69
Қазақтың ағартушы - демократтарының халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі:
Шоқан, Абай, Шəкəрім, С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, С.Торайғыров, А. Байтұрсынов, М.
Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев тағы басқалар.
Кеңестік дəуірдегі əдебиетті оқыту əдістемесінің дамуындағы үш кезең:
1917-1927 жылдар. Əдебиет пəнінің кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану
пəні ретінде оқытылуы. Мақсаты мен міндеттері.
1928-1938 жылдар. Отызыншы жылдардын басында əдебиеттің мектептік жүйеге
негізделмеген тарихи-əдебиеттік курс ретінде оқытылу себептері. Оның зиянды
зардаптары.
БКП (б) орталық комитетінің 1931-1932 жылдардағы «Бастауыш жəне орта
мектептер» туралы қос қаулысының мектепте əдеби білім беруді жетілдіру, арнайы
бағдарламалар, оқулықтар арқылы оқыту тиімділігін арттырудың бағыт-бағдарын
белгілеп бергендігі.
Отызыншы жылдардың екінші жартысындағы əдебиетті оқытудың əдебиеттік оқу,
тарихи-əдебиеттік курс ретінде алғаш рет жүйелеп берген бағдарламалардың мазмұны
мен құрылысы.
1970-1990 жылдар. КСРОда халыққа білім беру жүйесін одан əрі жетілдіру, дамыту
мақсатындағы 1958 жəне 1985 жылдардағы мектеп реформалары. Бұл реформалардың
мектепте əдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізген əсері.
1970-1990 жылдарда əдебиеттің мектепт е оқытылу жайы. Орыс əдебиетін
оқытудағы əдістемелік тəжірибелердің қазақ мектебіндегі əдебиетті оқыту ісін жетілдіруге
жəне ғылыми- əдістемелік зерттеулердің қанат жаюына тигізген əсер-ықпалы.
1970-1972 жылдардағы «Литература в школе» журналының бетіндегі оқыту
сапасын жақсарту, оқытудың жаңа əдістерін іздестіру мақсатындағы пікірталастардың
маңызы.
Əр кезеңде мектепке арналған əдебиет пəні бағдарламалары мен оқулықтарын
жасаудағы С.Сейфулин, М.Əуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев,
Ш.Кəрібаев, Т.Ақшолақов т.б. еңбектері. Əдебиетті оқыту əдістемесінің негізгін
қалаудағы Ə.Қоңыратбаев пен А.Көшімбаевтың алатын орны. Олардаң ғылыми-
əдістемелік мұрасы.
1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы жəне орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі
бетбұрыс. Оның тарихи əлеуметтік себептері.
Қазақтың ұлттық мектебі тұжырымдамасының дүниеге келуі. Ұлттық мектеп
тұжырымдамасы ұсынған болашақ мектеп үлгісі мен білім берудегі жаңа жүйенің кеңестік
білім жүйесінен айырмашылықтары. Қазақ мектебінің жаңа үлгісін белгілеп берген
тұжырымдама негізінде əдеби білім тұжырымдамасының жасалғандығы (1991,1997жж).
Əдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар мен құндылықтар.
Оқытудың жаңа технологиясы. Оның еліміздегі ғылыми-əдістемелік ізденістерді
байыта түсуге тигізген ықпал- əсерлері.
Əдеби білім берудегі модульдік жүйе. Оның өзіндік ерекшеліктері. Ғылыми -
əдістемелік басылымдар: «Қазақ тілі мен əдебиеті», Қазақстан мектебі» журналдары мен
Қазақстан мұғалімі» газеті. Олардың мұғалім біліктілігін арттырудағы рөлі.
Жалпы білім беретін мектептегі əдебиет курсының
мазмұны мен құрылысы
Əдебиет оқу пəні ретінде халықтың көркем тарихын оқып үйрену арқылы
оқушылардың рухани дүниесінің қалыптасып, дамуын көздейтіндігі. Мектептік əдебиет
курсының көркемөнердің өмірмен байланысы, өнердегі түр мен мазмұн бірлігі, өнердің
тарихилығы, халықтығы турасындағы теориялық, методологиялық принциптерге
негізделетіндігі.
Əдебиет пəні бағдарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі қызметі. Оның
əдебиеттану,
педагогикалық-психология,
оқыту
əдістемесі
т.б.
ғылымдардың
70
методологиялық принциптеріне сүйене отырып жасалатындығы. Көркем шығарманы
сыныпта, сыныптан тыс уақыттарда оқып-үйрену мəселелері, оқушының білім-білік
дағдыларына қойылатын талаптар, т.б жөніндегі нұсқаулары, əдістемелік аппараты.
Ерекше жағдайларда мұғалімнің бағдарламаны шығармашылықпен жетілдіріп пайдалана
алатыны.
Бастауыш(I-IY), базалық білім (Y-IX) сыныптарында берілетін
əдеби білім көлемі, өтілу принциптері мен мақсаты, X-XI сыныптардағы тар ихи-
əдебиеттік курстың ғылыми негіздері, мақсаты, əдістемелік құрылымы. Базалық білім
беру жəне тарихи-əдебиеттік курстар негізіндегі тарихи əдеби білім берудің дамыта оқыту
(сатылай, сұрыптай оқыту), көрнекілік, саналылық пен белсенділік, жүйелілік пен
бірізділік т.б. принциптері.
Əдебиет пəні бағдарламаларын мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай
жетілдіру, білім мазмұнын жаңарту бағытындағы соңғы кездегі əдіскер ғалымдардың
ізденістері.
Y-IX
сыныптар
курсы.
Бұл
сыныптардағы
оқушылардың
психологиялық
ерекшеліктері. Жас ерекшеліктері мен өмірлік, оқырмандық тəжірибе өлшемдерінің
əдеби-эстетикалық түсінігін айқындауға тікелей қатынастылығы. Орталау сынып
оқушыларының жас ерекшелігіне қатысты мəселелердің бағдарламада ескерілу қажеттігі.
Осыған орай Y-IX сыныптарға арналған əдебиет пəні бағдарламасның сатылы жүйелеу
принципіне негізделгендігі. Х сыныпта оқылатын шығармалардың оқушылардың ұлттық
рухани
санасын,
тарихи
танымын,
адамгершілік-эстетикалық
көңіл-күйлерін
қалыптастыруға ықпалы.
Ү
сыныпта
əдебиеттік
оқытудың
бастауыш
оқумен
сабақтастығы.
Ү-IX
сыныптардағы базалық білім курсы.
Базалық білімнің екі сатыда өтетіні : Ү- YII сыныптардағы əдебиеттік оқу, оның негізгі
мақсат-міндеттері, жанрлық-хронологиялық принциптері.
ҮІІІ-IX сыныптардағы əдеби білімнің əдеби-тарихи негіздегі бастауыш курс болып
белгілену шарттары. Тарихи-хронологиялық принциптері.
Оқу аймағына кіретін əдеби материалдардың мазмұны.
Көркем шығарманы оқып-үйренуде оның идеялық-көркемдік ерекшелігіне баса назар
аударылатыны. Пəнаралық байланыс. Оның əдеби білім беру процесіндегі шешуші рөлі.
Оқушының ауызша жəне жазбаша тілін дамытудың шығармашылық белсенділігі
мен өзіндік ізденістеріне байланыстылығы жəне осыған байланысты жүргізілетін жұмыс
түрлерінің маңызы.
X-XI сыныптар курсы. Тарихи-əдебиеттік курсты оқытуда X-XI сынып
оқушыларының жас ерекшелігін ескеру қажеттігі.
Жоғары сыныптардағы (X-XI) тарихи-əдебиеттік курстың базалық білім курсымен (Y-IX)
тығыз сабақтастығы. Əдебиеттің тарихи курсының аталған сыныптарда кезең-кезеңімен
белгілі бір хронологиялық жүйеде оқытылатыны. Базалық білім курсынан тарихи-
əдебиеттік курсқа өту процесінде əдеби білім көлемінің бірте-бірте ұлғая, күрделене
түсетіндігі. Ақын-жазушының өмірі мен шығармашылығы жəне нақты шығармасы
идеялық-көркемдік ерекшеліктеріне сай сараланып, жан-жақты талданатыны.
X-XI сыныптардағы əдеби материалдардың шолу жəне монографиялық формада
болуының негізгі себептері. X-XI сыныптар үшін ұсынылған əдеби шығармаларды
мүмкіндігіне қарай тұтастай оқу. ХІ сыныптағы білім мазмұнының сипаты. Жоғары
сыныптарда əдебиетті оқытуда əдебиеттану ғылымының жетістіктерін пайдаланудың
тиімді жақтары.
Шетел жəне туыстас халықтар əдебиетін оқыту ерекшеліктері.
Əдебиетті оқытудағы базалық білім курсы мен тарихи- əдеби
жоспарлау əдістері