Ќазаќ тілі пєнініњ аудандыќ семинары



жүктеу 336,06 Kb.
бет2/2
Дата25.12.2017
өлшемі336,06 Kb.
#5970
түріСеминар
1   2



Хромтау ауданы

2014 жыл. Қаңтар.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жазба жұмыстары және оларға қойылатын бірыңғай талаптар.

Баланың жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан да жалпы білім беретін мектептегі оқыту процесі жеке тұлғаға бағдарланған оқыту принципіне негізделініп, оқушылардың жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады.

Сол мүмкіндіктердің ең бастысы – қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы жазу жұмыстарының белгіленген нормалары мен бірыңғай талаптарының қатаң сақталынуы. Бұл жайлар әрбір мұғалімге бұрыннан-ақ таныс, белгілі, күнделікті жұмысында кеңінен қолданып жүрген жайлар. Әйтсе де әр баламен жеке жұмыс жүргізуді қажет ететін, жеке тұлға мен жалпыға бағытталған жұмыс түрлерін жобалау және өткізу түрлері мен талаптарының әр мектепте әртүрлі жағдайда болып келетіндігі ойлантатын жағдай. Сондықтан да әр кезеңде, әр әдістемелік нұсқаулықтарда көрсетіліп жүрген жазба жұмыстарының нормасы мен оларға қойылатын талаптарды бір жүйеге түсіріп, ортақ бір пікірге келер кез жеткен секілді.

Ең алдымен қазақ тілі мен әдебиеті пәнін жүргізуде қойылатын басты талап – ол оқушылардың жазу сауаттылығы мен көркемдігі, маңыздылығы.

Сыныпта және үйде орындайтын жұмыс түрлерінің толыққанды болуы.

Осы талаптарды орындау барысында оқушылардың тіл білімі саласында "үнсіз графика" аталатын бірыңғай талаптарды орындай білуі аса маңызды болып саналады. Себебі, белгілі бір заңдылыққа сүйеніп жүргізілген жұмыс, біріншіден, оқушының сауаттылығын танытатын болса, екіншіден, көркемдік жағынан да маңызды әсер етеді. Олай болса сол бәрімізге таныс деп саналатын бірыңғай талаптар дегеніміз не? Олар:




  1. Оқушы дәптерінің (немесе бақылау жұмысы парағының) сырты белгіленген үлгі бойынша 7-жолға (1-жол абзацтан басталынады) үнемі толыққанды түрде толтырылады. Мысалы: ..............орта мектебінің ..... – сынып оқушысы .............. қазақ тілі пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (... тоқсан соңында қазақ ...... пәнінен орындаған ....... жұмысы).

  2. Дәптерге жазу әрқашан бірінші жолдан (сызықтан) бастап жазылады.

  3. Күннің жады міндетті түрде сөзбен жазылуы керек.

  4. Күннің жадынан соң тақырып не жаттығудың реті араға жол тастамай жазылады.

  5. Тақырып не жаттығу ретінен соң бір жол тасталынып мәтін жазылады.

  6. Мәтіннің бірінші жолы міндетті түрде (өлеңнен басқа) абзацтан басталынады.

  7. Мәтіннен соң бір жол тасталынып келесі мәтін жазылады.

  8. Жаттығу жұмыстарының арасына бір жол қалдырылып (ортаға жаттығу реті жазылады) отырылады.

  9. Абзац жиек сызығынан үш әріп еркін сиятын көлемде қалдырылады.

  10. Абзацтан басқа жолдар жиек сызығына тақалып жазылады.

  11. Дәптер парағын жартылай бос тастап пайдалануға болмайды. Ондай

жағдайда баған түрінде жазу ұсынылады.

  1. Әрбір әріп каллиграфия нормаларына сай салынуы тиіс.

  2. Оқушы қате жіберген жағдайда ол боялып сызылмайды. Қате кеткен

сөз не сөйлем жақшаға алынады.

  1. Қателер түрі қызыл сиямен жиек сызығының сыртына көрсетіледі.

  2. Қателерді көрсетудің ұсынылған шартты белгілері:

а) / - емле қатесі,

ә) ۷ - тыныс белгісі қатесі,

б)  - стильдік қате,

в)  - абзац,

г)  - сөз тастау.

16. Баға парақтың сол жағына мәтіннен кейін қойылады (бастауыштан

басқа сыныптарда).
Дәптер бойынша қателерді тексерудің түрлері:


  1. Қателердің үсті қызыл сиямен сызылып, жоғарысына анықтап жазылады.

  2. Қателер жазудың үстінен қызыл сиямен түзетіліп жазылады.

  3. Қателердің үсті сызылып, жиек сызығының сыртына, сол жолдың тұсына шартты белгілері қойылады.

  4. Қателер түзетілмей сол жолдың тұсына, жиек сызығының сыртына шартты белгілері қойылады.

  5. Қателер түзетілмей тек асты сызылады.

Соңғы екі әдіс оқушылардың жіберген қателерін өздері түзетулеріне бағыт-бағдар береді. Ойын, білімін жинақтауға көмектеседі.
Оқушы дәптерлері 5-сыныпта күн сайын, 6-8-сыныптарда аптасына 1 рет, 9-11-сыныптарда айына бір рет тексеріледі. Әдебиет пәнінен айына екі рет тексеріледі.

Енді оқушылардың сыныпта және үйде орындайтын жазба жұмыстарының көлеміне тоқталайық:

5-сыныпта – сыныпта 3, үйде 1 жұмыс,

6-сыныпта – сыныпта 2, үйде 2 жұмыс,

7-11-сыныптарда – сыныпта 4, үйде 3 жұмыс орындалуы керек,

немесе:


5-сыныпта – 7-8 жол,

6-сыныпта – 9-11 жол,

7-сыныпта – 12-15 жол,

8-сыныпта – 16-20 жол,

9-сыныпта – 21-25 жол,

10-сыныпта – 26-30 жол,

11-сыныпта – 31-35 жол.

Әдебиет пәнінен 50 сөздей жазылуы тиіс.


Бағдарламаға енгізілетін жазба жұмыстарының түрлері мен саны:
5-сыныпта – 8 сынақхат жұмысы, 2 мазмұндама, 2/2 шығарма,

6-сыныпта – 6 сынақхат жұмысы, 2 мазмұндама, 2/2 шығарма,

7-сыныпта – 5 сынақхат жұмысы, 2 мазмұндама, 3 шығарма,

8-сыныпта – 5 сынақхат жұмысы, 2 мазмұндама, 3 шығарма,

9-сыныпта – 3 сынақхат жұмысы, 2 мазмұндама, 4 шығарма,

10-сыныпта – 2 сынақхат жұмысы, 3 мазмұндама, 5 шығарма,

11-сыныпта – 2 сынақхат жұмысы, 4 мазмұндама, 5 шығарма жұмысы алынады.
Оқу жылдамдығын меңгермей ешқандай оқушы толыққанды білім ала алмайтыны белгілі. Сондықтан да айына 1 рет әрбір сыныптан оқу жылдамдығы алынып, талқыланып, басшылыққа алынып отырылуы керек.

Оқу жылдамдығымен бірге әрбір сыныпқа арналған жазба жұмыстарының көлемін, бағалау нормаларын да қайта бір еске салып өткен жөн.


5-11-сынып оқушыларынан бағдарламаға сай талап етілетін оқу іскерлігі мен дағдыларының жоба көрсеткіші:
І. Оқу жылдамдығы. (1 минутта)


Сыныбы__Оқушы__Жазу_шапшаңдығы__Сөйлеу'>Сыныбы

Оқушы

Жазу шапшаңдығы

Сөйлеу

Дауыстап

Іштей

Монолог

Диалог

5

120 сөз

140-170

60 белгі

7-8 сөйлем

6-8 сөйлем

6

140 сөз

170-210

70 белгі

2 минут

6-8 сөйлем

7

150 сөз

210-250

70 белгі

2 минут

6-8 сөйлем

8

150-ден артық

210-270

80-100 белгі

3 минут

8-10 сөйлем

9

150-ден артық

270-290

100 белгі

3 минут

10-12 сөйлем

10

150-ден артық

290-310

100-120 белгі

4-5 минут

10-12 сөйлем

11

150-ден артық

310-330 артық

120-дан артық

4-5 минут

10-12 сөйлем

ІІ. Сынақхат нормалары.




Сыныбы

Сөздер саны

Орфограмма саны

Тыныс белгілері

5

90-100 сөз

12

2-3

6

100-110 сөз

16

3-4

7

110-120 сөз

20

4-5

8

120-150 сөз

24

10

9

150-170 сөз

24

15

10

170-180 сөз

26

18

11

190-200 сөз

26

18

ІІ. Мазмұнадама нормалары. ІІІ. Бағалау нормалары.




Баға

Қателер саны

5

1/0

1/0

0/1

4

3/3

2/4

1/5

3

6/5

5/6

3/8

2

9/3

9/5

8/9



сыныбы

Сөздер саны

5

100-150 сөз

6

150-200 сөз

7

200-250 сөз

8

250-300 сөз

9

300-350 сөз

10

350-400 сөз

11

400-450 сөз

ІҮ. Шығарма нормалары. Ү. Оқушы дәптерлерінің саны.




сыныбы

Көлемі

5

0,5-1 бет

6

1-1,5 бет

7

1,5-2 бет

8

2-3 бет

9

3-4 бет

10

4-6 бет

11

6-8 бет






сыныбы

Жұмыс

дәптері

Сынақхат

дәптері

Шығарма дәптері

Мазмұндама дәптері

5

2

1




1

6

2

1




1

7

2

1




1

8

1

1




1

9

1

1

1

1

10

1

1

1

2

11

1

1

1

2

Мазмұндама мен шығарма жұмыстарына екі баға қойылады. Біріншісі жұмыстың мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл шұрайлылығы үшін, ал екіншісі грамматикалық сауаттылығы үшін.

Қазақ тілі, яғни, сауаттылығы үшін алынған баға сынып журналының қазақ тілі пәні парағына қойылады. Журналдың күннің жады жазылатын жеріне шаршыны бос қойып төменге сауаттылығынан алынған бағалар қойылады. Үй тапсырмасының кестесінің орны толтырылмайды. Қазақ тілі пәнінің күндері әрі қарай бағдарламаға сай толтырылады. Әдебиет пәні парағына шығарма бағасы қойылады. Бір шаршыға екі баға қоюға болмайды.
Сынақхат мәтініне байланысты мұғалімдердің ескеретіні:


  1. Сынақхатты бағалауда орфографиялық және тыныс белгілік қателері жеке-жеке есептеледі де, жалпы бір баға қойылады.

  2. Бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады.

  3. Егер бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады.

  4. Бір ережеге жататын қателер біртекті болып есептеледі.

  5. Алғашқы біртекті үш қате біреуге саналады да, келесі осындай қателер дербес есептеледі.

  6. Тасымалдауда, автор сөзін берудегі тыныс белгілерде жіберілген қателер түзетілгенмен, қатеге саналмайды.

  7. Сынақхат мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі.

  8. 3 және одан артық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды.

Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестігі, тақырыптың толық ашылуы, баяндау жүйесі ескеріліп, сөздік қорының деңгейіне, сөйлем құрылысына, мәтіннің стильдік біртектілігіне, тіл шеберлігіне назар аударылады.

Жоспар құру – оқушының өзіндік ізденісін, ойлау қабілетін танытатын жұмыс. Сондықтан емтиханда әр мазмұндама мәтіні бойынша жоспар құру міндетті деп саналады.
Оқушы шығармасын тексеру, бағалау мәселесін негізінен төрт салаға бөліп қарайды:


  1. Мазмұндылығы мен идеялылығы.

  2. Ой-пікірінің жүйелілігі.

  3. Стилі.

  4. Грамматикалық сауаттылығы.

Бұлардың қай-қайсысы да оқушы білімін бағалауда маңызды. Шамамен алғанда, шығарманың идеялылығы мен мазмұндылығына оқушының тақырыпты қалай ашқандығы, қамтылған мәселенің дұрыстығы мен бұрыстығы, дәлелдігі, негізгі ойды жеткізе алуы жатады. Пікір жүйелілігіне шығарманың жоспарға сәйкестігі, әрбір бөлімнің мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы енеді. Тақырыпты ашуға байланысты ойын қалай жеткізгендігі, сөйлемдерінің оралымдылығы, сөз қолданысы, бір сөзді бірнеше рет қайталамауы, дәйексөзді қолдана білуі, сөйлемдерді дұрыс құру сияқты мәселелер стильге жатады. Ал емле, тыныс белгілеріне байланысты жайлар грамматикалық сауаттылық тұрғысынан қаралады.

Мемлекеттік емтихан кезінде сынақхат жазуға астрономиялық 2 сағат, мазмұндамаға 4 сағат, шығармаға 6 сағат беріледі.



Сыныпта жазылатын жазба жұмыстарына 1 сағат уақыт, шығарма жұмысына қатарынан екі сағат беріледі.



жүктеу 336,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау