Сол сияқты Англиядағы курсивті үзіліссіз жазуды да айтуға болады. Оқу, 
жазу әдістемесінің өзгеруіне мынадай себептер әсер етті: 



 
 
1.  Өзінің  зерттеулері  немесе  басқа  мұғалімдердің  тәжірибесі  негізінде 
жасалынған  қорытындылар  немесе  әдістемелік  нұсқаулар.  Мәселен,                     
ХХ  ғасырдың  басында  Е.Евсеев  оқу,  жазудың  әдістемесін  жасаса, 
Е.В.Гурьянова, Е.Н.Соколова әдістемелік нұсқаулар жазды.  
 
2. Оқу, жазудың тәжірибесінің басқа елдермен ауысуы. 
 
3. Жасалған іс – тәжірибелер арқылы әдістердің өзгеруі. 
Жеке мектепте және  сыныпта  жүргізілген  эксперимент  негізінде  оқушыларды 
графикалық дағдыға үйретудің әдістемесін Е.В.Гурьянова жасады. 
Көркем жазу саласында көптеген сұрақтар мен пікірталас тудырған мәселелер: 
 
а) 5 – 6 жасар баланы қалай жазуға оқытамыз? 
 
ә ) Үзіліссіз және үзіліспен жазуды қалай қолданамыз? 
 
б) Тік және көлбеу жазуды қалай қолданамыз? 
 
в) Қай қолмен жазған  дұрыс? 
 
г) Әріптің көлемі қандай болу керек? 
Осындай мәселелерді шешу барысында басқа елдермен тәжірибе алмасып 
отырды. 
Англия,  Америка,  Германия,  Швеция,  т.б.  елдерде  жазуға  үйретудің 
алғашқы  кезінде  курсивті  жазу  емес,    құрамында  көптеген  элементтері  бар 
шрифтпен  жазуды  жүзеге  асырды.  Бұл  жазуды  монускрипт  деп  атады.  Бірақ 
бұл проблеманы шеше алмады, жазудың жылдамдығы мен сапасы жақсармады. 
Бұрын  Чехословакия  елінде  оқушыға  жазу  оңай  болу  үшін  ең  алдымен  әріпті 
үлкен, кейін кіші етіп жазуды үйретті. АҚШ елінің кей мектептерінде жазудың 
алғашқы кезінде машинамен басып үйренді. 
Болгарияда  жазу  дағдысы  оқытуға  үйретуден  бұрын  дамып  отырды, 
алдымен  қол  қозғалысын  жазуға  даярлайды,  әріп  элементтерін  жаздыртады. 
Сонымен қатар, дәптердегі сызықтардың орналасуы да үлкен мәселе тудырған. 
Дәптердегі  сызықтардың  орналасуымен  М.Ричардсон  айналысты.  Оның 
ойынша,  жазуға  оқытудың  алғашқы  кезінде  оқушыны  таза  параққа  жазып 
үйрету керек деп есептеді. Қазіргі кезде бұл мәселелер шешілген. 
Дегенмен,  мынадай  жағдайды  елестетіп  көрейікші:  техника  жоғарғы 
деңгейде  дамып,  тіпті  адам  қолымен  емес  арнайы  машинкамен  жазғанда, 
жазуға  үйретудің  қажеті  бар  ма?  Әрине,  қай  уақытта  болса  да  жазуға  үйрету 
міндетті түрде  қажет,  өз ойын еркін жеткізе алатын, сауатты ұрпақ тәрбиелеу  
XXI ғасырдағы  бүгінгі білім берудің талабы болып қала бермек. 
Оқу,  жазуды  үйретуді  зерттей  келе,  бастауыш  мектепте  оқу,  жазудың 
жаңаша  жүргізілу  мүмкіндігін  қарастыру  білім  беру  саласында  өте  маңызды, 
әрі  өзекті.  Мектептегі  оқыту  үрдісі  сауат  ашудан  басталатыны  белгілі.  Сауат 
ашу  жұмысының  негізгі  міндеті  –  балаға    хат    таныту,  яғни  оған  оқу  мен 
жазуды үйрету. Сауат  ашу -аса  жауапты да  күрделі  жұмыс. Оқу  мен жазуды  
интеграциялап    меңгерту    мұғалімге  үлкен  жүк  артары    сөзсіз.  Мұғалім 
алдында  тұрған негізгі міндеттер  мыналар: 
-мектеп    табалдырығын  алғаш    аттаған  жас  бүлдіршіндерді    сауат    ашуға 
даярлау; 



 
-сөйлеу тілінің  дыбыстық ерекшелігін меңгерту  арқылы сөздегі  дыбыстарды 
айқын  естіп, дұрыс  айтуға үйрету; 
-оқушылардың  ой-өрісін дамыту; 
-балалардың    сөйлеу    тілін    жетілдіру, сөздік   қорын   байыту, сөйлемді дұрыс  
құрап  айта білуге  үйрету; 
-сөзді буындап оқудан  тұтас оқуға дағдыландыру; 
-дыбыстарды  әріптермен  таңбалауды    жете    меңгерту    арқылы    жазудың  
каллиграфиялық  талаптарын    орындауға,  әріптерді  сөз  ішінде    дұрыс  
байланыстыра  білуге, сөзді  тұтас  жазуға  үйрету, жеке  сөздерді, сөйлемдерді 
көшіріп және  есту  бойынша  жаза  білуді  жетілдіру; 
-сөйлемдегі  сөзлердің  айтылуы    мен  жазылуы    нормасын    меңгерту, 
интонациямен    оқуға,  сөйлемді    бас  әріппен    бастап    жазып,  соңынан    тыныс  
белгісін қоюға жаттықтыру. 
Сауат  ашу    кезеңінде    дыбысты    әріппен    таңбалай  білуге  (фонетика- 
графикалық    жазуға)  үйретіп    қоймайды,  сонымен  бірге    каллиграфиялық 
талапқа    сай    жазу    дағдылары    қалыптасуы    тиіс.  Бұл    кезеңдегі  жазуға  
мынадай  талаптар  қойылады: 
- әріптерді  көлбеу  жазу; 
- әдемі, ұқыпты, анық  жазу; 
- ара қашықтықты  сақтай  жазу; 
- сөзді  қолды   үзбей  тұтас  жазу; 
- жиек  сызығын  сақтай  жазу. 
Бұл  талаптарды жүзеге  асыру  үшін  мұғалімнің көп  нәрсеге  көңіл  бөле  
жұмыс  істеуіне  тура    келеді.  Алайда    мектептегі    оқушылардың   
каллиграфиясын    жетілдіруге  әлі  де    болса    көңіл    бөлінбей    келеді.  Мектеп  
мұғалімдері  үшін  көмек  болар  әдістемелік  әдебиеттер  жетіспейді. 
      Бұл  еңбекте  сауат ашу  кезеңінде  оқушылардың  көркем  жазу  дағдысын  
қалыптастыру  мен жетілдіру  жолдары  қарастырылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

жүктеу 1,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау