Фильмдерді көру және оны талдау
Қолданылуы:
Сабақ барысында көркем
фильмдерді және шағын бейне-баяндарды, олардың үзінділерін
қолдануға болады.
Тақырып пен мақсатқа сай материалды тек қана қосымша емес,
сабақтың кез келген кезеңінде көрсетуге болады. Көрсетілімнің
алдында оқушыларға бірнеше (3-5) кілтті
сұрақтарды беріп қою қажет. Бұл талдауға
негіз болатын сұрақтар. Фильмді арнай
таңдалған жерлерінен тоқтатып дискуссия
өткізуге болады.Соңында оқушылармен
бірге талдап, қорытындысын шығару
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |