Қазақ әдебиетінің


ЗАХИРИДДИН МҰХАММЕД БАБЫР



жүктеу 3,63 Mb.
бет19/20
Дата14.11.2017
өлшемі3,63 Mb.
#414
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

ЗАХИРИДДИН МҰХАММЕД БАБЫР

(1483—1530)

Захириддин Мұхаммед Бабыр—көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, сонымен бірге, ғажайып өлең-жырлар жазып қалдырған лирик ақын, дарынды жазушы, ғұлама-ғалым, атақты тарихшы. Ол 1483 жылы 14 ақпанда Әндіжан қаласында туылған. Бабырдың әкесі Омар Шейх — әйгілі Әмір Темірге туажат болып келеді. Шешесі — шағатай әулетінен шыққан Жүніс ханның бәйбішесінен туылған екінші қыз — Құтлық Нигар ханым болған. Жүніс ханның тұңғыш қызы — Михр Нигар ханым, ал кенже қызы — Хуб Нигар ханым — қазақтың белгілі тарихшысы Мұхаммед Хайдар Дулатидің анасы екені мәлім. Қазақ ханы Сұлтан Ахмет, яғни Алаша хан осы Жүніс ханның екінші әйелі — Шаһ бегімнен туылған.

Жастайынан өнерге, білімге құштар болған Бабыр түркі тілдерімен қатар араб және парсы тілдерін жете меңгеріп, Шығыстың классикалық поэзиясынан еркін сусындаған, тарих, философия, табиғаттану ғылымдары бойынша, сондай-ақ сәулетшілік (архитектура) және соғыс өнері бойынша өз заманына лайықты едәуір білім

234

алған жан. Ержүрек батырлығы үшін оны бала кезден-ақ Бабыр (арабша “бабур” — “арыстан” деген сөз) деп атап кеткен.



Әкесі қайтыс болғаннан кейін он екі жасар Бабыр Ферғана уәлаятының өмірі болып, таққа отырды. Бұл — қылыштың күшімен Әмір Темір кұрған мемлекеттің іштей әбден ыдырап, әмірші ұрпақтарының билік үшін күнде өзара қырық пышақ болып соғысып жатқан кезі еді.

Бабырдың мақсаты — Амудария мен Сырдария аралығында, яғни Мауараннахрда бір орталыққа бағынатьш қуатты мемлекет құру болды. Сол арманына жету үшін ол көп жылдар бойы әрекет жасап, талай суыт жорықтарға аттанады. Бірақ онысынан нәтиже шықпай-ды.

Ақыры Шайбани хан бастаған ру-тайпалардыц тегеуірініне төтеп бере алмаған Бабыр өзіне сенімді бір топ некерлерімен Ауғаныстанға кетеді. Сосын, одан әрі Үндістанға қарай бет алады. 1525 жылы ол Дели сұлтаны Ибрагим Лодидің әскерін быт-шыт етіп жеңеді. Сөйтіп, Бабыр Ундістан билеушісі болады. Үш жүз жыл бойы, яғни ХІХ-ғасырдың бас кезіне дейін (Индияны ағылшындар жаулап алғанға дейін) өмір сүріп келген Ұлы Моғол империясының (1526—1858 ж.) негізін қалаған мемлекет қайраткері ретінде Бабырдың есімі тарихтан жақсы мәлім.

Рас, үнді елін жаулап алу үшін қан төгілген соғыстар болды. Әйтсе де Бабыр негізін қалаған мемлекет Үндістанның коғамдық-саяси және экономикалық, мәдени тұрғыдан дамып, еркендеп өсуінде ете үлкен прогрессивті роль ойнады. Бір орталыққа бағынатын мемлекет құрылған соң ғана үнді елінде ғасырлар бойы тынбай жүргізіліп, еңбекші халықтың қанын аяусыз төгіп келген жергілікті феодалдардьвд өзара бақталас соғыстары тоқтатылды. Халық бейбіт еңбекке кешті. Жаңадан көптеген үлкен каналдар қазылып, шөлді жерлерге су шығарылды. Егіншілік мықтап дамыды. Бабырдың әмірімен жаңа қалалар, ғылым және мәдениет орталық-тары салынды.

Жаңа Үндістанды құрушы ұлттық басшы ретінде тарихқа енген мемлекет қайраткері, жалынды публицист Джавахарлал Неру өзінің әйгілі “Индияны ашу” деген кітабында Бабырды “жылы жүзді, батыл, іскер жан, өнер мен әдебиетті бағалай білген қайраткер” ретінде сипаттап, ол туралы зор кұрметпен сөйлейді. Ол Бабыр 235

билеген дәуір жөнінде айта келіп, “бұл кезде Индияда үлкен игілікті өзгерістер өмірге келді. Жаңа бір леп есіп, мұның езі өнер, архитектура, тағы басқа мәдениет салаларын құлпыртып, жасартып жіберген еді” деп жазады1. Бабыр 1530 жылғы желтоқсанның 26 жұлдызында Индияның сол кездегі астанасы Агра қаласындағы өзі салдырған Зарафшан деп аталатын бау-бақшалы мекенжайда қайтыс болады. Бабырдың есиеті бойынша оның сүйегін Кабул қаласының маңындағы Шердарваза тауының етегіне жерлейді. Бабырға ғажайып ескерткіш-мавзолей салады. Бұл жер қазір “Бағ-и Бабыр” деп аталады.

Бабыр ең алдымен ғасырлар бойы талай ұрпақ тамсанып оқыған тамаша лирикалық өлең-жырлардың авторы. Оны ұлы шайыр Әлішер Науаи өзінің ең дарынды шәкірттерінің бірі санаған. Бабыр 14—15 жасында-ақ Гератта тұратын Науаиға өлеңмен хат жазып, ұстазынан талай рет өлеңмен жазылған жауап хат алған. Бірақ бұл екі ақын ғұмыр бойы бірін-бірі көрмей, кездесуді армандап өткен.

Бабырдың лирикасы негізінен сол кезде шығыс классикалық поэзиясында кең тараған жанрларда — ғазал, рубаят, туйық, маснави, т. б. түрінде жазылған өлеңдер болып келеді. Ол сопылық-мистикалық ағымдағы ақындар секілді “жұмақтың рахатын” емес, шын өмірден туындайтын табиғи сезімді, шын мәніндегі махаббатты, адам бойындағы асыл қасиеттерді жырлады. Оның өмірді мадақтап, халықты өнер-білімге шақырған өлеңдері көп. Әсіресе туған жерден алысқа кетуге мәжбүр болып, өз елін, Отанын сағынып жазған жырлары оқушысын бірден еліктіріп, баурап әкетеді.

Бабыр көбінесе дерлік ар-ождан тазалығына, әділдікке шақырады, зорлық-зомбылыққа қарсы шығады.

Әркашанда таза болсын ар-ожданың, жүрегің,

Өзгелер де саған адал, әділ болар білемін.

Зорлық қылсаң өзгелерге — өзің жәбір көрерсін.

Қиянаттың құрбаны боп қорлықпенен өлерсің.

Кейде Бабыр сол дәуірдің әдеби дәстүріне сәйкес өз ойын бүркемелеп, нәзік ишарамен, астарлап, аллегориямен көмескі сөйлеп жеткізеді.

Бізге Бабырдың қолжазба түріндегі елеңдер жинағының екі нұсқасы мәлім. Бірі қазір Парижде, екіншісі

Дж. Неру. Открытие Индии. М., 1955, с. 272.

236


Индияның мәшһур Рампур кітапханасында сақтаулы. Профессор

А. Самойлович осы екі нұсқа және “Бабыр-намедегі” өлеңдер негізінде 1917 жылы Петроградта Бабыр өлеңдерінің жинағын бастырып шығарды.

Совет өкіметі жылдары Бабыр өлеңдері өзбек тіліне аударылып, бірнеше рет жарық көрді. Оның өлеңдер жинағы 1943 жылы 1957 жылдары орыс тілінде жеке кітап болып басылып шықты.

Сонымен, Бабыр кейінгі үрпаққа сез патшасы-өлеңмен өсиет айтып артына мол, әрі құнды поэзиялық мұра қалдырған дарынды ақын.

Сондай-ақ Бабыр өлең құрылысы, музыка теориясы, соғыс өнері, т. б. жайында бірқатар ғылыми еңбектер жазған ез дәуірінің кернекті ғалымы. Ол тіпті өзінше жана жазу таңбаларын — жаңа графика ойлап шығарып, оны ел арасына таратады. Тарихта “хати Бабыр” (“Бабыр жазуы”) деп аталып кеткен бұл әріптер көне түркі ескерткіштерінің жазуына ұқсас болып келеді. “Хати-Бабырдың” негізі — көне түркі жазуы. Бұл жазу алғашта Сырдария бойындағы Сығанақ (Қыпшақ елінің сауда мәдени және саяси орталығы болған) қаласында өмірге келгені мәлім. Алайда құран жазуын, яғни араб әрпін киелі санайтын діншілдер “Бабыр жазуына” барынша қарсы шығып, оны жойып жібереді. Бұл туралы:

Түріктерге өз әрпі де бұйырмады-ау, киелі,

Бабыр хаты бөтен емес, Сығанақтың сыйы еді,—

деген өлең жолдары бар.1

Шығыс филологиясына қатысты зерттеулерінің ішінде ерекше оқшауланьш тұрған, шоқтығы биік шығармасы — “Аруз туралы трактат” деп аталады. Көне түркі, шағатай, араб-парсы тілдерінде жазылған поэзиялық шығармалардың ішкі табиғатын ұзақ жылдар

бойы сарыла зерттеген Бабыр өлең-жырдағы түрлі буындардың өзара сәйкестігі туралы ілімді жаңа қағидалармен байыта түсті.

Сол арқылы түркі тілдерінің поэтикалық мүмкіндігі шексіз мол екендігін нақты деректермен дәлелдеп көрсетті.

Бабыр араб, парсы және түркі тіліндегі жазылған поэзиялық шығармалардың өлең құрлысы — буын, бунақ саны, ұйқасы жөнінде қызықты пікірлер айтады. Әсіресе



1 П. Кодиров. Юлдузли тунлар. Роман. Тошкент, 1981, 372-бет.

237


оның түркі тіліндегі поэзиялық шығармаларда созылыңқы және қысқа буындардың белгілі бір заңдылықпен кезектесіп келуіне негізделген өлең өлшемі — аруз жәніндегі пікірі құнды. Өйткені араб және парсы поэзиясындағы аруз туралы Бабырға дейін-ақ талай-талай ғылыми трактаттар жазылған болатын. Ал, түркі поэзиясы әлі теориялық тұрғыдан зерттеле қоймаған еді. Бабыр Х-ХУ ғасырда өмір сүрген алпыстан астам акыннық өлең-жыр-ларынан үзінділер келтіре отырып, “нағыз поэзиялық көркем шығармаларды тек араб яки парсы тілінде ғана жазуға болады, ал түркі тілі көркемдік дәрежесі биік өлең жазуға жарамайды” деген пікірді біржола теріске шығарды. Әрине мұның бәрі Бабырдың көп қырлы, табиғи талантын таныта түсті.

Әйтсе де Бабырдың есімін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, оның атын тарих бетіне мәңгі-бақи өшпестей етіп жазып қалдырған ең басты еңбегі — “Бабыр-наме” болды.

БАБЫР-НАМЕ”

Бабырдың есімін көркем сөз зергері ретінде ғана емес, сонымен бірге, дарынды тарихшы, географ және этнограф ретінде әлемге мәшһур еткен шығармасы “Бабыр-наме” болып табылады.

Кезіндегі түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ болып келген әдеби тілде — шағатай тілінде жазылған бұл прозалық шығарма үш бөлімнен тұрады. Бірінші белімінде — XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың бас кезіндегі Орта Азиядағы негізгі саяси оқиғалар егжей-тегжейлі баяндалады. Ол кезде “Кабул-уәлаяты” деп аталатын, қазіргі Ауғанстан территориясында орын алған маңызды тарихи оқиғаларды “Бабыр-наменің” екінші белімінен оқып білуге болады. Ал, Бабыр патшаның өз қолымен жазылған мемуарлык, кітаптын, үшінші бөлімі — солтүстік Индиядағы саяси оқиғаларды, осы ғажайып елдің географиясын, табиғатын, халқын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, т. б. көркем тілмен бейнелеп көрсетуге арналған.

Әрине феодалдық аристократияның өкілі ретінде Бабыр үстем таптың мүддесін қорғауға мәжбүр болғанын ұмытпау керек. Алайда соның өзінде Бабыр билеуші тап өкілдерінің тақ пен тәжге таласып үздіксіз жүргізген соғыстарын, мағынасыз қан тегілген шайқастардың салдарынан қаңырап қалған қалалар

238

мен бау-бақшасы сусыз қурап кеткен өлкелерді, алым-салықтың шамадан тыс көбейіп кеткенін, жұт жайлаған ауылдарды, т. б. бүкпесіз, ашықтан-ашық әңгімелейді.



Бұл жөнінде Бабырдың өзі былай деп жазады: “Мұнда жазылғанның бәрі ақиқат. Мен өзіме-өзім мынадай шарт қойдым: әрбір оқиға қалай болған — дәл солай етіп жазамын, мен жазған әрбір сез шындық болсын. Сондықтан өзімнің туған-туысқандарымның жақсы жақтарын да, жаман жақтарын да жасырмай айттым. Өзіме жақын жандардың да, жат кісілердің де кемшіліктері мен игі қасиеттерін баян еттім.”1

Бабырдың бүкіл ғұмырын жан-жақты қамтып көрсететін бұл автобиографиялық сипаттағы туынды әр жылда болып өткен елеулі тарихи оқиғаларды құрғақ фактілермен жіпке тізгендей етіп баяндайтын жылнама түріндегі шежіре кітап емес. “Бабыр-наме”— құнарлы, бейнелі тілмен жазылған, дарынды сөз зергерінің қолынан шыққан нағыз көркем шығарма екені даусыз. Оған Бабыр жасаған жанды бейнелер, қанатты сөздер, табиғат суреттері, сан қилы теңеулер, т. б. керіктеу құралдары толық дәлел.

Сонымен, кезінде күллі түркі тектес ру-тайпалардың бәріне бірдей түсінікті болған шағатай тілінде жазылған “Бабыр-наме” қазіргі қай халықтың ескерткіш-мұрасы саналады? “Бабыр-наменің” қазақ халқының тарихына, әдебиетіне, тіліне, рухани өмірінің басқа да салаларына қатысы қандай дәрежеде болды?

Кезінде қазақтың оқыған зиялылары “Бабыр-намені” қазақ халқының өз тарихы жазылған шығарма деп таныды. Мұнысы орынды да еді. Себебі Бабырдың бұл еңбегінде кейінерек қазақ, өзбек, түрікмен, тағы басқа түркі тектес халықтардың этникалық құрамына енген ру-тайпалардың тарихы баяндалады. Бірқатар қазақ хандары, батырлары, қоғам қайраткерлері, ақындары туралы аса құнды деректер бар. Ежелгі қазақ жеріндегі кенттер, езендер, көлдер, таулар, сондай-ақ өсімдіктер мен жан-жануарлар, т. б. әңгіме болады. Мәселен, “Бабыр-намеде” қазақтың Түркістан, Сайрам, Отырар секілді шаһарлары туралы, Сырдария (Сейхун), Арыс, т. б. езендері мен көлдері жөнінде қызықты



1 Бобир. Асарлар. 2-том, “Бобирнома”, Тошкент, 1965, 291 — 292-беттер. Біз мысалдарды кітаптың осы басылымынан алып отырмыз — Н. К.

239


деректер жазылған. Бабыр өзінің әкесі Омар Шейхтың Арыс өзені бойындағы бір шайқасы жайында айта келіп, “Арыс өзенінен өтіп, Омар Шейх өзбектерді тас-талқан етіп жеңді, олардан тұтқындар мен малдарды тартып алып, бұрынғы иелеріне қайтарып берді” деп жазады.

Сол кезде қыпшақ даласын мекен еткен түрлі халықтардың ежелгі тарихын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, діни ұғымдарын т. б. сөз етеді.

“Бабыр-намеде” қазақтың алғашқы хандары Жәнібек, үш жүз мыңға жуық атты әскері болған қазақ ханы Қасым, ұлы жүздің Жетісудағы дулат тайпасынан шыққан тарихшы-ғалым әрі ақын Мұхаммед Хайдар Дулати, жалайыр руынан шыққан ақын Хасен Әли, т. б. жөніндегі нақты тарихи деректер берілген. Қазақ елінің қыпшақ, дулат, жалайыр, арғын руынан шығып, кезінде қолбасы, есік ағасы, ұлы бек сияқты жоғары лауазымды қызмет атқарған жиырма шақты қоғам қайраткеріне Бабыр өзінше мінездеме береді.

Міне, осы пікірімізді дәлелдеу үшін “Бабыр-намеден” бірнеше мысал келтірейік. Бабыр өз шығармасында Жүніс ханның сұлу қызы Сұлтан Нигар ханым туралы айта келіп, оны Әдік Сұлтан өлген соң “қазақ ұлысының ханы Қасым хан алды... Қазақ хандары мен сұлтандарының бірде-біреуі бұл ұлысты Қасым хандай нығайтқан емес. Оның әскерінде үш жүз мыңға жуық адам болды” дейді.

Сондай-ақ Бабыр өзінің туған белесі, қазақтың белгілі тарихшы-ғалымы Мүхаммед Хайдар Дулати туралы да пікір айтады: “Хайдардың әкесін өзбектер өлтірген соң, ол менің қарамағыма келіп үш-төрт жыл тұрды. Қейін рұқсат сұрап Қашқарға, ханға кетті... Жұрттың айтуы бойынша, ол енді бұрынғыдан байсалды болып, дұрыс жолға түсіпті. Қолы әрбір іске епшіл-ақ: жазуға да, сурет салуға да, жебе жасауға да ұста. Өлең сөзге де дарыны бар. Маған жазған өтініші келген еді: сөз саптауы жаман емес”.

Ал, кезінде қасида-өлең (мақтау елең, ода) жазуда алдына жан салмаған дарынды ақын Хасен Әли туралы “Бабыр-намеде” мынадай нақты деректер бар: “Хасен Әли — жалайыр еді. Шын аты Құсайын Жалайыр. Бірақ ол Хасен Әли деген атпен көбірек мәлім болды. Әкесі Әли Жалайырға Бабыр мырза құрмет көрсетіп, оны бек етті. Соңыра Жәдігер Мұхаммед Гератты

240

алғанда, Әли Жалайырдан мәртебесі биік кісі болған емес. Хасен Әли Жалайыр — Сүлтан Құсайын мырзаның қүсбегі болды. Ол ақын еді, “Түфейли” деген бүркеншек атты пайдаланды. Ол қасиданы өте жақсы жазатын, өз дәуірінде қасида жазу жағынан ақындардың көсемі еді... Бес-алты жыл менің қолымда болды. Маған да ол бірнеше жақсы қасидалар арнады”.



Міне, қазақ халқының этникалық құрамына енген ру-тайпалардан шығып, есімдері XV—XVI ғасырлардағы шағатай тіліндегі әдебиетте мәшһур болған осындай шайырлар, тарихшылар аз емес. Қасида жазуда кезінде алдына жан салмаған Жалайыр Хасен Әли жырлары да, кезінде шэзия әлемін дүрліктірген Хайдар Дулатидің “Жиһан-наме” дастаны да қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар шығармалар екені даусыз.

Ұлы Абай, көрнекті шығыстанушы-ғалым Шоқан Уәлиханов және академик-жазушы Мүхтар Әуезов кезінде “Бабыр-намені” ерекше зейін қойып оқып, бүл еңбекті қазақ халқының тарихына, ертеректегі тілі мен әдебиетіне, этнографиясына тікелей қатысты шығарма деп танығаны мәлім. Олар Бабыр кітабының қазақ халқы тарихына қатысты жақтарын ашып көрсетті. Сондай-ақ өздері де XV—XVI ғасырдағы қазақ тарихын, әдебиетін сөз еткенде осы еңбектің ұрымтал тұстарынан нақты деректер келтіріп отырды.

Абай өзінің “Біраз сез қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы” деген қара сөзбен жазылған еңбегінде: “Белгілі Бабыр патшаның шешесімен бір туысқан екі бауыры болған. Үлкені Ташкентте хан болып, кішісі казақты билеген. Бұлар Шағатай нәсілінен Жүніс хан-ның балалары болған. Сол қазақты билегенінің аты Ахмет екен. Сол өз уақытында аттанысқа жарарлық қазақтан үш жүз әскер шығарып, үш жүз басыға билетіпті. Әр жүздің халқы әз ынтымағыменен бір туысқанға есеп болыпты. Қазақтың “Үш жүздің баласы” дейтұғыны — сол. Ахмет хан қалмақты көп шауыпты, көп қырыпты. Қалмақ рақымсыздығына қарай “мынау бір алаша болды ғой” депті, жан алушы болды дегеннің орнына. Сондықтан ол кісі Алаша хан атаныпты. “Бабыр-намеде” солай жазылған” дейді.1

Қазақ халқының азаматтық тарихына тікелей қатысты “Бабыр-намедегі” қызықты мәліметтерге, әсіресе



1 Абай Құнанбаев. Шығармалары. Алматы, 1977, 2-том, 233-бет.

241


төрт жүз мың нөкері болған қазақ ханы Арслан (Арыстан) жөніндегі деректерге кезінде Шоқан Уәлиханов ерекше назар аударып, бұл шығарманы осы тұрғыдан аса жоғары бағалағаны мәлім.

Ал, енді Мұхтар Әуезовтің атақты “Абай жолы” эцопеясынан бір сөйлем оқып көрейік. “Абай... кейде Бабыр, Науаи, Аллаяр сияқтыларды оқып-оқып кеп, өзі де қағаз, қарындаш алып, соларша бірдемелер жазып кетеді”.

М. Әуезов ақындық тұғыры биік тұрған Науаиды емес, ғұмыр бойы өзін ұлы шайырдың шәкірті санап кеткен, Науаидан қырық екі жас кіші Бабырды алдымен ауызға алады. Бұл кездейсоқтық па? Әрине, олай емес. Өйткені кезінде қазақ қауымына Науаи ғазалда-рынан гөрі “Бабыр-наме” жақсырақ таныс еді. Неге? Мұның сыр-себептері кеп... Біріншіден, “Бабыр-наме” қазақ қауымының тарихына, рухани өміріне тікелей қатысы бар, қазақ еліне өте-мәте жақын туынды екенін жоғарыда айттық. Екіншіден, “Бабыр-наме” кезінде Орта Азия түріктерінің әдеби тілі болған шағатай тілінде жазылғаны мәлім. Ал, шағатай тілінің құрамында араб-парсы сөздері басым болып келеді.

Бұрын қазақ даласындағы мектеп-медреселерде оқитын шәкірттер алдымен осы шағатай тілін үйрену арқылы Шығыс классикалық поэзиясының алтын қазы-насымен танысуға әрекет жасап отырған. Басқаша айтсақ, шағатай тілін оқып үйрену — араб және парсы тілдерін меңгерудегі алғышарт, алғашқы басқыш санал-ған. Міне, сондықтан да қазақтын, азды-көпті оқыған азаматтарының бәрі дерлік кезінде “Бабыр-намемен” жақсы таныс болған.

Біз “Бабыр-наме” шағатай тілінде жазылған деп жүрміз. Ол қандай тіл? Сол женінде бірер сез айта кетейік.

Кезінде Шағатай (Шыңғысханның Жошыдан кейінгі екінші баласы) хан билеген өлке “Шағатай ұлысы” деп аталғаны тарихтан жақсы мәлім. Алғашкы кезде Шағатай мемлекетіне қарасты түріктердің тілін —“шағатай тілі” десе, ал кейінірек барып Орта Азия мен соған көрші отырған (Сыр бойында Еділ мен Жайық, Арал мен Каспий жағалауларында, т. б. ) бүкіл түркі халықтарының бәріне бірдей ортақ —орта азиялық әдеби тілді “шағатай тілі” деп атап кеткен. Бұл тілді қазір орта ғасырлық түркі әдеби жазба тілі деп те атайды.

242

Ал, Бабыр заманында “шағатай тілі” дегеннен гөрі “түрікше” “түркі”, “түрік тілі” секілді атаулар көбірек қолданылған.



Әйтсе де шағатай тілі туралы күні бүгінге дейін түркология ғылымында ортақ пікір жоқ. Мәселен, кейбір ғалымдар

(А. К. Боровков) “шағатай тілі” деген терминді “ескі өзбек тілі” деген тіркеспен алмастырып жүр. Біздің ойымызша, бүл дүрыс емес. Кезінде тіпті Әлішер Науаидың өзі де “Мизан-у ләфзан” (“Өлең елшемі”) деген еңбегінде: шағатай тілі — басқа түркі тілдерінен, соньщ ішінде өзбек тілінен де бөлек, өзге тіл деп таныған. Тіл тарихын зерттеген көрнекті ғалымдардын басым кепшілігі

(А. Вамбери, А. Н. Самойлович, Ә. Н. Нәжіп, т. б.) шағатай тілін — Орта Азия мен оған көршілес аймақтарда XI—XVI ғасырларда қалыптасып, дамыған түркі жазба әдеби тілі деп біледі. Сонымен “Бабыр-наме” кітабы бір кезде казақтардың да ата-бабаларына ортақ болған орта азиялық әдеби тілде (түркі немесе шағатай) тілінде, жазылғаны анық.

“Бабыр-наменің” тілі жөніндегі осы пікірімізді енді нақты мысалдармен дәлелдеп көрейік. Мәселен, Бабыр гауда өсетін тобылғы туралы айта келіп, былай деп жазады: “Тобүлғу йағачы бұл тағларда бар, езгә хеч йерде бұлмас. Тобүлғу бір йағачедүр, посты қызыл, аса қылурлар камчы дәстәсі хам қылурлар, қүшләрға қапас қылурлар, таруш кылыб тіргәз қылурлар, хейли йақшы йағачдүр. Теберуклук білә йірақ йерлерге елтарлар”— деп жазады. Аудармасы: “Бұл тауларда тобылғы ағашы бар, ол өзге еш жерге еспейді, одан аса таяқ жасайды, қамшы сабын жасайды, құстарға тор-капас жасайды, жонып, жебе жасайды, өте жақсы ағаш сана-лады. Оны теберік ретінде алыс жерлерге апарады”.

Тағы бір мысал келтірейік: “Бұл науахы йақшы аулақ йерлер бүлур. Иламіш дариясынинг йақинідәгі қалинг ченгеллерде бұғу, марал уа тоңқүз көп бұлур. Ушақ-ушақ ченгеллерде қырғауыл уа тауұшқан қалин, бұлур. Пуштасида түлкісі бисаиар бұлур, даркамин бұлур”. Аудармасы: “Бұл өлке — аңшылық үшін ете жақсы, қолайлы жер. Иламіш өзенінің маңындағы қалың шеңгел ішінде бұғы, марал және жабайы шошқа көп болады. Қырлы жерлерде түлкі қаптап жүреді”.

Иә, “Бабыр-намені” бүгінгі қазақ оқырманының түсінуі де онша қиынға соқпайды.

“Бабыр-наме”— энциклопедиялық шығарма. Мұнда

243


тарихи оқиғалармен бірге, табиғаттану, география, топография, әдебиеттану, тіл білімі, этнография, тағы басқа ғылым салаларына қатысты өте бағалы мәліметтер жинақталған.

Бабыр өзі болған, соғысқан жерлердегі таулар мен кең жазира далаларды, сан қилы өсімдіктер мен хайуанаттарды, түрлі халықтардың әдет-ғұрпы, тілі, әдебиеті мен өнері, кейбір сөздердің этимологиясы жайлы нағыз ғалымға тән дәлдікпен, әрі ұшқыр қиялды жазушыға ғана тән шеберлікпен бейнелеп жазады.

Бұдан бес жүз жылдай бұрын қай жерде қандай өсімдіктер өскенін, қай елде қандай жан-жануарлар тіршілік еткенін, қай жерде кел, қай тұста шөл болғаның қайсысы өзен қайсы теңізге кұйғанын білу — бүгінгі ғылымның табиғаттану салаларын (география, бота-ника, зоология, т. б.) дамыта түсу үшін аса қажетті баға жетпес материал екенін бүгінгі ғылыми-зерттеу көрсетіп отыр. Мәселен, Бабырдың кезінде Сырдария өзені қазіргідей Арал теңізіне құймаған екен. “Сейхун өзені Түркістаннан едәуір төменірек жерде, ешқандай өзенге қосылмай, түгелдей құмға сіңіп таусылады”. Демек, Сырдария кейінгі кезде ғана ағыс бағытын өзгертіп, Аралға құятын болған. География ғылымының ежелгі тарихын зерттеушілер үшін бұл мәліметтің маңызы зор.

“Бабыр-наме” тарихи, ғылыми еңбек қана емес, сонымен бірге, түркі (шағатай) тілінің мол мүмкіндіктерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды.

Рас, бұл прозалық шығарманың негізгі объектісі тарихи оқиғалар болып келеді. Әйтсе де автор сол тарихи оқиғаларды баяндап шығуымен шектеліп калмайды. Ол керкем шығармаға тән метофора, теңеу, метатеза, эпитет, гипербола, т. б. керіктеу құралдарын “Ба-быр-намеде” зор білгірлікпен қолданғаны еріксіз назар аударады.

“Бабыр-намеде” түркі тілдес халықтардың ертегі-аңыздары, мақал-мәтелдері, фразеологиялық сөз тіркестері, айшықты теңеу сездері жиі ұшырайды. Бабыр өз дәуірінің әдеби тілі — шағатай тілін осы шығармасында мейлінше ажарлап, құбылтып, айшықтап қолданады. Бұл сөзімізге “Бабыр-наменің” кез келген бетін ашып жіберіп, дәлел келтіруге болады.

Сөйтіп, “Бабыр-наме” авторы бейнелі көркем сөздермен тарихи

244


оқиғалардын, жанды картинасын жасап шыққан дарынды суретші екені даусыз. Ол, әсіресе, езі тікелей қатысқан қан майдан, қырғын соғыстар картинасын бейнелеп жазуға шебер.

Жазушы ерлікті, батылдықты көкке кетере мадақтайды. Ал, қоян жүрек қорқақтықты, опасыздықты жер-жебіріне жеткізе әшкерелейді. Ең бастысы — патша тағына таласып, өзара қырық пышақ болып қыр-қысып жатқан феодалдық соғыстардың адам табиғатына жат, жиіркенішті жактарын оқушысына егжей-тегжейлі, зор білгірлікпен суреттеп көрсетеді. Автор мән-мағынасыз қан тегуден оқушысын сақтандырғысы келетін сияқты.

Сонымен бірге, Бабыр кезінде есімі әлемге әйгілі, дарынды қолбасшы, жаужүрек батыр болған адам. Бүл жөнінде XIX ғасырдың белгілі шығыстанушы ғалымы Н. И. Веселовский мынадай пікір айтқан: “Бабыр батырлығының шегі жоқ деуге болады. Оның бүкіл ғұмыры батырлықтың үлгісі секілді. Тіпті ол Шайбанидің он бес мың әскері тұрған Самарқанды өзінің небәрі екі жүз кісілік отрядымен жаулап алуға тәуекел жасады ғой. Тек тәуекел жасап қана қойған жоқ, жауды шынында да қаладан қуып шықты. Бабыр империясының пайда болуын айтсаңызшы! Бабыр Ибрагим Лодидің қолынан күдіретті Үндістанды түкке тұрғысыз қарудың жәрдемімен тартып алған”

Ол өз дәуірінің соғыс өнеріне, әскери стратегиясына езіндік үлес қосқан дарынды қолбасшы. К. Маркс өзінің “Индия тарихы бойынша хронологиялық жазбалар” деген еңбегінде Сикри маңында болған шайқасты Бабырдын, үлкен жеңісі деп бағалаған.1

“Бабыр-намеде” тарихта болған көптеген көрнекті адамдардың — қол бастаған батырлардьвд, ғалымдардың, сәулетші-шеберлердің, ақындардың, тағы басқа өнер адамдарының психологиялық портреті, әдеби бейнесі жасалған. Лауазымы, атақ-дәрежесі, үлты, жасы, мінез-құлқы, діні, т. б. әртүрлі болып келетін сол тарихи адамдардьвд бәрі бір-бірімен шығарманың ең басты қаһарманы Бабырдың өзі арқылы байланысып тұрады. Бұл көркем туындының өзіне тән оқиға желсі, сюжеті, композициялык құрылысы бар. “Бабыр-наме” оқуға жеңіл, оқушысын бірден баурап әкетеді.

1 К. Маркс. Хронологические выписки тго истории Индии (664— 1855 г.) М., 1947, с 23.

245


Жиһанкез Бабыр өзі жүрген жерлердің табиғатын — тауларын, өзендері мен көлдерін, орман-тоғайларын, аңдары мен құстарын нағыз суретшіге тән шеберлікпен бейнелеп көрсетеді. Автор қара сөзбен айтып жеткізе алмаған кейбір ғажайып көріністерді лирикалық өлең жолдарымен суреттеп өтеді. Әлемге есімі машһур шығыстанушы ғалым, академик В. В. Бартольд “Бабыр-наменің” көркемдік дәрежесін жоғары бағалай келіп, оны “түркі тіліндегі прозалық шығармалардың ең жақсы үлгілерінің бірі” деген еді.

Алайда “Бабыр-наменің” құнды жақтарымен қатар, оның кемшіліктерін де бүкпесіз, ашып айтқан жөн. Өйткені марксизм-ленинизм ілімі тарихи, әдеби мұраларға қашанда объективті түрде, диалектикалық тұрғыдан қарауды талап етеді. “Бабыр-намеге” осы тұрғыдан қарасақ, оның авторы өз заманының перзенті, феодалдық дәуірдің патшасы болғанын көреміз. Бабыр тарихи оқиғаларға көп жағдайда феодал табының өкілі тұрғысынан қарайды. Пікір таласы туғанда оны бектердің, сұлтандардың пайдасына шешуге тырысады.

Дегенмен мұның бәрі “Бабыр-наменің” тарихи, ғылыми құндылығын кеміте алмайды. Бүгінгі ересі биік, ой-пікірі терең талғампаз оқырман бұдан бес ғасыр бұрын жазылған мұраға сын көзімен қарап оқуы тиіс. Сонда ғана біз мұндай тарихи, әдеби ескерткіштердің қадіріне жетіп, олардың бағалы жақтарын халық кәдесіне, қоғам мүддесіне жарата аламыз.

Қорыта айтқанда, “Бабыр-наме” шын мағынасындағы энциклопедиялық шығарма. Мұнда ғылымның сан түрлі салалары жөнінде аса қүнды мәліметтер берілген. Қазақ халқының азаматтық тарихына, әсіресе, әдебиеті мен тіліне, этнографиясына қатысты материалдар Бабырдын осы еңбегінде мейлінше кеп жинақталған.

Орта Азия мен үнді елінде XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың бас кезінде болған тарихи оқиғалардың, сол кездегі феодалдық қарым-қатынасты дәл осы кітап-тағыдай толық әрі шебер суреттейтін бірде-бір әдеби және тарихи ескерткіш жоқ. Әсіресе, мұнда сол кездегі Үндістан туралы егжей-тегжейлі, зор ілтипатпен жазылған. Бабыр үнді елінің сұлу табиғатына таңырқап, ол жөнінде мақтанышпен былай дейді. “Біздің жермен салыстырғанда бұл өзі таңғажайып ел, мүлдем басқа дүние деуге болады. Таулары, өзендері, ормандары, далалары, қалалары, өлкелері, хайуанаттары, адамдары,

246


тілдері, жауыны мен желі — мүндағының бәрі біздегідей емес, басқаша болып келеді... Синд өзенінен өткен бойда-ақ жер мен су, ағаштар мен тастар, жолдар мен әдет-ғұрыптар бірден өзгеріп сала береді”.

Орта Азия мен Үндістанда “Бабыр-намені” тарихи, ғылыми еңбек ретінде мейлінше жоғары бағалаған. Сол дәуірдің көрңекті тарихшы-ғалымдары Бабырдың осы еңбегіндегі деректерден пайдаланып отырған. Бабырдың немересі Акбар шахтың (1556—1609) түсында “Бабыр-наме” шағатай тілінен парсы тіліне аударылды.

Біздің елімізде “Бабыр-наменін” қолжазбасын тұңғыш рет Тимур Пулат деген кісі 1714 жылы Бүхара каласынан тауып, оны кейінірек белгілі ғалым Георг Джекат Кер С.-Петербургте зерттей бастайды. Осы қол-жазбаны негіз етіп алған Н. Ильминский “Бабыр-намені” 1857 жылы Қазан қаласында бастырып шығарады.

“Бабыр-наменің” тарихи, әдеби, тілдік тұрғыдан теңдесі жоқ ғылыми еңбек екенін ертерек аңғарған Батыс Европа және орыс ғалымдары оны зерттеуді, езге тілдерге аударуды өткен ғасырда-ақ қолға алған еді. Мәселен, ағылшын ғалымдары У. Эрскин мен Ж. Лейден “Бабыр-намені” тұпнұсқадан ағылшын тіліне аударып, оны 1826 жылы Лондонда бастырып шығарды. Бабырдың басты еңбегін тәржіма жасау осы кезде Германияда қолға алынған еді. “Бабыр-намені” ағылшын тілінен неміс тіліне біршама қысқартып аударғандар: алдымен Ю. Клапрат, кейінірек А. Кейзер (1828 жылы) болды. Сөйтіп, “Бабыр-наме” 1828 жылы неміс тілінде Лейпцигте жарық керді. Белгілі француз ғалымы Паве де Куртейл “Бабыр-намені” француз тіліне толык, аударып, 1871 жылы Парижде жеке кітап етіп шығарды.

Англияның белгілі шығыстанушы ғалымы Аннет Беверидж “Бабыр-намені” ұзақ жылдар бойы жан-жақты зерттеп, оны 1905 жылы ағылшын тіліне қайта аударма жасап шықты. А. Беверидж “Бабыр-наменің” ғылыми тұрғыдан аса құнды зерттеу екенін дәлелдей келіп, Бабырдың бұл шығармасы ағылшынның атақты тарихшысы Э. Гиббон (1737—1794 ж.) мен ұлы физик И. Ньютон (1643—1727 ж.) мемуарларынан кем түспейтін, солармен терезесі тең тұрған еңбек деп бағалайды.

Ал, қазақтың тұңғыш тарихшысы Мүхаммед Хайдар Дулатидін, (1499—1551 ж.) “Тарихи Рашидиін” парсы тілінен ағылшын тіліне аударып, оны 1895 жылы Лондонда бастырып шығарған ағылшынның атақты шығыстанушы ғалымы Э. Денисон Росс

247

(1871—1940 ж.) “Бабыр-намені” мейлінше жоғары бағалайды, әрі оның көне түркі тілінде жазылған шығарма екеніне ерекше назар аударады: “Бабырдың бұл мемуарын — адамзат тарихында осы күнге дейін жазылған ең қызықты ең романтикалық әдеби шығармалармен қатар қойып қарауға болады. Бұл өзі Бабырдың ана тілі болып табылатын түркі тілінде жазылған”.



“Бабыр-намені” зерттеу, өз тілдеріне аударма жасау, бастырып шығару істеріне Индия (М. Н. Хайдар, С. А. Шарми, Р. П. Трипатхи), Ауғанстан (А. X. Хабиби, А. А. Кохзад), Түркия

(Р. Р. Арат, И. Н. Баюр). Пакистан (Р. А. Надви, А. Мавлийат), т. б. Шығыс елдерінің ғалымдары да едәуір үлес қосты.

Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін Россияда

Н. И. Пантусов, С. И. Поляков және В. В. Вяткин секілді орыс зерттеушілері “Бабыр-наменің” жеке тарауларын орыс тіліне аударған еді.

Ал, советтік дәуірде Бабырдың басты шығармасы орыс тіліне толық аударылып, үш рет басылып шықты. Оны орысшаға тәржіма жасаған М. А. Салье болды. Өзбек тіліне “Бабыр-наме” 1959 жылы аударылды.

“Бабыр-наме” 1990 жылы орыс тілінен қазакшаға тәржіма жасалды1.

Совет ғалымдары “Бабыр-намені” жан-жақты зерттей отырып бүл кітаптағы баға жетпес тарихи материалдарды өз еңбектерінде барынша кеңінен пайдаланып келеді. Бұл салада, әсіресе, тарихшы (В. В. Бартольд, А. Ю. Якубовский, С. А. Азимжанова), әдебиетші (Е. Э. Бертельс, X. С. Сүлейменов, И. В. Стеблева) және лингвист (А. Н. Кононов, А. К. Боровков, X. Назарова) ғалымдардың зерттеулері мейлінше жемісті болды.

“Бабыр-намені” окып, үйренуге деген ынта-жігер бүкіл дүние жүзінде жылдан-жылға артып келеді. ЮНЕ-СҚО-ның (Біріккен Ұлттар Үйымының халык ағарту, ғылым мен мәдениет мәселелері жайындағы мемлекет аралык үйымы) арнайы қаулысы бойынша “Бабыр-наме” 1980 жылы француз тіліне кайта аударылды. Бакье-Граммон осы аудэрмасы үшін ЮНЕСКО-ның арнайы тағайындалған снйлығын алды.

248

“Бабыр-наменің” француз тілінде шыққан жаңа басылымына есімі әлемге машһур шығыстанушы ғалым Луи Базен алғы сөз жазды. Алғы сөзден соң Совет Одағы (С. А. Азимжанова), Ауғанстан (А. Хабиби) және Индия (Мухиб-ул-Хасан) ғалымдарының бас мақалалары берілген. Бұл мақалаларда Бабырдың басты еңбегін маман-ғалымдар мейлінше жоғары бағалаған.



Біздің елімізде Бабырдың әдеби-тарихи мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеу, езге тілдерге тәржіма жасау және шығармаларын бастырып шығару ісіне, әсіресе, өзбек ғалымдары мен жазушылары мол үлес қосып келеді. “Бабыр-наменің” түпнұсқа тексті 1948 жылы Ташкентте басылып шықты. Ал, 1965—1966 жылдары Бабыр шығармаларының үш томдығы жарық көрді. Бұл басылымның томына Бабырдың өлеңдері, екінші және үшінші томдарына “Бабыр-наме” енген. “Бабыр-наменің” М. А. Салье аударған орысша нұсқасы 1958—1950 жылдары Ташкенттегі “Фан” (“Ғылым”) баспасынан шықты.

Еліміздің әдеби, ғылыми жүртшылығы 1983 жылы Бабырдың туғанына бес жүз жыл толуын кең көлемде атап өтті. Осыған орай, 1982 жылы Өзбек ССР Ғылым академиясының X. С. Сүлейменов атындағы Қолжазбалар институты Бабырдың лирикасы мен “Аруз жөніндегі трактатын”, Әбу Райхан Бируни атындағы Шығыстану институты “Бабыр-наменің” өзбек, орыс тілдеріндегі ғылыми текстін дайындап, бастырып шығарды.

Қорыта айтқанда, Бабырдың ғажайып лирикалық өлең жырлары да, ғылыми түрғыдан аса құнды “Аруз жөніндегі трактаты” да, энциклопедиялық туындысы “Бабыр-наме” де сан ғасырлық уақыт сынынан сүрінбей өтіп, қазіргі түркі тілдес халықтардың әдебиет, мәдениет тарихына ортақ қазына, асыл мұра болып қосылады.

Бабыр қайтыс болған соң Ұлы Моғол империясының тағына оның тұңғыш ұлы Құмайын отырғаны мәлім. Ол әкесі бастаған істі жалғастырып, үнді елінің экономикасы мен мәдениетін арттыра түсуге бағытталған бірқатар шараларды іске асырды. Құмайын мен оның баласы Акбар патша салдырған ғажайып ғимараттар Индия сәулетшілік енерінің зор жеңістері саналады.

Бабырдың кенже қызы Гүлбадан-бегім түркі, араб,

4 парсы, т. б. тілдерді жетік білетін өз дәуірінің оқымыс-

ты, зиялысы, қаламы жүйрік жазушы болған. Гүлба-

249

дан-бегім “Бабыр-наменің” жалғасы саналатын “Құмайын-наме” кітабын жазды. Бұл прозалық шығармасында Гүлбадан-бегім өз ағасы Құмайын патша тұсында Орта Азия, Үндістан, Ауғанстан жерінде орын алған елеулі тарихи оқиғаларды, түрлі халықтардың



тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрпын, т. б. дарынды каламгерге тән зор шеберлікпен суреттейді.

“Құмайын-наме”— этнографиялық материалдарының молдығы жағынан теңдесі жоқ туынды. Парсы тілінде жазылған бұл тарихи еңбек те өзбек тіліне тәржіма жасалды. Мұнда “Бабыр-наменің” қалай жазылғаны және Бабырдың өзі туралы қызықты деректер бар1.

Сонымен, “Бабыр-наменің” түркі тілдес халыктар әдебиеті мен мәдениеті тарихынан алатын орны мен атқаратын ролін дүние жүзінің ең көрнекті түрколог және шығыстанушы ғалымдары мейлінше жоғары бағалады. Бабырдың осы энциклопедиялық мәні бар ең басты еңбегі қазақ халқының да рухани игілігі больтп табылады. “Бабыр-наме”—қазақ елінің де шежіресінен сыр шертетін, аса қүнды керкем туынды.


жүктеу 3,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау