56
Құрмалас
сөйлемді оқыту əдістемесі. Құрмалас сөйлем синтаксисінен берілетін
білім мазмұны. Құрмалас сөйлемді теориялық деңгейде оқытудың əдістемесі. Құрмалас
сөйлемнің құрылымдық-мағыналық жүйесі туралы түсінік беру жолдары. Құрмалас
сөйлемнің жасалу жолдары. Құрмалас сөйлемді сатылай кешенді талдау əдістемесі.
Салалас құрмалас сөйлем жəне оның жасалу жолдары. Салалас құрмалас сөйлемнің
мағыналық түрлерін оқыту əдістемесі. Салалас құрмалас сөйлем компоненттерінің
байланысу жолдарын талдау əдістері.
Сабақтас құрмалас сөйлем мен оның жасалу жолдарын оқыту əдістемесі. Сабақтас
құрмаластың мағыналық түрлері мен олардың жасалу жолдарын меңгерту.
Аралас құрмалас сөйлемді оқыту əдістемесі. Аралас құрмаластың өзіне тəн жасалу
жолдарын меңгерту əдістемесі.
Көп компонентті құрмалас сөйлемді оқыту əдістемесі. Көп компонентті құрмаластың
ішкі жүйесін құраушылар: көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, көп бағыныңқылы
сабақтас құрмалас сөйлем, аралас құрмалас сөйлем. Сөйлем талдаудың өзіндік логикалық
жүйесі жəне оны оқушыларға меңгерту əдістері. Синтаксистік талдау, оны жүргізу
əдістемесі.
Стилистика
мен мəтінді оқыту əдістемесі
Стилистика, тілдің көркемдегіш амал-тəсілдері. Стилистиканың тілдің қолданылу
аясын, қатысымдық əрекет-қызметін зерттейтін сала екендігі. Оның сөйлеу үдерісінде
тілді пайдаланудың заңдылықтарын қарастыратындығы. Тілдік амал-тəсілдер мен
стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық
қызметті үйретуді көздейтіні. Стилдің түрлері мен оны меңгертудің жолдары.
Мəтін – қарым-қатынастың негізгі бірлігі. Мəтіннің негізгі белгілерін
анықтаудағы логикалық операциялар жəне оларды оқушыларға меңгерту. Мəтіннің
тұтастығы оның құрылымдық жəне мағыналық бірлігі арқылы танылатындығы. Мəтінді
талдау əдістемесі. Мəтінді фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, сөз тіркесі,
сөйлеммен байланыстыра оқыту əдістері. Мəтінді құраушы тіл бірліктерінің мəтін
құрылымындағы байланысу жолдарын меңгерту əдістемесі.
Орфографияны
оқыту əдістемесі
Орфографияны
оқытудың
ғылыми-практикалық
маңызы,
міндеттері
мен
ұстанымдары. Орфографиялық жұмыстың мазмұны. Орфографиялық іскерлік пен
дағдыларды қалыптастырудың психологиялық негіздері. Орфографиялық дағдыларды
қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді қолдану əдістері. Орфографиялық
сөздіктермен жұмыс жүргізудің тəртібі. Орфографиялық норма. Оны меңгертудің
шарттары. Орфографиялық ережелерді оқыту əдістемесі. Орфографиялық талдау.
Орфографияны оқытуда көрнекіліктер мен қосымша оқу құралдарын қолдану əдістері.
Орфографияны меңгертуде өздік жұмыстарын жүргізудің маңызы мен жолдары.
Пунктуацияны
меңгерту əдістемесі
Мектепте пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы мен міндеттері.
Пунктуацияны оқытудың мазмұны, кезеңдері. Пунктуацияны оқыту ұстанымдары:
мазмұндық, құрылымдық, интонациялық. Пунктуация жəне синтаксис. Пунктуация
жəне мəнерлеп оқу. Пунктуация жəне интонация. Пунктуациялық дағдыларды
қалыптастырудың негіздері. Пунктуациялық ережелермен жұмыс істеу əдістемесі.
Пунктуациялық қателер мен оларды болдырмау əдістемесі. Пунктуациялық жаттығулар
мен талдау түрлері. Пунктуацияны оқытуда көрнекілік пен қосымша оқу құралдарын
қолдану əдістері.
Сөз
мəдениетін оқыту əдістемесі
57
Сөз мəдениетін меңгертудің білімдік, əлеуметтік мəні. Сөз мəдениетін
қалыптастырудың мақсат, міндеттері. Сөз мəдениетін оқыту ұстанымдары. Сөз
мəдениетіне қатысты білім мазмұны. Осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырудың
əдістемесі. Сөз мəдениеті бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі мен түрлері. Қазақ
əдеби тілінің нормаларын оқыту. Сөз сапасы: нормативтік, коммуникативтік, этикалық.
Əдеби норма, ол туралы түсініктерді қалыптастыру. Сөз мəдениеті жəне құзіреттілік.
Сөз мəдениеті мен стильдердің байланысы. Сөйлеу мəдениетінің талаптары.
Пікірталас мəдениетін оқытудың талаптары мен əдістемелік жолдары.
Шешендік өнерді оқыту əдістемесі
Шешендік
өнердің
халық
өмірімен,
тұрмыс-салтымен
тікелей
байланыста
дамитындығы. Шешендік сөздердің философиялық мəні, Шешендіктануды
оқытудың ғылыми-əдістемелік негіздері. Шешендік сөз, оның тіл дамытудағы рөлі.
Ұлттық шешендік өнер туралы түсінік. Шешендік жəне сөз мəдениеті. Шешендік сөздің
тектері мен түрлерін оқыту əдістемесі. Жұрт алдында сөйлеуге машықтанудың жолдары.
Кіріспе сөз, негізгі бөлім, олардың ерекшеліктері, міндеті, онда қолданылатын тілдік
құралдар.
Қазақ
тілін оқыту əдістемесінен жүргізілетін практикалық сабақтар
•
Қазақ тілін оқыту əдістемесінің зерттеу нысаны жəне оны зерттеген ғалымдар
(А.Байтұрсынұлы,
Ж.Аймауытұлы,
М.Жұмабаев,
С.Жиенбаев,
Қ.Жұбанов,
Ы.Маманов, Д.Əлімжанов, Ə.Əбілқаев, М.Балақаев, т.б.).
•
Қазақ тілін оқытудың жаңа тенденциялары, қағидалары мен бағыттары
•
Қазақ тілін оқытуға арналған базалық-нормативтік құжаттар
•
Қазақ
тілі
бағдарламасы.
Бағдарламаның
түрлері,
олардың
өзара
айырмашылықтары. Жоспар, оның түрлері. Орта жəне қысқа мерзімді жоспарлар,
олардың ерекшеліктері.
•
Қазақ тілін оқыту бойынша жасалатын оқу-əдістемелік кешен жəне оның
құрылымы.
Қазақ тілі оқулығы. Оқулықтың негізгі атқаратын қызметі: ақпараттық,
трансформациялық, жүйелілік, тəрбиелік.
•
Қазақ тілін оқыту құралдары – əдістемелік категория. Қазақ тілін оқыту
құралдарының классификациясы.
•
Қазақ тілі пəніне қойылатын талаптар. Оны оқытудың заңдылықтары. Қазақ тілі
жəне оның басқа пəндермен байланысы.
•
Болашақ маманның құзіреттілігі жəне оны қалыптастырудың жолдары.
•
Əдістеме
ғылымындағы
жаңа
бағыттар.
Білім
берудің
инновациялық
технологиялары жəне оның қазақ тілін оқытуда алатын рөлі.
•
Қазақ тілін оқытудың дидактикалық ұстанымдары. Жалпы жəне жеке əдістемелік
ұстанымдар.
•
Əдіс, оның тілді меңгертуде алатын орны. Əдістің түрлері. Интерактивті əдістер,
оны қолданудың жолдары
•
Қазақ тілі бойынша оқу жұмысын ұйымдастырудың формалары. Сабақтың түрлері
жəне оның дидактикалық құрылымы. Тапсырмалар жəне оның түрлері.
•
Оқушылардың креативтік ойлау қабілетін дамыту жəне оны бағалау. Суммативті
жəне формативті бағалау. Суммативтік бағалаудың тоқсандық, жылдық
қорытынды бақылау кезінде қолданылуы. Оқушының даму жолын бағалаудағы
формативті бағалаудың алатын рөлі.
•
«Қазақ тілі» пəнін функционалдық сауаттылық тұрғысынан меңгерту талаптары.
•
Лексика мен фразеологияны меңгерту əдістемесі (ұстанымдары, əдістері,