103
Жоспарланған құрылыс салу учаскелеріне жылумен, сумен, газбен және
электрмен
қамтудың
инженерлік
желілерін
қамтитын
инженерлік-
коммуникациялық инфрақұрылымды, телефонизация, су бұру желілерін
(канализация), инженерлік
желілерді жеткізу;
Құрылысты индустрияландыру, бұл құрылыс жұмыстарының көлемін
арттыруға және мерзімдерін азайтуға, озат технологияларды қолдану негізінде
өзіндік құнның төмендеуіне мүмкіндік береді.
Өңірлер бағдарламасы шеңберінде мына бағыттар бойынша: жас отбасылар
үшін баспана, жергілікті атқарушы органдардың кезекшілері, «Қазақстанның
тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі бойынша халықтың барлық
санаттары үшін, апаттық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде,
сондай-ақ кәсіпорындардың қарыз және жеке қаражаты есебінен тұрғын үй
салынады.
2016-2020 жылдары қаржыландырудың барлық көздері есебінен 8,0 млн.
ш.м. тұрғын үйді пайдалануға енгізу жоспарланады, оның ішінде «Елорда даму»
ЖШС апаттық үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде жалпы ауданы
390 мың ш.м. 16 тұрғын үй кешендерін пайдалануға енгізу көзделеді.
2017 жылдан бастап Нұрлы жер ұрғын үй құрылысының бірыңғай
бағдарламасын іске асыру басталады. Негізгі мақсаты азаматтарға дайындалған
инженерлік инфрақұрылымы бар жер учаскелерін беру жолымен жеке тұрғын үй
құрылысын дамыту болып табылады. Бұл бағдарлама бойынша азаматтар
қолжетімді баға бойынша тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін алады.
Тұрғын үй қатынастары саласында қабылданған шаралар төмендегіге
бағытталады:
- ұсынылатын әлеуметтік тұрғын үйді жекешелендіру құқығын шектеу;
- пәтер алу бойынша балама түрінде ақшалай өтемақы ұсыну (субсидиялар,
тұрғын үй сертификаттары) (санаты, тұрғын үйді күту мерзіміне және т.б.
байланысты бөлумен);
- әлеуметтік тұрғын үй алу үшін талаптарды қатаңдату (жеңілдікті санаттар
тізбесін қысқарту, талаптарды қатаңдату);
- әлеуметтік тұрғын үйдің құнын төмендету – шағын пәтерлер ұсыну, оның
іішнде әртүрлі санаттар үшін тұрғын үймен қамтамасыз етілу нормативтерін
саралау;
- қолайлы отбасылық өмір сүру және демалу үшін қалалық және әлеуметтік
инфрақұрылымды халықаралық деңгейге дейін дамыту.
4-мақсат. Көлік инфрақұрылымын дамыту
р/
б
№
Индикатордың атауы
Көзі
факт
жоспар
Жауа
птыла
р
2014
жыл
2015
жыл
2016
жыл
2017
жыл
2018
жыл
2019
жыл
2020
жыл
1. Жергілікті
маңызы бар
автомобиль жолдарын салу
және қайта жаңарту, км
Ведомст.
деректер
45,92
21,8
25,49
24,6
24,6
22,9
22,8
АЖБ
2. Жергілікті маңызы бар
автомобиль жолдарын
орташа жөндеу, км
Ведомс.
деректер
52,36
36,3
42,0
16,0
18,0
20,0
24,0
АЖБ
104
р/
б
№
Индикатордың атауы
Көзі
факт
жоспар
Жауа
птыла
р
2014
жыл
2015
жыл
2016
жыл
2017
жыл
2018
жыл
2019
жыл
2020
жыл
3. Жолаушылар айналымының
мөлшері, пкм
Стат.
деректер
18001,
5
20034,
4
20226,
5
25283,
1
22754,8 24120,1 25687,9 ЖКБ
4. Қоғамдық көлікті
пайдаланатын халықтың
саны, %
Ведомс.
деректер
33,0
36,0
39,0
42,0
45,0
ЖКБ
Қойылған мақсаттарға жету жолдары
Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту және көліктік жүктемені төмендету
үшін әкімдіктің негізгі жұмыс бағыттары мынадай:
Негізгі көлік артерияларының жіберу мүмкіндігін ұлғайту;
Басқару жүйесін және автокөліктің, оның ішінде қоғамдық көліктің жалпы
қозғалыс
кестесін жетілдіру;
Тұрақ
орындарының әлеуетін кеңейту;
Жаяу жүрушілер мен велосипедшілер үшін қолайлы жағдай жасау;
Әртүрлі көлік түрлерін бірыңғай мультимодальдық логистикалық жүйеге
біріктіру.
Астана қаласы «Орталық-Шығыс», «Орталық-Оңтүстік», «Орталық-Батыс»
өңіраралық автожолдар желісінің жобаларын іске асыру есебінен барлық
макроөңірлерді байланыстыратын Солтүстік макроөңірдің хабына айналады.
Бұл үшін жаңа темір жол вокзалын және автовокзал, қосымша әуежай
терминалын, республикалық маңызы бар жолдар (Батыс Қытай – Батыс Европа,
Астана-Алматы, Алматы-Ақтөбе-Атырау, Астана-Өскемен) салу, қоғамдық
көліктің балама түрін дамыту (LRT жобасы) қарастырылды.
ЭКСПО-2017 өткізуге дайындық шеңберінде ҚР Қытай Халық
Республикасымен халықаралық ынтымақтастық негзінде әкімдік балама жеңіл
рельсті көлік жобасын (бұдан әрі - LRT) іске қосады, ұзақтығы 22,4 км құрайтын
бірінші кезегі көрме павильонын және әуежайды байланыстырады. Жерүсті көлік
болып табылатын LRT жобасы қолданыстағы көлік жүйесіне үйлесімді қосылады
және «сол жағалау – әуежай» негізгі бағытынан жүктемені азайтуға мүмкіндік
береді. Бұл метродағы күн сайынғы ағын шамамен 83 мың адамды құрайды деп
болжанады.
Халық санының жыл сайынғы өсіміне байланысты, сондай-ақ ЭКСПО-2017
өткізудің есебімен МЖӘ тетігін қолданумен жеке инвесторлардың қаражатын
тарту арқылы жалпы сыйымдылығы 5 340 машинаорынды құрайтын 10 паркинг
салынады. Қаланың кіреберіс магистральдарында әрқайсысы сөткесінде 4500
жолаушы қабылдайтын 2 жаңа автовокзал ашылады.
Автобус көлігінің ыңғайлылығын арттыру, жылжымалы құрамды, аялдама
павильондарын жаңартуды, бөлінген жолақтарды жайластыруды және таксидің
қызмет көрсету деңгейінің артуын есепке ала отырып, арнайы инфрақұрылым
құру есебінен қоғамдық көлігінің үлесін 33-тен 45 пайызға дейін ұлғайту
жоспарланады.
2017 жылға қарай бұл мақсатта төмендегі қарастырылатын болады:
Жолақыны электронды түрде төлеу жүйесін енгізу;