26
3. Жергілікті әкімшіліктердің рұқсат қағазы;
4. Толық емес орта немесе орта білім алғандығы туралы
дипломның көшірмесі;
5. Жергілікті Ішкі істер басқармасынан арнайы алдын
алу есептерінде тұрмағандығы туралы анықтама, учаскелік
полиция қызметкерінен мінездеме;
6. Жергілікті наркологиялық және жүйке аурулары
диспансерлерінің есептері бойынша анықтама;
7. Тұрғылықты мекені немесе тіркелу мекені туралы
анықтама (адрестік бюро анықтамасы);
8. Сотталмағандығы туралы анықтама;
9. Фотосурет - 3,5*4,5 – 4 дана;
10. Төлқұжатының және жеке куәлігінің көшірмесі;
11. Жергілікті ҚМДБ өкіл имамының ұсынысы;
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды толық
жинағаннан кейін талапкер ҚМДБның орталық
аппаратына келіп, сараптау көмиссиясының тексеруінен
өтіп, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім
қабылданады.
- Сараптау комиссия мүшелері талапкерге сұрақ қою,
тестілеу, сұхбаттасу немесе басқадай заңды әрекеттер арқылы
оның білім деңгейін, психологиялық төзімділігін, шетелдік
оқуға жарамдылығын анықтап, арнайы бланкіге қол қою
арқылы өзінің пікірін білдіреді.
- Талапкер шетелдік діни оқу орнын таңдау барысында
Ханафи мәзһабы мен Матрудия ақидасына негізделген діни
оқу орнына түсу қажет. ҚМДБ-ның діни саясатына қайшы
келетін шетелдік теологиялық оқу орындарына жолдама
берілмейді.
- Талапкер діни оқу орнына жолдама алған кезінде
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетелге
шығу (виза) мәселелерін толық шешіп, өзіне ұсыныс берген
ҚМДБ өкіл имамына хабарлауы қажет.
27
- Талапкер қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді
демалыс уақытында елге оралған кезінде өкіл имамға
жолығып, сабақ процесі мен басқадай маңызды тұрмыстық
мәселелер бойынша мәліметтерімен бөлісу қажет. Өкіл имам
өз тарапынан аталған мәліметтерді топтастырып, ҚМДБ
орталық аппаратына хабарлама жолдап отырады.
- Шетелдік теологиялық оқу орнын бітіріп келген
талапкер ҚМДБ-ның құрамында жұмыс істеу үшін шетелдік
дипломын нострификациядан өткізіп, қосымша сараптау
комиссиясымен сұхбаттасудан өтеді. Оның нәтижесі
бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады.
- Осы ережелерде көрсетілген талаптармен келіспеген
талапкерге шетелдік теологиялық оқу орнына жолдама
берілмейді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасына
қарасты мешіттерге қызметке орналасу үшін талап
етілетін құжаттардың тізбесі
1. Жеке іс парағы (өз қолымен толтыру керек)
2. Өмірбаян (өз қолымен жазу керек)
3. Дипломы (нот. куәландыру керек)
4. Мінездеме (арнайы мекеменің мінездемесі мен мөрі
басылу керек)
5. Ұсыныс (Аудан, қала имамының атынан)
6. Өтініш (ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтидің атына)
7. Жеке куәлігінің көшірмесі
8. Анықтама (наркодиспансерден)
9. Анықтама (психодиспансерден)
10. Анықтама (Құқықтық және статистика орталығы
(ЦПиС)
11. Фотосурет, 3 х 4 (4 дана), (сурет діни басқарма
ұсынатын арнайы сәлде- шапанда түсірілуі тиіс)
12. Аттестат (нот. куәландыру қажет)
13. Еңбек кітапшасы
28
Кезекті еңбек демалысына рұқсат алу өтінішінің үлгісі
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Ержан қажы Малғажыұлы хазретке,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
Ерман ауылындағы “Мырзақұл ата” мешітінің
имамы У. Шиндаулиевтен
ӨТІНІШ
Құрметті мүфти хазрет!
Менің 2015 жылғы кезекті еңбек демалысын осы
жылдың 20 тамызынан бастапалуымарұқсат беруіңізді
өтінемін.
Осы аралықта бас имам міндетін уақытша атқаруды
найб имам Т.Иманалиевке жүктеуді ұсынамын.
Өтініш иесі:
(қолы)
У. Шиндаулиев
05.08.2015 ж.
Ескерту: Өтініш берушінің өз қолымен жазылады.
29
Қажылық парызды өтеп қайту үшін берілетін өтініштің
үлгісі
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти
Ержан қажы Малғажыұлы хазретке,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы,
Ерман ауылындағы “Мырзақұл ата” мешітінің
имамы У. Шиндаулиевтен
ӨТІНІШ
Құрметті мүфти хазрет!
Мені 2015 жылдың 10-30 қыркүйегі аралығында
Исламдағы бес парыздың бірі - үлкен қажылықты өтеп
қайту үшін Сауд Арабиясы Корольдігінің Мекке, Мадине
қалаларына сапарға шығуға рұқсат беруіңізді өтінемін.
Осы аралықта бас имам міндетін уақытша атқаруды
найб имам Т.Иманалиевке жүктеуді ұсынамын.
Өтініш иесі:
(қолы)
У. Шиндаулиев
5.08.2015 ж.
Ескерту: Өтініш берушінің өз қолымен жазылады.
30
МЕШІТ САЛУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР
- Ауыл округі әкімшілігінен мешіт жоқ екенін
анықтайтын анықтама;
- Жергілікті халықпен өткізілген жиналыс хаттамасы;
- Жергілікті халықтың ҚМДБ-ның төрағасы, Бас
мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атына (кемі 25
адам қол қойылған өтініш) жазылған өтініші;
- Мешіт салушы азаматтың жеке куәлік көшірмесі
және кепілдеме хаты
31
Мешіт салуға рұқсат алу үшін ҚМДБ-ға ұсыныс жазу үлгісі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы
хазретке
ҰСЫНЫС
Құрметті мүфти хазрет!
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Оранғай
ауылдық округі, Бостандық елді мекені, М.Қазыбеков көшесі
№23 мекен-жайына ауыл жамағатының сұранысына орай,
аталмыш ауылдың тумасы (жеке кәсіпкер, ЖШС директоры)
Ж.М.Бекжігітов заман талабына сай мешіт ғимаратын салуға
ниет білдіруде.
Осыған орай, Ж.М.Бекжігітовке аталмыш ауылға мешіт
салуға рұқсат беруіңізді ұсынамын.
Негіз: Ж.М.Бекжігітовтың (12.03.2014ж.) кепілдеме
хаты.
Ізгі құрметпен,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының Оңтүстік Қазақстан
облысы бойынша өкіл имамы
А.Керімбек
Орын: М.Естеміров., 45-33-38
32
Мешіт салушының ҚМДБ-ға кепілдік хат жазу үлгісі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы
хазретке
Кепілдік хат
Мен мешіт салушы Бекжігітов Жәнділлә Мамытханұлы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Оранғай
ауылдық округі, Бостандық елді мекені, М.Қазыбеков көшесі
№ 23 мекен-жайына өз қаржыммен ауыл жамағатына мешіт
ғимаратын салып беремін. Осы мәселеге байланысты Сізден
өз рұқсатыңызды беруіңізді сұраймын.
Мешіттің толық құрылысын аяғына дейін қамтамасыз
етіп, құрылыс жұмысы біткен соң мешітті ҚМДБ-на филиал
етіп, имам мен мешіт атауы мәселесін ҚМДБ-ның құзырына
қалдыруға кепілдік беремін.
Осы нотариаттық іс-әрекетті жасаған кезде мен,
өзімнің әрекет қабілеттілігім шектелген деп танылған
еместігімді, өзіме қорғаншылық, қамқоршылық, патронаттық
белгіленбегенін, алкогольдік немесе есірткілік масаю халінде
еместігімді, өзімнің құқықтарымды қорғап, міндеттерімді
орындай алатынымды, қол қойған құжатымның мәнін
түсінуге кедергі келтіретін аурумен ауырмайтынымды,
сондай-ақ алдау, жаңылысу, қорқыту немесе теріс ниетті
келісімдердің ықпалында еместігімді мәлімдеймін.
ҚР «Нотариат туралы» заңының 79 бабының мазмұны,
18 бабының 1 бөлімі 2 тармағының мазмұны маған нотриуспен
түсіндірілді. Осы құжаттың мазмұнын өзім нотариустың
көзінше оқыдым, ескертуім жоқ .Осы құжаттың мәні мен
мағынасы маған түсінікті, менің ниеттеріме сәйкес келеді.
Жасалынатын нотариаттық іс-әрекеттің құқықтық
салдары маған белгілі нотариуспен түсіндірілді.
Өтініш иесі: қолы Ж. Бекжігітов
(Кепілдеме хат ноториалдық тұрғыдан
куәландырылу қажет)
33
МЕШІТ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ
МІНДЕТТЕРІ
34
БЕКІТЕМІН
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО
бойынша өкіл имамы А.Керімбек
«____» _____________ 2015ж.
МЕШІТТЕҚҰРАН ОҚУШЫ КЕЗЕКШІЛЕРДІҢ
БЕКІТІЛГЕН МІНДЕТТЕРІ
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен
заңдарын және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
Жарғысын басшылыққа ала отырып қызмет атқарады.
2. Бас имамның бұйрығымен бекітілген жұмыс
уақытында орнында отыру.
3. Ашық түсті көйлек, қырлы шалбар, таза ҚМДБ
тарапынан бекітілген шапан және басында тақиясы болуы
міндетті.
4. Отырған бөлменің тазалығына жіті мән беру.
5. Құран оқытуға келуші азаматтармен әдепті, жылы,
сыпайы түрде сөйлесу.
6. Құран оқытуға келуші қыз-келіншектердің әуретті
жерлерін жабатын киім киуін бақылап, сыпайылықпен
ескерту.
7. Құранды қырағатпен тәжуид ережесіне сай, анық
дауыстап оқу.
8. Неке кыйдыру, құдайы ас жиын, жаназа шығару үшін
имам сұрап келушілерді арнайы тіркеу журналдарына тіркеп,
берген нәзір садақасына бас есепшінің мөрі басылған арнайы
квитанциясын толтырып беру.
9. Апталық құран оқу кезекшіліктен мешіт кассасына
берілген нәзір садақаны, екінші түпнұсқа квитанциясымен
мешіттің бас есешісіне тапсыру.
10. Кезекшілік уақытында мешітке келуші азаматтарды
35
және намазхандардың келіп кетуіне жіті мән беріп қадағалау.
11. Белгіленген жұмыс уақыты аптаның дүйсенбі
жексенбі күндері сағат: 09:00-ден 18:00 аралығы. Жұмыс
уақтында ескертусіз орнынан ешқайда кетпеу.
12. Міндеттемеде өзіне бекітілген міндетін себепсіз
орындамағаны үшін, түсініктеме беру.
13. Бос уақытында қосалқы шаруашылық жұмыстарды
атқаруға көмек көрсету.
МЕШІТ ХАТШЫСЫНА БЕКІТІЛГЕН
МІНДЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен
заңдарын және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
Жарғысын басшылыққа ала отырып қызмет атқарады.
2. Бас имамның бұйрығымен бекітілген жұмыс
уақытында орнында отырады.
3. Ашық түсті көйлек, қырлы шалбар, басында тақиясы
болуы тиіс.
4. Отырған бөлменің тазалығына жіті мән беруі керек.
5. Бас имамға немесе найб имамдарға келуші азаматтарды
жылы сыпайы түрде кабылдап, имамдарға естіртіп, қабылдау
журналына тіркеу және өз кезектерімен кіргізуі қажет.
6. Келуші азаматтармен әдепті, жылы, сыпайы түрде сөйлесуі
тиіс.
7. Барлық басқарма мен жеке азаматтардан және
телефакс арқылы келген хаттарды қол қойып қабылдап алып,
дер кезінде бас имам бөлмесіне кіргізу және естіртуі тиіс.
8. Бас имам тарапынан берілген тапсырмаларды найб
имамдарға және мешіт қызметкерлеріне өз уақытында жеткізуі
қажет.
9. Жұмыс уақытында телефон қоңырауына жауап беруі
тиіс.
36
10. Белгіленген жұмыс уақыты аптаның дүйсенбі-жұма
күндері сағат: 09:00 -ден 18:00 аралығы, сенбі күні сағат:
09:00-ден 15:00 арасы, ал жексенбі күні демалыс.
11. Жұмыс уақтында ескертусіз орнынан ешқайда кетпеуі
керек.
12. Міндеттемеде өзіне бекітілген міндетін себепсіз
орындамағаны үшін, түсініктеме беруі тиіс.
13. Бос уақытында қосалқы шаруашылық жұмыстарды
атқаруға көмек көрсетуі қажет.
МЕШІТ ҰСТАЗДАРЫНА БЕКІТІЛГЕН
МІНДЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен
заңдарын және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
Жарғысын басшылыққа ала отырып қызмет атқарады.
2. Шәкірттерді ата-анасының Бас имамның
атына жазылған өтініш хаты және туу туралы куәліктің
көшірмесімен қабылдайды.
3. ҚМДБ-ның бекіткен бағдарламасы бойынша сабақ
береді.
4. Бағдарлама негізінде жылдық жоспар жасайды
және бекіттіреді.
5. Сабақ кестесін және уақытын жасап, бас имамға
бекіттіреді.
6. Тоқсан сайын және жыл аяғында бас имамға есеп
береді.
7. Облыстық және қалалық Құран жарысына
шәкірттер дайындайды.
8. Тәжуидпен
оқудан
Құран
жарысын
ұйымдастырады.
9. Құранды тез жаттайтын дарынды шәкірттермен
арнайы бөлек топ ашып сабақ өтеді.
37
10. Шәкірттерді өңірдегі киелі, айтулы жерлерге
зиярат жасатып саяхат ұйымдастырады.
11. Бос уақытында қосалқы шаруашылық жұмыстарды
атқаруға көмек көрсету.
МЕШІТ КҮЗЕТШІЛЕРІНЕ БЕКІТІЛГЕН
МІНДЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен
заңдарын және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
Жарғысын басшылыққа ала отырып қызмет атқарады.
2. Бас имамның бұйрығымен бекітілген жұмыс
уақытында орнында отырады.
3. Күнделікті «Күзет кезекшілігі» журналына
кабылдап алып,өткізгенді туралы қол қояды.
4. Мешіттің барлық мүліктеріне күзетшілік
уақытында жауапты болады.
5. Мешіт ішінде тәртіптің, әдептің сақталуын
қадағалайды.
6. Құптан намазынан соң намазхандардың толық
мешіттен шығып кетуін бақылап, мешітке кіріс қорғанының
есіктері мен мешіттің барлық есіктерін құлыптайды.
7. Таң намазының азаны айтылған соң, намазға
келушілерге мешіт және дәретхана есіктерін ашады.
8. Мешітке келуші жамағатпен және мешіт
қызметкерлерін іздеген кісілерге, сыпайлық көрсетіп, көмек
береді.
9. Мешітке келуші қыз-келіншектердің әуретті
жерлерін жабатын киім киуін бақылап, сыпайылықпен
ескертеді.
10. Бос уақытында қосалқы шаруашылық жұмыстарды
атқаруға көмек көрсетеді.
38
МЕШІТТІҢ ШАРУШЫЛЫҚ МЕНГЕРУШІСІНЕ
БЕКІТІЛГЕН МІНДЕТТЕРІ
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен
заңдарын және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
Жарғысын басшылыққа ала отырып қызмет атқарады.
2. Мешіттің (жылжымалы,жылжымайтын) мүліктерін
есепке алады.
3. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
4. Күрделі жөндеу жұмыстарын анықтап, оны іс
басқарушыға баяндайды.
5. Сатып алынған немесе сыйға келген заттарды есепке
алады.
6. Мешіт қызметіне қажетті кеңсе заттарын уақытылы
қамтамасыз етеді.
7. Мешіт мүлкінің бүлінуіне жол бермейді.
8. Мешіт ауласындағы әртүрлі ағаштарға және жасыл
желектерге, уақытымен арнайы су бұрқақтарды іске қосып
отырады.
9. Мешіт ауласына арнайы өсірілген шөптердің (газон)
уақытымен қырқылуын қадағалайды.
10. Мешітте және дәретханада қысы-жазы жылы су
болуын қадағалайды.
11. Мешіт ішіндегі санитарлық-гигиениялық жағдайды
қалыптастырады.
12. Авто көліктің тоқтаусыз жұмыс істеуін қадағалайды.
13. Мешітте жылу және жарық энергиясының сөніп
калуын және ысырап болмауын қадағалайды.
14. Мешіт телефонының 24 сағат жұмыс істеуін
қадағалайды.
15. Жыл аяғанда мешіттін тозған немесе жұмыс істемей
қалған мүліктерін, арнайы инвертаризация комиссиясына
уақытылы ұсынып, есептен шығарып отырады.
16. Бос уақытында қосалқы шаруашылық жұмыстарды
атқаруға көмек көрсетеді.
39
МЕШІТ ТАЗАЛЫҚШЫЛАРЫНА БЕКІТІЛГЕН
МІНДЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен
заңдарын және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
Жарғысын басшылыққа ала отырып қызмет атқарады.
2. Жұмыс уақыты сағат: 06:00-09:00 және 15:00-
17:00 аралықта атқарады.
3. Мешіттің іші-сыртының тазалығын сақтайды.
4. Мешіт ішін және бөлмелерді желдетіп ауасын
жаңартып отырады.
5. Күделікті мешіт ішінде ылғалды тазалау
жұмыстарын жүргізеді.
6. Арнайы шаңсорғыштарды ұқыпты, таза қалпында
пайдаланады.
7. Даретханалардың санитарлық нормаға сәйкес
болуын қамтамасыз етеді.
8. Арнайы бөлмелермен оқу бөлмелеріне екі күнде
бір ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізіп, бөлме гүлдеріне
су құйады.
9. Тазалау кезінде мүліктердің қыйрау үстінде
тұрғандары байқалса, дер кезінде мешіттің шаруашылық
меңгерушісіне ескертеді.
10. Мешітке келушілермен әдепті сыпайы түрде
сөйлеседі.
МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРІ ҮШІН
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
Жинақтаған:
Мұхамеджан Естеміров,
облыс имамының орынбасары, дінтанушы
Редакторы Е.Жұмаш
Корректоры С.Мақсутов
Тех.редакторы А.Жауһаров
Басуға берілген 10.07.2015 ж.
Баспа табағы 2 . Офсеттік басылым.
Таралымы 1000 дана. Тапсырыс №.150
Бағасы келісім бойынша.
«АЗИАТ» баспаханасында басылды.
Шымкент қ, Ғ.Иляев көш. 18, офис108.
Достарыңызбен бөлісу: |