Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі балалардың ҚҰҚЫҚтарын қОРҒау комитетінің тапсырысы бойынша дайындалды «xxi ғасырдағЫ Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол»



жүктеу 325,5 Kb.
бет2/2
Дата08.02.2020
өлшемі325,5 Kb.
#28647
түріСценарий
1   2
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: өз балаңа үлгі бол» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫН ӨТКІЗУДІҢ СЦЕНАРИЙІ

Бастауыш мектеп оқушыларының (2– 4 сыныптар) ата-аналарына психология-педагогикалық көмек.


13 қазан 2018

Мектеп директоры мен психологы үшін: конференция жүргізудің сценарийімен өте мұқият танысып шығу қажет.

Алдын ала барлық техникалық мәселелерді (экран бүкіл сахнада көретіледі, микрофонар, дыбыстауға арналған колонкалар, мінбер, компьютер, проектор) қарастыру қажет.

Проекторда жеке дайындалған адам отырады, ол психологты мұқият тыңдайды және қажет сәтте кідіріссіз слайдтарды қосады. Іркіліс болмауы керек. Барлығы айқын, дәл, түсінікті болуы тиіс.

Ата-аналар конференция өтетін өз алаңдарына (мектептің акт залдарына) келеді. Ата-аналар жиналғанша фондық музыка қосылады. Мектеп әкімшілігі алдын ала тіркеуге арналған үстелдер дайындап қояды, оларды фойеге орналастыру қажет. Осы мектептің педагогтарынан құралған тіркеушілер ата-аналарды тіркеуді жүргізеді. Тіркеу кезінде АТА-АНАЛАРҒА жадынамалар мен сауалнамалар беріледі. Тіркеушілер ата-аналарға олар конференцияда толтыратын сауалнамаларды конференция аяқталғаннан кейін шығар кезде қайтаруы тиіс екенін ескертеді. Бұл туралы, ата-аналар сауалнама толтырғаннан кейін іс-шарадан шығарда оларды міндетті түрде тапсырып кету қажет екенін конференцияны жүргізетін психолог тағы бір рет айтады.
Залдағы экранда №1 слайд
Конференцияны мектеп директорлары (конференция өтетін мектептің) ашады (модерациялайды). Ата-аналарға қошемет көрсетеді және қонақтарды («Нұр Отан» партиясының өкілдерін, депутаттарды, әкімдіктер, ҮЕҰ өкілдерін) таныстырады. Шақырылған қонақтармен келісім бойынша модератор (мектеп директоры) шақырылған қонақтарға сөз береді - (бұған -15 мин.). Одан әрі модератор сөз сөйлейді: Құрметті конференция қатысушылары, Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Төрағасы ОРШЫБЕКОВ НҰРБЕК ӘБУБЕКҰЛЫНЫҢ үндеу хатын тыңдауды ұсынамын.
( Хатты мектеп директоры оқиды)
Құрметті мектеп басшылары, педагогтар, психологтар және мектеп оқушыларының ата-аналары!

Қазақстан Республикасының Отбасы күнімен құттықтаймын.

Бүгін сіздер айрықша маңызды іс-шара – «21-ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты республикалық ата-аналар конференциясына қатысып отырсыздар. Бұл мектептің оқушылардың отасыларымен жұмысының инновациялық формасы.

Әрқайсыңыз түсінесіздер: біздің мемлекетіміз балалардың денсаулығын қамтамасыз етуге, олардың тәрбиесі мен білім алуына орасан зор күштер мен құралдарды жұмсап, отбасы проблемаларын жіті назарда ұстайды. Отан мүддесі үшін өскелең ұрпақтардың еңбек және зияткерлік әлеуетін дамыту міндеті еліміздің мемлекеттік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Ал ата-ананың міндеті неде? Қазіргі заманғы ата-аналар әрқайсысы өз отбасында бала дамуы мен тәрбиесі үшін оңтайлы жағдайлар жасап қана қоймай, сонымен қатар мұғалімермен және мектеп әкімшілігімен тұрақты түрде өзара әрекет етуі тиіс.

Бала мүддесіне немқұрайлылық атмосферасы орнаған отбасыларда, ата-ана балаларын белсенді, жауапкершілікпен тәрбиелеуден қашқақтайтын отбасыларда балалардың оқуда, мұғалімдерімен және құрдастарымен қарым-қатынаста қиналатынын бәріміз білеміз. Ата-ана неқұрайлылығы немесе ата-ана озбырлығының қысымында болатын бала екіжүзді, және оның қарсылығы мейірімсізденуден ызаға ұласады. Сонымен бір мезгілде оның өз абырой сезімі мәңгілікке жоғалады.

Жасөспірімдік жаста бұл девианттық мінез-құлықтың көптеген формаларына әкеп соғады – жасөспірімдер шылым шеге бастайды, бейпіл ауыз болады, өз міндеттерін елемейді, кейде тіпті алкоголь мен есірткі тұтынады немесе шынайы өмірден компьютерлік ойындардың, әлеуметтік желідегі қарым-қатынастардың виртуалды әлеміне кетеді. Отбасында қолдау мен түсіністік болмағандықтан, жасөспірімдер теле- және интернет-тәуелділік, нашақорлық, ойынқұмарлық, дүниеқоңыздық секілді қазіргі әлемнің көптеген жағымсыз азғырындыларына оңай еріп кетеді, эмоционалдық тұрғыда салқын болады.

Ал егер отбасы сүйіспеншілікте, сыйластықта және өзара түсіністікте, мейірімділікте және тілекстестікте өмір сүрсе, онда балада дұрыс өзін-өзі бағалау қалыптасады, ол өзіне сенімді, оның жақсы оқуға деген ынтасы бар; ол сыныптастарымен достасқысы келеді және дос болады; педагогтарға сыйластықпен қарайды. Есейгенде ол алдына жоғары мақсаттар қояды және мақсатты түрде оларға қол жеткізеді.

Қазіргі қиын жағдайларда ата-аналар мектеп тарапынан білікті көмекке мұқтаж. Ата-ананың педагогикалық біліксіздігінің зардабы тым ауыр болуы мүмкін; өзіңнің ата-ана ретіндегі қателеріңді түзетіп баланы қайта тәрбиелеу, басынан бастап баланы теріс әрекеттер жасамай, теріс сөздер айтпай дұрыс тәрбиелегеннен әлдеқайда қиын екенін бәріміз білеміз. Сондықтан да ата-ананың педагогикалық мәдениетін арттыру – әрбір жекелеген отбасының да, жалпы бүкіл қоғамның да міндеті.

Оқу – бұл қиын да жауапты жол.  Балаңа қалай көмектесу керек? Оның жолында кездесуі мүмкін қауіптерден оны қалай қорғауға болады? Міне осы жайлы бүгінгі конференциямызда сөз ететін боламыз.

Құрметті конференция қатысушылары! Бұл конференцияның сіздерге ата-ана ретіндегі шеберліктеріңізді шыңдауға және мектеппен, педагогтармен, психологтармен, мектеп басшыларымен өзара әрекет ету тиімділігін арттыруға көмектеседі деген сенім білдіруге рұқсат етіңіздер.

Барлық конференция қатысушыларына үлкен шығармашылық табыстар тілеймін!

«Отбасы мен отбасылық құндылықтарды қолдау жөніндегі Қазақстан ата-аналар қауымдастығының» бастауыш мектеп оқушыларының (2-4 сынып оқушыларының) ата-аналарына

1 бейнеролигі (Үндеуі)


Бейнеүндеуден кейін тағы да №1 слайд қосылады және модератор (мектеп директоры) сөйлейді:

Құрметті ата-аналар! Біз барлықтарыңызды мектебіміздің қабырғасында көргенімізге қуаныштымыз. Сіздердің балаларыңыз мектепте оқудың алғашқы жылының қиындықтарын сәтті еңсерді. Олар ересек болды, көбірек дербестік алды. Алайда, сіздер олар үшін бұрынғыша ең маңызды беделді адамдарсыздар. Олар дәл сіздерден адамгершілік рухани құндылықтардың бүкіл жүйесін меңгереді, сіздердің тікелей ықпалдарыңызбен әлемге, адамдардың өзара қарым-қатынастарына, бұл әлемдегі оз орнына деген көзқарастарын қалыптастырады.

«Бала үйінде көргенін істейді, ата-анасы – оған үлгі» деген халық даналығы бекерге айтылмайды.

Және барлығымыз, біз де, педагогикалық ұжым да біздің балаларымыз үшін мектеп үйінің жайлы болуына, сыныптастарымен достық пейілге толуына, оқудағы белсенділікке, Отанымызға және оның табиғи байлықтарына махаббат, патриотизм қалыптастыру бойынша қызықты іс-шараларға толы болуына бірдей мүдделіміз. Балаларымыздың ақпараттық қауіпсіздік жағдайында оқығанын, берік отбасы, еңбекқорлық, өзі үшін, өз жақындары және өз Отаны үшін жауапкершілік секілді рухани құндылықтарды меңгергенін қалаймыз. Олар қазіргі күнде кең таралған және еліміздің бүтіндігіне, ұлт бірлігіне нақты қауіп төндіретін деструктивті діни ағымдардан зардап шекпесе екен дейміз.

Біз – педагогтар мен мектеп әкімшілігі – сіздерге оқыту және тәрбиелеу процесінде туындайтын проблемалық жағдаяттарды шешу үшін қажетті барлық ақпаратты беруге дайынбыз.

Осы мақсатта біз сіздерді «21-ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» атты республикалық конференцияға қатысуға шақырамыз, оның негізгі міндеті – 2-4 сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек көрсету.



Бүгін біздің психологтар бірінші сынып оқушыларының ата-аналары тап болатын проблемаларға бағдарланған бағдарлама дайындады. Бағдарламаны біздің мектеп психологымыз

(Т.А.Ә.).__________________________________________________ ұсынады.

Баршаңызға конференцияда сәтті жұмыс тілейміз!
Психологтың сөз сөйлеуі алдында № 2 музыкалық бейнефайл - " Менің Қазақстаным " көрсетіледі.

ПСИХОЛОГТЫҢ СӨЗ СӨЙЛЕУІ.

Бүгін біз сіздермен бірге бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының алдында тұрған аса маңызды міндеттерді қарастырамыз. Бұл міндеттер оқыту процесінің қиындықтарымен де, біздің ғасырымыз – технологиялық революция қауіптерімен де байланысты, себебі қазір балаға кішкене күнінен бастап пайдалы жағы да, бала психикасы үшін көптеген қауіптері де бар виртуалды интернет шындығы әлемі айқара ашылады.

Сондықтан психология мен педагогикадағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, тұрақты өзін-өзі бағалауды қалыптастыру бойынша баланы сауатты тәрбиелеудің, девианттық мінез-құлықтың алдын алудың әдістерін зерттеуге аналған еңбектермен танысудың және оларға құлақ түрудің маңызы бар.

Конференция бағдарламасы ұсынылған:

2 СЛАЙДТА.


Экранға назар аударалық.

1. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету : балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет.

2. Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу.

3. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.

4. Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу: ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ немесе ТӨРТ «БОЛМАЙДЫ» ЕРЕЖЕСІ.

5. Кәмелетке толмағандар ортасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

6. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары. Мектепте діни атрибутика киюге тыйым салу. Әрбір мектеп оқушысын бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.

7. ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ 10 БЕРЕКЕСІЗ ЖАҒДАЙ.

8. Балалардың бастауыш мектептегі жиі кездесетін проблемалары; тәрбие процесіндегі ата-ананың міндеті.

9. Ойын, жағымды мотивация жасаудың тәсілі ретінде.


Конференция бағдарламасында жоғарыда аталған проблемаларды шешу бойынша ұсынымдар ғана берілмеген, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша жасалған бейнероликтер де қамтылған.

3 СЛАЙД.


1 ТАҚЫРЫП. Баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – зиянды ақпарат, оның ішінде Интернет желісінде таралатын ақпарат алу арқылы баланың денсаулығына және оның дамуына (физикалық, психикалық, рухани және адамгершілік) зиян келтіру қаупін жоюды білдіреді.
4 СЛАЙД.
Баланың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
жауапкершілік оның ата-анасының мойнында.

Ата-ананың міндеті – баланың Интернетті пайдалануын өз бақылауына қою және баланың Интернет жеткізетін қызметтер мен ақпаратты тұтыну мәдениетін қалыптастыру.


5 СЛАЙД.
ИНТЕРНЕТ БАЛАЛАР ҮШІН НЕСІМЕН ҚАУІПТІ?

ҚАУІП ТҮРЛЕРІ:


  1. Тыйым салынған заттар мен ұғымдар туралы ақпарат тарататын сайттар (порнография, зорлық-зомбылық, есірткі, тыйым салынған идеология және көптеген т.б.);

  2. Ойындар;

  3. Құмар ойындар;

  4. Форумдар, әлеуметтік желілер;

  5. Зиянды тақырып сайттары;

  6. Интернетте алаяқтар көп;

  7. Шынайы өмірде алдау.

6 СЛАЙД.


Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін,
МЫНАДАЙ ЖЕТІ ЕРЕЖЕНІ ОРЫНДАУ ҚАЖЕТ.

БІРІНШІ ЕРЕЖЕ:

Балаларыңыз Интернетте немен айналысатынынан хабардар болыңыз.
7 СЛАЙД.
ЕКІНШІ ЕРЕЖЕ:

Балалардан қандай чаттарға, топтарға, хабарландыру парақшаларына кіретінін және кіммен араласатынын сұрап біліңіз. Қадағаланатын чаттардағы қарым-қатынасын құптаңыз (спорт, музыка сабақтары бойынша сыныптастарымен, достарымен және т.б.) және балалардың тек ортақ чат терезелерінде ғана араласуын талап етіңіз.


8 СЛАЙД.
ҮШІНШІ ЕРЕЖЕ:

Балаларыңызға Интернетте қандай да бір адамға өзі туралы ақпарат бермеуі (мобильді телефон нөмірі, үй мекенжайы, мектебінің атауы мен нөмірі), сондай-ақ өзі мен отбасының фотосуреттерін орналастырмауы тиіс екенін түсінуге көмектесіңіз.


9 СЛАЙД.
ТӨРТІНШІ ЕРЕЖЕ:

Балаңызға оған және сізге белгісіз адамдардан жіберілген файлдарды ашуға болмайтындығын түсіндіріңіз. Бұл файлдарда вирустар немесе зиянды, агрессивті мазмұндағы фото/бейне болуы мүмкін.


10 СЛАЙД.
БЕСІНШІ ЕРЕЖЕ:
Балаңызға Интернетте кей адамдардың өтірік айтуы және өзі көрсеткен адам болып шықпауы мүмкін екенін түсінуге көмектесіңіз. Сіздің балаңыз ешқашан өз бетінше, ересектерсіз шынайы өмірде интернет-достармен кездеспеуі керек.
11 СЛАЙД.
АЛТЫНШЫ ЕРЕЖЕ:

Балаларыңызды Интернетте біреу ренжіткен немесе агрессивті сөздерге, кінәлауға, балағаттауға тап болған жағдайда, оларды дұрыс әрекет етуге үйретіңіз. Оларға бұндай жағдайларды Сізге айтуы тиіс екенін және Сіз міндетті түрде көмектесетініңізді айтыңыз.


ЖЕТІНШІ ЕРЕЖЕ:

Сіздің үй компьютеріңізде сүзгілеу құралдарының орнатылғанына және дұрыс күйге келтірілгеніне көз жеткізіңіз (бұл жерде Сізге интернет-қауіпсіздік саласындағы маман көмектеседі).


12 СЛАЙД.
2 ТАҚЫРЫП. Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу.

КОМПЬЮТЕР ЖАУҒА АЙНАЛМАС ҮШІН, ӘРЕКЕТ ЕТУІҢІЗ КЕРЕК!

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН:

Әсіресе компьютерге ер балалар жақын болады: бір интернетке тәуелді қыз балаға 10 ер баладан келеді. Бұл ер балалардың мектептегі сәтсіздіктеріне көбірек уайымға берілетіндігімен байланысты, және қыз балаларға арналған компьютер ойындары да әлдеқайда аз ойлап табылған.

ПСИХОЛОГТАР АЙТАДЫ: көбінесе, үйде сирек болатын жұмысшыл ата-аналардың балалары желіде жоғалады.
13 СЛАЙД.
Баланың компьютерге әуестенуі оның психикалық және физикалық денсаулығы, тұлғалық дамуы және әлеуметтенуі үшін қауіпті бола бастағандығының белгілері.
• Бала оның назарын ойыннан басқаға аударуға тырысу кезінде агрессия танытады және Сіздің өтініштеріңізге жауап қатудан қалады.

• Егер Сіз баланың компьютермен өткізетін уақытын қысқартсаңыз, ол тұнжыраңқы күйге түседі.

• Мектеп оқушысында оқуда және/немесе құрдастарымен қарым-қатынаста қиындықтар туындайды.

• Бала Сізден желіде қанша уақыт өткізетінін және қандай сайттарға кіретінін жасырады.

• Бала компьютерлер мен интернет туралы үнемі ойлайды және айтады, виртуалды шындыққа оралуын қуана күтеді.

• Кіші жастағы мектеп оқушысының күн тәртібі, тамақтану және ұйқы тәртібі бұзылады.


14 СЛАЙД
КОМПЬЮТЕРГЕ ТӘУЕЛДІЛІКТІҢ СЕБЕПТЕРІ.


  • Баланың түрлі компьютер ойындарынан алуы мүмкін қызықшылықтарға тоймауы.

  • Баланың қараусыздығы: бала еркіндікте, себебі ата-ана өз проблемаларын шешуден қолы босамайды.

  • Баланың өзін бағалауы тым төмен немесе тым жоғары – шынайы өмірдегі сәтсіздіктер виртуалды өмірге сүңгуге түрткі болады.

  • Отбасындағы ересектердің психо-эмоционалдық шиеленіс күйін тудыратын үнемі болатын ұрыс-керістері, олардан бала басқа жаққа тығылғысы келеді.

  • Сыныптастары немесе құрдастары тарапынан физикалық және эмоционалды-психологиялық зорлық-зомбылық.

  • Ата-анамен, сыныптастарымен, құрдастарымен қарым-қатынастың жетіспеушілігі.

15 СЛАЙД.


Бала шынайы әлемді виртуалдыға айырбастап, БҮКІЛӘЛЕМДІК ТОРДЫҢ ШЫРМАУЫНДА ҚАЛМАУЫ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Компьютерлік тәуелділік – бұл ауру емес, оның белгілері: шындықтан қашу, өз орнын табуға қиналатын адамдарға тән.

Түсінікті сөзбен айтқанда, мектеп өмірін бастаған бала өзін жалғыз сезінеді, ересек адамға болмашы болып көрінуі мүмкін проблемаларды қалай жеңу керектігін білмейді.


16 СЛАЙД.
БІРІНШІ КЕҢЕС: интернет-тәуелділікке бейім баланың өмірін, яғни өз өміріңізді жарқын әрі қуанышқа толы ету қажет. Егер ата-ананың өздері виртуалды әлемге батса – бұл жаман үлгі. Ал егер бала күні бойы компьютерде отырып, олардың мазасын алмайтынына іштей қуанар болса, бұл одан да жаман.

ЕКІНШІ КЕҢЕС: өз балаңызбен «қазір және осы жерде» өмір сүріңіз, бірінші сынып оқушысымен интернетпен еш байланысы жоқ жарқын сәттерді бастан өткеріңіз. Бірге хайуанаттар паркіне, балық аулауға немесе футбол ойнауға барыңыз. Виртуалды өмірге байланған балаға бұл өте пайдалы, олар бұған аса мұқтаж.
17 СЛАЙД.
ҮШІНШІ КЕҢЕС: Одан басқа дене арқылы сезінетін түйсіктермен байланысты ортақ сабақтар маңызды (бұл да интернетке тәуелді балалар үшін аса жетіспейді). Сіз ұлыңызбен пластиктен, ағаштан бұйымдар жасай аласыз, ыдысқа суреттер сала аласыз. Бастысы, балаңызбен бірге қызықты уақыт өткізесіз.

ТӨРТІНШІ, БАСТЫ КЕҢЕС: балаңыздың виртуалды емес, шынайы өмірдегі құрдастарымен, сыныптастарымен дос болуын қолдаңыз және нығайтыңыз. Оларға мереке немесе табиғатқа серуен ұйымдастыру Сіздің қолыңызда. Уақытыңыз бен эмоцияңызды аямаңыз, сонда бәрі жақсы болады!
18 СЛАЙД.
Кіші мектеп оқушысының компьютерде жұмыс істеу ережелері туралы
ЖАДЫНАМА.

1. 7- 10 жасар балалар үшін монитор алдында үздіксіз сабақ оқу ұзақтығы 15-20 минутты құрайды. Осы уақыт аралығы өткеннен кейін бала көзге арналған қысқа жаттығу жасауы керек.

2. Апта ішінде кіші мектеп оқушысы компьютерде 3 реттен артық жұмыс істеуге шамасы жетпейді.

3. Баланың көзі мен мониторға дейінгі алшақтық 60 см-дан аспауы тиіс.

4. Компьютерде жұмыс істеу және ойнау процесінде арқаны түзу ұстауды қадағалау қажет.

5. Компьютер ойындарын түске дейін ойнаған дұрыс. Олардың ұзақтығы 7-10 жасар балалар үшін 15 минуттан аспауы тиіс.

6. Компьютердегі жұмысты дене жаттығуларымен алмастырып отыру қажет.

19 СЛАЙД.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: Интернет оқу, демалу және достармен араласу үшін тамаша құрал болуы мүмкін.
БІРАҚ! Шынайы өмір секілді, ЖЕЛІ де қауіпті болуы мүмкін!
Психолог " Балалар және интернет – қауіпсіздік жолдары" атты №3 бейнероликті көруді ұсынады.
БЕЙНЕРОЛИКТЕН КЕЙІН ПСИХОЛОГ БЫЛАЙ ДЕЙДІ:

Мен осы танымдық бейнероликті тамашалағаннан кейін, Сіздердің әрқайсыңыз балаңыздың Интернетті бақылауын дұрыс бақылайсыз ба деген сұраққа ойландыңыздар деген сенімдемін. Бала ойнасын, сурет салсын, мүсін жасасын, конструктор құрастырсын, билесін, қарым-қатынас жасасын. Бала шынайы өмірде өмір сүрсін, ал компьютер ешқайда қашпайды. Бұл жерде асығыстық танытудың қажеті жоқ. Балалық шақ компьютерлік емес, нағыз балалық шақ болсын.



20 СЛАЙД.
3 ТАҚЫРЫП. ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НЫҒАЙТУ.
Тату отбасы, бақытты балалар – Мемлекет гүлденуінің сенімді іргетасы.
Отбасының беделін арттыру және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайту – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі.
Берік жұбайлар одағы, ата-ананы, құрметтеу, ана болу, әке болу, өзара құрмет пен сенім, адалдық пен махаббат – бұл отбасылық өмір салтының және үздік отбасылық дәстүрлердің негізі, бұл басты отбасылық құндылықтар.
21 СЛАЙД
АТА-АНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

  • Өз баласына кішкене күнінен бастап әр адамның өмірінде отбасының маңыздылығын түсіндіру, бала отбасының кез келген жағдайда келуге болатын орын екенін: бұл жерде сені түсінетінін және қолдайтынын, жасаған қателігіңді жөндеуге көмектесетін, болашақта қателікке ұрынбауға үйрететін орын екенін ұғынуы тиіс.

  • Жұмыс аса қауырт болған күннің өзінде, күн сайын балаңызбен және ата-анаңызбен сырласыңыз, оларға махаббатыңызды сездіру үшін уақыт табу қажет екенін ұмытпаңыз;

  • Баланың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, онымен ортақ демалыс ұйымдастыра біліңіз;

  • Жалпыұлттық, сонымен қатар, отбасыішілік отбасылық дәстүрлерді сыйлаңыз және қолдаңыз.

Балаңыз үшін дос, кеңесші, қорған болыңыз!
22 СЛАЙД.
Мемлекеттің отбасын нығайту және отбасылық құндылықтарды ілгерілету проблемасына баса назар аударуының көрінісі бес күндік оқытуға көшу және үй тапсырмаларының көлемін қысқарту болып табылады.
Бұл шаралар ата-анаға балалардың жан-жақты дамуы үшін жағдайлар жасауға – сенбіде тілдік курстар, спорттық секциялар және басқа да дамыту іс-шараларын ұйымдастыруға, сенбіде бала отбасылық құндылықтарды бойына сіңіруі үшін отбасы болып әңгіме-дүкен құруға көмектеседі.
23 СЛАЙД.
Кішкене күнінен бастап жағымды адамгершілік қасиеттерді – еңбексүйгіштікті, шыдамдылықты, жұмсақтықты, ұқыптылықты, қарапайымдылықты, адалдықты дарыту арқылы болашақ отағасын өсіру.
Бала отбасын құрметтеуі және бағалауы үшін, ата-ана өзінен бастауы керек. Егер отбасында береке болмаса, күйеуі мен әйелі үнемі ұрысатын болса, баласы үшін уақыт таппаса, балаға дәл осындай отбасы қалыпты, дұрыс болып көрінеді. Есейген соң, өз отбасын құрғанда ол да ұрыс-керіс пен жанжалды жағдайда өмір сүретін болады. Және ата-анасымен араласуға, оларға қамқорлық танытуға уақыт таппайды.
Бұл жерден шығатын қорытынды: өз балаң үшін отағасының жағымды үлгісі болуға тырысу қажет! Өз жақындарыңды жақсы көру, оларға қамқор болу, көңіл бөлу, адалдықты сақтау, алғыс айта білу, отбасылық дәстүрлерді көзіңнің қарашығындай сақтау қажет.
24 СЛАЙД.
Отбасылық құндылықтарды нығайтудың тамаша құралы отбасы тақырыбына арналған көркем әдебиетті бірлесіп оқу және талқылау болып табылады. Бұл бала бойына мейірімділік сезімін дарытуға, жағымды әсерлер алуға және отбасына, ата-анасына, аға-іні, әпке-қарындас, ата-әжесіне қамқорлықпен қарауға жағымды мотивация береді.
Отбасы – бұл бақыт, махаббат, сәттілік

Отбасы – бұл жазда бақшада серуендеу.

Отбасыбұл мереке, отбасылық айтулы күндер,

Сыйлықтар, қуаныш, шаттық.

Балалардың туғаны, алғашқы қадам, алғашқы былдыр,

Жақсылықты армандау, тебіреніс пен толқу.

Отбасы бұл еңбек, өзара қамқорлық,

Отбасы бұлүйдегі көп тірлік.
Отбасыбұл маңызды! Отбасыбұл күрделі!

Бірақ жалғыз бақытты өмір сүру мүмкін емес!

Реніш пен ұрысты шаңырақтан аулақ ұстап,

Әрқашан бірге болып, махаббатты аялаңыз.

Достарыңыз сіздер жайлы:

Қандай бақытты отбасы! - деп тамсансын!
Барлық ата-аналардың өз балаларын отбасылық құндылықтар, сүйіспеншілікте өмір сүру, өзара түсіністік пен өзара қолдау рухында тәрбиелеу секілді аса маңызды міндетін түсінуін бекіту үшін, назарларыңызға бейнематериал ұсынамыз. Экранға назар аударыңыздар.
4 " Тату отбасы – бақытты бала – гүлденген ел" БЕЙНЕРОЛИГІ КӨРСЕТІЛЕДІ
БЕЙНЕРОЛИКТЕН КЕЙІН ПСИХОЛОГ СӨЗ СӨЙЛЕЙДІ:
Баршаңыз тату отбасы жасай алатын эмоционалдық жылылықты сезіндіңіздер деп үміттенемін. Сіздердің әрқайсыңыздың да өз отбасыларыңызда осындай атмосфера жасап, өз жақындарыңызға қамқорлық пен ықылас таныту қолдарыңыздан келеді ғой. Әрбір отбасыға отбасы бақытын тілеймін.
Енді келесі тақырыбымызға көшейік.
25 СЛАЙД.
4 ТАҚЫРЫП. Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.
АТА-АНАНЫҢ МІНДЕТІ – мектептен тыс жерлерде баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оны ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН немесе ТӨРТ «БОЛМАЙДЫ» ЕРЕЖЕСІМЕН таныстыру және мәңгіге ұғып алуға көмектесу.
БІРІНШІ ЕРЕЖЕ: бейтаныс адамдармен СӨЙЛЕСПЕ және оларды үйге кіргізбе.
ЕКІНШІ ЕРЕЖЕ: бейтаныс адамдармен лифтіге немесе кіреберіске КІРМЕ.

ҮШІНШІ ЕРЕЖЕ: бейтаныс адамдармен КӨЛІККЕ ОТЫРМА.


ТӨРТІНШІ ЕРЕЖЕ: мектептен кейін, әсіресе, қараңғылық басталғанда көшеде КЕШІКПЕ.
Бұл қағидалар әсіресе кіші мектеп жасындағы оқушылар үшін өзекті, себебі олар көбірек дербестік алады және оны көрсетуге ұмтылады.
26 СЛАЙД
Қауіпсіздік қағидаларын сақтай отырып, Сіздің балаңыз қиын
жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады және
қылмыскермен кездесу қаупін болдырмайды.

- Ерте балалық шақтан бастап бала адамдардың әр түрлі болатынын және өзің білетін адамдармен ғана сөйлесу қажет екенін білуі тиіс. Балаға бейтаныс адамның баланың өзі білмейтін кез келген адам екенін түсіндірген маңызды.

- Бейтаныс адам баланы атымен атауы, анасының өтінішімен келгенін айтуы, мультфильмдер көруге шақыруы, немесе кәмпит ұсынуы мүмкін. Бірақ егер адам балаға бейтаныс болса, ол барлық ұсыныстарға бас тартып жауап беруі және қауіп төнген жағдайда «Мен бұл адамды білмеймін!» деп айғайлауы қажет.

- Ата-ана балаға олардың ешқашан және ешқандай жағдайда мектепке, үйге немесе аулаға оны алып кету үшін бейтаныс адамды жібермейтінін құлағына құю қажет. Егер бұндай адам балаға жақындаса, өзін кіммін деп атаса да мейлі, балаға дереу адамдар көп жиналған жерге қашу, ата-анасына телефон соғу немесе полицияға жүгіну қажет.
27 СЛАЙД
Балаңызға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, ОТБАСЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН құрыңыз.

1. Балаңызбен бірге қауіпті жағдай туындаған жағдайда әрқайсыңыз белгі ретінде пайдалана алатын отбасылық кілтсөз ойлап табыңыз.

2. Егер балаңыз үйге ересектерсіз жететін болса, онымен бірге тұрақты және ең қауіпсіз маршрут ойлап табыңыз. Балаңызбен оның үнемі дәл осы жолмен жүретініне келісіңіз.

3. Балаңызға кілттерді ұқыпты ұстауға үйретіңіз және егер ол кілттерді жоғалып алса не істеу керектігін үйретіңіз. Үйден шығарда бала кілтті алған-алмағанын тексеріп алуы тиіс.

4. Бала серуендей алатын төңірек шегін ескертіңіз.

5. Балаңызды Сіздің қарауыңызсыз қалатын кездері уақытты қалай өткізгені туралы айтуды әдетке айналдыруына дағдыландырыңыз.

6. Бала міндетті түрде өз есімін, әке-шешесінің есімдерін, үй мекенжайын және телефонын білуі тиіс. Бұл оған адасып кетсе үйге жетуге көмектеседі.

7. Бала қалай және қандай жағдайларда полицияға, өртке қарсы қызметке және жедел жәрдемге қоңырау шалуға болатынын білуі тиіс.


28 СЛАЙД
Ата-ананың міндеті – кіші жастағы мектеп оқушысын ЗАҢ және ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ секілді ұғымдармен таныстыру.
ЗАҢ қатаң, дәл және нақты түрде өзін-өзі ұстау қағидаларын айқындайды, адамға оның қандай теріс қылықтар жасамуы тиіс екенін бұйырады.
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ – бұл

  • заңды бұзатын;

  • қоғам үшін қауіпті болып табылатын;

  • айналадағыларға зиян келтіретін іс-әрекет.

Балаға осы ұғымдарды түсіндіргенде, НЕНІҢ ЖАҚСЫ және НЕНІҢ ЖАМАН екені туралы олар үшін түсінікті ұғымдарды пайдаланыңыз.
29 СЛАЙД
Бала ата-анасының көмегімен ҰРЛЫҚТЫҢ не екенін (бөтеннің мүлкін иемденіп алу) және бөтен заттар ТАУЫП АЛҒАН жағдайда өзін қалай ұстау керек екенін түсінуі керек.


  1. ҰРЛЫҚ жасау – ЗАҢҒА қарсы қылмыс және ол міндетті түрде жазаланады.

  2. Жоғалған затты тауып алған адам дереу оны жоғалтқан адамға (заттың иесіне) хабарлауға міндетті.

  3. Егер зат үй-жайда немесе көлікте табылса, оны осы үй-жайға жауапты кісіге (мысалы, мұғалімге) немесе көлік құралының (автобустың, троллейбустың, таксидің және т.б.) иесіне беру қажет.

  4. Егер зат көшеде табылса, оны жергілікті басқару орталығына тапсыру қажет.

30 СЛАЙД.


Кәмелетке толмағандар ортасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
КІШІ ЖАСТАҒЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАСЫ МЫНАЛАРДЫ ЕСТЕ САҚТАУЫ ҚАЖЕТ:

- жасөспірімдік шақта балада агрессияға, қатыгездікке және зорлық-зомбылыққа бейімділік туындамауын;

- баланың өсе келе сыныптастарын өшпенділікпен қудалайтын өсекші күншілге айналмауын;

- құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға әкеп соғатын адамгершілік құндылықтар мен бағдарлардың бұзылуына жол бермеуді.

ОТБАСЫНДА ҚАЛЫПТАСАТЫН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР БАЛАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАРАУСЫЗ ҚАЛУЫНЫҢ КӨЗІНЕ АЙНАЛМАУЫ ТИІС.


31 СЛАЙД
Кейбір ата-аналар тәрбиені жасөспірімге беру қажет, ал бала бастауыш мектепте жүрген кезде оған тәрбие берудің қажеті жоқ, тек көңілін көтерсек болды деп ойлайды. Бұндай ата-аналар алтын уақытты жоғалтады.

- Отбасын адамның өмірлік маршрутын айқындайтын старттық алаңмен салыстыруға болады.

- Әрбір ата-ана бала өз жолында кездестіретін проблемаларды оның лайықты және абыроймен жеңуіне жауапты.

- Баласының ішкі әлемін біле отырып, оның проблемаларына үн қату немесе керісінше, олардың екеуін елемеу арқылы, ата-ана оның жалпы өзін-өзі тануын және тұлғасын қалыптастырады.


32 СЛАЙД
Баланың әлемді қалай көретіні, оны не алаңдататыны, таңқалдыратыны, ойландыратыны, толғандыратыны, аяушылық және табалаушылық, махаббат және жек көру сезімдеріне не түрткі болатыны ата-анаға байланысты.
Өзінің қалыптасу кезеңінде бала сыртқы әлемде дөрекілікпен де, қатыгездікпен де кездеседі, бірақ тек отбасында өзара түсіністік, қолдау болмағанда, оның ең жақын адамдары – ата-анасының алдында өзін жақсы көрсетуге және олардың қолдауын көруге ұмтылысы орындалмаған кезде ғана дөрекілік пен қатыгездікті үйренеді, оларға еліктейді, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға бейімділігі арта береді.
Психолог №5 "Балалар және қылмыстар" бейнеролигін қарауды ұсынады.

Психолог былай дейді:

Құрметті ата-аналар! Бұл ролик өте маңызды ойды көрсетеді: егер сіз өз балаңызбен сөйлесу үшін уақыт таппасаңыз, онда оған ықпал ететін сіз емес, көше болады, ал ол әрқашан жағымды бола бермейді және балаңызды құқық бұзушылықтар әлеміне итермелеуі мүмкін.

33 СЛАЙД
5 ТАҚЫРЫП. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу.
Деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу мәселелерінде отбасы мен мектептің ынтымақтастығы туралы.
Қазақстан Республикасы – көпұлтты көпконфессиялы мемлекетте – барлық діндердің заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ету секілді нәзік мәселенің маңызы ерекше.
34 СЛАЙД.
Еліміздің басты Заңы – Конституцияда мемлекеттің зайырлылық сипаты бекітілген.

Зайырлылық принциптері қандай да бір діннің артықшылыққа ие болуына жол бермейді.

35 СЛАЙД.
Қазақстандық білім жүйесі ата-анасының діни нанымына қарамай әрбір баланың орта білім алуына жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге бағытталған. Және балаларды өнерге, спортқа және зияткерлік дамуға баулу арқылы білім беріп қана қоймай, олардың тұлғалық дамуын көздейді.

Ислам діні бүкіл адамзатты білім алуға шақырады.

Балаға зайырлы білім беру – бұл әрбір ата-ананың азаматтық және мұсылмандық парызы.

36 СЛАЙД.


Қазақстандағы мектептер зайырлы сипатта.
Дәл осы себеппен 2016 жылы Қазақстанның білім және ғылым, әділет, дін істері және азаматтық қоғам министрліктері қыз балаларға діни тиесілік символы болып табылатын діни атрибутика киюге тыйым салу туралы жариялаған. ҚР Білім және ғылым министрлігі 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрықпен мектеп формасы үшін бірыңғай қағидалар енгізді.

Заңнама нормалары Қазақстанда барлық конфессиялар мен этностар өкілдері үшін бірдей болып табылады.

Бұл дегеніміз:

әрбір мектепте қатаң бекітілген киім формасы бар, және ол барлық мектеп оқушыларында болуы қажет. Ештеңе баланың көңілін білім беру процесінен басқа жаққа аудармауы тиіс: бірыңғай мектеп формасының міндеті балалар ұжымын бөлу емес, керісінше біріктіру.

37 СЛАЙД.


Бірыңғай мектеп формасы – бұл кең таралған халықаралық тәжірибе.
Ол экстремизмнің алдын алу құралы ретінде қоғамдық қауіпсіздік жайлы ойлардан туындаған, себебі діни атрибутика, мектеп оқушысының діни тиесілігін ерекшелейтіндіктен, оқушылардың бөлінуіне, дінаралық алауыздық туындауына себепші болуы мүмкін.

Қыздарының мектепте діни атрибутика киюін қолдайтын ата-аналар зайырлылық принциптерімен және тарихи тұрғыда қоғамымызда қалыптасқан рухани теңдік құндылықтарымен келіспейтіндерін білдіреді және қоғамымыздың басқа мүшелеріне кері әсер етеді, біздің азаматтарымыздың көпшілігінің ашуы мен ызасын тудырады.


38 СЛАЙД.
Зайырлы білім және онымен байланысты нормалар мен қағидалар ата-аналар мен олардың балаларының дінді таңдау еркіндігін шектемейді, мектеп оқушыларының діни сезімдерін аяқасты етпейді.

Өз мемлекетіңнің заңдарын сақтау және құрметтеу – әрбір азаматтың маңызды міндеті.

Ата-аналарға қыздарының міндетті зайырлы білім алулары үшін көбірек көңіл бөлуге кеңес береміз.

Сіздер сапалы білімнің баланың, қыз баланың да, ер баланың да тұрақты болашағының кепілі екенін ұмытпауларыңыз керек.


39 СЛАЙД.
«Егер білмесеңіздер, білетін адамдардан сұраңыздар». (Құран, 21-сүре, 7-аят).

КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНЫҢ МЫНАНЫ БІЛГЕНІ ЖӘНЕ ҰМЫТПАҒАНЫ ЖӨН:

1. ИСЛАМ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫ ХИДЖАП КИЮГЕ МІНДЕТТЕМЕЙДІ. Діни міндеттер тек адам кәмелеттік жасқа толғаннан кейін және адам «балиғат» ұғымына сай болғанда ғана жүктеледі ( «Ханафит ілімі» кітабы).

2 Хиджаптың мақсаты мен міндеттері – бөтен көздерден жасыру. (Құран, 24-сүре, 31-аят).

3.    Ислам діндарларға өмірді қиындатуды емес, жеңілдетуді үйретеді:



«Алла сіздер үшін қиындықты емес, жеңілдікті қалайды».(Құран, 2-сүре, 185-аят).

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): «Қиындатпаңыздар, жеңілдетіңіздер», деген.

Кейде Исламда тіпті кейбір міндеттерді орындаудан бас тарту арқылы адам өмірі мен денсаулығын сақтау, оны қорғау қажеттілігі айтылады.
40 СЛАЙД.
Қыздарына зайырлы білім бере отырып, мұсылман ата-ана өз отбасы шеңберінде оларды діни дәстүрлермен таныстыруы, салттарды ұстану тәжірибесін беруі тиіс. Олардың ата-аналық борышы да, ата-ана ретіндегі жауапкершілігі де осында.

Отбасында нағыз мұсылман болыңыздар – сонда қыздарыңыз сіздердің тәжірибелеріңізді бүкіл өміріне жетерлік етіп бойына сіңіреді. Өз үлгіңмен тәрбиелеу – әлемдегі ең жақсы тәрбие!

«Ананың iзiн қыз басар, атаның iзiн ұл басар».



Әрбір ата-ана ұмытпауы керек: оның өмірі, оның мінез-құлқы – бұл бала үшін үлгі.

Балаларыңыздың жақсы болғанын қалайсыз ба – жақсы тәрбиеші болу аз. Жақсы адам болыңыздар! 
Психолог былай дейді:

Осынау аса маңызды тақырыптың қорытындысын бейнематериал арқылы шығарайық. Экранға назар аударыңыздар.


4 «БАЛАЛАР ЖӘНЕ ДІН» БЕЙНЕРОЛИГІ КӨРСЕТІЛЕДІ.
РОЛИКТЕН КЕЙІН ПСИХОЛОГ СӨЗ СӨЙЛЕЙДІ:

Бүгінгі ұсынылған материалдар барлық ата-аналарға өз міндеттерін ұғынуға және бұл тұрғыда өздерінің салмақты жауапкершіліктерін сезінуге көмектеседі деп үміттенемін. Әрбір қазақстандық отбасы ұлы еліміздің халықтары арасындағы өзара сыйластық пен достықты нығайтуға өз үлесін қоса алады және қосуы тиіс.


Келесі тақырыпқа НАЗАР АУДАРАЛЫҚ.
41 СЛАЙД.
6 ТАҚЫРЫП. ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕДЕГІ 10 БЕРЕКЕСІЗ ЖАҒДАЙ.
БІРІНШІ.

Ата-ананың ассоциалды мінез-құлқы: жиі қайталанатын ішкіштік, ұрыс-керіс, опасыздық, қатыгездік таныту, ата-ананың адамгершілікке жат, әлеуметтік өрескел әрекеттер жасауы.

Ересектерінің күнделікті істейтін ісі қоғамға жат сипат алатын отбасылардан шығатын ауытқуы бар балалардың саны жағдайы жақсы отбасылардан шыққан осындай балалардан 10 есеге көп.

СЛАЙД №42
ЕКІНШІ.

АТА-АНА МЕН БАЛА АРАСЫНДАҒЫ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЖЫЛЫЛЫҚТЫҢ БОЛМАУЫ. АТА-АНАНЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ САЛҚЫНДЫҒЫ.

Сүйікті болуға деген қажеттілік – баланың ең маңызды психологиялық қажеттіліктерінің бірі. Ата-анасының махаббаты мен қабылдауына сусындаған бала ғана өзін қауіпсіздікте сезінеді, сыртқы қауіптер мен кесірлі ықпалдардан қорғалғанын біледі.
ҮШІНШІ.

АТА-АНА ТАРАПЫНАН БАЛАҒА ЫҚЫЛАСТЫҢ ЖЕТІСПЕУІ (ГИПО ҚАМҚОРЛЫҚ НЕМЕСЕ ҚАРАУСЫЗДЫҚ).

Сырт келбеті тап-тұйнақтай, уақытылы тамақтанатын және сәнді киінетін бала іштей жалғыз, психологиялық тұрғыда қараусыз болуы мүмкін, себебі оның көңіл-күйі, қызығушылықтары, алаңдаушылықтары ата-ананы қызықтырмайды.

Бұндай балалар отбасындағы ықылас пен қамқорлық жетіспеушілігінің орнын толтыру үшін құрдастарымен және отбасынан тыс ересектермен қарым-қатынасқа ерекше ұмтылады. Алайда, егер бұндай қарым-қатынаста ол жағымсыз көріністердің куәсі болса, бұл оның моральдық дамуы мен мінез-құлқына кері әсерін тигізеді.
43 СЛАЙД
ТӨРТІНШІ.

ГИПЕР ҚАМҚОРЛЫҚ (БАҚЫЛАУДЫҢ ШАМАДАН ТЫС БОЛУЫ, БАЛАНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІНЕ СЕНБЕУ, ОНЫҢ ДЕРБЕСТІККЕ ҰМТЫЛЫСЫН ЖЕТЕ БАҒАЛАМАУ).
Ата-ана өздерінің гипер қамқорлығын сырт көзге өте дұрыс болып көрінуі мүмкін нәрселермен ақтағысы келеді: қамқорлық таныту, жақсылық тілеу, құтқару үшін жасалған әрекеттер.

Бірақ, гипер қамқорлықты қалай жасырсаң да, ол бәрібір тәрбиедегі ең көп таралған қате болып қала береді, оның салдарынан баланың инфантильдігі, жалтақтығы, жеке қауқарсыздығы дамиды.

Үлкендердің бақылауы босаңсыған кезде, ол өз мінез-құлқында бағдарсыз күйде қалады. Және сондай кездерде, қамқор ата-ананың тілалғыш балалары өздеріне жат қарама-қайшы әрекеттерге баратынын көреміз.
БЕСІНШІ.

БАЛА ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ТІЗГІНСІЗ, ТЫМ БЕРІЛІП ҚАНАҒАТТАНДЫРУ, ҚАЛАҒАНЫН ОРЫНДАУ.

Егер бала ештеңеден таршылық көрмесе, оның кез-келген тілегін орындай берсе және үйдегі міндеттерден босатылса - бала жай ғана жалқау болып қоймай, жаңа игіліктер мен рахаттарға тоймайтын жатып-ішер тұтынушы болып өседі.

Қисынды өзін-өзі шектеу дағдысының болмауы баланы таза тұтынушылық сипаттағы мотивтер мен тілектердің ықпалымен жасалатын қылмыстарға итермелеуі мүмкін.

Ата-ананың балаларын «соқырлықпен» қорғауы ол балалардың бойында өз жазасыздығына толық сенімділік сезімін тудыратын жағдайлар жиі кездеседі.


44 СЛАЙД.
АЛТЫНШЫ.

АТА-АНАНЫҢ ӨКТЕМШІЛДІГІ, ТЫМ ҚАТАЛ ТАЛАПШЫЛДЫҒЫ.

Ата-ананың тым қаталдығы, түрлі шектеулер мен тыйымдарды, балаларды қорлайтын, адам абыройын аяқасты ететін жазаларды асыра қолданы, баланы өз ырқыңа көндіруге ұмтылу, өз пікірің мен дайын шешімдерді күштеп таңу, ойлардың үзілді-кесілдігі және бұйрықты үн, мәжбүрлеуді және жазалау шараларын, оның ішінде физикалық жазалауды қолдану.

Бұның барлығы өзара түсіністік пен сенім атмосферасын бұзады, баланың қарсы шығу ретінде үйден кетуіне, айтқанды істемеуіне, тіпті заңға қайшы әрекеттерге баруына әкеп соғады.


ЖЕТІНШІ.

АТА-АНАНЫҢ «ДҮНИЕҚОҢЫЗДЫҚҚА» БОЙ АЛДЫРУЫ, ОТБАСЫ ӨМІРІНДЕ РУХАНИ ӨЗЕКТІҢ БОЛМАУЫ.

Бұндай отбасыларда түрлі тұтынушылық игіліктерге ие болуға ұмтылу, белгілі брендтердің компьютерден бастап киімге дейін әйгілі нәрселеріне құмар болу өмірдің басты мәні мен мақсатына айналады. Және бала бойына сіңірген осындай ұмтылыс, бүгінгі күні оның кішкене күнінен бастап жасаған әрекеттері мен мінез-құлқына себепші болатын ішкі қозғалтқыш күшке ұласады. Және, бала қалаған нәрсесіне қол жеткізу құралдарын таңдап жатпайды.

Осылайша, математикадан бақылау жұмысының шешімдерін импортты «сағызға» «сатып алатын», сыныптастарынан өздері қалайтын заттарын күштеп немесе қорқытып тартып алатын балалар пайда болады. Олардың адамгершілік диапазоны барлық шараны қолдануға болады деген сенімде, олар «мақсат тәсілді ақтайды», «Қалаймын ба – демек, аламын!» принципімен өмір сүреді.
45 СЛАЙД.
СЕГІЗІНШІ.

ЖАЗАЛАРДЫҢ ӘДІЛЕТСІЗДІГІ.

Егер ата-ана баладан ультиматум және бұйрықтар түрінде тілалғыштықты талап етсе, ол тілалғыш болуды үйренбейді, ол дөрекі болуды үйренеді. Өз өтініштеріңді тілек түрінде айтқан әлдеқайда дұрысырақ.

Егер бала теріс қылық жасаса, жаза сол істен кейін бірден қолданылуы керек және бала оны жақсылап ұғып алуы тиіс. Кейіннен қабылданған шараларды бала тиісті түрде қабылдамайды және өз тиімділігін жоғалтады.

Жаман әрекетті баламен жеке талқылаған дұрыс, бұл кезде балағат сөздер қолдануға және балаға белгілі бір жаман әдетті таңуға болмайды. Баланың тұлғасы емес, нақты теріс қылық талқылануы тиіс.

Өзінің не үшін жазаланғанын түсінбеген бала келесі жолы да дәл осындай жаман қылық жасайды.

46 СЛАЙД.
ТОҒЫЗЫНШЫ.

ІШТАРЛЫҚҚА, ҚЫЗҒАНЫШҚА, МЕНМЕНДІККЕ ИТЕРМЕЛЕУ.
Іштарлық көп жағдайда баланың басқа балалардың жетстіктеріне, атақтылығына, моральдық тұрғыда басым болуына жақтырмай жаулықпен қарауының көзіне айналады.

Баланың іштарлығы ата-ананың баланың өзінің қабілеттері мен дарындарын дамыта білмеуінің салдарынан туындауы мүмкін. Баланың қандай да бір салада құрдастарының алдында сөзсіз беделге ие болуы, таланттары мен дарындылығы көрінетін белгілі бір істі үйренуі өте маңызды.

Кей жағдайда ата-ананың өздері әлсіздеу балалары пысық балаларынан үлгі алады деп ойлап, түрлі жастағы өз балалары арасында іштарлық пен қызғанышқа себепші болып жатады. Алайда, бұндай ынталандыру тәсілі жағымсыз салдарларға: баланың өзіне деген сенімін жоғалтуына, өзінен пысықтау ағасына/әпкесіне қызғанышқа, іштарлыққа және олармен байланысын үзуге ұмтылуға әкеп соғуы мүмкін.

Есте сақтау қажет: «Баланың екіжүзділігі, іштарлығы, менмендігі – бұл әрқашан оның ата-анасының екіжүзділігі, іштарлығы, менмендігі».


47 СЛАЙД.
ОНЫНШЫ.

ЖАЛПЫ ТЕРІС НИЕТТІЛІК ПЕН ӨШПЕНДІЛІК АТМОСФЕРАСЫ.
Егер ата-ана әлемді қауіп, ал айналадағы адамдарды әлеуетті дұшпандар деп қабылдаса, онда бала да дүниені сезінуі дәл осындай болып өседі, бұл оны тәртіп бұзушылыққа және құқыққа қайшы әрекеттерге итермелеуі мүмкін.
48 СЛАЙД.
ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ЖАҒЫМДЫ ЖӘНЕ ЖАҒЫМСЫЗ ЖАҒДАЙЛАРЫН БЕКІТУ ҮШІН, СӨЙЛЕМДЕРДІ
АЯҚТАҢЫЗ:

ЕГЕР:

1) Баланы үнемі сынай берсе, ол... үйренеді (жек көруді):

2) Бала өшпенділікте өмір сүрсе, ол... үйренеді (агрессивті болуды); 

3) Балаға үнемі ұрса берсе, ол... үйренеді (кінә сезімімен өмір сүруді);                                   

4) Бала адалдықта өссе, ол... үйренеді (әділ болуды);

5) Бала қауіпсіздікте өссе, ол... үйренеді (адамдарға сенуді);

6) Баланы қолдап отырса, ол... үйренеді (өзін бағалауды);

7) Баланы мазақ етсе, ол... үйренеді (тұйық болуды);

8) Бала түсіністікте және татулықта өссе, ол... үйренеді (бұл әлемде махабат табуды).

49 СЛАЙД.

СОНЫМЕН: балалар ортасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың басты шарасы – бұл отбасындағы сауатты тәрбие.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: «Сана ұстазы – мектепте, жан ұстазы – отбасында».

7 "Балаларымыздың болашағы – біздің қолымызда" бейнеролигі ҚОСЫЛАДЫ.



Көріп болғаннан кейін психолог былай дейді:

Құрметті ата-аналар! Естеріңізде болсын: балалар сіздер оларға беретін бағалар мен нұсқауларға өте сезімтал болады. Және егер сіз балаңыздың қабілеттеріне сенбесеңіз, онда бала да өзіне сенбейтін болады, оның өзін-өзі бағалауы төмен болады. Ересек өмірде өзін-өзі бағалаудың төмендігі оған жетістіктерге жетуге кедергісін келтіреді!

50 СЛАЙД.
7 ТАҚЫРЫП. Балалардың бастауыш мектептегі жиі кездесетін проблемалары.


  1. ҮЛГЕРМЕУШІЛІК.

ЫҚТИМАЛ СЕБЕПТЕР:

баланың бірінші сыныпта еңсерілмеген мектепте оқуға дайындықсызығы;

баланың денсаулығындағы проблемалар, соматикалық әлсіздігі, ол мектепке дейінгі жаста өткен ұзақ уақыт созылған аурулар салдарынан туындауы мүмкін;

мектепке дейінгі жаста жойылмаған сөйлеудегі кемістіктер;

есту және көру қабілетінің кемістіктері;

мұғаліммен немесе сыныптастарымен өзара түсіністіктің болмауы.


АТА-АНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

  • мұғаліммен бірлесіп үлгермеушілік себептерін және оны еңсеру тәсілдерін анықтау;

  • қажет болған жағдайда мамандарға (логопедке, көз дәрігеріне) жүгіну;

  • Баланың күн тәртібіне шынықтыру тәсілдерін енгізу;

  • Балаға сыныптастарымен сабақтан тыс уақытта араласуға көмектесу, ата-анаға сыныптағы балалармен байланыс орнату, бірге серуендеу, үйге шақыру қажет.

51 СЛАЙД.


Балалардың бастауыш мектептегі жиі кездесетін проблемалары.
Дағдыға айналған жалтақтық, өз әрекетін жоспарлай білудің қалыптаспауы.

Балаға қандай тапсырма берілгені баланың өзінің есінде жоқ; сабақ оқуға уақытылы отыру керек екенін есіне алмайды.

Дербес адам міндетті алуы, оны істеуге кірісуі тиіс екенін еске түсіруі, оның қашан орындалатынын жоспарлап қоюы керек.

Бірінші сыныпта бұл дағды енді-енді қалыптасады, бірақ екінші-үшінші сыныптарға қарай бұл дағды әбден қалыптасып, бойға сіңірілуі тиіс.

Проблемаға ата-ананың «үлесі»: жұмыс істемей үйде отырған ананың тым қамқорлық танытуы, баланың үй тапсырмаларын анасымен бірлесіп орындауы.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: бастауыш сыныпта балаға үйрететін ең басты нәрсе, — бұл жауапкершілік, тапсырманы орындай білу және берілген тапсырманың өзіне жүктелгендігін қабылдай алу.

Ата-ана үй тапсырмасын орындауға КӨМЕКТЕСУІ мүмкін, бірақ олардың тапсырманы баласының ОРНЫНА өздері орындауы мүлде дұрыс емес.


52 СЛАЙД.
8 ТАҚЫРЫП. Балада тұрақты жағымды өзін-өзі бағалауды қалыптастырыңыз.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН:



Баланың қиындықтары – бұл Сіздің де қиындықтарыңыз.

Қиыншылықтарды бірге жеңу оңай әрі қызықты!

Балаңызды жиі мақтаңыз, бірақ мақтауыңыз лайықты болсын.

Саналы тәрбие талаптарын қатаң сақтаңыз:

Қорлама,

Қорқытпа,

Қорқытып уәдесін алма,

Мораль оқыма,

Табиғи қалпын сақтау мүмкіндігінен айырма,

Зиян келтірме,

Өз қатеңді мойындаудан қорықпа,

Тәрбиені өзіңнен баста.
Берілген кеңестер сіздерге өз балаңызбен қарым-қатынаста барынша тиімді болуға көмектеседі деп үміттенемін.

ЭКРАНҒА НАЗАР АУДАРАЛЫҚ.

8. "ӘКЕ, МЕНІ ВАЛЬСҚА ШАҚЫР!" бейнеролигі



Бейнероликтен кейін ПСИХОЛОГ былай дейді:

Әкесі мен қызының қарым-қатынасындағы жылылық пен махаббатты барлығыңыз сезіне алдыңыздар деп үміттенемін. Мен осында отырған әрбір әкеге шын жүректен өз балаларыңызбен қарым-қатынаста дәл осындай бақытты болуды тілеймін.


53 СЛАЙД.


9 ТАҚЫРЫП.
ОҚУҒА ДЕГЕН ЫНТАНЫҢ ТӨМЕНДІГІН ЖЕҢУДІҢ, ЖАҒЫМДЫ МОТИВАЦИЯ ЖАСАУДЫҢ
тиімді тәсілі – БАЛАМЕН БІРЛЕСКЕН ОЙЫНДАР.

Олар әр түрлі болуы мүмкін. Оның ішінде– «сөздер ойыны». Ойынды ең маңызды болып табылатын сөздерден бастаған жақсы. Мысалы, баланың есімінен.
«ЕСІМ» ойыны:

Ал енді ГҮЛНҰР есімді қыз балаға оның атының әріптеріне сәйкес қандай қасиеттер тән екенін ойланып көрейік. Бұл қасиеттерді әрбір әріптің жанынан жазамыз. Не шығарғанымызды – экраннан көреміз:


ГҮЛНҰР
Г – гүлдей жайна

Ү – үкілі үміт

Л – лала гүл

Н – нәзік гүл

Ұ – ұқыпты қыз бала

Р – ризашылықпен өмір сүр

54 СЛАЙД.


«ЕСІМ» ойыны
АЗАТ

Бұл есімді қалай қызықты сипаттауға болатынын қараңыздар!
АЗАТ

А – ақылды

З – зейінді

А – ақкөңіл

Т – талапты
55 СЛАЙД.
Маңызды сөздерден мағыналар табайық.
МЕКТЕП

М – мызғымас

Е – егемен

К – кабинет

Т – талант

Е – ептілік

П – парасаттылық

56 СЛАЙД.


Маңызды сөздерден мағыналар табайық.
СЫНЫП

С – сызғыш

Ы – ыждаһат

Н – нөмір

Ы – ырыс

П – пианино
Құрметті ата-аналар! Біз өздеріңізге қажетті ақпараттың тым көптігінен аздап шаршағандарыңызды түсінеміз, сондықтан сіздерге аздап назарды басқа жаққа аударып, тіркеу кезінде алған сауалнамаларды толтыруды ұсынамыз. Жауаптарыңыз берілетін сұрақтарды мұқият оқыңыздар. Өтініп сұраймыз: конференция аяқталғаннан кейін сауалнамаларды шығар кезде тапсырып кетіңіздер.

Баяу музыка қосылады және ата-аналар 10-15 минут ішінде сауалнамалармен жұмыс істейді.
Психолог ата-аналардың сауалнамамен жұмысын аяқтағанын күтеді және сөз кезегін модераторға (мектеп директорына) береді, ол ата-аналарға қарата сөз сөйлейді.
Құрметті ата-аналар!!! Мен Сіздерге республикалық ата-аналар конференциясына қатысқандарыңыз үшін шын жүректен АЛҒЫС білдіргім келед! Бүгін өздеріңіз алған үлестірме материал мен пайдалы ақпарат Сіздерге және Сіздердің балаларыңызға көмектеседі деп үміттенемін! Бала тәрбиесі мәселелері бойынша ата-аналармен жұмыс енді ғана басталып келеді! Алдағы уақытта Сіздермен әлі талай кездесулер күтіп тұр, жаңа ата-аналар конференциялары болады. Бүгінгі жұмысымызды қорытындылай келе, Сіздерге балаларыңыз үшін тамаша ата-ана болуды және әр сәт сайын оларға махаббат, жылылық пен қамқорлық таныту бақытын тілеймін!!!
57 Слайд

Құрметті ата-аналар! Енд экранға назар аударыңыздар.

Сенім телефоны – шұғыл қызмет -111.

Сіздер Қазақстан Республикасындағы Бала құқығы жөніндегі уәкілдің – балалар мен жастарға арналған ұлттық сенім телефоны (шұғыл қызмет -111) жазылған слайдты көріп отырсыздар.



Слайд № 58
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сенім телефоны. +7 7172 74 25 28

Бұл телефондар біздің елімізде қиын өмірлік жағдайға тап болған кез келген балаға шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін құрылған. Бұл ақпарат біздің конференциямыздың жадынамалары мен сауалнамаларында көрсетілген. Бұл ақпаратпен өз айналаңызбен, достарыңызбен және туыстарыңызбен бөлісуіңізді сұраймыз, бәлкім, осы арқылы, Сіз балалардың құқықтарын қорғауға өз үлесіңізді қосарсыз және оларға қиын мәселелерді шешуге көмектесерсіз, мүмкін, біреудің өмірін құтқарарсыз. Қайырымды істер – әр адамға бақыт әкеледі!!! Жақсылық жасаңыз – болмашы болса да, жақсылық болсын!



59 СЛАЙД
Құрметті ата-аналар!
Сіздерге және балаларыңызға барлық істеріңізде табыс тілейміз!
Бақытты болыңыздар!


жүктеу 325,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау