Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



жүктеу 5,08 Kb.
Pdf просмотр
бет24/92
Дата25.05.2018
өлшемі5,08 Kb.
#17303
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92

 
55
жеткізілуін,  құжаттардың  мəселенің  мəніне  сай  сапалы  орындалуына  бақылауды 
қамтамасыз етеді. 
132. Бөлімше басшысы құжаттарды қарау кезінде бірінші кезекте қаралатын, 
шұғыл орындауды қажет ететін құжаттарды бөліп алады. 
Бөлімше  басшысы  құжатты  қарағаннан  кейін  бұрыштама  қояды  жəне 
құжатты нақты орындаушыға жібереді. 
133.  Заңды  тұлғалардың  екінші  рет  жіберілген  хаттарын  қараған  кезде 
бұрынғы  өтінішті  қараған  материалдар  мен  оларға  жазылған  жауаптар  қоса 
қаралады.  Егер  екінші  рет  жіберілген  өтініште  жаңа  тұжырымдар  болмаса  жəне 
авторларға  белгіленген  тəртіппен  жауап  жіберілген  болса,  мұндай  өтініштер 
қосымша қаралуға жатпайды жəне бұл туралы авторға жазбаша хабарланады. 
134.  Орындаушы  бөлімшенің  жауапты  адамы  орындауды  немесе  жауап 
беруді  талап  ететін  құжатты  бақылауға  алуға,  күн  сайын  Мекемеге  келіп  түскен 
хат-хабарларды  Мекеменің  ішкі  құжаттарын  тіркейтін  электронды  журналдарды, 
сондай-ақ  бөлімшелердің  ішкі  құжаттарын  тіркеу  журналдарын  қарауға  жəне 
бақылаудағы  құжаттардың  уақтылы  орындалуына  қажетті  шаралар  қабылдауға 
міндетті. 
135.  Егер  келіп  түскен  құжат  кез  келген  сұратуға  жіберілген  жауап  немесе 
онда  бұрынғы  жазысқан  хаттарға  сілтеме  болса,  бөлімшенің  жауапты 
орындаушысы  оны  басшыға  бергенге  дейін  электронды  құжат  айналымы  шағын 
жүйесіндегі осы құжатқа қатысты жазысқан хаттарды іріктеп алуға міндетті. 
 
8-тарау. Жіберілетін жəне ішкі құжаттарды əзірлеу жəне өткізу тəртібі 
 
136. Жіберілетін жəне ішкі құжаттарды əзірлеу тəртібіне: құжаттың жобасын 
жасау,  келісу,  қол  қою  (бекіту,  мақұлдау)  таралымын  əзірлеу  (қажет  болғанда) 
жəне жіберу жатады. 
Жіберілетін  жəне  хат-хабар  болып  табылмайтын  ішкі  құжаттарға, 
нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ілеспе хат жазылады. 
137.  Құжатты  орындаушы  ақпаратты  компьютерлік  өңдеу  құралының 
көмегімен  əзірлейді,  Ереже  талаптарына  сəйкес  ресімдейді  жəне  электронды 
құжат айналымы шағын жүйесінде файл түрінде сақтайды. 
138.  Орындаушы  құжатты  əзірлегеннен  кейін  электронды  құжат  айналымы 
шағын жүйесінде бөлімшенің жұмыс құжаттарын тіркеу журналында тіркейді жəне 
келісу мен қол қою рəсімін орындайды.  
139. Орындаушы құжатты қол қоюға бергенге дейін оның мазмұнын, дұрыс 
ресімделуін,  қажетті  бұрыштамаларының  болуын  жəне  қосымшаларын  тексеруі 
тиіс. Құжат əзірленген материалдар негізінде қол қоюға беріледі. 
140.  Бұрыштама  қою  жəне  электронды  қол  қою  рəсімдерінен  кейін 
орындаушы  электронды  құжат  айналымының  шағын  жүйесінде  қол  қойылған 
құжатты  өз  бөлімшесінің  жауапты  адамына  жібереді,  мұнда  құжат  ресми 
электронды  журналдарда  тіркеледі.  Егер  құжат  жіберілетін  хат-хабар  болып 
табылса,  орындаушы  оны  алдын  ала  басып  шығарады  жəне  құжатқа  бөлімше 
басшысы  (Мекеменің  Төрағасы  немесе  осы  бөлімшеге  жетекшілік  ететін 
Төрағаның  орынбасары)    қол  қойғаннан  кейін  қол  қойылған  құжатты  электронды 
түрде  немесе  қағазбен  өз  бөлімшесінің  жауапты  адамына  жібереді,  бұл  орайда 
бұрыштамалар қағазбен жіберілгенде қайта жиналмайды. 
141.  Мекеменің  Төрағасы  жəне  Төрағаның  орынбасарлары  қол  қойған, 
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  билік,  басқару  жəне  құқық  қорғау 
органдарына  жіберілетін    құжаттар  почталық  байланыс  кəсіпорындары  арқылы 
немесе  мекен-жайларға  қолма-қол  жіберу  үшін  қағазбен  жəне  электронды  құжат 
айналымының шағын жүйесінде электронды түрде уəкілетті бөлімшеге жіберіледі. 


 
56
Мекеме  Төрағасының  орынбасарлары  немесе  бөлімше  басшылары  қол 
қойған басқа да құжаттар почталық байланыс кəсіпорындары арқылы жіберу үшін 
қағазбен  жəне  электронды  түрде  электронды  құжат  айналымының  шағын 
жүйесінде уəкілетті бөлімшеге жіберіледі. 
142.  Бөлімшенің  жауапты  адамдары  хат-хабарларды  жіберудің  алдында 
міндетті түрде: 
1)  мекен-жайдың  дұрыс  жазылуын,  жауап  хаттарда  сұратудың  нөміріне 
жəне күніне сілтемелердің болуын; 
2)  жіберілетін  құжаттың  соңғы  бетінде  қол  қоюға  құқық  берілген  адамның 
қолының, сондай-ақ орындаушының аты-жөні жəне телефонының болуын; 
3) жіберілетін құжатта жіберу күні, нөмірі болуын; 
4) сыртының дұрыс ресімделуін тексеруі тиіс. 
143.  Бөлімшенің  жауапты  адамдары  басқа  ұйымдарға  жіберілетін 
құжаттарды уəкілетті бөлімшеге жеке тапсыруы тиіс. 
144.  Уəкілетті  бөлімше  жіберілетін  құжаттарды  жұмыс  күнінің  ішінде,  бірақ 
жіберілетін құжаттарды ресімдеуге арналған үзілістерді ескере отырып 17 сағат 30 
минуттан кешіктірмей қабылдайды.  
Уəкілетті  бөлімшеге  сағат  15-тен  кейін  түскен  хат-хабарлар    келесі  жұмыс 
күні жіберіледі. 
145.  Уəкілетті  бөлімше  электронды  құжат  айналымының  шағын  жүйесінде 
тіркелмеген хат-хабарларды жіберуге қабылдамайды.  
146.  Жіберілетін  хат-хабарларды    сақтау  мақсатында,  олар  оқшауланған 
бөлмеде  өңделеді. 
147.  Бір  уақытта  жəне  бір  мекен-жайға  жіберілетін  құжаттар  бір  конвертке 
салынады. 
 
9-тарау. Құжаттардың орындалуын бақылау 
 
148. Құжаттардың орындалуын бақылаудың негізгі міндеттері: 
1) 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 
(оның 
ішінде 
оның 
Əкімшілігінің) тапсырмаларын, органдардың (Басқарма, Директорлар кеңесі)  жəне 
Мекеме  басшылығының  басқару  құжаттары  мен  тапсырмаларын  уақтылы  жəне 
сапалы орындау; 
2)    тапсырмаларды  орындау  рəсімдері  жөніндегі  материалдарды 
жүйелендіру мен талдау жəне құжаттармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру; 
3)  Мекеменің  басшылығын  жəне  бөлімшелерін  тапсырмалардың  орындалу 
барысы жəне нəтижелері туралы жедел ақпараттармен қамтамасыз ету; 
4)  құжаттармен  жұмыс  жүргізудің  белгіленген    рəсімдері  мен  ережелерін  
сақтау, сондай-ақ орындаушылық тəртіпті сақтау болып табылады.  
149.  Орындауды  жəне/немесе  жауап  беруді  талап  ететін  барлық  тіркелген 
құжаттардың орындалуын бақылау қажет. 
150.  Бақылау  құжатта  қойылған  нақты  мəселелер  бойынша,  орындалу 
нысандары мен мерзімдері бойынша жүргізіледі. 
Нақты  мəселе  жəне  орындаудың  нысаны  бойынша  бақылауды  Мекеменің 
басшылары  жəне  оның  бөлімшелері  немесе  олардың  нұсқауы  бойынша    нақты 
лауазым иесі (жауапты орындаушы)  жүзеге асырады. 
Құжаттардың орындалу мерзімін уəкілетті бөлімше,  Мекеменің Басқармасы 
мен  Директорлар  кеңесінің  шешімдерін  ресімдеуге  жауапты  қызметкерлер  жəне 
бөлімшенің жауапты адамдары бақылайды.  
Уəкілетті  бөлімше  жəне  Мекеменің  Басқармасы  мен  Директорлар  кеңесінің 
шешімдерін  ресімдеуге  жауапты  қызметкерлер  құжаттардың  орындалу  мерзімін 


жүктеу 5,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау