123
енеді. Ендігі жерде лауазымдық нұсқаулықтың барлық талаптары сол
жобаға сəйкес жасалуы шарт болып есептеледі.
Лауазымдық нұсқаулық туралы ережені əрбір ұйым өзінше
əзірлейді.
Тұрпатты ережелер шарттарына сəйкес лауазымдық нұсқаулық
формасына қатаң талап қойылады. Онда міндетті түрде ұйым атауы
болуы керек, күні жазылып, қол қойылған, мөр басылған болуы қажет.
Бірақ нұсқаулықтың міндетті деректемелері мұнымен де шектелмейді.
Лауазымдық нұсқаулықтың міндетті деректемелері құрамына
мыналар енеді:
- ұйым атауы;
- құжат атауы;
- құжат күні мен тіркеу нөмірі;
- мəтін тақырыбы (лауазым атауы көрсетілуімен);
- бекіту грифі;
- құжат əзірлеушінің қолы;
- келісім бұрыштамасы;
- қызметкердің құжатпен танысқандығы жөнінде белгі.
Лауазымды н с аулы ты лгісі
____________________
(ұйымның атауы)
Лауазымдық нұсқаулық
2007 жылғы «____»__________
№ _____
Ұйымның оқыту бөлімінің бастығына
«БЕКІТЕМІН»
Директор
____________ ______________
(қолы) (аты-жөні)
2007 жылғы «____»__________
1. Жалпы ережелер
1.1. Кəсіпорынның оқыту бөлімінің бастығы (бұдан əрі – Бөлім бастығы) осы
Нұсқаулықпен белгіленген лауазымдық міндеттерін атқара отырып, орталықтың
мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі қызметін ұйымдастыруға басшылық етеді.
1.2. Бөлім бастығы қызметке Кəсіпорын директорының бұйрығымен
тағайындалады жəне өз қызметінен Қазақстан Республикасының заңында
белгіленген
тəртіптері
бойынша
Кəсіпорын
директорының
бұйрығымен
босатылады.
1.3. Бөлімнің бастығына оқыту бөлімінің қызметкерлері бағынысты.
1.4. Еңбек демалысы кезінде, не болмаса белгілі бір себептермен жұмыста
болмаған жағдайда оның міндеттерін Кəсіпорын директоры тағайындаған
қызметкер атқарады.
1.5. Бөлім бастығы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңдарын,
ҚР Президентінің жарлықтарын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, нормативтік жəне
құқықтық актілерді, Кəсіпорын директорының бұйрықтарын жəне осы Нұсқаулықты
басшылыққа алады.
1.6. Бөлім бастығы өзінің күнделікті қызметін Кəсіпорынның бекітілген жұмыс
регламенті мен жұмыс кестесіне жəне белгілі бір кезеңге арналған жұмыс
124
жоспарына, сонымен қатар күні бұрын болжанбаған тапсырмаларға сəйкес
құрады.
2. Негізгі лауазымдық міндеттері
Мемлекеттік тілді оқыту бөлімі бастығының негізгі атқаратын лауазымдық
міндеттері:
2.1. Бекітілген жұмыс регламенті мен жұмыс кестесіне сəйкес бөлім
қызметін ұйымдастыру;
2.2. Бөлімнің белгілі бір кезеңге арналған жұмысын жоспарлау;
2.3. Бөлімнің белгілі бір кезеңде атқарылған жұмысының есебін əзірлеу;
2.4. Қаладағы мемлекеттік органдар, мекемелер мен кəсіпорындардың,
сондай-ақ Алматы қаласы тұрғындарына мемлекеттік тілді оқыту курстарының
жұмысын үйлестіру;
2.5. Алматы қаласының мемлекеттік тілді үйретуші оқытушыларының білімін
жетілдіру жəне оларды тестілеуден өткізу, сондай-ақ мемлекеттік тілде іс
жүргізушілер мен аудармашыларға арналған түрлі деңгейдегі оқыту курстарын
ұйымдастыру;
2.6. Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді
жеделдетіп оқытудың бір ізге түсірілген бағдарламасын, оқу құралдары мен
оқулықтар кешенін əзірлеп, қолданысқа енгізу;
2.7. Мемлекеттік тілді үйрету үшін арнайы жабдықталған мультимедиалық
бөлмелер ашу, мемлекеттік тілде іс жүргізудің, сондай-ақ мультимедмалық жəне
қашықтан оқытудың компьютерлік бағдарламаларын жасауды ұйымдастыру;
2.8. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын анықтауға бағытталған
сараптамалар, мониторингтер өткізу; əлеуметтік-лингвистикалық зерттеулер
жүргізу шараларын ұйымдастыру.
3. Құқықтары
Мемлекеттік тілді оқыту бөлімінің бастығы:
3.1. Бөлім қызметкерлеріне тапсырмалар беріп, олардың орындалуын
бақылауға;
3.2. Өз өкілеттігі шегінде мəселелерді қарауға жəне олар бойынша
шешімдер қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды адамдардың
оларды орындауын талап етуге;
3.3. Белгіленген тəртіппен өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін
тиісті орындардан қажетті ақпараттар мен материалдар алуға;
3.4. Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін белгіленген тəртіппен
меншік нысандарына қарамастан, мекемелер мен ұйымдарда болуға;
3.5. Тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта
мамандануға) жəне біліктілігін арттыруға;
3.6. Біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы
ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарылауға;
3.7. Өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді, ерекше маңызды жəне
күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін белгіленген тəртіппен көтермеленуге;
3.8. Өзінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік тексеру
жүргізілуін талап етуге;
3.9. Еңбегінің қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауіпсіз жəне жоғары
өнімді жұміс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына;
3.10. Өз өкілеттігі шегінде орталық басшылығына жұмысты жетілдіру
жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы.
125
4. Жауапкершілігі
Бөлім бастығы өзінің лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісті
дəрежеде орындамағаны үшін жəне өзінің іс қағаздарының дұрыс жүргізілуіне
жəне сақталуына, сондай-ақ бөлініп берілген жұмыс орнының, материалдық
құрал-жабдықтардың таза əрі ұқыпты ұсталуына жауапкершілікте болады.
Бөлім бастығы қылмыс жасаса немесе басқа да құқықтарды бұзса,
Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тəртіп бойынша қылмыстық,
əкімшілік, материалдық жауапкершілікке тартылады.
5. Қызметкерге қойылатын талаптар
Бөлім бастығы болып жоғары филологиялық білімі немесе осы лауазымның
функционалдық бағытына сəйкес келетін салада кемінде екі жыл жұмыс істеген
Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады
Қазақстан
Республикасының
Конституциясын,
«Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы», «Əкімшілік ресімдер туралы», «Нормативтік-
құқықтық актілер туралы» Заңдарын, Қазақстанның 2030 жылға дейін даму
стратегиясын жəне осы лауазымға сəйкес келетін салалардағы қатынасты
реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да заңдары мен нормативтік
актілерін білуі шарт.
Осы санаттағы лауазымға қатысты функционалдық міндеттерді орындауға
қажетті басқа да білімдер. Компьютерде жұмыс істей білуі керек.
Басшының орынбасары __________
_____________
(қолы)
(аты-жөні)
Таныстым
__________
_____________
(қолы) (күні)
4.2. Өкімдік құжаттар
Ұйымдардың, мекемелер мен кəсіпорындардың атқарушылық-
басқарушылық қызметінің бір нысаны - өкімдік құжаттар шығару. Осы
құжаттардың негізінде басқарудың маңызды міндеттері шешіледі.
Қолданыстағы заңдарға сəйкес басқару органдары өз құзыретіне қарай
бұйрықтар, шешімдер, өкімдер секілді өкімдік құжаттар шығарады.
Ұйым құзыреті шегінде негізгі мəселелер бойынша нормативтік
немесе жеке акті қабылдау қажет болған барлық жағдайларда
шешімдер мен бұйрықтар үнемі шығарылады. Өкімдер мен нұсқаулар
жекелеген мəселелер бойынша жəне қаулыларды, шешімдер мен
бұйрықтарды орындауды ұйымдастыру үшін шығарылады.
4.2.1. Шешім (қаулы)
Шешім немесе қаулы – алқалы органның (директорлар кеңесі,
акционерлердің жалпы жиналысы жəне т.б.) құжаты. Өндірістік
мəселелелер
бойынша
дайындалады.
Сондай-ақ
Қазақстан
Достарыңызбен бөлісу: |