82
4. Р.А. Готлиб. Общественное языковое образование в современных условиях при
помощи дистанционных технологий: социально-управленческий аспект// Дистанционное и
виртуальное обучение. 2010. № 10
5. Қашықтықтан оқыту технологиялары бойынша оқытуды ұйымдастыр. Негізгі
ережелер. Астана 2009 жыл
6. Щукин А. Н. Обучение иностранным языкам: теория и практика. – Москва,
Филоматис, 2004
7. Джусубалиева Д. М. Использование новых информационных технологии для
реализации дистанционной формы обучения. // Вестник КазУМОиМЯ. 2005. № 11
Аннотация
Мақалада қазіргі уақытта шеттілдік білім беруде негізгі мақсаттар ретінде заманауи ақпараттық
жаһандану қоғамының сұранысына сай жаңаша сипаттағы тұлғаға талап етілетін сапаларды анықтау
және оларды құрудың әдістемесін жасау мақсатында қашықтықтан оқыту технологиясы негізінде
мәдениетаралық қатысымдық біліктілікті қалыптастыру.
Аннотация
В статье исследуются вопросы использования дистанционных обучающих и образовательных
технологий в формировании межкультурной коммуникативной компетенции студентов языковых
вузов, их преимущества и важность актуального в эпоху глобализации и межународной интеграции.
Annotation
In this article researched issues of usage of distance learning and educational technologies in forming
of the intercultural communicative competence of the students of language high school, their advantages and
importance in a period of globalization and international integration.
ӘОЖ 325.85
КӚРКЕМ МӘТІНДЕГІ ОЙТАЛҚЫНЫҢ ТІЛДІК - СТИЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Мақҧлова Л.Т.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазақ тіл білімінде ойталқы мәселесі туралы ең алғаш пікір айтқан ғалым тіл білімінің
негізін қалаған А. Байтұрсынов болған. Қазақ тіл білімінің ғылыми негізін салушылар –
А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов еңбектерінен мәтін туралы алғашқы ойларды кездестіреміз.
Пайымдау немесе ойталқы мәселесі кӛркем мәтін лингвистикасының ең маңызды
мәселелерінің бірі. Автор бейнесінің күрделене, жұмырлана кӛрінетін тұсы да осы пайымдау
бӛлімінде болса керек. Алдымен, ойталқы мәселесі туралы қазақ тіл білімінде біраз айтылған
ғылыми ойларға тоқталайық. Жоғарыда келтіргеніміздей, ойталқы жӛнінде алғашқы ғылыми
пікірді айтқан ғалым Ахмет Байтұрсынұлы пайымдама туралы анықтама бере отырып, оның
негізгі екі түрлі әдісі болатынын жазған еді. Автор былай деп жазады: ―Пайымдама әдісі екі
түрлі:
Негізгі пікірді шығарманың басында айтып, оны қуаттайтын пікірді соңынан келтіру
бар. Яғни әуелі жалпы пікірді айтып алып, бӛлекей пікірлермен қуаттап пайымдау бар; бұл
жалқылау әдіс.
Әуелі бӛлекей пікірді айтып, жалпы пікірді солардың дәлелдерімен пайымдау. Бұл
жалпылау әдіс болады‖ [1].
Біздің ойымызша, Шерхан Мұртаза пайымдаулары жалпылау әдіске келетін сияқты.
Олай деуіміздің мәнісі, автор ӛзінің түпкі ойын, тұжырымын, істің қалай бітетінін бірден
айтып, ойын ашып тастамайды. Оған оқиғаның ӛрістеуі барысында оқырманның ӛзінің кӛзі
жетеді. Пайымдау туралы ғалым Б.Шалабай кӛптеген ғылыми саралы ойлар айтқан. Ғалым
пайымдауды ойталқы деген терминмен атайды да, оған ғылыми түсінік береді. ―Ойталқы
түріндегі баяндау формасының заттық мазмұнын ойдың немесе белгілі бір күрделі тақырып-