Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі М. Х. Дулати атындағы



жүктеу 1,65 Mb.
Pdf просмотр
бет8/128
Дата21.01.2022
өлшемі1,65 Mb.
#34207
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   128
Aubakirov Et jane Et onimderi

Ашып кету және майланып бұзылу.
 
Түзілген тотықтар әрі қарай  екінші 
ретті  түзілістерге  шалдығады,  оның  нәтижесінде  үлкен  көлемде  алуан
-
түрлі 
байланыстар  пайда  болады.  Олардың  арасында  альдегидтер,  төмен 
молекулалық  қышқылдар,  кетондар,  оксиқышқылдар  және  өзге  байланыстар 
анықталды.
 
Органикалық  қосылыстардың  көрсетілген  топтарының  көптеген  өкілдері 
иісі  және  дәмі  жағымсыз,  қышқылданған  майлардың  құрамында  табылғаны 
белгілі. Мысалы, гептильді және майлы альдегидтердің аса ащы, жағымсыз иісі 
бар;  кейбір  өзге  альдегидтер  де,  сондай
-
ақ  алуан
-
түрлі  метилалкикетондар, 
мысалы, метилнопилкетон да жағымсыз иіспен сипатталады.
 
Май  қышқылының  өте  ащы,  тітіркендіруші  иісі  бар,  капрон  және  каприл 
қышқылдарынан тердің иісі шығады. Арнайы иіс пен дәмге ие кейбір осындай 
заттардың  жиналуы  майдың  бұзылуына  алып  келеді,  ол 
ашып  кету
 
деп 
аталады.
 
Ашып  кету  себептері  ретінде  жарықтың,  ауа  оттегісінің,  жылудың, 
микроағзалардың,  катализаторлардың  әсерлерін  айтуға  болады.  Бұл 
бұзылыстың  түрі  альдегидтер  мен  төмен  молекулярлы  қышқылдардың  пайда 
болуынан  білінеді  және  органолептикалық  түрде  ашып  кеткен  дәммен  және 
иіспен  сипатталады.  Ашып  кетуге  алып  келетін  екінші  ретті  қышқылдану 
өнімдерінің  пайда  болу  механизмі  әлі  күнге  дейін  белгісіз.  Қышқылдану 


10 
 
бұзылысының екінші түрі 
майланып бұзылу
 
деп аталады және оксиқышқылдар 
түзілуінің нәтижесі болып табылады.
 
 
CH
3
 - (CH
3
)
7
 - CH - CH - (CH
2
)
7
 - 
COOH   диоксистеарин қышқылы
 
 
           OH       OH 
 
Оксиқышқылдардың 
түзілуі 
әдетте 
молекулалардың 
ұлғаюымен 
сүйемелденеді.  Бұл  жағдайда  алғашқы  өнім  ретінде  дәл  сол  тотықтар  алынады, 
олардан  полимеризация  (ірілену)  нәтижесінде  едәуір  жоғары  молекулярлық 
байланыстар пайда болады. Майланып бұзылуға майды күннің тікелей сәулесінде 
сақтау,  су,  оттегі,  катализаторлар  (темір,  қорғасын,  мыс,  қалайы  іздері), 
мөлшерден тыс механикалық өңдеу әсер етеді. Майланып бұзылу арнайы иіс пен 
майланған  дәмнің  пайда  болуымен  танылады;  пигменттердің  бұзылуы 
нәтижесінде  түсі  бар  майлар  ағарады.  Майдың  қоюлығы  едәуір  тығыздалып, 
балқу температурасы мен оның меншікті салмағы артады. 
 
Ашып  кеткен  майлар  тағамға  тек  жағымсыз  иісі  мен  дәмі  үшін  ғана  емес, 
сондай
-
ақ олардың құрамында майлар ыдырауының улы заттары болуынан және 
олардың тағамдық құндылығы едәуір жоғалатындықтан тағамға жарамай қалады. 
Майдың  қышқылдану  үдерісінде  А  және  Е  дәрумендері,  каротиноидтар  мен 
қажетті  майлы  қышқылдар  ыдырайды.  Бұзылған  майлар  стерильді,  оларда 
микроағзалар дами алмайды.
 
Сақтау  кезінде  сиыр  майының  өзгеруі.
 
Тоңазытқышта  сақтау  үдерісінде 
ерітілген  сиыр  майы  кейде  қалыпты  сары  түсін  жоғалтып,  көгерген  түске  ие 
болады. Сиыр майының қалыпты сары түсі негізінен онда β
-
каротиннің болуына 
байланысты,  себебі  ірі  қара  мал  ұлпаларда  дәл  осы  пигментті  жинау  үшін 
талғампаз қабілетімен ерекшеленеді.
 
Каротин  түйіндескен  екі  еселенген  байланыстардың  үлкен  мөлшері  бар 
көмірсутектерге жатады, оның нәтижесінде ол жеңіл қышқылданады.
 
Каротиннің  қышқылдық  өзгерістеріне  ауа  оттегісі,  жоғары  температура, 
жарық, ортаның қышқылдылығы, қанықпаған май қышқылдары, ферменттер және 
т.б.  әсерін  тигізеді.  Каротиннің  қышқылдану  үдерісінде  молекуладағы  екі 
еселенген  байланыстардың  саны  азаяды  да,  түсі  сарыдан  жасыл  арқылы  түссіз 
түске  ауысады.  Түстің  бұл  өзгерісін  майды  спектрлік  талдау  арқылы  жеңіл 
анықтауға  болады.  Каротиннің  ұзаққа  барған  қышқылдануы  майдың 
түссізденуімен,  және  әдетте,  ашып  кетумен  және  майланып  бұзылумен 
сүйемелденеді. Түссізденген сиыр майы спектрдің көрінетін облысында жарықты 
сіңірмейді. 
 
Триглицеридтерінің  құрамына  төмен  молекулярлы  қышқылдар  кірмейтін 

жүктеу 1,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   128




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау