Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы
Т.Жармағамбетов атындағы орта мектеп.
8»а» кл Қазақстан тарихы
Пән мұғалімі: Мақсұтова Ақнұр
Сабақтың тақырыбы:
Қазақстанның Ресейге бодандығы. Әбілқайыр ханның саясаты
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруінің пайдасы мен зияны, патша өкіметінің отарлық саясатының басталуы, Ресейге қосылудың алғышарттары, себептері. Жер дауының шиеленісуі, Ресейге қосылудың салдары туралы студенттерге жан-жақты мағұлмат беру.
Дамытушылық: Тарихи оқиғаларды, өзгерістерді дұрыс таңдау және тұжырымдай білу, деректер мен зерттеулерді өз бетінше оқып, қажетіне сай пайдалану, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Студенттерді адамгершілік, ұлтжандылық, Отансүйгіштік, достық қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Жаңа тақырыпты меңгерту, аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топпен және жекелей жұмыс
Көрнекіліктер: Мультимедиялық проектор, тірек сызбалар, слайдтар, суреттер.
Сабақтың уақыты: 45 мин
Өтілетін орын: 300 ауд
Пән ішілік байланыс: Ресейдің қол астына өткенге дейінгі қазақ елінің жағдайы.
Пән аралық байланыс. Дүниежүзі тарихы, география, бейнелеу, әдебиет.
Пайдаланған өдебиеттер: «Қазақстан тарихы очерктер»,
«Шың» баспасы.
«Жұлдыздар отбасы» журналы,
Оқушы білуі тиіс: Кіші жүздің Ресей бодандығына өту және патшалық Ресейдің отарлау шаралары. Әбілхайыр ханның саясаты.
Сабақтың хронокартасы мен құрылымдық логикалық сызбасы
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту
Ү. Қорытынды
ҮІ. Үйге тапсырма.
ҮІІ. Бағалау
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Студенттердің сабаққа қатысымын тексеру
- Кабинет тазалығын қадағалау
Сабақтың өтілу мақсат, міндеттерімен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушыларға үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында мына сұрақтар қойылады?
Қазақ өлкесінің Ресей құрамына кіруге дейінгі жағдайы қандай болды?
Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланыстың болмауы неге әкеліп соқтырды?
Қазақ жеріне қауіп төндірген мемлекеттер?
Ол мемлекеттің алдына қойған мақсаты қандай болды?
Қазақ тарихында өзіндік тарихи маңызы бар шайқастар?
Сабақты даралап сұрап, қорытындылау есебінде «алты қалпақ» ойынын ойнату.
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.
(Тарихнамаға шолу.)
Бүгінгі сабағымызда Қазақстанның Ресейге қосылуының кезеңдері мен саяси күрделі өзгерістерді уақыт пен кеңістік аралығында серуен жасап қарастырамыз. Ұзақ жылдар бойы үстемдік еткен кеңестік тұжырымдама біраз өзгерістерге ұшырады. Ғалымдардың Орталық Азиядағы халықаралық қалыптасқан жағдай мен Ресейдің империялық саясаты туралы зерделеніп, жаңашыл, тың туындылар дүниеге келуде. Осы орайда сабағымызға жасақталған.
Қазақстанның Ресейге қосылу себептерін М.Әуезов айқын көрсеткен. М.Әуезов «Қазақ елін орысқа бағындыруға зорлаған себептер көп. Бір жағынан, қалмақтар сияқты елдің тізесі батқан жаулығы болса, екіншіден, Орта Азия хандықтарының қиыншылығы, үшіншіден, орыс үкіметінің қазақты бағындыруды мақсат қылғандығы, сонымен біргетағы бір зор себеп, қазақтың өз хандығының алалығы.»
Ә. Бөкейханов «Қазақстанның империя құрамына кіруі отарлау (ерікті үкімет арқылы) мен жауап алудан тұрады.»
Г.Г. Галузо «Қазақстанның империя құрамына кіруі, біріншіден, халықтарды саяси дербестіктен айыру, екіншіден, экономикалық жағынан кіріптар ету, үшіншіден дүниежүзін болашақ отарларға бөлу жөнінен орыс-ағылшын бақталастығының салдарынан болды.»
С.Асфендияров «патшалық жаулап алу қазақ бұқарасына ізгілік, бейбітшілік әкелген жоқ, күйзеліс, талап тонаушылыққа әкелді».
Н.Г. Аполлова «Патша өкіметінің «даланы бейбіт жолмен жаулап алуы және қазақ халқының мәңгілік бодан болуы» дейтін кең көлемді агрессиясын жүзеге асырды.
ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның Ресейгебодандығы . Әбілқайыр ханның саясаты
Жоспар:
Кіші жүздің Ресей құрамына кіруі.
Әбілқайырдың шығу тарихы.
Әбілқайыр ұлт қайраткері.
Қазақ хандығы
Ресей империясы
Анна Иоанновна
Кіші жүз ханы Әбілхайыр хан
1735 жылы Ор бекінісі салынды.
1734 жылы мамырда Сенаттың бас хатшысы И.К.Кириллов экспедициясы жасақталды.
1738 жылы тамыз Орынборда қазақ сұлтандарының съезі болды
Әбілқайыр ханның шығу тегі
Әбілқайыр хан- Жошы хан- Орда Ежен хан – Сартақай хан – Шымтай хан –Орыс хан – Қойыршық хан – Барақ хан – Жәнібек Хан
Жәнібек ханның мұрагері
Жәнібек хан - Өсеке сұлтан – Бөлекей –Қоян – Батыр- Айшуақ сұлтан – Ырыс сұлтан - Әсекен – Абдолла сұлтан – Жолбарыс, Әбілқайыр хан, Нияз, Досалы
Әбілқайыр ханның мұрагері
Әбілқайыр ханнан – Нұралы(1748-86), Ералы (1791-94), Есім (1795-97), Айшуақ (1797-1805), Шерғазы (1805-1824), Бөкей (1801-1815), Шығай (1815-23), Жәңгір (1823-1845)
Бала Әбілқайыр
Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркістан қаласында туған.Ол-Әз Жәнібектің бесінші ұрпағы.Егер Шыңғыс ханнан бастап таратсақ,хан әулетінің он сегізінші ұрпағы болып шығады.
Әбілқайырымыз-осы Абдолла сұлтанның баласы. Абдолланың Жолбарыс,Әбілқайыр,Нияз,Досалы деген төрт ұлы-ел билігіне араласқан,тарихта өзіндік орны бар адамдар. Бұлардың ішінде үлкені Жолбарыс Ұлы жүзге 20 жыл (1720-1740),Әбілқайыр Кіші жүзге 30 жыл (1718-1748) хан болыа өтті.Нияз бен Досалы-өздеріне қарасты аймақтың беделді сұлтандары.
Әбілқайырдың балалық шағы жайында жазба дерек мүлдем жоқтың қасы.Сол кездегі Қазақстанның астанасы Түркістан Сауд Арабиясындағы Меккеден киінгі киелі орын саналатын,қазақ даласының сәнді,сәулетті,мәдени ошақтары көп қалалардың бірі еді. Онда керуен сарайлар,мешіттер,медреселер,сауда орындары баршылықты. Біздің көптеген бетке ұстар сұлтандарымыз бен билеріміз кезінде осы медреседен білім алған болатын. Әбілқайыр да осы Түркістандағы медреседен білім алған болатын. Бала кезінен жауынгерлік машықтарға үйірлігімен көпшілік назарын өзіне аударады. Керемет қылышкер, құралайды көзге атқан садақшы мерген жас өспірім жігітке өзгелерден бұрын адалдығымен, әділдігімен,көрегендігімен халқымыз «Әз» атандырған Тәуке ханның ықыласы ерекше ауады. Оны өз жанында ұстауға тырысады.
Тәуке ханның Әбілқайырды мойындауы
1707-1709 жылдары Ресейде К.А.Булавин бастаған қазақтар мен шаруалар көтерілісі болғаны тарихтан мәлім. Патша әскерлері көтерілісшілерді талқандап,аяусыз жазалайды. Булавиннің өзін дарға асады.Алайда оның С.Беспалый,Н.Голый,И.Накрасов,И.Павлов деген атамандары қашып, Еділдің бергі жағына өтеді. Жай ғана өтіп қоймайды,осы төңіректі жайлаған бейбіт қазақ ауылдарын қырып,тонап,адам айтқысыз айуандық жасай бастайды.
Бұл хабар Түркістандағы Тәукеге жетеді. Хан дереу қарулы жасақ дайындап,оның қолбасшысы етіп Бөкенбайды аттандырады. Қазақ жасағы көтерілісші қарақшыларды талқандап, Еділден әрі асыра қуып тастайды. Міне,осы кезде Әбілқайыр бар болғаны 16 жаста еді.
Ал келесі жылы тағы бір тарихи оқиғаның куәсі болады. Тәуке хан «Шығыс Түркістандағы қалмақтар қалың қол жинап, жазға салым қазақ даласына шабуыл жасамақшы» деген хабар алады. Хан төңірегіндегі сұлтандарды,билерді,батырларды жинап,мәслихат құрады. Ақыры «жауды қазақ жерінде емес,өз жерінде талқандау керек» деген ұйғарым шығарады. Екі түмендей қазақ жауынгерлеріШығыс Түркістанға аттанады. Бұл жолы жасақтың қолбасшысы Бөкенбай,елбасшысы Әбілқайыр еді. Бөкенбай мен Әбілқайыр жауды өз жерінде күтпеген сәтте тап беріп,ес жидырмастан талқандап жібереді. Сөйтіп,1711 жылға дейін қазақ ауылдары жоңғарлардың шапқыншылығынан тыныштық табады.
Міне,осы екі оқиғадан Тәукенің Әбілқайырды ерте мойындап,шешуші шайқастарға сеніп жұмсай бастағанын көреміз
Әбілқайырдың хан атануы
1716 жылы әулие ханымыз Тәуке дүниеден озысымен арамызға ала мысық жүгіріп, іргемізден су кетіп,аз қазақ тағы да үш жүзге бөлініп, ыдырап жүре беріппіз. Билер кеңесі алдында Кіші жүзге хан сайлау міндеті тұрады. Көпшіліктің де, билердің де көзі Әбілқайырға түсті. Бұрын хандық мұрагерлік жолмен сайланып келген еді. Ал Әбілқайыр аталарының жеткен мансап биігі-сұлтандық қана. Сол кезде кейбір хандардың Әбілқайырды «қарадан шықты» деп,кейде алакөздене қарағаны сондықтан болуы керек. Алайда сол кезде билердің көңілі де,көзі де өзі батыр,жасы жиырма беске енді толған Әбілқайырға арбалады. Сөйтіп, Әбілқайыр 1718 жылы тамыз айында хан атанды.Түркімендермен, Еділ қалмақтарымен, башқұрттармен, хиуалықтармен ұдайы қақтығыста ерлігімен де,ұрыс үстінде қол бастаған айлакерлігімен де суырыла танылған Әбілқайыр аңдап қарасақ бұдан кейін таққа емес, біржолата атқа мініпті.
Әбілқайыр ханның Барақ сұлтанның қолынан Қаза тапқаны тарихтан мәлім
-Ресей басшылары Әбілқайыр тірі тұрғанда қазақ елін отарлай алмайтынын білген соң,оны өлтіруді ұзақ жылдар бой ұйымдастырды. Ақыры оның өлімін И.Неплюев жақсылап ұйымдастырды. Ресейдің осы арам пиғылын орындауға сатылған қазақ сұлтаны Барақ 1748 жылы Әбілқайырды Қабырға өзенінің Ұлқұяққа құятын жерінде қапыда қарақшылықпен өлтірді. Өмір бой шайқас үстінде өткен Әбілқайырдың «Қайда қаза болсам, сонда жерлеңдер» деген өсиеті бойынша хан сол жерге жерленді. «Хан моласы» деп аталатын осынау киелі орын Торғай қаласынан сексен шақырым жерде, Ақтөбе облысының аумағында екені белгілі.
Әбілқайыр хан қазақ тарихында қандай тұлға болып қалды?
Әбілқайыр – қазақ тарихындағы елеулі тұлғалардың бірі, әйгілі қолбасшы. Ол 38 жыл қазақтың Кіші жүзінің ханы болды. Әбілқайыр қазақ арасынан алғаш Ресейге ант берген ісімен де тарихта қалады.
Ү
Тиімді
Тиімсіз
. Қорытынды:
Қазақ халқының ұлан-байтақ жерінен айырылды.
Орыстандыру, қоныстандыру саясатынан жап шекті.
Табиғи байлықтарын сарп етті.
Дәстүрлі шаруашылығы күйреді.
Ұлттық тұтастығын жоғалтты.
Ата-баба аңсаған тәуелсіздігінен айырылды, тәуелділікке түсті.
Қазақ елі жоңғар тепкісінен құтылды.
Патриархалдық –феодалдық қатынастар ыдырап, капиталистік бағыт қалыптаса бастады.
Қазақ халқы отаршылдық өмір салтына көшіп, егіншілікпен айналысып, ағаш үйлер салына бастады.
Орта Азия хандықтарының озбырлығынан құтылды.
Батыс мәдениеті мен ғылымын игерді.
Жұмбақ санды тап »
«Жұмбақ санды тап»
1. ХІХ ғасырдың басында Ресейге қосылмаған Қазақстан жерлері
0. Шығыс Қазақстан. 1. Орталық Қазақстан 2. Жетісу 3. Солтүстік Қазақстан
4. Маңғыстау 5. Үстірт 6. Тарбағатай. 7. Батыс Қазақстан 8. Еділ, Жайық
2. Абылай хан жерленген қала:
0. Алматы. 1. Созақ 2. Тараз. 3. Ташкент 4. Сығанақ 5. Қарқара 6. Атбасар
7. Әулиеата 8. Түркістан.
3. Кіші және орта жүздердің ,60 –қа жуық сұлтандары қай елге берілгендігін қуаттап, 2 рет ант берді?
0. Сефевиттік Иран.1. Ресей 2.Қытай 3. Башқұрт 4. Жоңғар 5. Цинь империясы
6. Хиуа 7. Қоқан 8. Бұқар хандығы
Жауабы: 2011 жылы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығымен бірге биыл Қазақстанның Ресейге қосылғанына 281 жыл.
ҮІ. Үйге тапсырма:
Қазақстанның Ресейге бодандығы. Әбілқайыр ханның саясаты
Әдебиеттері: «Қазақстан тарихы очерктер»
«Жұлдыздар отбасы» журналы
«Шың» баспасы.
ҮІІ. Бағалау.
Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды жеке-жеке бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |