ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
С.СЕЙФУЛЛИН атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТЕХНИКАЛЫҚ КАФЕДРАСЫ
СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
ТАҚЫРЫБЫ: «Еңбекті қорғау ғылымының дамуындағы ғалымдардың библиографиялық тізімін құрастыру»
Орындаған: Оразалиева М.Н.
Тобы: ТМО 20-04
Тексерген: Акишева Э.Қ.
Астана 2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................
Еңбек қорғау..................................................................................
Еңбек қорғау ғылымына үлес қосқан ғалымдар..........................................................
Еңбек қорғау ғылымына үлес қосқан Қазақстандық ғалымдар................................
Қорытынды........................................................................................................................
КІРІСПЕ
Еңбекті қорғау — жұмыс барысында адамның қауіпсіздігіне, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға кепілдік беретін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралар.
Еңбекті қорғау ережелерін бұзу — қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария ережелерін немесе еңбекті қорғаудын өзге де ережелерін, осы ережелерді сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның бұзуы, абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруі немесе абайсызда адам өліміне апарып соқтырса, ол адамның және азаматтардын конституциялық және өзге құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыс болып табылады.
Еңбек қорғау
Еңбекті қорғау – бұл еңбек үрдісінде адамның жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығын сақтаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңдық құжаттарды, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, техникалық, гигиеналық, емдік-профилактикалық іс-шаралар мен құралдардың жүйесі, еңбекті қорғаудың өзгеде түсініктері бар.
Еңбекті қорғаудың ерекшеліктері біріншіден, еңбекті қорғау еңбек қызметінің объективті категориясы болып табылады, оның негіздері адамның биологиялық табиғатында қаланған. Екіншіден, еңбекті қорғау өзінің дамуында тура және тікелей табиғат заңдарымен байланысты және олар дамудың бастапқы сатысындағыдай санасыз, немесе қазіргі өндіріс жағдайындағыдай саналы түрде тәуелсіз пайдалануына қарамастан өзіне сай келетін заңдардың деңгейінде ғана шынайы дамиды. Үшіншіден, еңбекті қорғау өндіріс тәсілінен тыс дами алмайды. Оның дамуы қоғамдық-экономикалық формациялардың заңдарына тікелей бағыныштылықта болады және ол бір қоғамдық құрылысты екіншісі алмастырған кезде де жойылмайды.
Еңбекті қорғау ережелерін бұзу — қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария ережелерін немесе еңбекті қорғаудын өзге де ережелерін, осы ережелерді сақтауды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның бұзуы, абайсызда денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруі немесе абайсызда адам өліміне апарып соқтырса, ол адамның және азаматтардын конституциялық және өзге құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыс болып табылады.
Заңнамалық түсінікте
Қазақстан республикасының еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында тоқталып, еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау құқықтық медициналық экономикалық техникалық құрамдас элементтерден тұрады.
Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады. Мысалы: еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірісте қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз.
Егерде, қызметкердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі бұзылса, яғни қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайларда, олардың еңбекті қорғаудағы құқықтары қорғалмаса еңбекті қорғаудың құқықтық құрамдас элементі бұзылған болып табылады.
Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса, не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе – бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас элементінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылды, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұр деген сөз.
Егерде еңбекті қорғау қаржыландырылмаса, және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз, бұл дегеніміз, еңбекті қорғаудың экономикалық құрамдас элементі бұзылды деген сөз.
Өндірісте машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігі міндетті. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз, ал, бұл еңбекті қорғаудың техникалық құрамдас элемент бұзылды деген сөз.
Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, еңбек мүшелерінің, тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне де қатысты болып табылады. Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі. Бұл шаралар мен құралдар мыналардан тұрады: • еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулардан; • ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормалардан; • әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормалардан; • өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінен; • қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерден тұрады.
Еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты ХЕҰ-ның бірқатар Конвенциялары күшіне енгізілді. Халықаралық еңбек ұйымы 1989 жылдың 28 сәуірінде Канадалық, Американдық жұмысшылардың бастауымен өндіріс орындарына қайғылы жағдайға душар болған, жарақаттанған жұмысшы өкілдерін еске алу, олардың әлеуметтік қорғалуын үкімет тарапынан қолдау жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсынысты бүкіләлемдік ерікті кәсіподақ мақұлдап, қазіргі уақытта барлық елде осы күн айрықша маңызға ие болып келеді.
Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуда ең негізгі міндеттердің бірі-қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіптік одақтардың қызметі елеулі рөл атқарады. Басқа да кез келген қоғамдық ұйым тәрізді кәсіподақ та ықпал етудің ең саналуан формаларын пайлаланады. Осы тектес ықпал етулердің неғұрлым қонымды және тиімді формаларының бірі - еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы талаптарын сақтауға қоғамдық бақылауды ұйымдастыру болып табылады. Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді – қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы қанағаттандырады, еңбек тәртібі артады, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен басқа да еңбекшілердің жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды. Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |