25
мүмкін емес. IEEE 802.11 өзгертіп – жаңартылған CSMA/CD хаттамасы
шығарылды және ол CSMA/CА (Carrier Sense Multiple Access with Collision
Avoi dance) деген атқа ие болды. Ол келесі түрде жұмыс істейді: ақпаратты
жіберетін станция, алдымен эфирды тыңдайды. Егер жұмыс жиілігінде
белсенділік болмаса, станция алдымен кездейсоқ уақыт аралығында
белсенділікті күтеді. Ал сосын қайтадан эфирды тыңдайды және деректерді
тасымалдау ортасы бос болса, тасымалдауды іске асырады. Кездейсоқ кідіріс
желінің тоқтап қалмауы, егер бірнеше станция бір уақытта жиілікке қатынас
құру үшін керек. Егер ақпараттық десте бұрмалаусыз келсе, қабылдайтын
станция қайтадан растауды жібереді. Дестенің тұтастылығын бақылау
қосындысы әдісімен тексеріледі. Растауды алғаннан кейін, жіберетін станция
ақпараттық дестенің тасымалдау жұмысы бітті деп есептейді. Ал егер
растауды алмаған жағдайда, станция қақтығысы болды деп, десте қайтадан
бірнеше уақыттан кейін жіберіледі.
Тағы бір сымсыз желілердің өзгеше проблемасы – екі тұтынушы
станция арасындағы байланыс нашар, бірақ әр қайсысының қатынас құру
нүктесі бар байланыс сапасы жақсы. Осы жағдайда жіберетін тұтынушы
станция қатынас құру нүктесіне эфирді тазалауға сұратуды жібереді. Сол
кезде қатынас құру нүктесінің бұйрығымен басқа клиенттік станциялар
тасымалдауды "сөйлесу" уақытына, екі нүктенің нашар байланысынан
тоқтатылады. Эфирді тазалау режимі (Request to Send/Clear to send –
RTS/CTS хаттамасы) барлық IEEE 802.11 үлгілерінде жетілдірілмеген, ал
егер ол болса, тек ерекше жағдайларда ғана қосылады.
Ethernet – те ағындық деректерді тасымалдау кезінде, барлық
станциялар арасында реттелген, арналық байланысты қатынас басқаруы
қолданылады. Керісінше, IEEE 802.11 – де осындай жағдайларда
орталықтандырылған қатынас құру нүктесімен басқару қолданылады.
Тұтынушылық
станциялар
тізбектілік
түрде
ағындық
деректерді
тасымалдауға сұранады. Егерде станциялардың біреуі ағындық деректерді
жіберемін деп хабарлайды да, барлық желі станцияларда тек сол ғана
жіберетін уақыт аралығын қатынас құру нүктесіне бөледі.
Мәжбүрлі түрде эфирді тазалау қолдаңба қызметтік ақпаратты
тасымалдаумен және байланыстардың қысқаша үзілістерімен байланыс
болғандықтан, сымсыз желілердің жұмыс істеу төзімділігі азаяды. Осыдан
бөлек, Ethernet сымсыз желілердің керектігінде тек жартылай дуплексті ғана
емес, сонымен қатар дуплексті тасымалдау нұсқасын қолдануға болады егер
тасымалдау кезінде қақтығыс табылса (бұл желінің өткізу жылдамдығын
жоғарылатады). Сондықтанда бірдей шарттарда IEEE 802.11b сымсыз
желісінің Ethernet – ке қарағанда өткізу қабілеттілігі төмен болады.
Осылайша, егер Ethernet желісіне 10 Мбит/с және IEEE 802.11b (ақпаратты
тасымалдау максималды жылдамдығы 11 Мбит/с) бірдей саны бар
пайдаланушыларға бірдей жүктеме берсе және оны біраздан кейін үлкейтсе,
бірнеше кезеңнен кейін IEEE 802.11b тоқтай бастайды, ал Ethernet
функционалдай береді.
26
Тұтынушылық станциялар автономды қоректенетін ұялы құрылғылар
болып келетін IEEE 802.11 стандартында қоректендіруді басқаруға үлкен
көңіл бөлінген. Тұтынушылық станция анықталған уақыттан кейін, қатынас
құру нүктесі жіберетін қосылған сигналды қабылдау үшін құрылады. Егер
сигнал қабылданса, тұтынушылық құрылғы қосылады, ал кері жағдайда ол
келесі ақпаратты қабылдау айналымына дейін ұйқы режімінде болады.
1.8 ІЕЕЕ 802.11 стандартындағы мәлімет
жіберудегі модуляция маңызы
Модуляция техникасы жағынан 802.11а хаттамасы 802.11g
хаттамасынан айтарлықтай ерекшелінбейді. Мәліметтерді жіберу кезінде
төмен жылдамдықты жиілік модуляцияларында екілік және квадраттық
фазалы модуляциялар BPSK және QPSK қолданылады. BPSK –
модуляциясын қолданған кезде бір символда тек қана бір бағдарламалық бит
кодталады. Ал QPSK – модуляциясын қолданғанда, сигнал фазасы төрт әр
түрлі мәнге ие болғанда, бір символда екі бағдарламалық бит кодталады.
Модуляциясы мәліметтерді 6 немесе 9 Мбит/с жылдамдықпен жіберген
кезде қолданса, QPSK модуляциясын 12 немесе 18 Мбит/с жылдамдықтарда
қолданады.
ІЕЕЕ 802.11 стандартының оданда жоғары жылдамдықтарында
мәліметтерді
жіберу
үшін
квадраттық
амплитудалық
модуляция
қолданылады. Олар 16 – QAM және 64 – QAM. Бірінші жағдайда 16 түрлі
сигнал бар, олардың әр қайсысы 4 биттан кодталады, ал екінші жағдайда 64
түрлі сигнал, бұл жерде бір символда 6 биттан кодтауға болады. 16 – QAM
модуляциясын
24
және
36
Мбит/с
жылдамдықта,
ал
64
–
QAM модуляциясын 48 және 54 Мбит/с жылдамдықта қолданады.
OFDM символының бағдарламалық мөлшері оның модуляция типіне
және сигнал жүретін каналдар санына байланысты болады. Мәліметтерді
жіберу үшін 48 сигнал жүретін канал қолданылса, онда OFDM символының
бағдарламалық мөлшері 48 х Nb болады, мұндағы Nb – модуляция
позициясы санының екілік лагорифмі, немесе, бір кішкене арналардағы бір
символда кодталатын битттер саны. Соған қарағанда OFDM символының
бағдарламалық мөлшері 48 – 288 битті құрайды.
ІЕЕЕ 802.11 стандартының кіріс мәліметтерін өңдеуінің реттілігі
келесі түрдегідей көрсетіледі. Бастапқыда мәліметтердің кіріс ағыны
скрэмблирония стандарттық операцияға ұшырайды. Содан кейін кіріс ағыны
оратылған кодерге келеді. Оратылған кодтаудың жылдамдығы 1/2, 2/3
немесе 3/4 болып табылады. Кодтаудың жылдамдығы әр түрлі
болғандықтан, мәліметтерді жіберу кезіндегі модуляция типтерінің
жылдамдықтары да әр түрлі болады. Мысал ретінде BPSK модуляциясын
қарастырайық, оның мәліметтерді жіберу жылдамдығы 6 немесе 9 Мбит/с
құрайды. Бір символдың сақтандыратын интервалмен бірге ұзақтылығы 4
мксқа тең, ал импульс жиілігі 250 кГцке тең. әр кішкене арналар бір биттен
кодталатынын ескерсек, ал ол барлығы 48 кішкене арнадан тұрады, оның