90
кезінде және жекпе-жекте созылу, жиырылу сәттері жиі-жиі алмасып отырады. Бұлшық ет
жиырылғанда сүйекті бастырық сияқты қимылға келтіреді. Бастырық дегеніміз – тірек нүктесі
арқылы екінші жағындағы ауырлықты теңдестіру. Оны бұлшық еттің қызметі арқылы теңейді.
Бұл адам биомеханикасында да кездесетін заңдылық деуге әбден болады. Бұлшық еттердің
жұмысының артуына төмендегідей жалпы заңдылықтар себепші болатынын ескертеміз. Бұлшық
ет күшіне оның қозу дәрежесі, яғни жиі-жиі жұмыс істеуі әсер етеді. Бұлшық еттің қозу дәрежесі
адам организмінің жалпы жағдайына дұрыс тамақтану мен үздіксіз жаттығу арқылы шынығуына
байланысты. Спортшылардағы бұлшық еттің дамуының негізгі көздері үздіксіз жаттығулардың
нәтижесі екендігін жан-жақты зерттеп, дене тәрбиесі теориясына зор үлес қосқан спорт
физиологиясының негізін салушы орыс анатомы – П.Ф.Лесгафт. Оның тұжырымы бойынша,
«бұлшық еттердің статистикалық және динамикалық болып бөлініп, әрқайсысының өз
қызметтері болады» дейді.
Балуандар әрекеттеріне ерекше күш беретіндер:
1. Статистикалық бұлшық еттер. Олардың талшықтары қысқа әрі қиғаш орналасқан
және қан тамырларына өте бай, гемоглобині өте көп мөлшерде қызыл түсті. Белдесу
барысында аздаған-ақ керілудің өзіне ерекше күш-қуатты сарп етеді. Бұндай бұлшық еттер
ұзақ уақыт еттер тынымсыз жұмыс істейді. Динамикалық бұлшық еттер балуандардың
ширақ шапшаң қимыл-қозғалыстарының негізгі көзі динамикалық бұлшық еттің күш-қуаты.
Статикалық бұлшық еттерге қарағанда әлсіздеу, сондықтан да бапкерлер оның қабілетін
балуандар бойында ұзақ сақтау үшін жаттығулардың арнайы түрлерін пайдаланулары
керек.
Дзюдо күрес өнерін меңгерушілер іс-әрекеттерінде бұлшық ет жұмысы арнайы
қамқорлықты қажет ететін нәрсе. Сондықтан да бұлшық етті жаттықтырып шынықтыру
олардың өсуіне, организмнің жұмыс істеу қабілетінің артуына, жаттығушылардың ерекше көңіл
бөлулері күрес тәртібі дейміз.
Балуандар жаттығуларының жекпе-жекте қанағаттанарлық дәрежеде нәтиже берулері
олардың саналылығын қамтамасыз етуге тәуелді. Олар:
1. Күшті дамыту. Балуан күштілігі дегеніміз – қарсыласының кедергісін жеңе
отырып, оны тізе бүгуге мәжбүрлеу. Сондықтан да машықтанушылар өздерінен ауыр
салмақтағы жүк көтеру мен өзінен күші басым бәсекелеспен тіресу әдіс-айла жасау оны шыңдай
түсері хақ.
2. Шапшаңдық пен шалттықты дамыту. Бұл өз бәсекелесін тез арада тізе бүгуге
мәжбүрлеу сәті. Шалттық пен шапшаңдық денедегі бұлшық еттерді тез арада жұмысқа қосуға
байланысты. Қозғалыс арқылы шапшаңдық пен шалттықты дамытудың үш түрін атауға
болады:
қозғалыс
реакциясының
қарсыласына
құпиялығы,
жекелеген
қозғалыстың
жылдамдығы; қозғалыстардың өте жиілігі. Бұл жоғарыдағы қозғалыстар бір-бірімен
байланысты болғанда ғана жақсы нәтиже берері анық.
3. Төзімділікті дамыту. Балуандар әрекетіндегі ерекше сапалардың бірі спорттық
төзімділік. Яғни, жекпе-жек барысындағы ұзақ уақытқа жалғасатын және шаршап-шалдығуға
төтеп бере алатын организмнің қасиеті. Мысалы, машықтану барысында арнайы күрес
жаттығуларының толыссыз орындалу сәттері. Ол спортшы организмі мен дененің ағзалары
арасындағы үйлесімді қимыл-қозғалыс сәтінен көрінетін сапалар. Төзімділік сапасын
ерекше қажет ететін спорттық күрес өнері. Себебі, қимыл-қозғалыс жағдайының белдесу
барысындағы әртүрлілігіне байланысты қалыптасқан төзімділік қасиеті де қырынан көрініп
отырады.
Спорттың жеке түрлеріне сәйкес төзімділіктердің сапаларын байқауға болады.
Спорттық төзімділіктің бірнеше түрлерін анықтауға болады, атап айтқанда: күш-қуат
төзімділігі, ұзақ уақыт шапшаң қимыл төзімділігі, тынымсыз жаттығулар комплексін
орындауға себепші төзімділіктер т.б.
Төзімділікті қалыптастыру мен биік спорттық дағдыға айналдырудың өзіндік
әдістемелері бар:
91
1. Арнайы төзімділік – бұлар балуандардың жекпе-жек барысындағы өзіне ерекше
ұнайтын тәсілді қолдану жолындағы тынымсыз шабуылы. Қазіргі күрес тактикасына тән
ерекшелік шапшаң қимыл арқылы өз қарсыласын қателесуге мәжбүрлеу болып саналады. Бұл
кезеңдегі балуанға ең тиімдісі сәт, шалт «қимыл төзімділігі» жеңіске жету. Күрес спортына тән
арнайы төзімділікті қалыптастыру жаттығулары, жалпы күш-қуат төзімділігін қалыптастырудың
негізі болып саналады. Сондықтан да жаттығу арқылы дағдыға айналған жалпы және арнайы
төзімділікті дамытудың екі заңы бар: жаттығулар жүйесін таңдап пайдалану мен арнайы
әдістеме арқылы күрес жаттығуларының ізбе-ізділігі.
2. Ептілікті жетілдіру. Ептілікке тән сапалар: тәсілқойлық ептілік шеберлік, шеберлік пен
оңтайлылық. Қандай да болсын еркін қимыл-қозғалыс бір нақты шешімге бағытталады (шалу,
тобықтан қағу, жамбасқа алу т.б. тәсілдерді пайдалану сәттер).
Балуан қозғалысының күрделігігі кілем үстіндегі әртүрлі себептерге байланысты
анықталады, әсіресе орындалған тәсіл-айланың кезектілігіне, бір мезгілде іске асуына
байланысты. Ал әдіс тиімділігінің күрделілігі нағыз балуанға тән ептілік пен шеберлік бастауы.
Кілем үстіндегі қозғалыстың жекпе-жек міндетіне үйлесімділігі қимылдың кеңістік
уақытта дер кезінде дұрыс және сәтті орындалуына үнемі байланысты. Тәсілқойлық біріншіден,
жаңа қимылды тез игеру мүмкіншілігіне байланысты болса, екіншіден, жекпе-жек барысында
жағдайдың кенет өзгеруіне байланысты қозғалысты өзгерте білу мүмкіншілігіне де байланысты
болады. Бұл сәтте белдесуші оңтайлы өз пайдасына шешуді үйреншікті дағдыға айналдыра
білулері керек. Күрес өнерін үйренуші жасөспірімдердің негізгі міндеттерінің бірі кілем
үстіндегі қозғалыстың әртүрлі дағдыларын жетік игеру болып табылады. Мұндай қимыл-
қозғалыс әрекеттерінің сан алуан түрлерін жетік меңгеру, дененің емін-еркін жұмыс істеу
мүмкіншіліктерін жақсартады.
Ептілік тәсілқойлыққа баулу бапкер мақсаты, оларды шыңдау алдын ала оқу-жаттығу
тәжірибесін жоспарлау жүйесіне байланысты. Ептілікті дамыту үшін жаңа қимыл-
қозғалыстарды күрделендіретін жаттығулар жүйесін ойластыру қажет. Епті тәсілқой
балуандарға тән ерекшеліктер – кілем үстінде өз қозғалысын басқара алатын, кандай болмасын
күрес спорты жаттығуларының жаңа түрлерін тез үйренетін, жағдайдың өзгеруіне байланысты
өз әдіс-айласын тиімді қолдана алатын балуанның сапалық қасиеті екендігіне күмән жоқ.
Ептілік, көбінесе анализаторлардың қызметіне бағынады да, дененің басқа сапаларымен
өте тығыз байланыста дамып, күрделеніп отыратын сапалар. Балуандардағы ептілікті
жетілдіруге арналған күрес жаттығулар өте күрделі, оның орындалуы бұлшық ет жұмысының
қалыпты бір деңгейде өтуін талап етеді. Шамадан тыс шаршаған организм ондай жаттығуларды
көңілдегідей орындай алмайды. Сондықтан да тәсілқойлық күрес жаттығуларын
машықтанушылардың тың кезеңдерінде үйрету жақсы нәтиже береді.
Әдебиеттер
1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы»
17.02.2000
2. А.Катулин. Спортивная борьба. М., 1973
3. А.Асаубаев Спортивный борьба (учебно-методическое пособие для тренеров и
спортсменов). – Алматы, 2006
4. Каражанов Б.К. Психомоторные способности спортсменов. Сборник научных
статей Казахского института физической культуры. – Алматы: 1994
5. Новиков А.А. Управление тренеровочным процессом //Спортивная борьба:
Ежегодник, 1976