Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік


Тақырып  3.  Жоғары  мектептегі    тұтас  педагогикалық үрдіс  және



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет13/75
Дата04.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#36257
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   75
Жоғары мектеп педагогикасы

Тақырып  3.  Жоғары  мектептегі    тұтас  педагогикалық үрдіс  және 
оның теориялық-әдіснамалық негіздері 
3.1
 
 Педагогикалық үрдістің мәні мен құрылымы 
Педагогикалық  үрдіс  –  білім  алушы  тұлғасының  жағдайын  ӛзгертуге 
бағытталған, 
мазмұны 
жағынан 
толықтырылған 
және 
арнайы 
ұйымдастырылған  тәрбиешілердің  жүргізуші  және  бағыттаушы  әрекетінің 
және  баланың  белсенді  әрекетінің  негізіндегі  ӛзара  әрекеттесу  процесі. 
(Б.Т.Лихачев) 
Педагогикалық үрдіс  –  белгіленген  мақсатқа  жетуге  бағытталған  және 
тәрбиеленушілердің  қасиеттері  мен  сапаларын  алдын-ала  анықталған 
жағдайға  ӛзгеруіне  әкелетін  тәрбиеші  мен  тәрбиеленушілердің  дамып 
отыратын ӛзара әрекеттесу процесі (И.П.Подласый). 
Біртұтас педагогикалық үрдіс – жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны 
қалыптастыруға  бағытталған  оқытушы  мен  білім  алушылардың  ӛзара 
әрекеттесу  процесі  (Н.Д.Хмель  -  Қазақстанда  біртұтас  педагогикалық 
процестің теориясын қалыптастырушы ғалым). 


Сонымен,  біртұтас  педагогикалық  үрдіс  –  ол  оқытушы  мен  білім 
алушылардың  ӛзара  әрекеттесу  процесі  болып  табылады,  оның  барысында 
әлеуметтік тәжірибе тұлғаның қасиеттеріне алмасады. 
Біртұтастық  –  ол  педагогикалық  процестің  синтетикалық  қасиеті,  ол 
оның дамуының жоғары деңгейін, онда қызмет ететін субъектілердің саналы 
әрекетінің  нәтижесін  сипаттайды.  Біртұтас  педагогикалық  процеске  оны 
құраушы компоненттердің  ішкі тұтастығы, олардың үйлесімділігі тән.   
Біртұтас  педагогикалық  процестің  негізгі  белгілері  –  мақсаттылық, 
екіжақтылық  және  тұтастық.  Мақсаттылық  -  БПП  әр  уақытта  белгілі  бір 
мақсатқа  жетуге  бағытталады,  яғни  нәтижесі  алдын-ала  болжамданады. 
Екіжақтылық  –  процестің  нәтижесінің  тиімділігі  оқытушы  мен  білім 
алушылардың  әрекеттерінің  ӛзара  байланыстылығына  және  белсенділігіне 
байланысты.  Тұтастық  –  процестің  нәтижелілігі  оның  шеңберінде  іске 
асырылатын  тәрбие  мен  оқытудың  үйлесімді  ұйымдастырылуына 
байланысты. 
Жоғары 
мектептегі 
біртұтас 
педагогикалық 
үрдіс 
келесі 
компоненттерден  тұрады:  мақсат,  мазмұн,  әдіс-тәсілдер  және  формалар, 
нәтиже,  оқытушы  әрекеті,  білім  алушы  әрекеті.  Оны  келесі  сызба  арқылы 
кӛрсетуге болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 2. Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үрдіс құрылымы 
 
Педагогикалық  процестің  бӛліктерінің  ӛзара  байланысына  талдау 
жасаудың маңыздылығы оқытушының практикалық жұмысының тиімділігін 
арттыру саласында  ғана  емес, оның  алдын  ала  жоспарланған  нәтижелер  алу 
үшін мектептің жақсы тәжірибесін модельдеуде белгілі маңызы бар. 
Қойылған  міндеттерге  жетудің  тиімділігін  анықтайтын  құралдар  мен 
әдістерді  таңдап  алу  оқытушылардың  әдіснамалық  ұстанымдарына 
байланысты.  Нақты  айтса,  ол  оқытушының  тұтас  педагогикалық  үрдіс 
заңдары мен заңдылықтарын білуіне байланысты. 
Педагогикалық  үрдіс  мәнін  анықтайтын  келесі  педагогикалық  үрдіс 
заңдары айқындалған: 
-
 
бала  ӛзінің  белсенді  шығармашылық  іс-әрекеті  негізінде  ғана  ӛткен 
ұрпақтың  әлеуметтік  тәжірибесінің  мұрагері  болады.  Осыдан  жасалатын 

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау