«Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасы мәселелерінің зерттелуіне қысқаша шолу»


«Ауызекі сөйлеу тілінің экспрессивтік стилистикалық ерекшелігі»



жүктеу 75,55 Kb.
бет18/26
Дата16.01.2022
өлшемі75,55 Kb.
#32881
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Экпресивті стилистика

5.3 «Ауызекі сөйлеу тілінің экспрессивтік стилистикалық ерекшелігі». Функционалды стилистикада дау тудыратын көптеген мәселелер бар екені сөзсіз. Ғалымдар көркем сөйлеудегі лингвостилистиканың статусы қандай, функционалды стильді бөліп қарастырудың критерийлері қандай, сөйлеу стилі мен тіл стилін бөлу қаншалықты дұрыс, сөйлеу типтері, сөйлеудің функциональды нұсқалары (типтер, түрлер), тілдің, сөйлеудің функционалды стильдері, сөйлеу стильдері, регистрлер т.с.с. Тұжырымдар мен пікірлердің көптігіне байланысты бір ғана ғылыми жұмыс ішінде олардың барлығын қарастыру  мүмкін емес.

Ауызекі сөйлеу – жалпы ұлттық тілдің еркін қарым-қатынаста кодталған кітаби сөйлеумен қарама-қарсы қойылған жағдайда қолданылатын функционалды түрі. Ауызекі сөйлеу стилі көбіне ауызша-диалогты формада жүзеге асады. Бірақ ол жазбаша мәтіннің ауызекі сөйлеу белгілеріне тән емес деп айтуға болмайды. Ауызекі сөйлеу ерекшелігі әдетте тұрмыстық жағдайда, диалог құрғанда және көркем сөз шығармашылығында қолданылады. Функционалды стилистиканың шегі мен мазмұнын айқындаушы тұжырымдарды  анықтауға болады: бірі-біріне қарама-қарсы қойылған және өзара диалектикалық әрекетте болатын ауызекі сөйлеу мен кітаби дәстүрлі тілдік қолдануда жалпыұлттық тілде функционалдық жоспарда екі кіші жүйе бөлінеді: ауызекі сөйлеу және кітаби. Тілдің әртүрлі функционалдық реңктерде болатыны, адам іс-әрекеті осы әрекетті жүзеге асырушы құрал ретінде тілді қолданатыны, «тіл жүйелердің жүйесі» формуласын «Тіл функционалдық стильдердің жүйесі» деп айтуға болатыны көптеген тілдер материалдарымен дәлелденіп, көрсетілген.

Сөйлеудің екі түрін қарама-қарсы қою барлық дамыған әдеби тілдерде болады. Осыған байланысты функционалды-стилистикалық саралау үдерісі әр түрлі тілдерде бірдей жүреді деуге болады. Бұл – тілдің әлеуметтік табиғатын  және ауқымды түрде стильдердің экстралингвистикалық шартталатынын дәлелдейтін бір дерек. Қорытындылай келе, мынадай тұжырым айтуға болады: белгілі бір тілдің функционалды-стилистикалық бөлінуі нақты бір тарихи кезеңде құрылуына қарамастан, оған тән сипаты мен іргелі белгісі ретінде кітаби және ауызекі сөйлеудің бірі біріне қарама-қарсы қоятын қасиеті айқын көрініп тұрады. Тілді зертетушілер бірқолдан өзге функционалдық типтерде белгіленбеген ауызекі сөйлеу жүйесіндегі мына экстралингвистикалық стиль түзуші факторларды атайды: шартталған ситаутивтілік, дайындалмағандық, қарым қатынастың бейресмилігі, нақты адресатқа бағытталғаны. Сонымен қатар жалпы лингвистикалық белгілерде белгіленіп көрсетіледі: акцентуация мен интонация құралдарының жоғары белсенділігі; айтылымның рема – темалық (тема үнемі түсіп қалады) ұйымдастырылуы бұзылатын имплициттік; вербальды емес құралдың белсенділігі; нақты лексиканың көп болуы; есімдіктердің белсенділігі; сөйлемдердің толық құрылымдығының болмауы; сөз тудырудың ерекше модельдері; демеуліктердің, одағайлардың, модаль сөздердің, жалқы есімдердің белсенділігі; фразелогизмдердің, мақал-мәтелдердің кең қолданылуы; лепті және сұраулы сөйлемдердің жиі қолданылуы т.б.


жүктеу 75,55 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау