Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік


 Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет55/75
Дата04.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#36257
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   75
Жоғары мектеп педагогикасы

8.3 Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі 
 
Қазіргі  жоғары  мектеп  оқытушысының  кәсіби  құзыреттілігін 
қалыптастыру  мәселесі  ӛте  күрделі  және  ӛзекті  болып  табылады.  Қазіргі 
психологиялық-педагогикалық 
әдебиеттерде 
«кәсіби 
құзыреттілік» 
ұғымының  мәнін  анықтауға  деген  нақты  концептуалдық  кӛзқарастар  толық 
қалыптаспады.  
Н.М.  Борытко  оқытушының  кәсіби  құзыреттілігі  ретінде  оның  білім 
беру тәжірибесінде әлеуметтік қолдау тапқан құндылықты бағдарлар жүйесін 
жүзеге  асыру  және  кәсіби-тұлғалық  ӛзін-ӛзі  дамытуда  жоғары  нәтижелерге 
жету қабілеттілігін атайды. 
Н.  Кузьмина  құзыреттілікті  адам  сапасы  ретінде  қарастыра  отырып 
оның келесі түрлерін ажыратады: 
– 
әлеуметтік-психологиялық  құзыреттілік
,  ол  индивидтің  ӛзін 
қоршаған  тұлғааралық  қарым-қатынас  жүйесінде  қоршаған  адамдармен 
табысты  ӛзара  әрекеттесу  сапасы  ретінде  анықталады  (әлеуметтік 
жағдайларда  бағдарлана  алу,  қарым-қатынастың  тиесілі  тәсілдерін  таңдай 
алу); 
– 
коммуникативті  құзыреттілік
  –  қарым-қатынастың  вербальды 
(сӛйлеу,  дикция,  дауыс,  тембр  және  т.б.)  және  вербальды  емес  (ым,  жест, 
пантомимика, поза және т.б.) іскерліктері мен дағдылары; 
– 
кәсіби-педагогикалық  құзыреттілік
,  ол  педагогикалық  жүйе 
анықтайтын  жағдайларда  тиімді  ӛзара  әрекеттесе  алу  сапасы  ретінде 
айқындалады. 
Н.  Кузьмина  пікірінше,  кәсіби-педагогилық  құзыреттіліктің  негізгі 
элементтеріне жатады: 
– оқытылатын пән саласындағы 
арнайы және кәсіби құзыреттілік

– білім, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру тәсілдері саласындағы 
әдістемелік құзыреттілік



– 
қарым-қатынас 
саласындағы 
әлеуметтік-психологиялық 
құзыреттілік

–  мотивтер,  қабілеттер,  бағыттылық  саласындағы 
дифференциалды-
психологиялық құзыреттілік

–  ӛз  тұлғасы  мен  іс-әрекетіндегі  артықшылықтар  мен  кемшіліктер 
саласындағы 
ауто-психологиялық құзыреттілік

А.  Бодалев,  В.  Жуков,  Л.  Лаптев  пікірінше  кәсіби  құзыреттілік  –  ол 
субъектіні  кәсіби  даярлау  және  оның  іс-әрекет  міндеттерін,  тапсырмаларды 
орындау  қабілеттілігі,  оның  кәсіби  әрекет  талаптарына  сәйкестігінің  ӛлшемі 
мен  негізгі  кӛрсеткіші.  Педагогтың  кәсіби  құзыреттілігінің  негізгі  құрамдас 
компоненттері: 
–  білім  –  адам  санасында  қалыптасқан  оның  қоршаған  сыртқы  және 
ішкі әлемі туралы ақпарат; 
–  іскерліктер  –  білімді  тәжірибеде  қолдану,  іс-әрекет  тәсілдерін 
меңгеру қабілеттілігі; 
–  дағдылар  –  бірнеше  қайтара  қайталап  орындау  негізінде  машықтану 
деңгейіне жеткізілген әрекеттер; 
–  кәсіби  ұстаным  –  әрекет  пен  мінез-құлық  сипатын  анықтайтын 
қатынас,  құндылық  бағдарлардың  жүйесі,  тәжірибені,  шынайылықты  және 
перспективаларды бағалау. 
–  адамның  жеке-психикалық  ерекшеліктері  –  адамның  сапаларында 
кӛрініс  табатын  және  оның  даралығын,  іс-әрекет  стилін,  мінез-құлқын 
анықтайтын 
психиканың 
түрлі 
құрылымдық-функционалдық 
компоненттерінің үйлескен жиынтығы; 
–  акмеологиялық  нұсқалар  –  ӛзін-ӛзі  дамытудың,  шығармашылықтың 
және  ӛзін-ӛзі  жетілдірудің  қажеттілігін  негіздейтін  ішкі  ынталандырушы 
күштер. 
Педагогтың  кәсіби  білімін  педагогикалық  үрдісті  ұйымдастыру  үшін 
қажет жалпымәдени, психологиялық-педагогикалық білімдер, жоғары білікті 
мамандарды даярлау үшін қажетті арнайы білімдер құрайды. Кәсіби білімдер 
құрылымында ажыратады: 
–  студенттердің  жас  және  дара  ерекшеліктерін,  оқыту  үрдісіндегі 
қатынастар  мен  қарым-қатынас  ерекшеліктерін,  кәсіби  әрекеттің  жағымды 
және  жағымсыз  сапаларын  ескере  отырып  оқу  материалын  оқытуға 
мүмкіндік беретін 
психологиялық білім

–  әдіснамалық,  теориялық,  әдістемелік  және  технологиялық 
деңгейлерде  қалыптасқан  оқыту  түрлерін,  әдіс-тәсілдерін,  құралдарын 
таңдауды анықтайтын 
педагогикалық білімдер

–  белгілі  бір  мамандықтың  ерекшелігі,  мамандықтың  жағдайы  мен 
даму  болашағы,  кадрларды  даярлау  жүйесі  туралы  кәсіби  бағытталған 
білімдер кешені; 
–  ғылыми-зерттеушілік  білімдер  –  ғылыми  әдебиетпен  жұмыс, 
экспериментті ӛткізу, ғылыми байқау нәтижелерін ӛңдеу.  
В.А.  Сластенин,  И.Ф.  Исаев,  А.И.  Мищенко  және  Е.Н.  Шиянов 
пікірінше  педагогикалық  құзыреттілік  –  педагогикалық  іс-әрекетті  тиімді 


жүзеге  асыруға,  педагогикалық  қарым-қатынасты  мақсатты  ұйымдастыруға 
мүмкіндік  беретін  және  педагогтың  тұлғалық  дамуы  мен  жетілуін  кӛздейтін 
интегративті құбылыс, оның мәні педагогикалық білім, тәжірибе, педагогтың 
сапалары мен қасиеттерінің жүйелілік бірлігі.  
А.К.Маркова  кәсіби  құзыреттіліктің  тӛрт  түрін  ажыратып  кӛрсетеді: 
арнайы, әлеуметтік, тұлғалық, дара.   
1.     
Арнайы
,  немесе  әрекеттік  кәсіби  құзыреттілік  іс-әрекетті  жоғары 
кәсіптік  деңгейде  меңгеруді  сипаттайды  және  ӛзіне  тек  арнайы  білімдерді 
ғана  емес,  сонымен  бірге  оларды  тәжірибеде  қолдана  алу  іскерлігін  де 
қамтиды. 
2.      
Әлеуметтік
 
кәсіби 
құзыреттілік 
кәсіби 
қауымдастықта 
қабылданған  кәсіби  қарым-қатынас,  бірлескен  кәсіби  әрекет  және 
ынтымақтастық тәсілдерін меңгеруін сипаттайды. 
3.      
Тұлғалық
  кәсіби  құзыреттілік  кәсіби  құлдырауға  тӛтеп  беру 
құралдарын,  ӛзін-ӛзі  кӛрсету  және  ӛзін-ӛзі  дамыту  тәсілдерін  меңгерумен 
сипатталады. Осында маманның ӛз кәсіби әрекетін жоспарлауға, шешімдерді 
дербес қабылдауға, мәселені кӛре білуге қабілеттілігін жатқызады. 
4.     
Дара
  кәсіби  құзыреттілік  ӛзін-ӛзі  реттеу  тәсілдерін  меңгеруін, 
кәсіби ӛсуге даярлығын, тұрақты кәсіби мотивацияның болуын сипаттайды.  
А.  К.  Маркова  бойынша  педагогтың  кәсіби  маңызды  сапаларының 
құрылымы келесі сипаттама блоктары арқылы кӛрініс таба алады. 
•  объективті  сипаттамалар:  кәсіби  білімдер,  кәсіби  іскерліктер, 
психологиялық және педагогикалық білімдер; 
•  субъективті  сипаттамалар:  психологиялық  ұстанымдар,  тұлғалық 
ерекшеліктер. 
А.  К  Марков  бойынша  маңызды  кәсіби  сапаларға  жатады: 
педагогикалық  ой-ӛріс,  педагогикалық  мақсаткерлік,  педагогикалық 
(тәжірибелік  және  диагностикалық)  ойлау,  педагогикалық  интуиция, 
педагогикалық  импровизация,  педагогикалық  байқағыштық,  педагогикалық 
оптимизм,  педагогикалық  тапқырлық,  педагогикалық  болжампаздық  және 
педагогикалық рефлексия. 
 Қазақстан  Республикасының  жаңа  формация  педагогына  үздіксіз 
педагогикалық  білім  беру  тұжырымдамасында  қазіргі  педагогқа  қойылатын 
келесі  талаптардың  сипаттамасын  анықтайтын:  Жаңа  формация  мұғалімі  – 
үздіксіз  ӛзін-ӛзі  жетілдіруге  ұмтылатын,  педагогикалық  құралдардың  бүкіл 
алуан  түрлілігін кәсіби меңгерген, рухани дамыған, әлеуметтік кемелденген, 
шығармашыл  тұлға,  құзыретті  маман.  Ол  ӛзіне  жоғары  білімді  және 
шығармашыл  тұлғаны  қалыптастыру  мен  дамыту  үшін  жауапкершілікті 
алады.   
Кәсіпқой  мұғалім  ӛз  пәнін  жетік  біліп  қана  қоймай,  педагогикалық 
үрдістегі  әрбір  қатысушының  орнын  кӛре  білу,  оқушылардың  әрекетін 
ұйымдастыра  алу  және  оның  нәтижелерін  болжай  алу,  мүмкін 
ауытқушылықтарды түзете алу тиіс.  
Жаңа  формация  мұғалімі  меңгеруі  тиіс  педагог  құзыреттілігі 
құзырлықтардың үш тобының қалыптасу деңгейіне байланысты: әдіснамалық 


(психологиялық-педагогикалық)  құзырлық;  жалпы  мәдени  (дүниетанымдық) 
құзырлық; пәндік бағдарланған құзырлық.  
Педагогикалық  әрекеттің  шығармашылық  бағыттылығы  мұғалім 
бойында келесі білім, іскерлік, сапалардың болуын қарастырады:  
1)  жаңа  формация  мұғалімі  ретінде  ӛз  мүмкіндіктерін  объективті 
бағалай  алу,  аталған  мамандық  үшін  маңызды  (ӛзін-ӛзі  реттеу,  ӛзін-ӛзі 
бағалау 
ерекшеліктері, 
эмоционалдық 
кӛріністер, 
коммуникативті, 
дидактикалық қабілеттер және т.б.) мықты және әлсіз жақтарын білу;  
2)  интеллектуалдық  әрекеттің  жалпы  мәдениетін  (ойлау,  есте  сақтау, 
қабылдау, қиял, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін, оның ішінде 
педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі;  
3)  мәні  қазіргі  білім  беру  полимәдениетті  болып  бара  жатқанын, 
сәйкесінше  мұғалімнің  кең  тілдік  даярлығын  қажет  ететін,  жүріп  жатқан 
интеграциялық  үрдістерде,  әлемдік  білім  беру  кеңістігі  дамуының 
тенденцияларында бағдарлана алу. 
 

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау