Қазақ этнопедагогикасының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәірден бастау алады


Халықтық педагогика –тәлім тәрбиелік ой- пікірлердің ілкі бастауы. Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы



жүктеу 45,86 Kb.
бет3/3
Дата29.11.2022
өлшемі45,86 Kb.
#40376
1   2   3
сөж-1

Халықтық педагогика –тәлім тәрбиелік ой- пікірлердің ілкі бастауы. Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде дамып қалыптасуы.

Этнопедагогика мен этнопсихологияның ортақ белгілері.
Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің , әлеуметтік психологиядағы сол ұлтқа тән кейбір этникалық ерекшеліктерінің ортақтастығы болып табылады.
Ұлттық психологиялық құрылым мен ұлт мәдениеті арасында тығыз байланыс бар. Ұлттық психикалық ерекшелік ұлт мәдениетінің түрлерінен көрініс береді. Мысалы, біз ән күйлерді, билерді тыңдай отырып, немесе ою-өрнекті, зергерлік әшекей заттарды көріп, оның қай ұлтқа тән екенін бірден айырамыз.
Ұлттық психологиялық құрылым ерекшелігі адамдардың әулеттік қарым-қатынасынан, киім-киюінен, спорттық ойын түрлерінен немесе ұлттық тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келін түсіру, қыз ұзату, қонақ күту, өлік жөнелту рәсімдерінен т.б.), ұлттық тағам түрлерінен байқалады.
Әдебиет- тәрбие құралы. Әуелі жеке дарындардың дуалы ауыздарынан шығып, кейін он халық құрап қастерлеп,жаттап жадында қалдырып, ғасырлар бойы өңдеп, өркендетіп қадірлеп қалыптастырып, асылым деп. ақыл санасына сіңірген ауыз әдебиетінің үкілі үлгілері-мәдени мұрамыздың ең құнды қазынасы. Ол-ұрпақ тәрбиесінің күн сәулесіндей әсерлі нұрымен от алатын ой тамызығы болып, жанды жалындататын, қиялды қиянда-татын, ақыл-сананың айшықты көріністерін бейнелейтін қасиетті, киелі мұра.
Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілі, ойды, дамытып, тәлім-тәрбие беріпдүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар. Бұл-халық педагогикасының алкен бір саласы. Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр.Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және педагогиканың барлық салаларында ғылыми, іс-әрекеттік негізде пайдалануға болады. Ал, халықтың марал-мәтелдері педагогикамен қатар, философиялық дәрістердің де түсініктемелеріне арқау бола алады.

Этнопедагогика пəнінің мақсаты мен міндеті Еліміздің оқу-ағарту ісінде басшылыққа алатын негізгі идеялық бағыт Елбасы Н. Ə. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасында көрсетілгендей ... «... қазақстандық патриотизмге негізделуі керек». Ал қазақстандық патриотизм мемлекеттің территориялық тұтастығын сақтауға, ұлттық дəстүр мен мəдениеттің көркеюіне ат салысуға, Қазақстанда тұратын түрлі өзге ұлттардың бірлігін қамтамасыз етуге, олардың өзара саяси-экономикалық жəне мəдени байланысын күшейтуге, осы байланыстың пəрменді насихатшысы мемлекетттік тіл – қазақ тілі мен ұлтаралық қатынас тілі – орыс тілінің жетіліп көркеюіне негізделуі керек. Бұл бағдарламада келер ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін қамқорлық жасау, оларға қажетті білім беружəне дүниетану көзқарасын қалыптастыру, бүгінгі нырықтық қатынас жағдайында ата-баба дəстүрін сақтай отырып еңбек етуге əзір болуын қамтамасыз ету көзделген... Ал Қазақстан үкіметі қабылдаған «Білім беру туралы» заңның «Білім жүйесі» аталатын екінші бөлімінде «Білім беру жүйесінің басты міндеттері: Қазақстан Республикасына шын берілген адал патриот азамат даярлау. ...олар мемлекеттік белгілердің мəні мен маңызын терең түсінген, халықтық дəстүрлерді қастерлейтін халықтар достығының негізінде тəрбиеленген халық, Отан, отбасы алдындағы жекебастың міндеттері мен құқықтарын терең сезінген... Қазақстанда тұратын қазақ халқы мен басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт-дəстүрі мен əдет-ғұрыптарын қадір тұтып, оны игеруге кепілдік бере алатын азамат тəрбиелеу болуы керек» делінген. Осы міндеттерді ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды тəрбиелеуші келешек ұстаздар қауымы – педагогикалық колледждер мен университеттерде оқып, білім алып жатқан студент-жастар болмақ. Этнопедагогиканың зерттеу нысаны – халық педагогикасы. Халық педагогикасысы – халықтардың ғасырлар бойы ұрпақ тəрбиелеу тəсілдеріне негізделген бай тəжірибесінің эмпирикалық 9 жиынтығы. Ал этнопедагогика – халық педагогикасының ұрпақ тəрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп, теориялық тұрғыдан зерттейтін жəне оны тəжірибеде қолданудың əдістəсілдерін əдіснамалық тұрғыдан сөз ететін ғылыми-педагогиканың бір саласы. Оны Этнопедагогиканың теориялық негізгі мақсаты деп қарауға тура келеді. «... Ол жан жəне тəн тəрбиесін қатар жүргізу арқылы, оқушы жастардың қайрат-жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып, тəрбиелеу, меңгерту арқылы іске асырылады. Халықтық тəрбиенің негізін білу үшін, ең алдымен этнопедагогиканың теориялық-əдіснамалық, танымдық негіздерін үйретуге тура келеді. Ал ол этнос туралы ұғымды, этностардың туып, дамып, қалыптасуын, этномəдениеттің ерекшеліктері мен оның əлемдік өркениетке ұштасуын, кірігу жолдарын теориялық тұрғыда қарастырудан басталады. Сондықтан этнопедагогика пəнін этностар мəдениетін зерттеудің ғылыми-əдістемелік, теориялық негіздерін оқытудан бастауды жөн көрдік. 1. Адам-білім берудің объектісі 1.1 Қоғамның тарихи-мəдени дамуы кезіндегі адамның бейнесі жəне ол жөніндегі түрлі қоғамдық көзқарастар Бүгінгі күннің күрделі проблемасы көпшілікті өмір сүрудің мəнін білуге құмарландырудан бастауға тура келеді. Ол өмір сүрудің мəнін білуден туындайды. Бұл мəселе Имандал Канттан бастап барлық ғалымдарды алаңдаттырған шындық болатын. Олар: Мен нені білуім керек? Өмірді білу үшін мен не істеуім керек? Ол үшін неге сүйенуіме тура келеді? Адам деген кім? Бұл сұрақтарға берілетін жауап: Ең алдымен шындық деген не? дегеннен туындайды. Бұл сұрақтардың жауабы орыстың ұлы суретшісі Н.Н.Генің Третьяков галереясындағы «Иоанның Евангелиге баруы» атты картинасынан айқын көрініс тапқан. Бұл суреттен қарапайым көруші де, атақты өнертанушыларда əрқайсысы өздерінше түрлі баға беріп, ой 10 түйіндейді. Көрермен осы картинаның алдында əрқашанда жиналып таңырқай қарап тұрады. Бірақ ол əрбір қарапайым көрермендерді ғана алаңдатып қоймайды. Суреттің ішкі мəніне əркім əртүрлі баға бергенімен, шын мəнісінде оның мазмұнын ашуға философ ғалымдардың өздері де қиналатын. Осыдан тағы да «Адам деген қандай болмақ?» - деген күрделі сұрақ туындайды. Адам жөнінде жер бетінде он шақты концепция бар. Соның бəрінде де адам жөніндегі көзқарасқа түрліше түсінік берілген. Солардың ішінде адам жөнінде ең нақтырақ бір анықтама кездеседі. Ертедегі Грекияда адам өзін-өзі білмек болады. Ол үшін өмір жайындағы қарапайым философиялық пайымдауларды қарастырады. Эллинде адам денесінің бейнесін жасап көрмеге қояды. Оны көрушілердің бəрі қызықтап таң қалады. Тіпті құдайдың өзі адам бейнесін көріп сүйсінеді. Антикалық дəуірдегі өркениетті жасаушылар ол суретті көріп, оны өздерінің жаратушы Құдайы санайтын болған. Сөйтіп ертедегі грек философтары адам бейнесіне таңдана қарап, оның тəніне, ақылдылық келбетіне, сыртқы бейнесіне «мінсіз жасалған бейне» деп сұқтана қараған. Содан гректер адам құдайының бейнесін ешбір мінсіз жасаған сурет деп бағалап, Жер ананың əулие ұлының бейнесіне жаратушы тəңір ретінде табынатын болған. Содан ерекше жасалған сұлу мүсінді жаратушы құдайдың суреті пайда болған. Гректің ұлы философы Платон (427-347 б.ж. с.б.) осы суретке қарап адамның жан-жақты жасампаз бейнесін көрермендердің көз алдына періште ретінде елестетеді. Ал Аристотель (384-422 б.ж.с.б.) Платондай емес жансыз суретті Құдай деп тануды айыптайды. Элена дəуірінің аяқ кезінде адам бейнесі жөніндегі түсініктер өзгереді. Сенека (б.д.д. 5 б.д. 65 ж. аралығында) адамды жаратушы күш (құдай) деп танудан бас тартты. Ол адамның өзі мінсіз жаратылған деген пікірге қарама-қарсы, бұл дүниеде адамбаласының күнəдəн пəк жаратылуы мүмкін емес деп қараған. Адамның сыртқы тəні тек жанды сақтаушы қабы деп санаған. Сөйтіп жан мен тəнді бір-бірінен бөліп қарауға тура келген. Сенекенің айтуынша, тəн тек жанды сақтаушы сыртқы қап, ал жанның мазмұны тəннен бөлек деп қарау идеясы туындады. Сенекенің жан тəннен жоғары, жан аспан əлемімен – Құдайдың ерекше жаратуымен пайда болған индивид. Ол өзінің Луцилиге жазған хатында «Адам баласына не қымбат?» дей келіп, адам жануардан 11 ерекше жаралған, құдайға бір табан жақын, саналы жан иесі дейді. Ол ақыл, парасат тек адамға ғана тəн дегенді айтады. Гуманистік бағыттағы Протагор (б.д.д. 480-410 жж.) ең алғашқылардың бірі болып адам жөнінде терең ой білдіреді. Ол айналаны қоршаған табиғаттың ортасында адамзатты ерекше жаралған құбылыс деп санаған. «Адам – дүниедегі жанды тіршілік иесінің ең жоғарғы сатысындағысы», – дейді. Адам баласын жаратушы Құдай алғашқы адамды топырақтан жаратты. Алғашқы адам Қап тауларында бұдан миллиондаған жылдар бұрын жалаңаш-жалпы өсімдіктер теріп жеп күн көріпті. Жалғыз адам өз бетімен тіршілік ете алмайтын болғандықтан, Хауа атаның қабырғасынан Хауа ананы жаратып, екеуін қосып бірге тіршілік етуге бейімдеген. Содан көптеген ұрпақ тарап, өсіп-өнген деген болжам библияда айтылады. Алғашқы адамның аты Мойсей болса керек. Христиан дінінің қасиетті кітабында Мойсейге (Хауатаға) кісі өлтірмеу, керуен тонамау, басқаларға қиянат жасамау сияқты гуманистік идеялар қағида ретінде насихатталған. Құдайдың бұл өсиеті библияда былайша насихатталған: – Өзіңе бұл дүниеден тең іздеме; – Құдайдың атын өзіңнен бұрын атама; – Өзіңнің атаң мен анаңды құрметте; – Кісі өлтірме; – Адам көзінше күнə жасама – делінген. Құдай Мойсей арқылы адам баласына берілетін жазаларды осы қағидаларды орындамаған жағдайда қолданатыны жайында айтқан. Адамның идеал тұтқан қағидалары – басқаларды жазықсыз жазғырмау, басқаларға өктемдік көрсетпеу, ақылды байыппен өмір сүру, басқалардың үстемдігіне төзімді бола білу, жауыңды да жақсы көру, өзіңді көре алмаушыларға да ілтипатпен қарау, ізгілікті жолдас ету. Христиан дінінде бүкіл адамзаттың жауыздығы жауыздықты туғызады, ізгілікті өшіреді. Сондықтан адам айналасындағылардың жауыздық əрекетіне ізгілікпен жауап беруі керек. Ізгілік əрқашанда жауыздықты жеңеді деп қараған. Дін адамзаттың күнə жасауы заңды деп қарағанымен, бірақ адам жаратылысынан ізгілікке бейім, жауыздыққа қарсы деп санаған. Адам баласы əрқашандажауыздыққа қарсы мейірімділікті жұмсап, құрал еткен. Ол үшін адам əрқашанда өзінің «Менін» жоғары қоюға, басқаларға кешіріммен қарауға бейім тұрған.
жүктеу 45,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау