Ақтөбе қаласы белгіленген санаттағы тұлғалары үшін жұмыс
орындарының квотасын белгілеу туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық əкімдігінің 2010 жылғы 16 сəуірдегі № 968
қаулысы. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Əділет басқармасында 2010 жылғы
27 сəуірде № 3-1-132 тіркелді
Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық
əкімдігінің 2011.04.25 № 966 (бірінші ресми жарияланғаннан кейін 10
күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Белгіленген санаттағы тұлғаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету
жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001
жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7
бабы 5-2), 5-5), 5-6) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
13 сəуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді əлеуметтік қорғау
туралы» Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001
жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті
мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына
сəйкес қала əкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық
əкімдігінің 2011.04.25
№ 966
(бірінші ресми жарияланғаннан кейін 10
күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Ақтөбе қаласының жұмыс берушілеріне жұмыс орнының жалпы санынан
жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:
мүгедектер үшін 3 % көлемінде;
қылмыстық - атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған
тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан тұлғалар
жəне интернат мекемелерінің кəмелетке толмаған түлектері үшін 3 % көлемінде.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық
əкімдігінің 2011.04.25
№ 966
Қаулысымен; өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы
Ақтөбе қалалық əкімдігінің 2012.07.23
№ 2166
(алғашқы ресми жарияланғаннан
кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Ақтөбе қаласы əкімдігінің 2006 жылғы 28 сəуірдегі № 785 «Ақтөбе
қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы»
(Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізбесінде 2006 жылдың 16
мамырында № 3-1-50 болып тіркелінген, № 67 «Ақтөбе», «Актюбинский
вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала əкімінің орынбасары
С.М.Қалдығұловаға жүктелсін.
4. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен
соң қолданысқа енеді.
Қала əкімі А.Мұхамбетов
© 2012. Қазақстан Республикасы Əділет министрлігінің "Республикалық
құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК