Қазақстан республиасының



жүктеу 14,98 Mb.
бет148/180
Дата04.12.2017
өлшемі14,98 Mb.
#3074
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   180

2-сурет


Осындай қозғалыс прецессия деп аталады. Оған мысал ретінде ұршықтың айналмалы қозғалысын алуға болады.

Сонымен атомның электрондық орбиталары прецессилық қозғалыстар жасайды, олар дөңгелек токқа пара-пар. Осы микротоктарды сыртқы магнит өрісі тудырғандықтан, Ленц ережесіне сәйкес атомда сыртқы магнит өрісіне қарама-қарсы бағытталған магнит өрісі пайда болады. Атомдардың (молекулалардың) магнит өрістері қосылып сыртқы магнит өрісін әлсірететін заттың меншікті магнит өрісін тудырады. Осы эффект диамагниттік эффект, ал зат диамагнетик деп аталады. Сыртқы магнит өрісі жоқ кезде диамагнетик магниттелмейді, себебі электрондардың магниттік моменттері бірін-бірі компенсациялайды да, қорытқы магниттік момент нольге тең болады.



Парамагнетиктерде сыртқы магнит өрісіне бағыттас магнит өрісі пайда болады. Парамагнетиктерде сыртқы магнит өрісі жоқ кезде, электрондардың магниттік моменттері бірін-бірі компенсацияламайды, парамагнетик атомдары әрқашан да магниттік моментке ие. Бірақ та молекулалардың жылулық қозғалысы салдарынан олардың магниттік моменттері ретсіз орналасқан, сондықтан олар магниттік қасиетке ие емес. Парамагнетикті сыртқы магнит өрісіне орналастырсақ, онда атомдардың магниттік моменттерінің біразы өріс бағыты бойынша орналаса бастайды, толық орналасуға жылулық қозғалыс бөгет жасайды. Осылайша парамагнетик сыртқы өріске бағыттас өзінің меншікті магнит өрісін тудырып, магниттеледі, яғни сыртқы магнит өрісін күшейтеді. Осы эффект парамагниттік эффект деп аталады.

Табиғатта диа және парамагнетик заттармен қоса, күшті магниттелетін ферромагниттік заттар да кездеседі. Олар сыртқы магнит өрісі жоқ кезде де магниттеледі. Диа және парамагнетиктерде мен векторлары арасында байланыс сызықты, ал ферромагнетиктерде бұл байланыс күрделі. Сыртқы магн,ит өрісінің кернеулігі өскен сайын алғашында тез өседі де, одан соң баяулайды, соңында магниттік қанығуға жетіп, өріс кернеулігіне байланысты болмайды (3-сурет).



3-cурет
Мұны былай түсіндіруге болады. Алғашында өріс бойынша орналасқан молекулалық магниттік моменттердің орналасу дәрежесі жоғары болады, біраздан кейін орналасып болмаған молекулалардың аздығына байланысты азая береді де, соңында барлық моменттер өріс бағытында орналасып болғандықтан -дің артуы тоқтайды да, магниттік қанығу пайда болады. Магниттік индукция әлсіз өрістерде пен -дің өсуіне байланысты тез өседі, ал күшті өрістерде екінші қосынды () болғандықтан өсуіне байланысты сызықты түрде өседі (4-сурет).

4-сурет


Ферромагнетиктердің тағы бір ерекшелігі -дің мәнінің үлкендігімен қоса, мен арасындағы байланыс. Алғашында -тың өсуіне байланысты -де өседі, сонан соң максимум мәнге жетіп, азая бастайды (күшті өрістерде -ге жуықтайды). Ферромагнетикке айнымалы магнит өрісімен әсер етсек, онда -дің өзгерісі гистерезис тұзағын құрайды. Гистерезис ферромагнетиктердің магнеттелінуі -тың бірлік мәнге тең функциясы емес екендігін көрсетеді, яғни Н-тың бір мәніне -дің бірнеше мәні сәйкес келеді. Әртүрлі ферромагнетиктер әртүрлі гистерезис тұзағын құрады.

Ферромагнетиктердің келесі бір қасиеті - әрбір ферромагнетикке өзінің магниттік қасиетін жоғалтатын температура – Кюри температурасы сәйкес келеді. Кюри температурасынына жоғары температураға дейін қыздырсақ ферромагнетик парамагнетикке айналады. Бұл екінші ретті фазалық ауысуға жатады.



Тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Токтардың магнит өрісі. Магниттік момент. Магниттік индукция.

  2. Магнит өрісінің кернеулігі. Био-Савар-Лаплас заңы.

  3. Ампер заңы. Параллель токтардың өзара әсерлесулері. Магнит ағыны.

  4. Магнит өрісіндегі контурдың орын ауыстырғандағы істейтін жұмысы.

  5. Магнит өрісіндегі тогы бар контурдың энергиясы.

  6. Қозғалыстағы зарядтың магнит өрісі. Лоренц күші.

  7. Холл эффектісі. Толық ток

8. Диамагнетизм, ферромагнетизм.

ДӘРІС 12



жүктеу 14,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау