ОҒЫЗДАР (IX-XI ғ.ғ.)
Астанасы
|
Янгикент(Жаңа Грузия)
|
Жер аумағы
|
Сырдарияның төменгі ағысы
|
Тайпа кезінде
|
Батыс Жетісуды мекендеді
VII ғ Түрік қағанатының құрамында болған
"Оғыз" сөзінің пайда болуы туралы бірнеше пікір болған:
1."уыз" сөзінен.
2."садақтың оғы"
3."өгіз" деген тотемдік сөздер
|
Жоғары билік иесі
|
жабғу
|
Сарай маңындағы өмірді басқарған жабғу әйелі
|
хатун
|
Жабғу кеңесшілері
|
күл-еркіндер
|
Жабғудың мұрагері
|
"инал" (оны тәрбиелеуші - атабектер)
|
Әскербасы
|
сюбашы
|
Қоғамдық құрылысы
|
әскери демократия
|
шонжарлар кеңесі
|
қанқаш деп аталды (жылына 1 рет)
|
Оғыздар бөлінді
|
ұрықтар мен аймақтарға
|
Саяси тарихы:
|
Печенегтермен соғысы
• Ең алғаш рет Сырдарияның орта, төменгі ағыстары мен Арал теңізі аралығында араб деректеріндегі Сырдарияның Кангар атауымен аталған кангар тайпалары мекендеген еді.
• VIII ғасырда кангар атауының орнына жаңа печенег деген атау қалыптасты. VIII ғасырдың басында Сырдария алқабы печенег - кангар тайпаларының басшылығымен біріккен саяси ел еді.Саяси орталығы Отырар қаласы болды.
• VIII ғасырдың 2- жартысында печенег- кангарлар Жетісудан ығысқан оғыз тайпаларымен кездесіп Сырдария алқабы үшін күрес басталды.
• Нәтижесінде, оғыз тайпалары печенег - кангарларды талқандап Сырдарияның орта, төменгі ағыстарын Арал өңірін тұтастай иеленді.
• IX ғасырдың соңында оғыз шонжарлары Аралдың солтүстік өңіріндегі билікті өз қолдарына алып, Жайық, Еділ өзендерінің бойына қоныс тепті.
• Қаратау бөктері, Шу бойы, Балқаш маңы, Орал, Ырғыз, Ембі, Ойыл, өзендері тұтастай оғыздар мекеніне айналды.
|
Хазармен соғысы
|
1. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святослав арасында Хазарларға қарсы әскери одақ құрылып, Хазар қағанатын талқандайды.
2. Бұл одақ екі жақтың да көздеген мақсаттарынан, сауда-экономикалық мүдделерінен туындады.
3. Егер Хазар мемлекетін талқандау орыс көпестері үшін Шығыс елдерінің бай базарларына жол ашса, оғыздар үшін Дон, Қара теңіз маңындағы далалар мен мал жайылымдары қажет болды.
|
Бұлғарлармен соғысы
|
●985 жылы князь Владимирмен одақтасып, Еділ бұлғарларын талқандауға қатысады.
|
Әлихан тұсында
|
X ғасырдың соңы - XI ғасырдың басында оғыз мемлекеті құлдырай бастады.
• Бұл , бір жағынан, Әлихан тұсындағы алым-салықтың өсуіне халық наразылығының күшеюімен, екінші жағынан, Шығыстан төнген селжұқ тайпаларының толассыз шабуылдарымен түсіндіріледі.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |