«Қазақстан – 2050» стратегиясын орындау тұрғысынан мектептегі көптілділікті дамыту Республикалық конференциясы мен Қазақ, орыс жəне



жүктеу 28,74 Kb.
Pdf просмотр
Дата04.12.2017
өлшемі28,74 Kb.
#2894
түріОқулық


 

 

 «Қазақстан – 2050» стратегиясын орындау  



тұрғысынан мектептегі көптілділікті дамыту 

Республикалық конференциясы мен Қазақ, орыс жəне 

ағылшын тілдері бойынша 1-сынып мұғалімдері арасындағы  

«Бірінші сыныпқа арналған бірыңғай базалық оқулықтар: 

ойнай отырып оқимыз» бейнесабақ көріністері 

Республикалық сайысы бойынша 

 

ҰСЫНЫСТАР 

 

Еліміздегі  заманауи  өзгерістер,  қоғамның  жылдам  ақпараттануы  мен  қарқындылығы 

білімге  қойылар  талапты  түбірінен  өзгертуде.  Еліміздің  Президенті  Н.Ə.Назарбаев «…барлық 

модернизациялау процесінің негізгі факторларының бірі білім берудің ұлттық жүйесін табысты 

жаңарту  болып  табылатынын»  атап  көрсетті.  Бүгінде  ол  барлық  басым  бағыттарда  жүзеге 

асырылуда.  

Білім беру мазмұнын жаңарту бағыттарының бірі мұғалімнің сабақта үйрету мен оқытуға 

жаңа  əдіс-тəсілдерді  енгізу  арқылы  көшбасшылық  жасауын  дамыту  болып  табылады.  Биылғы 

оқу  жылынан  бастап  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  шеңберінде 1-сыныптарда  екінші  тілге 

үйрету  бірыңғай  базалық  оқулықтар  бойынша  жүзеге  асырылуда.  Бұл  жаңа  буын  оқулықтары 

өзінің маңызы мен мазмұны жағынан бұрынғы оқулықтардан мүлдем өзгеше.  

1-сыныпта  екінші  тілге  үйрету  бойынша  бірыңғай  базалық  оқулықтар  педагогке 

оқушыларды  тілге  қызықтыра  жетелеуге  мүмкіндік  ашып,  балаларды  өз  бетімен  сөйлеу-ойлау 

əрекетіне  ынталандыруға  мүмкіндік  береді.  Бірыңғай  базалық  оқулықтардың  инновациялық 

контенті балалардың танымдық əрекетін белсендіруге, əрқайсысын білім беру процесіне тартуға, 

өз  бетімен  ойлау  жəне  бағалай  білу  дағдысын  дамытуға  бағытталған.  Мұғалімнің  міндеті – 

бірыңғай базалық оқулықтардың дамытушылық потенциалын пайдаланып, тиімді сабақ өткізу.  

Сайысқа  ұсынылған  бейнесабақтар  біздің  мұғалімдердің  білім  беру  мазмұнын  жаңарту 

жағдайында  бірыңғай  базалық  оқулықтардың  мүмкіндіктерін  қаншалықты  тиімді  пайда-

ланатындарын  көрсетті.  Білігі  жоғары,  шығармашыл  педагогтер  өзінің  педагогикалық  тəжі-

рибесін  өзгертудің  маңыздылығын  толығымен  түсініп,  оқыту  мен  үйретуде  жаңа  көзқарастар 

енгізуді  қабылдады.  Олар  қолданған  заманауи  белсенді  оқыту  стратегиялары,  мұғалім  мен 

оқушының,  оқушы  мен  оқушының  өзара  қарым-қатынасы,  балалардың  өзіндік  жұмысы,  оқу 

жетістіктерін  критериалды  бағалау  төменгі  сынып  оқушыларының  екінші  тілді  меңгерудегі 

функционалдық дағдыларын қалыптастырудың негізіне айналатынын көрсетті.  

Сонымен  бірге  кейбір  сайыс  материалдары  бірқатар  мұғалімдердің  өзінің  оқыту  жəне 

үйрету  тəжірибесін  қайта  қарай  алмағанын,  əдеттеніп  қалған  ескі  əдіс-тəсілдерден  бас 

тартпағанын,  осының  салдарынан  жаңа  оқулық  мазмұнына  ескі  əдістемені  қолдану  орын 

алғанын  көрсетеді.  Соның  салдарынан  базалық  оқулықтардың  дамытушылық  мүмкіндіктері 

ашылмай қалған.  

Конференция  мен  Қазақ,  орыс  жəне  ағылшын  тілдері  бойынша 1-сынып  мұғалімдері 

арасындағы  «Бірінші  сыныпқа  арналған  бірыңғай  базалық  оқулықтар:  ойнай  отырып  оқимыз» 

бейнесабақ көріністері Республикалық сайысына қатысушылар мынадай ұсыныс жасайды: 

 

 



1.  Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігіне: 

1. Сапалы сараптамалық бағалауға қол жеткізу мақсатында оқу-педагогикалық баспаларды 

оқулықтарды  апробациядан  өткізу  жəне  тиімділік  мониторингіне  ресми  қатыстыруды  жүзеге 

асыру. 


2. Апробация нəтижелерін ескере отырып, бірыңғай базалық оқулықтарды анықтаған кезде 

оқу-педагогикалық  баспалар  ұсынған  оқу  құралдарының  пəндік  желілер  үздіксіздігі  сақталуын 

қамтамасыз ету. 

 



 

 

2.  «Оқулық» республикалық ғылыми-əдістемелік орталығына: 

1.  Комиссия құрамына жоғары білікті сарапшыларды енгізіп, бірыңғай базалық оқулықтар-

дың сапалы сараптамадан өткізілуін қамтамасыз ету. 

2.  Бірыңғай  базалық  оқулықтарды  анықтаған  кезде  оқу-педагогикалық  баспалар  ұсынған 

оқу құралдарының жария түрде тұсаукесері өткізіліп, қорғалуын жүзеге асыру.  

 

3.  Оқу-педагогикалық баспаларға: 

1.  Басып шығаратын оқу құралдарының сапасы жоғары болуына қол жеткізу үшін оқулық 

мазмұнына ішкі сараптама жасалуын күшейту.  

2.  Оқулықтарды  апробациядан  өткізу  сатысында  ғана  емес,  оларды  бірыңғай  базалық 

оқулық ретінде пайдалану кезеңінде де оқу құралдары мазмұнына түзетулер мен толықтырулар 

енгізілгені,  одан  əрі  жетілдірілгені  туралы  неғұрлым  толық  əрі  сенімді  ақпарат  алынуы  үшін 

тұрақты мониторинг жүргізілуін жүзеге асыру.  

 

4.  Білім беру басқармасының барлық деңгейдегі органдарына: 

1.  Мектепте  білім  беру  мазмұнын  жаңартуда 1-сынып  оқушылары  арасында  көптілділікті 

дамыту үшін қажетті жағдайлардың жасалуын қамтамасыз ету.  

2.  Осы  бағыттың  басымдылығын  ескере  отырып,  бірыңғай  базалық  оқулықтармен  жұмыс 

жасайтын 1-сынып мұғалімдерінің инновациялық əрекеттеріне жергілікті жерде барынша қолдау 

көрсетіп, көтермелеу. 

 

5.  Барлық деңгейдегі əдіскерлік қызметтерге: 

1.  Қазақ,  орыс  жəне  ағылшын  тілдері  бойынша  бірыңғай  базалық  оқулықтармен  жұмыс 

жасайтын 1-сынып мұғалімдерінің инновациялық əрекеттері сапалы ғылыми-əдістемеліктермен 

қамтамасыз етілуін жүзеге асыру. 

2.  Осы  санаттағы  мұғалімдердің  педагогикалық  тəжірибесін  зерттеп,  қиыншылықтары 

болса, дер кезінде түзетілуі үшін əдіскерлік көмек көрсетілуін қамтамасыз ету.  

3.  Бірыңғай  базалық  оқулықтармен жұмыс  жасайтын 1-сынып  мұғалімдерінің  инновация-

лық  педагогикалық  тəжірибесі  тұжырымдалып,  кеңінен  таратылуы  мақсатында  жинақталуын 

жүзеге асыру. 

 

6.  Мектеп əкімшіліне: 

1.  Қазақ,  орыс  жəне  ағылшын  тілдері  бойынша  бірыңғай  базалық  оқулықтармен  жұмыс 

жасайтын 1-сынып  мұғалімдерінің  инновациялық  əрекеттері  үшін  жергілікті  жерде  жағдай 

жасалуын қамтамасыз ету.  

2.  Балаларды оқыту мен тəрбиелеу сапасына қол жеткізу үшін əкімшілік, мұғалімдер мен 

бірінші сынып оқушыларының ата-аналары тығыз жұмыс жасауын қамтамасыз ету.  

3.  Бірыңғай  базалық  оқулықтармен  жұмыс  жасайтын 1-сынып  мұғалімдерінің  қиын-

шылықтары мен проблемаларын анықтау жəне дер кезінде қажетті көмек пен қолдау көрсетілуі 

мақсатында сапалы мектепішілік бақылауды жүзеге асыру.  

 

7.  Мұғалімдерге: 

1.  Өзінің  педагогикалық  тəжірибесінде  жаңа  əдіс-тəсілдерді  меңгеру  жəне  өзін-өзі 

жетілдіру мақсатында тұрақты түрде өзін-өзі оқыту, үйренуін жүзеге асыру.  

2.  Инновациялық  жұмыс  жасайтын  мұғалімдердің  озық  педагогикалық  тəжірибесін 

зерттеп, өз тəжірибесіне енгізу.  

3.  Өзінің  жүйелі  қателіктері  болса,  анықтап,  оларды  жөндеу  жəне  болашақта  алдын  алу 

мақсатында өзінің педагогикалық тəжірибесіне зерттеу жүргізуді жүзеге асыру. 

4.  Өзінің кемшіліктері, қателіктері, табыстары мен проблемаларын біліп отыру мақсатында 

өз əрекетіне тұрақты рефлексия жүргізу.  

5.  Бастапқы сатысында авторлардың бірыңғай базалық оқулықтармен жұмыс жасау жөнін-

дегі ұсыныстары қатаң сақтау, тек апробация кезеңі өтіп, оқу құралдарының негізгі идеяларын 



əбден түсінген кезде ғана сабақ беру мен оқыту əдістемесіне өзінің көзқарасын енгізу.  

жүктеу 28,74 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау