Бұл завод өз жұмысын 1921 жылдан бастап қыш кірпіштер өндіруден бастады. Бұл заводта жұмыс жүргізу мақсатында сол кездегі СССР 15 республикасынан мамандар әкелінді. Совет өкіметі кезінде бұл завод өз өнімімен барлық елді қамтамассыз етті. 1961 жылы осы заводтың негізінде тағы силикат кірпіш өндіретін цехтар салынды. 1961-1992 жыл аралығында завод қабырға материалдары мен силикат кірпішін өндірді. 1993 жылдан бері бұл заводттан қалыпты чипс, селикат кірпішін, ячейлі бетоннан өндіретін кіші блоктар, қыш кірпіштер өндіреді. Заводта автоматты 9 пресс техникасымен, сыйымдылығы 162 мың штук кірпіш сыйатын 12 автоклав апаратымен жабдықталған. Негізгі басты құрал ретінде Ақмола өңірінің топырақтары қолданылады ал қосымша қоспалар (суглинка, карбитті әк ж.т.б.) Қарағанды «Карбид»ТОО заводының өнімі қолданылады. Яғни қажетті заттардың барлығы өз елімізден табылады. Жыл сайын завод 89 млн кірпіш өндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |