Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет38/75
Дата04.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#36257
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   75
Жоғары мектеп педагогикасы

Оқытушылық тренинг 
Тренинг  сӛзі  ағылшын  тіліндегі  Training  –  тәрбие,  оқыту,  дайындық  
деген сӛзінен шыққан.  
Тренингтер  іскерліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыруға  және 
жетілдіруге,  белгілі  бір  іс-әрекеттің  тиімділігін  жоғарылатуға  бағытталған 
түрлі  жаттығулардың  бағдарламасын  жоспарлы  жүзеге  асыру  арқылы  іске 
асырылады. 
«Тренинг» түсінігі жаттығу, белгілі бір іскерліктерді жаттықтыру деген 
сӛзден  құралған,  алғашында  психологияда  құрастырылып  пайдаланылған, 
оқушылардың  дамуында  жоғары  нәтижелілігінің  болуына  байланысты  ол 
бүгінгі күні жоғары қолданысқа ие.  
З.А.Исаева, А.К.Мынбаева, З.М.Садвакасова айтуынша тренинг теория 
мен  практика  арасында,  қабілеттіліктер  мен  іскерліктер  арасында 
байланыстырушы функцияларды атқарады. 
Сӛйтіп,  тренингтер  деп  оқылатын  материалды  практикалық 
жаттықтыруға  басты  назар  аударылатын  оқыту  түрін  атайды.  Ол  арнайы 
құрастырылған  жағдайларды  модельдеу  барысында  оқушыларға  қажетті 
білімдер  мен  дағдыларды  дамытуға  және  бекітуге,  ӛз  тәжірибесіне  басқаша 
кӛзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіншілік береді.  
Тренинг  ұғымы  жалпы  жинақтаушылық  сипатқа  ие,  ӛйткені 
тренингтерде  кең  тұрғыда  түрлі  белсенді  оқыту  әдістері  мен  техникалары: 
іскерлік,  рӛлдік  және  имитациялық  ойындар,  нақты  жағдаяттарды  талдау 
және топтық дискуссиялар қолданылады.   
Пікір-талас
.   
Еліміздегі  Университетке  дейінгі  Пікірталастардың  Ұлттық  Лигасы 
пікірталас  ойындары  туралы  келесі  пікір  айтады:  «Пікірталас  (ағылшын  - 
debate)    -  пікір-сайыс,  белгілі  бір  құбылыс  немесе  мәселе  бойынша  пікір 
таластыру.  Пікірталас  талқылауды  қажет  ететін  мәселелерді  (спорных 
проблем) бӛлшектенген құрылымдық зерттеу үшін арналған. Сонымен бірге, 


логиканы, сыни ойлауды және демократиялық диалогты жүргізу дағдыларын  
дамытудың тиімді жаттығуы болып табылады». 
Бүгінгі  түсінігіміздегі  пікірталастар,  белгілі  бір  мәселелерді  шешуде 
шешен  сӛз  шеберлерінің  пікірталастары  ретінде  Ежелгі  Грецияда  пайда 
болды.  Кейін  пікірталастар  Еуропада  пайда  болды,  әсіресе  пікірталастар 
АҚШ-та  кең  таралды.  Осында  пікірталастардың  дәстүрлері  дамытылып 
жетілдірілді.  Бүгінгі  күні,  КСРО  құрамына  кірген  кӛптеген  мемлекеттер 
ашық  және  демократиялық  қоғам  құру  мақсатында  пікірталастарды 
қолдануда.  Біртіндеп,  үлкендер  қауымдастығынан  пікірталастар  жастар 
қауымдастығына  ене  бастады.  Қазір,  пікірталастар  әлемдегі  студенттер  мен 
оқушылардың  айналысатын  кең  таралған  қызықты  ісіне  айналуда.    Оған 
дәлел, бүгінгі күні пікірталас турнирлері халықаралық деңгейде ӛткізілуде.  
Пікірталас 
ойындарының 
мақсаты 
– 
білім 
алушылардың 
дүниетанымын  кеңейту,  санасын,  патриоттық  сезімдерін  және  азаматтық  
белсенділіктерін дамыту. Пікірталас ойындары келесі дағдыларды дамытады: 
 - логикалық және сыни ойлауды; 
- ауызша сӛйлеу дағдыларын; 
- түрлі кӛзқарастар мен пікірлерге тӛзімділікті; 
- ӛзіне деген сенімділікті; 
- топта жұмыс істеу қабілеттілігін; 
- бұқаралық сӛйлеу үлгілерін, дағдыларын; 
- қорытындылар мен тұжырымдар жасау дағдыларын; 
- проблемаларды тиімді шешудің дағдыларын; 
- ӛзінің ойлау процесін бағалау дағдыларын. 
Пікірталас ойындары – ӛте пайдалы ойын, ол білім алушыларды дұрыс 
сӛйлеуге,  ӛз  ойларын  конкструктивті  түрде  ұсынуға  және  қорғауға, 
басқаларды  тыңдай  білуге  үйретеді.  Пікірталастар  -  ол  ереже  бойынша 
топтық  пікір-сайыс,  ол  арқылы  білім  алушылар  ӛз  пікірлерін  жұдырықтың 
күшімен  немесе  ұрыс  арқылы  емес,  ӛз  ойларын  дәйектер  негізінде 
дәлелдейді. 
Пікірталас  ойындарын ұйымдастыру  үшін  білім  алушылар  екі  қарама-
қарсы екі топқа бӛлінеді. Әрбір топта екі-үш студенттер біріктіріледі, бірінші 
топ  жақтаушы,  ал  екінші  топ  даттаушы  болып  тағайындалады.  Білім 
алушылар алдын-ала берілген тақырып бойынша мәліметтер жинап, дәйектер 
құрастырады.  Осы  кезде  ілім  алушылар  ақпаратпен  жұмыс  дағдыларын, 
топтық  жұмыс  дағдыларын,  логикалық  және  сыни  ойлау  дағдыларын  
меңгереді.  
Пікірталас  ойындары  барысында  әрбір  топ  мәселе  бойынша  ӛзінің 
ұстанымын  конструктивті  түрде  ұсынады.  Пікірталас  арқылы  білім 
алушылардың  бұқаралық  сӛйлеу  дағдылары,  ӛзіне  деген  сенімділік, 
сұрақтарды  құрастыру,  сұрықтарға  жауап  беру  іскерлігі,  ӛз  пікірін  дұрыс 
жеткізе  білу,  басқа  адамдардың  пікірін  тыңдай  білу  сияқты  менеджерлік 
құзыреттілік үшін маңызды дағдылар мен қасиеттерді игереді. 

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   75




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау