Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



жүктеу 5,08 Kb.
Pdf просмотр
бет46/92
Дата25.05.2018
өлшемі5,08 Kb.
#17303
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   92

 
107
11.15.  Төраға  Қоғамның  Директорлар  кеңесінің  жұмысын  ұйымдастырады, 
Қоғамның  Директорлар  кеңесінің  мəжілісін  шақырады  жəне  оған  төрағалық  етеді, 
мəжілістерде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген 
тəртіппен хаттама жүргізуді ұйымдастырады. 
11.16.  Қоғамның  Директорлар кеңесінің  мəжілісі  оның  Төрағасының  немесе 
атқарушы  органының  бастамасы  бойынша  не  төмендегілердің  талабы  бойынша 
шақырылады: 
1) Директорлар кеңесінің кез-келген мүшесінің; 
2) Қоғамның ішкі аудит қызметінің; 
3) Қоғамға аудит жүргізуші аудиторлық ұйымның; 
4) ірі акционердің. 
Қоғамның  Директорлар  кеңесінің  мəжілісін  шақыру  жəне  өткізу  тəртібі  Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген. 
11.17.  Қоғамның  Директорлар  кеңесінің  мəжілісін  өткізуге  кворум  Қоғамның 
Директорлар кеңесі мүшелері санының жартысынан кем болмауы тиіс. 
11.18.  Қоғамның  Директорлар  кеңесі  мəжілісіндегі  шешімдер  Директорлар 
кеңесі  мүшелерінің  мəжілісіне  қатысушылардың  жай  басым  даусымен 
қабылданады.  Директорлар  кеңесі  мүшелерінің  дауыстары  тең  түскен  жағдайда, 
Төрағаның даусы шешуші болып табылады. 
11.19.  Қоғамның  Директорлар  кеңесі  мəжілісінің  хаттамасы  ол  өткеннен 
кейін  үш  күннен  кешіктірілмей  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы 
заңдарының талаптарына сəйкес ресімделеді жəне төраға мен хатшы қол қояды. 
 
12. АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОР 
 
12.1.  Қоғамның  атқарушы  органының  функциясын  Атқарушы  директор 
атқарады. Атқарушы директор Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық жасайды. 
Қоғамның  Атқарушы  директоры  акционерлердің  Жалпы  жиналысының  жəне 
Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімдерін орындайды. 
12.2.  Қоғамның  Атқарушы  директоры  Қазақстан  Республикасының  заң 
актілерінде  жəне  Қоғамның  Жарғысында  Қоғамның  басқа  органдарының  жəне 
лауазымды  тұлғаларының  құзыретіне  жатқызылмаған  Қоғамның  қызметіне 
қатысты кез келген мəселе бойынша шешім қабылдауға құқылы. 
12.3.  Атқарушы  директор  басқа  ұйымдармен  Директорлар  кеңесінің 
келісімімен  ғана  жұмыс  істеуге  құқылы.  Атқарушы  директордың  функциялары, 
құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заң актілерінде, Қоғамның 
Жарғысында,  сондай-ақ  Қоғаммен  жасалатын  жеке  еңбек  шарттарында 
белгіленген.  Қоғам  атынан  Атқарушы  директормен  жасалатын  жеке  еңбек 
шартына  Директорлар  кеңесінің  Төрағасы  немесе  Жалпы  жиналыс  немесе 
Директорлар кеңесі арқылы осыған уəкілетті тұлға қол қояды. 
12.4. Атқарушы директор: 
1)  акционерлердің  Жалпы  жиналысының  жəне  Директорлар  кеңесінің 
шешімдерін орындауды ұйымдастырады; 
2) үшінші тұлғаларға қатысты Қоғам атынан сенімхатсыз əрекет етеді; 
3) Қоғамды үшінші тұлғаларға қатысты білдіру құқығына сенімхат береді; 
4)  Қоғам  қызметкерлерін  қабылдауды,  ауыстыруды  жəне  босатуды  жүзеге 
асырады  (осы  Заңда  белгіленген  жағдайларды  қоспағанда),  оларға  көтермелеу 
шараларын  қолданады  жəне  тəртіптік  жаза  қолданады,  Қоғам  қызметкерлеріне 
Қоғамның штаттық кестесіне сəйкес лауазымдық жалақы жəне дербес үстеме ақы 
мөлшерін  белгілейді,  Қоғамның  атқарушы  органының  жəне  ішкі  аудит  қызметінің 
құрамына  кірген  қызметкерлерді  қоспағанда,  Қоғам  қызметкерлеріне  əлеуметтік 
пакеттер мөлшерін жəне түрлерін белгілейді; 


 
108
5)  өзі  болмаған  кезде  өз  міндеттерін  орындауды  өз  қызметкерлерінің 
(орынбасарларының) біріне жүктейді; 
6)  міндеттерді,  сондай-ақ  қызметкерлер  (орынбасарлар)  арасында 
өкілеттіктер мен жауапкершілікті бөледі; 
7) Қоғамның ішкі тəртібін реттейтін құжаттарды бекітеді; 
8)  уəкілетті  органның  нормативтік  құқықтық  актілерінде  белгіленген 
тəртіппен  уəкілетті  органның  келісімімен  өкілдіктер  мен  филиалдардың 
басшыларын, басшылардың орынбасарларын, бас бухгалтерлерін тағайындайды; 
9) Қоғамның қызметкерлерін кəсіптік дайындау жəне қайта дайындау туралы 
мəселені шешеді; 
10)  қолданыстағы  заңдарда,  жеке  еңбек  шарттарында,  акционерлердің 
Жалпы  жиналысында  жəне  Директорлар  кеңесінде  анықталған  өзге  де 
функцияларды атқарады. 
12.5.  Атқарушы  директорды  сайлау,  оның  өкілеттігі,  лауазымдық 
жалақысының  мөлшері,  сондай-ақ  өкілеттігін  мерзімінен  бұрын  тоқтату  Қоғамның 
Директорлар кеңесінің шешімімен жүзеге асырылады. 
12.6. Қоғамның лауазымды тұлғалары: 
1)  өздеріне  жүктелген  міндеттерді  адал  орындайды  жəне  Қоғам    мен 
акционерлердің мүдделерін барынша көздейтін тəсілдерді қолданады; 
2)  Қоғамның  мүлкін  Қоғамның  Жарғысына  жəне  акционерлердің  Жалпы 
жиналысы 
мен 
Директорлар 
кеңесінің 
шешімдеріне 
қайшы 
мақсатта 
пайдаланбауы немесе оны пайдалануға жол бермеуі тиіс; 
3)  тəуелсіз  аудит  жүргізуді  қосқанда,  бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есеп 
жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етуге міндетті; 
4) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сəйкес Қоғам қызметі 
туралы ақпаратты ашуды жəне беруді бақылайды; 
5)  қоғам  қызметі  туралы  ақпараттық құпиялылығын  сақтауға  міндетті,  оның 
ішінде  егер  қоғамның  ішкі  құжаттарында  басқадай  көзделмесе,  қоғамда  жұмысты 
тоқтатқан сəттен бастап үш жыл ішінде сақтауға міндетті. 
 
13. ҚОҒАМНЫҢ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ 
 
13.1.  Қоғамның  қаржы-шаруашылық  қызметіне  бақылауды  жүзеге  асыру 
үшін ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін. 
13.2.  Ішкі  аудит  қызметін  құру  жəне  қызмет  ету  тəртібі,  ішкі  аудит  қызметі 
қызметкерлерінің  еңбекақысы  мен  сыйлықақы  мөлшері  мен  шарты  Қоғамның 
Директорлар кеңесінің шешімімен анықталады. 
13.3.  Ішкі  аудит  қызметінің  қызметкерлері  Директорлар  кеңесінің  жəне 
атқарушы органның құрамына сайлана алмайды. 
13.4.  Ішкі  аудит  қызметі  Қоғамның  Директорлар  кеңесіне  тікелей  бағынады 
жəне өз жұмысы туралы солардың алдында есеп береді. 
 
14. ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІ ЖƏНЕ АУДИТ 
14.1.  Қоғамның  бухгалтерлік  есебін  жүргізу  жəне  қаржылық  есебін  жасау 
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есеп беру туралы 
заңдарында жəне бухгалтерлік есеп стандарттарында белгіленген.  
14.2.  Қоғамның  Атқарушы  директоры  жыл  сайын  акционерлердің  Жалпы 
жиналысына  өткен  жылға  арналған  қаржылық  есепті  талқылауға  жəне  бекітуге  
ұсынады,  оларға  аудит  Қазақстан  Республикасының  аудиторлық  қызмет  туралы 
заңдарына  сəйкес  жүргізілген  болуы  тиіс.  Қоғамның  Атқарушы  директоры 
қаржылық есептен басқа жалпы жиналысқа аудиторлық есепті ұсынады. 


жүктеу 5,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау