Масқара болудан жəне жұмыстан айрылудан қорыққан аталмыш əйелдердің ешқайсысы
полицияға шағымданған жоқ.
Наурызда үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ белсенділері қудалау құрбандарына қолдау
көрсететін «Қорғау 123» атты ұйым құрды жəне шұғыл желіні іске қосты.
Халықты бақылауда мəжбүрлеу: мəжбүрлі түсік тастау, мəжбүрлі зарарсыздандыру туралы
хабарлар болмады.
Дискриминация: Конституция мен заң ерлер мен əйелдердің тең құқықтары
мен бостандықтарын қамтамасыз етеді. Заң жыныстық белгі бойынша кемсітуге тыйым са-
лады. Ерлер мен əйелдер арасындағы айтарлықтай жалақы айырмашылығы елеулі про-
блема болып қала берді. Бақылаушылардың пікірінше, ауылдық жерлердегі əйелдер
қалалық аудандардағы əйелдерге қарағанда кемсітушілікке көбірек ұшырайды жəне
тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, білім алу мен жұмысқа орналасудың шектеулі
мүмкіндіктеріне, ақпаратқа қолжетімділіктің төмен деңгейіне, сондай-ақ жер жəне
басқа да мүліктік құқықтарына қатысты дискриминацияға жиі ұшырайды.
Балалар
2016 жылы Президент Бала құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін жетілдіру үшін Бала
құқықтары жөніндегі уəкілетті өкілді (Балалар омбудсмені) құру туралы жарлық
шығарды.
Тууды тіркеу: Азаматтық дүниеге келген елдің аумағына жəне ата-анасының азамат-
тығына байланысты туындайды. Үкімет барлық туылған нəрестелерді ата-аналары-
нан, басқа да мүдделі адамдардан не медициналық мекемеден құжаттарды алғаннан
кейін тіркейді. Құжатсыз аналарға балаларының туу туралы куəліктері берілмейді.
Балалар зорлық-зомбылығы: мектептегі зорлық-зомбылық үлкен мəселе болып табылады,
ал сарапшылар үш оқушының екеуі зорлық-зомбылықтан зардап шекті немесе зорлықтың
куəсі болды деп есептейді. Зорлық пен зомбылық интернаттарда жəне балалар үйлерінде
жиірек байқалады. Есептемелер бойынша, 17 000-нан 18 000-ға дейін балалар ата-
аналарының психологиялық немесе физикалық зорлық-зомбылықтарынан зардап шегеді.
ЮНИСЕФ хабарлауынша, респонденттердің 75 пайызы өз балаларына тəртіптік жаза
қолданды, балалар үйде, мектептерде, балалар үйлерінде жəне көшеде зорлық-зомбылыққа
ұшырады. Humanium халықаралық балалар құқықтарын қорғау ұйымы зорлық-зомбылық
азайғанмен, əлі күнге дейін мектеп-интернаттарда, қамқорлық үйлерінде, түрмеде жəне
қамау орындарында зорлық-зомбылық жиі орын алғанын хабарлады. Осындай зорлық-
зомбылықтан зардап шеккен балалар үшін шағым жасау механизмі қол жетімді емес болды.
Жаңа туылған нəрестелерді сату туралы мəліметтер келіп түсті.
Ерте жəне мəжбүрлі неке: некеге тұрудың ең төменгі жас шамасы 18, ал жүктілік немесе
өзара келісім жағдайында 16-ға дейін түсуі мүмкін. БҰҰ Халық саласындағы қорының
пікірінше, жыл сайын 3000-ға жуық ерте жəне мəжбүрлі некелер орын алады. Көптеген
ерлі-зайыптылар алдымен мешіттерде некелерін қиып, содан кейін қалыңдық кəмелет
жасқа келгенде ресми түрде тіркеледі. Үкімет бұл мəселені шешу үшін ешқандай шара
қолданған жоқ.
Балаларды жыныстық қатынаста пайдалану: Заңда келісімді жыныстық қатынастың ең
төменгі жас мөлшері көрсетілмеген, бірақ 18 жасқа толмаған ұлдарды жəне қыздарды
жыныстық қатынасқа түсуге мəжбүрлейтін адамдар үшін сегіз жылдан он бес жылға
дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Балалар омбудсмені жыны-
стық зорлық-зомбылық оқиғаларының саны өткен жылмен салыстырғанда 38 пайызға
артып кеткенін ескертті.
Заң балалар порнографиясын өндіру мен таратуды қылмыс қатарына кіргізіп, кəме-
летке толмағандарға порнографиялық материалдарды сатуға қатысты əкімшілік
айыппұлдар тағайындайды. Республикада балалар порнографиясына қатысты
əкімшілік айыппұлдар сақталған. Кəмелет жасқа толмағандарға қатысты сексуалдық
құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталғандарға балалар мекемелерінде жұмыс жасауға
өмір бойы тыйым салынады.
Босқын балалар: Адам құқықтарын бақылаушылар байқағандай, ірі қалаларда қараусыз
қалған балалар саны өте жоғары болды. Балалар омбудсменінің айтуынша, қараусыз қалған
балалар саны артып келеді. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарлауынша,
жылдың бірінші тоқсанында делинквентті балаларға арналған орталыққа 1422 қараусыз
қалған бала, 233 жетім, 21 құқық бұзушы жəне проблемалық отбасылардан шыққан 12 бала
жіберілді. Барлық балалардың 1371-і отбасына қайтарылды. Қалған балалар жетімдер үйіне
(97), патронаттық отбасыларға (33), түзету мектеп-интернаттарына (22) жіберілді.
Арнайы мекемедегі балалар: Үкіметтік дереккөздерге сəйкес, мемлекеттік мекемелерде,
мысалы, балалар үйлерінде, интернаттарда, сондай-ақ делинквентті балаларды қамау
орындарында балаларға қатысты орын алған зорлық-зомбылық оқиғалары «сирек емес».
ҮЕҰ айтуынша, жетімдер үйіндегі немесе жабық мекемелердегі балалардың жартысы
мұғалімдер немесе басқа балалар тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырады. Балалардың
құқықтарын қорғау комитетінің деректері бойынша, жетімдер үйінде тұратын жетім бала-
лар саны 2016 жылы 7000-нан 2017 жылы 6223-ке дейін азайды. 27274 жетім баланың
қалған бөлігі патронаттық отбасыларда немесе басқа қамқорлық мекемелерінде болды.
Балаларды халықаралық ұрлау: Мемлекет 1980 жылғы Балаларды халықаралық ұр-
лаудың азаматтық аспектілері туралы конвенциясын қабылдаған.