Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы



жүктеу 19,34 Kb.
Pdf просмотр
Дата15.05.2018
өлшемі19,34 Kb.
#13698


ҚҰЛАҚТАНДЫРУ 

Қазақстан  Республикасы,  010000,  Астана  қаласы,  Қабанбай  батыр  даңғылы,                     

17 мекен-жайы бойынша орналасқан «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы 

(бұдан әрі - Қоғам) осымен өзінің акционерлерін Қоғамның Директорлар кеңесі Қазақстан 

Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, (Қоғамның атқарушы 

органының  орналасқан  жері)  акті  залы,  3-қабат  мекен-жайы  бойынша  2017  жылдың                 

23  мамырында  10  сағат  00  минутта  мынадай  күн  тәртібімен  өткізілетін  акционерлердің 

кезектен тыс жалпы жиналысын (бұдан әрі - Жиналыс) шақыру туралы шешім қабылдағаны 

туралы хабарлайды: 

1.  2016 жылғы жылдық қаржылық есептілікті бекіту; 

2.  Өткен  қаржылық  жыл  үшін  Қоғамның  таза  кірісін  бөлудің  тәртібін  және 

Қоғамның бір акциясына есептелген дивидендтің мөлшерін айқындау; 

3.  Қоғамның 2016 жылға арналған жылдық есебін бекіту; 

4.  Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне 

арыздануы туралы және оларды 2016 жылы қараудың қортындылары туралы ақпарат; 

5.  Қоғамның директорлар кеңесі мен басқармасы мүшелерінің сыйақы мөлшерлері 

мен құрамы туралы ақпарат; 

6.  Қоғам  директорлар  кеңесі  мен  басқармасының  2016  жылдағы  жұмысы  туралы 

ақпарат; 

7.  Қоғамның жаңа редакциядағы Жарғысын бекіту туралы; 

8.  Қоғамның жаңа редакциядағы Корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы; 

9.  Қоғамның  жаңа  редакциядағы  Директорлар  кеңесі  туралы  ережесін  бекіту 

туралы; 

10.  Қоғамның директорлар кеңесінің сандық құрамын айқындау; 

11.   Қоғамның директорлар кеңесінің өкілеттігі мерзімін айқындау; 

12.  Қоғамның директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау; 

13.  Директорлар  кеңесінің  мүшелеріне  олардың  өз  міндеттерін  орындағаны  үшін 

сыйақылар мен шығыстарының өтемақысын төлеудің мөлшері мен шарттарын белгілеу; 

14.  Қоғамның аудитін іске асыратын аудиторлық ұйымын айқындау туралы. 

Қоғамның  директорлар  кеңесі  Жиналысты  шақырудың  бастамашысы  болып 

табылады (2017 жылғы 14 ақпандағы № 3 шешім). 

Жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталу уақыты – 2017 жылдың 23 мамыры  9 

сағат 00 минут. 

Жиналысқа қатысушыларды тіркеудің аяқталу уақыты – 2017 жылдың 23 мамыры  9 

сағат 45 минут. 



Кворум болмаған жағдайда Жиналыс осы күн тәртібімен осы мекен-жай бойынша 

2017 жылдың 24 мамыры 10 сағат 00 минутта өткізілетін болады. 

Жиналысқа қатысуға құқы бар акционерлердің тізімі жасалған күні мен уақыты   – 

2017 жылдың 21 сәуірі 23 сағат 59 минут. 

Күн  тәртібінің  мәселелері  бойынша  материалдармен  акционерлер  Жиналыс 

өткізілетін күнге дейін кем дегенде 10 күн бұрын Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 

17, 5-ші қабат, 507 кабинет  мекен-жайы бойынша Қоғамның ғимаратында жұмыс күндері 

сағат  9.00-ден 18.30-ға дейін, сондай-ақ  

www.kmgep.kz

. сайтында таныса алады. Қоғамның 

акционері  сұрау  салған  жағдайда  Жиналыстың  күн  тәртібінің  мәселелері  жөніндегі 

материалдар ондай акционерге сұрау салу алынған күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде 

жолданатын  болады,  бұл  ретте  құжаттардың  көшірмелерін  жасауға  және  құжаттарды 

жеткізуге арналған шығыстарды акционер өзіне алады. 

Жиналысты өткізудің тәртібі: 

-  Жиналыс  келген  акционерлерді  (олардың  өкілдерін)  тіркеу  жүргізілгеннен  кейін 

ашылады.  Акционердің  өкілі  оның  Жиналысқа  қатысу  және  дауыс  беру  өкілеттігін 

растайтын сенімхат ұсынуы қажет. Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворум 

белгілеу кезінде ескерілмейді және дауыс беруге қатысуға құқы болмайды; 

-  басымдықты  акцияның  меншік  иесі  болып  табылатын  акционер  Жиналысқа 

қатысуға және ол қарастыратын мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы; 

- шақырылған адамдар Жиналысқа қатыса алады, бұл ретте ондай адамдар Жиналыс 

төрағасының рұқсатымен Жиналыста сөз сөйлеуге құқы бар; 

- Жиналыс кворумның болуы шартымен жарияланған уақыт бойынша ашылады; 

-  Жиналыстың  төрағасын  сайлауды  Жиналыс  жүргізеді.  Жиналыстың  хатшысы 

Қоғамның корпоративтік хатшысы болып табылады; 

- Жиналыс өз жұмысында үзіліс жасау туралы және жұмыс уақытын ұзарту туралы, 

оның  ішінде  Жиналыстың  күн  тәртібінің  жекелеген  мәселелерін  қарауды  келесі  күнге 

ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқы бар; 

- Жиналыс күн тәртібінің барлық мәселелері қаралғаннан кейін және олар бойынша 

шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялана алады. 

Жиналыс  өткізудің  өзге  де  мәселелері  Қазақстан  Республикасының  «Акционерлік 

қоғамдар туралы» Заңында және Қоғамның Жарғысында айқындалған. 

Күн тәртібінің мәселелері бойынша сырттай дауыс беру қарастырылмаған. 

Жиналыс  Қазақстан  Республикасының  «Акционерлік  қоғамдар  туралы»  Заңының 

35-52 баптарына сәйкес өткізіледі. 



 

жүктеу 19,34 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау