Нитрит жіберілген бақаның қанының түсі,
шоколад түстес болады
.
№4 тәжірибе.
Дәрі-дәрмектердің қанның ұйуына әсері
Қажетті заттар:
үй қояны; шприц инесі мен сағат шынысы, шыны таяқша,
тамызғыш, натрий нитратының 0,9 пайыздық ерітіндісі, гепарин, 0,9
пайыздық натрий хлориді.
Жұмыс тәртібі:
үй қоянның құлақ қалқанындағы тамырынан қан алып
бірнеше тамшыдан 3 сағат шынысына тамызады. Бірінші шыныға 1 тамшы
0,9 пайыздық натрий нитраты, екіншісіне – гепарин, үшіншісіне – 1 тамшы
0,9 пайыздық натрий хлорид ерітіндісін тамызады. Шыны таяқша мен
қоспаларды араластырып, үшінші шынының үстінде қоспаның құрамында
талшықтар пайда болады. Басқа екеуінде талшықтар пайда болмайды.
№5 тәжірибе.
Гепариннің қан ұю жылдамдығына тигізетін әсері
Қажетті заттар:
үй қояны, шприц инесі мен зат салатын шыны, шыны
таяқша, мата, қалдық заттарды төгетін ыдыс, сағат.
Жұмыс тәртібі:
үй қоянның құлақ қалқанындағы тамырдан бірнеше
тамшы қан алып, оның ұю жылдамдығын анықтайды. Содан кейін тамырға
жануардың әрбір килограмм дене салмағына 0,1 (5000) есебінде гепарин
жібереді. Содан кейін қан алып, оның ұю жылдамдығын анықтап
салыстырады.
№6 тәжірибе.
Осматикалық қысым біркелкі ерітінділердің қызыл қан
түйіршіктерін сақтауға маңызы
Қажетті заттар:
сынауықтар мен таған, 0,5 мл тамызғыш, 10
пайыздық, 0,9 және 0,4 пайыздық натрий хлорид ерітіндісі, дистилденген су,
таза қан, микроскоп, Горяев камерасы.
Жұмыс тәртібі:
сынауықтарға 4 мл 10%, 0,9%, 0,4% натрий хлориді
ерітінділердің құяды және 4 сынауыққа 2 тамшыдан таза қан тамызып,
шайқайды. Бір сағат бойы әр сынауықтың мөлдірлігін, сұйықтың түсін
байқайды, микроскоппен қызыл қан түйіршігін анықтайды.
Бір сынауықтағы қызыл қан түйіршіктері түбіне тұнып, сұйық мөлдір
болады. Горяев камерасында микроскоп арқылы қызыл қан түйіршіктері
тырысып, жиырылып қалғаны байқалады.
Екінші сынауықта қызыл қан түйіршіктері түбіне тұнады, сұйық
мөлдір, бірақ микроскоппен қарағанда қызыл қан түйіршіктері қалыпты,
жиырылмаған.
77
Үшінші сынауықта қызыл қан түйіршіктері толық тұнбаған, сұйық
қызғылт түсті. Микроскоппен қарағанда қызыл қан түйіршіктерінің біраз
бөлігі үлкейген, ісінген.
Төртінші сынауықта гемолиз байқалады (гемоглобинның эритроциттен
шығып кетуі) сұйық ал-қызыл. Микроскоппен қарағанда ісінген, түрін
жоғалтқан қызыл қан түйіршіктері.
Достарыңызбен бөлісу: |