бетінше ізденуге жол ашып, оқушының қызығушылық ынтасын дамыту, өз
бетімен жұмыстар жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық
бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау
қабілеттерін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда,
әртүрлі қоғамдық ортада өзін –өзі көрсете білуге бейімдеу мақсатында
оқушылар «Жаяу Мұса және өлмес мұра», «Үкілі Ыбырай және қазіргі
жастардың махаббаты», «Балуан Шолақ және ХХІ ғасыр жастары», «Естай
Беркімбайұлы мен өнер» тақырыптарындағы жоба жұмыстарын қорғап
шықты. Оқушы өз пікірін толық жеткізу мақсатында әдеби терминдер мен
көркемдегіш құралдарды пайдалана білуге дағдыланды. Сабақ соңында
жазылған эссе нәтижесінде «Super star KZ» жобасына ұқсас «Серілерді
іздейміз» бағдарламасын ұйымдастыруға оқушылар тарапынан ұсыныс
жасалып, сыныптан тыс іс-шара ретінде осы жоба 9-10 сыныптар аралығында
жүзеге асырылды. Бұл оқушылар бойындағы шығармашылық қабілеттерін
оятты.
Жаңа технологияларға сүйене отырып, ой қозғау мақсатында
«Құмырсқалар пирамида тұрғызады» мультфильмін тамашалау арқылы 11
«А» сыныбында топтық жұмыс барысында «бәріміз біріміз үшін, біріміз
бәріміз үшін» ұранымен жұмыс жасағанда ғана жетістікке қол жеткізуге
болатынын оқушылар өздері дәлелдеп шықты. Біріншіден, бұл адамның
ойлау қабілетін арттырса, екіншіден, ұйымшылдаққа, ынтымақтастыққа
апарар жол екендігі дәлелденді. Осы мультфильмді 11 «А» сыныбында
қазақ тілі пәнінен «Варваризмдер» тақырыбында өткен сабақта қолдану
арқылы оқушылар: «баршамыз бірлескен түрде тілге қамқор болған
жағдайда ғана қазақ тілінің өсіп-өркендеуіне жол аша аламыз» деген
қорытындыға келуіне әсерін тигізді. Яғни бала бойында қазіргі кезден тілге
деген жауапкершілік сезімін қалаптастыруға ықпал ете алды. Тіл-қоғамдық
құбылыс екені баршаға мәлім. Яғни қоғам қалай болса, тіл де солай
өзгермек. Ал мемлекеттік тілімізге қамқор болу мемлекетіміздегі кез
келген адамның басты парызы. Ендеше, мектеп қабырғасында оқушыға
тілді меңгертіп
қана қою жеткіліксіз, әр оқушы
тілдің қыр-сырын терең
меңгеріп, шешендік шеберлікпен тілдік детальдарды қолдана отырып,
ойын жеткізе алатындай дәрежеге жеткізу-тіл маманының ең басты
міндеті.
Оқушы да компьютер сияқты, оның жадына не салсаң, соны сақтай
береді. Сондықтан «Қоқыс жәшігі» әдісі арқылы 10 «Б» сыныбындағы
әдебиеттен өткен «Абайдың өлеңдері» тақырыбындағы сабақта оқушылар
өз бойындағы жағымды мінез - құлықтарын смайликті қорапқа, жағымсыз
жақтарын «қоқыс жәшігіне» салу арқылы өз-өздеріне сыни тұрғыда баға
беруге дағдыланды. Бұл оқушының шамына тимей, өз бойындағы
жағымсыз қасиеттерден жиреніп, жақсылыққа талпынуға шақыратын тәсіл.
Зейінді шоғырландыруға арналған «Суретті салыстырамыз» жаттығуы
арқылы кез келген нәрсеге аса зейін қойып қарау керектігін білуге болады.
Осы жаттығуды 8 сынып оқушылармен қазақ тілі пәнінен өткен «Құрмалас
сөйлем» тақырыбында шебер қолдана білдім. Салалас және сабақтас
155