Байгожина Ж.Е.
«Бұқар жырау негізгі мектебі» КММ, Қарағанды облысы, Қазақстан
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңа
технологиялар элементтерін қолдану
Білім мазмұнының жаңаруымен қатар критериалды бағалау жүйесін
енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарды қолданудың
тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңартылған білім мазмұны мұғалімнен
әрекеттік технологияларды енгізу, балалармен адамгершілік қатынас қағидасын
іске асыруы арқылы сыныптағы әрбір оқушының жеке қабілеттері мен
шығармашылық қатынасын дамытуды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерін
ұйымдастыруды талап етеді.
Заманауи мұғалім оқыту стратегиясының барлық мүмкіндіктерін қолдану
үшін түрлі педагогикалық тәсілдерді құрамдастыруда әртүрлі арсеналы болу
қажет. Білім беру стратегиялары барлық сыныппен, топта жүргізілетін жұмыс,
жеке жұмыс және білім алушылармен кері байланыстан тұрады. Сондықтан да
қазіргі таңда әр ұстаздың алдына қoйып отырған басты міндеттерінің бірі –
оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетiлдiрiп отыру және жаңа педагогикалық
технологияларды меңгеру. Жаңа педагогикалық технологиялар білім
алушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуына
ықпал етеді. Қазіргі таңда білім мен техниканың даму деңгейі әр оқушыға
сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Жаңа технологияларды
сабақта қолданудың тиімділігі қашан да анық. Сондықтан білім беру
барысында көптеген технологиялар қолданылады.
Жаңа
технологияны
жүзеге
асыруда
мұғалім
белсенділігі,
шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы
шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді
тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып табылады. Бұл
үшін мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - педагогикалық
негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті
деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді.
Сондықтан мектеп мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мен шығармашылық,
педагогикалық
әрекетін
ұйымдастыруда
қазіргі
педагогикалық
технологияларды меңгерудің маңызы зор.
Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық
технология деген ұғымды түсіну керек. Оқыту, білім беру тәжірибесі
педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған
байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің
бай тәжірибесі жинақталған. Педагогикалық технология терминінің
анықтамаларын көптеген авторлар өз түсінігі мен өз санасында қалыптасқан
көзқарастарын қалыптастырған. Педагогикалық технология - педагогикалық
мақсатқа жету үшін пайдаланатын барлық дара инструменталдық және
методологиялық құралдардың қолдану ретімен жиынтық жүйесін білдіреді.
Инновациялық технология нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға
көмектеседі.
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аламын.
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аламын.
5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретемін.
6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы,
шығармашылық белсенділігін арттырамын.
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне
деген кәсіби сенімін қалыптастырамын.
8. Оқушы өзіне және өзгеге баға беруге машықтанады [1].
Сабақта оқушыға тек білім беріп қоймай, ақпараттарды қорыту мен
проблеманы шешу әдістеріне үйретудің бір жолы - ақпаратты көрнекі-
мазмұндық түрде жеткізу, яғни "фишбоун" әдісін қолдану. "Фишбоун"
(балықтың сүйегі немесе қаңқасы) - жапон ғалымы Каору Исикаваның әдісі.
Бұл ақпаратты графикалық техника жолымен ұсыну арқылы қандай да бір
құбылысты талдау барысында проблемаларды көрнекі түрде анықтап алуға,
оның себептері мен фактілерін анықтауға, қорытынды шығаруға мүмкіндік
береді. Балықтың қаңқасын құрастыруда оқушылар топпен немесе жұппен
жұмыс істеуге үйренеді, себеп-салдар байланыстарды визуализациялауға
үйренеді, әртүрлі факторларды маңыздылығына қарай топтауға, сыни ойлауға
және шынайы құбылыстарды бағалауға үйренеді.
Балық қаңқасы кез келген ситуацияның шешімін табуға, жаңа идеяларды
дамытуға, ойлау үдерісін шапшаңдатуға септігін тигізеді. Нәтижесінде
оқушылар өз ойларын тез, әрі нақты етіп жинақтауға дағдыланады.
"Фишбоунды" құрастырудың ережесі бойынша, ол алдын ала немесе
оқушылардың қатысуымен құрастырылады. Заманауи технологиялар көмегімен
оны түрлі түстермен тартымды етіп А3 форматында даярлаған жөн. Сызбаны
құрастырудың екі жолы бар: көлденең түрде балық қаңқасының пішініне сәйкес
(горизонтальды), бұл пішін бастауыш сынып оқушылары үшін қолайлы; тігінен
(вертикальды) пішінде, бұл жоғары сынып оқушылары үшін ауқымды
ақпараттарды сыйғызу мақсатында қолданылады.
Балық қаңқасы негізгі 4 блоктан тұрады:
бас - сұрақ немесе проблема;
үстіңгі қабырға сүйектері - проблеманың немесе құбылыстың
себептері мен негізгі ұғымдары;
астыңғы қабырға сүйектері - дәйектер;
құйрық - қорытынды немесе тұжырым.
себептер
проблема
қорытынды
дәйектер (фактілер)
Маңызды нәрсе – проблеманың шешімі оның маңызы мен өзектілігі
дәрежесіне қарай, яғни бастан құйрыққа қарай бағытта құрылуы керек.
балықтың денесіндегі жазбалар қысқа, әрі нақты болуы тиіс.
«Фишбоун» кез келген сабақта және кез келген сабақ түрінде қолдануға
болатын әмбебап әдіс. Мысалы, бұл әдістің көмегімен әдебиет сабағында
белгілі бір автордың (ақын, жазушы, драматург) шығармашылығын толық
қарастыруға
болады.
Оқушыларға
автордың
шығармаларындағы
проблемаларды ажыратып, нақты шығармалар арқылы мысалдар келтіру
ұсынылады. Мұндағы міндет – автордың шығармаларының келер ұрпақ үшін
маңызын анықтау және дәлелдеу. Балықтың қаңқасын құрастыруда бірнеше
тәсілді пайдалануға болады:
жеке жұмыс (оқушыларға сұрақ беріледі, ойлануға және балық
қаңқасын құрастыруға 10-15 минут уақыт беріледі, одан кейін әр оқушының
жауабы талқыланады);
топтық жұмыс (оқушыларға мәтін беріледі де оны оқып шыққан
соң талқылай отырып балық қаңқасы құрастырылады).
«Фишбоунды» үй тапсырмасы, сабақтағы тірек - конспект, өзіндік жұмыс
және жобалық жұмыс ретінде пайдалануға болады [2].
Әдебиеттер:
1. Абатаева О.Н. Бастауыш сыныптарда инновациялық технологияларды
пайдалану тиімділігі \\ «Инновациялық технологияларды білім беру процесіне
ендіру - сапалы білім негізі» дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік
конференция материалдары: казақша, орысша. - Талдықорған: І.Жансүгіров
атындағы Жетісу мемлекеттік университеті. - 2015.
2.
Н.Василишин.
Приём
«фишбоун»
на
уроках
в
школеhttps://paidagogos.com/?p=9945
Достарыңызбен бөлісу: |