Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» «біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ»



жүктеу 2,55 Mb.
Pdf просмотр
бет21/122
Дата15.01.2020
өлшемі2,55 Mb.
#26745
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   122

өзгерістер, жаңартулар енгізу  өзекті мәселеге айналғаны анық көрініс беріп 
отыр.  
    
Білім  беру  саласында  да  осындай  үлкен  өзгерістердің  орын  алып 
жатқаны белгілі.  Бүгінгі таңда еліміздің  барлық мектептерінде білім берудің 
жаңартылған  формаларымен  сабақтар  өткізілуде.  Бұған  дәлел  ретінде  
өзіміздің  мектебімізде  өткізіліп  жүрген  жаңартылған  формадағы 
педкеңестерді  айта  аламын.  Жаңартылған    бағдарлама  бойынша  курсқа 
келместен бұрын мен мектептегі «Тәжірибедегі рефлексия»  курсын  аяқтаған 
болатынмын.  «Тәжірибедегі рефлексия»  курсы арқылы мен  «қалай оқыту 
керек?» деген сұраққа жауап таптым. Алайда бұл жалпы әдістеме бойынша 
меңгергенім еді. Жаңартылған бағдарлама курсынан  өз пәніме қатысты оқу 
бағдарламасын негізге ала отырып  жоспар құрудан бастап,  әдіс – тәсілдерді 
модерациялауда  нақты әдістемелік көмек ала алдым 
    
Курстың алғашқы күнінен бастап тренерім Бағдарламаның мақсаттары 
мен  міндеттерін  толықтай  түсіндіре  отырып,  оқудағы  мазмұн  емес,  тек 
форманың өзгеретініне баса назар аударды.  
       
Бастапқыда «сонда қандай формада сабақ өтеміз?» деген сұрақ болды 
баршамызда.    Уақыт  өте  келе  барлық  сұрақтарыма  жауап  таба  бастадым. 
«Топтық  жұмыс»,    «бірлескен  жұмыс»,  «кері  байланыс»,  «рефлексия», 
«кретериалды  бағалау»,  «миға  шабуыл»  ,  «диалог»  ұғымдары  маған  бұған 
дейінгі курстан да таныс болатын.    
     
Дегенмен мен өз пәніме қатысты көптеген құнды дүниелерді осы курстан  
алдым.  Алдымен,  «Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулықпен»    таныстым.  Әр 
сабақ сайын қолданатын «Үлестірме материалдар»  тренерден алған білімді 
толықтырып  отырды.  Бағдарламадағы  негізгі  құндылықтар  оқушы  бойында   
сын  тұрғысынан  ойлай  білу    қабілетінің  ,    білімді  шығармашылық  тұрғыда 
қолдана білу қабілетінің, проблемаларды шешу қабілетінің, ғылыми-зерттеу 
дағдыларының,  қарым-қатынас  дағдыларының,  жеке  және  топпен  жұмыс 
істей  алу  қабілетінің,  АКТ  саласындағы  дағдыларының  қалыптасуына  жол  
ашатынын  білдім [1]. 
       
Курстың  алғашқы  күндері  тренер    топпен,  жеке,  жұппен    және  бүкіл 
сынып  болып  орындалатын  жұмыстарға  тоқталды.  осы  негізде  берілген 
тапсырмалар  арқылы  мен    топқа,  жеке  орындауға  және  сыныппен 
орындалатын    тапсырмаларды  орынды  қолдану  арқылы  оқушыларға  
материалды тиімді   жеткізуге болатынын түсіндім.       
     
Оқушыға сұрақ қою арқылы оның ойлану дағдысын жетілдіруге болады. 
Бірақ сол сұрақтар қандай сипатта болу керек деген сұрақ төңірегінде ойлана 
бермейміз.  Тіл  мен  әдебиет  сабақтары    оқушының    ұшқыр  ойын,  ұтымды 
жауабын,  шебер  сөйлей  білуін    талап  етеді.  Ал  оқушыны  біржақты  «ия» 
немесе  «жоқ»,  «білмеймін»  деген  жауаптар  алуға  апаратын  сұрақтар 
оқушылардың  бойында  жоғарыдағы  дағдыларды  қалыптастыра  алмайды.  
Сұрақтар  оқушыны  ары  қарай  ойлануға  ынталандыра  түсуі  керек.  Осы 
тұрғыда жабық сұраққа қарағанда ашық сұрақтар ойлауға түрткі болатынын 
түсіндім.  
46 
 


        
Бұдан  түйген  қорытындым:  «оқушыны  сыни  пікір  айта  алуға  қалай 
әкелу  керек?»  деген  сауалда    оқушының  өзінің  ойлануына  мүмкіндік 
жасауымыз  керек,  яғни  оқушыда  ойлау  туралы  ойлана  білу  дағдысын  
дамыта білуіміз керек. Мен мұндай қорытындыға тренердің тәжірибе арқылы 
көрсеткен тамаша сабақтарынан соң келдім.  
      
Оқушының орнына әрқайсымыз өзімізді қойып, сол әдістердің бәрін өз 
бойымыздан  өткіздік.  Бірден  теориялық  білімнен  бастамай,  алдымен 
тәжірибеде өзімізге жасатып , онан соң сол  әдістердің   мазмұнын  теорияда 
түсіндіретін тренердің осы  тәсілі маған өте ұнады.   
Сабақта  қолданатын  әдістер  өте      көп.  Дегенмен  оларды  мақсатты 
қолдану арқылы ғана нәтижеге қол жеткізуге болады.   
    
Бағдарлама мынадай оқу мақсаттарын қамтиды:  
тыңдалым  және  айтылым,  оқылым,  жазылым,  әдеби  тіл  нормалары. 
Бағдарламаның  оқу  мақсаттарымен  жеке  танысу  барысында  әрбір  оқу 
мақсаты  оқушы  бойында    сан  түрлі  дағдылардың  қалыптасып,  бірізді 
дамуына септігін тигізетініне көз жеткіздім.  Ең бастысы – осы мақсаттарды 
бір  –бірінен    алшақ  қолданбай,  сабақ  барысында    барлығын  үйлесімдікпен 
қатар алып жүру арқылы материалды жан- жақты меңгертуге болады деген 
қорытындыға келдім. Бұған дейінгі оқу бағдарламасында   теориялық   сипат 
басым  болса,  жаңартылған  бағдарламада  теорияға  мәтін  арқылы  келу 
бастапқы орынға қойылған. Сәйкесінше тақырыптар да өзгеше берілген.  
    
Қазақ  тілі  мен  қазақ  әдебиеті  пәнінің  күнтізбелік  жоспарларының 
жобасында  әрбір сабақ тақырыптары үлкен  бөлімдерге ,  әр бөлімге қатысты 
тақырыптар  бөлімшелерге  бөлініп,    оқу  мақсаттары  айқын    жазылған.    Бір 
тақырыпта  оқу  мақсатына  сәйкес  оқушылардың  тыңдалым,  айтылым, 
жазылым,  оқылым  дағдыларына  арналған  мақсаттар  қойылған.  Оқу 
мақсаттары  жүйеленіп,    кодтармен  берілген.  Оқу  мақсатына  сәйкес  сабақ 
мақсаты  анықталады.  Осы  тұста    бұған  дейін  біз  тапсырмаларды  алдымен 
жазып,  сонан  соң  критерий  құрастырып  жүрген  болсақ,  жаңартылған 
бағдарламада  алдымен оқу мақсатына сай критерий құрып, сонан кейін сол 
критерийлерге  лайықталған  тапсырмалар    құрастыру  қажет  екендігін 
түсіндім.  
      
Қай  пәнде  болмасын  оқушы  білімінің  бағалануы  өзекті  мәселе  екені 
даусыз. «2016- 2017 оқу жылында жаңартылған бағдарлама аясында жалпы 
білім  беретін  оқу  бағдарламаларын  жүзеге  асыратын  білім  беру 
ұйымдарында    білім  алушылардың  оқу  жетістіктеріне  критериалды  бағалау  
өткізудің  тәртібі  туралы  нұсқаулықпен»  танысу  барысында  критериалды 
бағалаудың  оқушы  білімін    бағалауда    нақтылыққа  негізделгеніне  көз 
жеткіздім.  Қысқа  мерзімді  сабақ  жоспарларын  дайындау  барысында 
бағалауға  баса  назар  аудардым.  Әр  тапсырмадан  соң  дескриптор  құрып, 
бағалаудың  формасын  қатар  анықтап  отыру  туралы    тренердің  берген 
бағытын  басшылыққа  алдым.  Оқушының  әрбір  жұмысын   бағалау    арқылы 
оның  берген  білімді  қаншалықты      игеріп      отырғандығын  үнемі  назарда 
ұстауда болады екен деген ой түйдім.  
47 
 


жүктеу 2,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   122




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау