ҚазаҚстан Республикасы білім және ғылым министРлігі балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті



жүктеу 1,52 Mb.
Pdf просмотр
бет24/31
Дата27.12.2019
өлшемі1,52 Mb.
#25017
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31

84
қолдана отырып, «өз атымен» атау. Көп жағдайда сезімдерді атауды 
сипаттаудан  іс-әрекеттерге  біртіндеп  көшуді  жүзеге  асыру  қажет, 
өйткені адамдағы әрбір сезім: «сезім – сапа – рөл» қағидаты бойынша 
әрекеттердің тұтастай жүйесімен байланысқан. Зат есімге, сын есімге, 
одан кейін етістіктерге өте отырып, біз мінез-құлықтың қайнар көзін 
ашамыз.
Мысал. Күш көрсетуге белгілі деп еептелетін және осыған сәйкес 
ол көрініс берген кезде тәрбиенушіге «Сені (атауы немесе зат есім
деп атайды ғой?» үлгісіндегі сөйлемнен «Сені шамасы сондай (сын 
есім)  деп  есептейді,  бірақ  сен  әрқашанда  мұны  істемейсің  (етіс-
тік)» үлгісіндегі сөзге көшуге болады. Күш көрсету көрініс берген 
сәттерде сезімдер туралы «Сен ашуланып тұрсың ба?», «Не істегің 
келетінін сезініп тұрсың ба?» үлгісіндегі етістіктер, қысқаша сұрау-
бекіту сөздерімен бірден сұраған дұрыс. Оның үстіне жоққа шығару 
бөлшектерінсіз сөйлемдерді (онсыз болмайды) таңдай алу маңызды. 
Ұсыныстарда  өз  сезімдеріне  қатысты  самарқау  емес,  белсенді  по-
зицияны көрсету қажет («Сені ызаландырады, көңіліңді қалдырды, 
қорқытады» емес, «Сен ашуланып тұрсың, мұңға батып, қауіп-қатерді 
сездіріп тұрсың» деу).
Әңгімелеушінің эмоциялық жағдайын әйгілеу кезінде өз жауап-
тарында анықтамалардың тиісті үдемелерін қолдана отырып, оның 
сезімдер қарқындылығын есепке алған жөн.
Сезімдерді  әйгілеуге  әрекеттенген  кезде  адамдардың  көпшілігі 
қиындықтарға  кез  болады,  өйткені  сезімдерді  білдіретін  сөздер 
олардың  белсенді  сөздігінде  болмайды.  Өз  сөздік  қорын  кеңейту 
үшін сіздер адам жағдайын сипаттайтын сын есімдер тізбесін пай-
далана аласыздар, сөздікті зерделеңіздер және қолайы келсе оларды 
тәрбиеленушілермен таныстыру қажет. 
Денебітімдік  жағдайды  сипаттау.  Егер  әйгіленетін  се-
зімді  сәйкестендіру  қиын  болса  немесе  онда  айқын  көрінетін  де-
небітімдік  құрамдас  болса,  онда  әңгімелесушінің  денебітімдік 
жағдайын  сипаттайтай  отырып,  бірегей  түйсіктер  ойлап  шығаруға 
тырыспаңыздар,  қарапайым  түсінікті,  санаға  оңай  қабылданатын 
әрекеттерді атаңыздар: «Сол кезде ... Сіздің көзіңіз қарауытып кетті 
... Жұдырықтарыңыз жұмылды ... Тізелеріңіз дірілдеді ... Өңешіңізге 
бір нәрсе тығылғандай, алқындыңыз».


85
Өйткені кез келген эмоция міндетті түрде денебітімдік әрекетті 
қамтитындықтан денебітімдік әрекеттерге көңіл аудару тиісті сезім-
дерді сезінуге жағдай жасайды.
Салыстыру, метафоралар. Сезімдерді әйгілеудің үшінші тәсілі 
– салыстырулар мен метафораларды пайдалану. Бұл тәсілді әйгілеу 
үшін  Сіздер  өзіңізбен  әңгімелесуші  түсетін  жағдаятты,  сол  кезде 
қандай сезімдерді бастан өткізетінін елестетіп, сипаттаңыздар.
«Сол кезде ... Сіз өзіңізді біреу үстіңізге суық су құйып жібер-
гендей  сезіндіңіз  (...  аспан  жерге  құлағандай  болды;  бағалы  заттан 
айырылғандай болдыңыз; Сізге ащы дәрі жұту қажет ...)».
Жағдайды  сипаттау  үшін  метафораларды  пайдалана  отырып, 
Сіздің тәжірибенің сізбен әңгімелесушінің тәжірибесінен ерекшеле-
нетін есте ұстаңыз. Метафора нақ әңгімелесуші үшін түсінікті болуы 
тиіс.  «Сіз  өзіңізді  циркте  болғандай  сезіндіңіз  ...»  сөйлемін  циркті 
ұнататын, бірақ оны мойындамайтын адам әр түрлі түсінуі мүмкін.
Ниеттерді  сипаттау.  Сезімдерді  әйгілеудің  төртінші  тәсілі 
–  әңгімелесушіні  өз  басынан  өткізген  сезім  туындататын  мүмкін 
болатын  іс-әрекеттерді  сипаттау.  «Сол  кезде  сіз  жұдырығыңызбен 
үстелді  соғып  жібергіңіз  келді  ...  (айқайлағыңыз;  кетіп  қалу;  гүл 
сыйлау; құшақтау; жылап жіберу ...)». Біздің ағымдағы оқиғаларды 
қабылдауымызға  әрқашанда  қандай  да  бір  көкейкесті  қажеттілік 
ықпал етеді.
Аштықты  басынан  өткізген  адам  көбінесе  бәрінен  бұрын 
оған  тойып  тамақ  ішуге  көмектесетін  нәрселерді  байқататын  бо-
лады.  Өзін  жәбірленуші  ретінде  сезінетін  адам  бәрінен  бұрын 
өзіне  деген  әділетсіз  қатынас  фактісіне  бейімделетін  болады. 
Қажеттілікті  қанағаттандырудың  табиғи  циклы  оның  туындауын, 
оны  қанағаттандыруға  бағытталған  әрекетке  дайындықты  және 
әрекеттің  өзін  қамтиды.  Сол  кезде  біз  өз  ниетімізді  немесе  оны 
қанағаттандыру үшін күш-жігерді жұмылдыру фактісін сезінбейміз, 
біз осы қажеттілікке сәйкес әрекет ете аламыз.
Мұның  нәтижесі  көбінде  осы  көкейкесті,  бірақ  сезілмейтін 
қажеттілікке  байланысты  тақырыптардағы  ойлар  мен  сезімдердің 
өзіндік  «тіркелгені»  болып  табылады.  Егер  ондай  адам  бұл 
қажеттілікті  сезінетін  болса  (өзінде  осы  қалаудың  болу  фактісі), 
онда  бұл  ниетті  білдіріп,  осы  ниетке  байланысты  әрекет  жасайды, 
ол  күшті  эмоциялық  жеңілденуді  басынан  өткізеді.  Нақ  сондықтан 
да психолог осы тәсілмен әңгімелесуші сезімдерін әйгілей отырып, 


86
оған  рухани  тепе-теңдікке  ие  болуға  көмектесе  алады.  Психолог 
клиенттің әлеуметтік қауіпті сипаты бар немесе әлеуметтік жағынан 
мақұлданбайтын ниеттерін өмірде жүзеге асыруға көмектеспейтінін, 
тек  оларды,  олардың  орын  алу  фактісін  мойындауды  сезінуге  ғана 
түрткі болатынын атап өту қажет.
Оның  үстіне  бұл  баға  берусіз  және  талқылаусыз  жасала-
ды.  Әңгімелесушінің  сезімдері  мен  ниеттерін  әйгілеу  оған  олар-
ды  жақсырақ  сезінуге  ғана  емес,  сонымен  бірге  біздің  оны  сынға 
ұшыратпай, терең және зерделі түсінетінімізді байқауға көмектеседі. 
Біз  болсақ,  өз  кезегімізде  әйгілеу  техникасының  көмегімен    
өз  ұғынуымыздың  дұрыстығын  тексереміз  және  әріптеске  оны 
жақсырақ  түсіну  ниетімізді  білдіреміз.  Сізбен  әңгімелесуші  күшті 
эмоциялар  (мүмкін,  тіпті  жағымсыз)  әсерінде  болған  кезде,  оны 
бұл    жағдайдан    рефлекстік    емес    тыңдау    тәсілдерін    пайдалана 
отырып  шығаруға  әрекет  жасаңыз.  Әдетте  өз  күйзелістерінен  гөрі 
басқалардың күйзелістерін жеңілдету оңайырақ болады. Сондай-ақ 
жағымды  эмоцияларды  —  қуаныш  пен  масаттануды  бөліп  көрсету 
де қиын емес. Солай десек те оны жағымсыз эмоциялар мен сезім-
дер – алаңдаушылық, қорқыныш, торығу, ашу-ыза, қызғаныш билеп 
алған кезде әңгімелесушіге рефлекстік емес тыңдау ерекше қажет.
15-кесте
Кейбір қатынас – байланыстық міндеттерді жүзеге асырудың 
әдістері мен тәсілдері (М.Беркли-Ален бойынша).
тыңдаудың мақсаты
әдіс  
тыңдау тәсілдері
і. нақтылау тексеруі
Егжей-тегжейін 
айқындау, фактілерді 
нақтылау, болашағын 
айқындау, жасырын 
мағынаны немесе сіздің 
ұғымды нақтылау
«Не?», «Қалай?» 
немесе «Қашан?» 
сұрағы. Өзіңіз есті-
ген нәрселерді қайта 
тұжырымдау
«Сіз бұл проблеманы 
нақ осылай түсінесіз 
бе?...» дегенді қалай 
ойлайтыңызды 
нақтыламас па екен-
сіз?». «Сіз нақты 
қай нәрсені меңзеп 
тұрсыз?». 
«Мен сіз айтқанды 
былай түсіндім ... 
Бұл дұрыс па?»


жүктеу 1,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау