Қарағанды облысы. Жаңаарқа ауданы
«№132 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Мустафина Жанагул Картаевна 4-сынып
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Алгебралық материалдар
Сабақтың мақсаты:
1.Саны шекті әріптермен сандардан құралған және бір-бірімен қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарының таңбалары
арқылы біріктірілген өрнектерді орындау,теңдеулерді шешу, теңдіктер мен теңсіздіктер құру қабілеті мен білімін жетілдіру.
2. Есептеу дағдысы мен есептер шығару қабілетін жетілдіру. Ой-өрісін дамыту.
3. Алған білімді ұтымды пайдалана білуге, зеректікке, шапшаңдыққа, ұйымшыл болуға баулу. Салт-дәстүрді құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жарыс сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру, талдау, жинақтау, топтық жұмыс, ой қозғау.
Көрнекілігі: слайдтар, видеосюжет, суреттер, асықтар, теңгелер, орамал, дротик оғымен, сызба.
Пәнаралық байланыс: қызықты математика, дүниетану, ана тілі.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Азайтамыз, қосамыз,
Көбейтеміз, бөлеміз,
Математиканы сүйеміз
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№15 (Ә)
ІІІ. Жаңа сабақ
Мотивациялық –бағдарлау кезеңі
-Қазір көктем мезгілінің Наурыз айы. Осы наурыз айында қандай мерекелерді атап өтеміз?
-8 наурыз Халықаралық әйелдер күні және Үлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі.
-Наурыз мерекесі жайында не білеміз?
/Оқушылар пікірін тыңдау/
-Бұл мерекені қалай атап өтеміз?
-Бұл Наурыз мерекесінде салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастарып, әннен шашу
шашып, бір-біріне қонаққа барып, дастархан жайып, наурыз көжеден дәм татып, ренжісіп қалғандар татуласады. Яғни
достық пен татулық мерекесі деп те атауға болады.
- Біз бүгін сабақта Наурыз мерекесінде өтетін іс-шараның бірі ұлттық ойындардан топқа бөлініп жарысамыз.
-Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
/оқушылар пікірін тыңдау/
- Бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы «Алгебралық материалдар»
/тақырыпты дәптерге жазу/
Мақсатын хабарлау.
Саны шекті әріптер мен сандардан құралған және қосу, азайту, көбейту , бөлу амалдарының таңбалары арқылы
біріктірілген өрнектерді орындау, теңдеулерді шешу, теңдіктер мен теңсіздіктерді құруда алған білімдерді тиянақтау.
Яғни білімді тиянақтау сабағы
-Ал енді жарыспас бұрын топтарға ат қоялық.
1 топ «АЛҒЫРЛАР» 2 топ «ТАПҚЫРЛАР»
Операциялық - орындаушылық кезең
1 жарыс «Ханталапай» ойынымен басталады.
/ойын жайлы түсінік беру, 5-6 оқушыға ойнату/
Ойынның мақсаты: шапшаңдыққа, ептілікке, алғырлыққа баулу және сөздік қорын молайту.
-Қай топ асықты көп жинайды екен.
Әр асыққа есеп жазылған.
Екі топтан бір-бір оқушыдан шығару.Жылдам орындап келесі балаға кезек береді. Есепті қай топ тез шығарып және артық
шығарса 1 ұпай беріледі
№1 Өрнектердің мәнін тап.
-Қандай өрнек берілген? әріпті өрнек
-өрнекті қалай шығарамыз?
әріптегі теңдіктерді өз орнына қойып шығарамыз
c-d:713, мұнда с= 82896, d=182528
82896 – 182528 : 713 = 82640
(a-c):721, мұнда a=56959, c=25956
(56959 – 25956) : 721 = 43
(k-485)*124, мұнда k=789
(789 – 485) *124 = 37696
(k-485)*124, мұнда k = 1000
(1000 – 485) *124 = 63860
(k-485)*124, мұнда k = 897
(897 – 485) *124 = 51088
66
2 жарыс «Теңге алу» ойыны
/Видиосюжеттен көрсету арқылы ойын туралы мағлұмат беру. Сабақтағы ойын шартын түсіндіру, /
Теңгеде жазылған есептерді шығарады
-қай топ әрі жылдам, әрі дұрыс дәлелдеп шешіп, көп теңге жинаса, сол топқа 1 ұпай жиналады.
№2 Салыстыр.
n = n * 1 x * s = s * x U –U > b * o
d < d + t d * 1 > d * 0 f > f- 58962
b : 245 > b : 457 48 > h - h 16523 : R < 26523 : R
3 жарыс «Жамбы ату» ойыны. / Видиосюжеттен көрсету арқылы ойын туралы мағлұмат беріледі/
-Біз бұл ойында дротикте ілінген тапсырманы көздеп дәл тигізіп, сонда жазылған тапсырманы орындап жарысамыз.
Теңдеуді қай топ тез және артық шығарса 1 ұпай беріледі.
№3 теңдеулерді жаз және оларды шеш.
а) 27 401 мен х-тің бөліндісі 398 бен 119-дың қосындысына тең.
27401 : х = 398 + 119
27401 : х =517
Х=27401 :517
Х=53
27401 :53 = 398 + 119
ә) с мен 863-тің айырмасы 39765 пен 1205-тің бөліндісіне тең.
С - 863 =39765 : 1205
С- 863 = 33
С=33 + 863
С = 896
896-863=39765 : 1205
б) 5020 мен z-тің қосындысы 36054 пен 23-тің көбейтіндісіне тең
5020 +z = 36054 *23
5020 + z = 829242
Z = 829242 -5020
Z = 824222
5020 +824222 = 36054 * 23
4 жарыс «Орамал тастамақ» / ауызша/
/ойын туралы мағлұмат беріледі/
№4 Айнымалылырдың қандай мәндерінде теңдіктер тура болады?
S *S=S S = 1 728 * R =R R =0 n * 458 =458 * n n=кез келген санға тең болған жағдайда
Z+Z =Z Z =0 1235*C =C C = 0 123456 * m = 0 m=0
d *0 = 0 d =кез келген санға тең болған жағдайда
2*b = b +4586 b=4586 987540 : f = 987540 f=1
5 жарыс «Айгөлек ойыны»
Айгөлек-ау, айгөлек
Айдың жүзі дөңгелек.
Әрі алғар, білімді.
Әрі тапқыр зейінді
Бізден сізге кім керек?
№5. Есеп бойынша теңдеу құр.
Мектеп кітапханасына 4-сынып үшін 395 оқулық және 5-сынып
үшін 505 оқулық әкелінді. Барлық оқулықтар әр бумада 30 данадан буылған. Кітапханаға барлығы неше бума оқулық
әкелінді?
Мұндағы х- кітапханаға әкелінген бумалар саны болсын.
Х * 30 = 395 + 505
Х * 30 = 900
Х = 900 : 30
Х =30
30 бума кітап әкелінді.
* Айгөлек ойыны
Айгөлек-ау, айгөлек
Айдың жүзі дөңгелек.
Әрі алғар, білімді.
Әрі тапқыр зейінді
Бізден сізге кім керек?
№7 Есепті шығар
U
1
=12 км/сағ Ш: S = S
0
+ ( U
1
+ U
2
) *t
U
2
= 8 км/сағ S = 15 + ( 12 +8 ) * 2
t= 2 сағ S = 55 км
S
0
= 15 км/сағ Ж: салт аттылардың арақашықтығы 55 км
S = ?
67
Достарыңызбен бөлісу: |