Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



жүктеу 5,08 Kb.
Pdf просмотр
бет19/92
Дата25.05.2018
өлшемі5,08 Kb.
#17303
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   92

 
45
Бухгалтерлік  жəне  статистикалық  есептерге  екі  адамның  –  Мекеме 
басшысының  немесе  оның  орынбасарларының  (олардың  арасында  бөлінген 
міндеттерге сəйкес олардың өкілеттіктеріне қарай) жəне бас бухгалтердің немесе 
оның орнындағы адамның қолдары қойылып ресімделеді. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Əкімшілігіне,  Парламентіне    жəне 
Үкіметіне жолданған хаттарға Мекеменің басшысы немесе оның орнындағы адам 
қол  қояды.  Сонымен  қатар  Мекеме  басшысы,  сондай-ақ  Мекеме  атынан 
жіберілетін кез келген басқа құжатты қарап, қол қоюға құқылы. 
Министрліктердің,  ведомстволардың,  ұйымдардың  басшыларына,  заңды 
жəне  жеке  тұлғаларға,  Мекеменің  филиалдарына,  өкілдігіне  жəне  ұйымдарына, 
сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  резидент  еместеріне  жолданған  хат-
хабарларға Мекеме басшысының орынбасарлары өз  құзыры шегінде қол қояды. 
Мекеме  бөлімшелері  атына  жіберілген  ағымдағы  хат-хабарларға, 
бөлімшелердің  құзырына  кіретін  мəселелер  жөнінде  заңды  жəне  жеке 
тұлғалардың  хаттарына  берілген  жауаптарға  бөлімшелердің  басшылары  немесе 
олардың орынбасарлары қол қояды. 
Басқару құжаттарына қол қою тəртібі 4-тараудың 1-параграфында айтылған. 
Қол  қою  құқығын  басқа  лауазымды  адамға  беру  əрбір  жекелеген  жағдайда 
Мекеме басшысының бұйрығымен белгіленеді. 
Мекеме  филиалдарының  басшылары  филиал  туралы  Ережеге  жəне 
белгіленген  тəртіппен  берілген  сенімхаттарға  сəйкес  олардың  құзыретіне  кіретін 
міселелер бойынша қол қою құқығы болады. 
Мекеме атынан хатқа немесе құжатқа қол қойған, бірақ оған тиісті өкілеттігі 
жоқ адам заңдарда белгіленген тəртіппен жауап береді. 
39.  Құжатты  келісу  грифі  оның  оң  жақ  бұрышына    қойылады  жəне 
«КЕЛІСІЛГЕН»  деген  сөзден,  құжат  келісілетін  адамның  лауазымы  (оған  қоса 
ұйымның  аты),  жеке  қолы,  қойған  қолының  талдамасы  (аты-жөні)  жəне  құжат 
келісілген күн жазылады. 
Егер келісу хат, хаттама арқылы жəне басқа құжаттармен жүзеге асырылса, 
келісу грифі мынадай түрде ресімделеді: 
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының  
Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің  
Ақпарат жəне мұрағат комитетінің 
Орталық тексеру-сараптау комиссиясы 
22.01.07 ж. № ___хаттама.  
40.  Құжаттарға  бұрыштама  қойған  кезде  мыналар  көрсетіледі:  виза 
қоюшының  қажет  болған  кезде  қолы,  қойған  қолының  талдамасы  жəне  қол 
қойылған күн.  
Құжат  бойынша  ескертулер  болған  жағдайда  бұрыштама  мынадай  түрде 
ресімделеді: 
Ескертпелер бар (қоса беріліп отыр) 
12.05.07. 
Келісілетін  құжат  бойынша  ескертулер  болмаса,  оның  жеке  құжаттармен 
(хатпен,  жазбамен  жəне  басқалармен)  келісілгені  туралы  хабарлауға  тыйым 
салынады. 
Құжат бірнеше парақтан тұратын болса, орындаушының қолы əрбір  беттің 
оң жақ төменгі бұрышына қойылады. 
Бұрыштама  басқару  құжаты  түпнұсқасының  соңғы  парағына,  жіберілетін 
құжаттың көшірмесіне қойылады. Басқару құжатының бұрыштамалары жеке келісу 
парағына ресімделуі мүмкін.  


 
46
41.  Мекеменің  мөрімен  Мекеменің  нормативтік  құқықтық  актілерінде 
көзделген құжаттардағы лауазымды адамның қолының түпнұсқалығы расталады. 
Қаржылық  құжаттардан,  сенімхаттардан,  лицензиялардан  жəне  арнайы 
белгіленген  заңдық  растауды  талап  ететін  құжаттардан  басқасына,    Қазақстан 
Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасы  жəне/немесе  Мекеменің  эмблемасы 
бейнеленген бланкілерге басылған құжаттарға мөр қойылмайды.   
42.  Құжат  көшірмесінің  түпнұсқаға  сəйкестігін  растаған  кезде  «Қолы» 
деректемесінен төмен «Дұрыс» немесе «Көшірмесі дұрыс» деген растау жазбасы 
жасалып, көшірмені растаған адамның лауазымы, оның қолы, аты-жөні толық жəне 
расталған күні жазылады. 
43. Орындаушы туралы белгіде құжат дайындаушының аты-жөні жəне оның 
телефон  нөмірі  болады.  Орындаушы  туралы  белгі  құжаттың  соңғы  парағының 
бірінші бетінде төменгі сол жақ бұрышына жазылады. 
Егер  құжатты  қол  қойған  адам  əзірлеген  болса,  орындаушының 
телефонының нөмірі ғана көрсетіледі. 
44. Құжаттың орындалғаны жəне оны іс қағаздарына жіберу туралы белгіде: 
құжаттың орындалғанын растайтын күн мен нөміріне сілтеме немесе мұндай құжат 
болмаған жағдайда орындалғаны туралы қысқаша мəлімет; «іске тігу үшін» деген 
сөздер; қажет болған жағдайда – құжат сақталатын іс нөмірі болады. 
Құжаттың  орындалғаны  жəне  оны  іс  қағаздарына  жіберу  туралы  белгіге 
орындаушы  немесе  құжатты  орындаған  бөлімшенің  басшысы  қол  қояды  жəне 
орындалған күнін көрсетеді. 
45.  Құжаттың  Мекеме  бөлімшесіне  түскені  туралы  белгіде  құжатқа 
электронды құжат айналымы шағын жүйесі берген реттік нөмірі, парақ саны жəне 
құжаттың түскен күні (қажет болғанда – сағаты жəне минуты) көрсетіледі. 
Құжаттың түскені туралы мөртабан түріндегі белгіні қоюға болады. 
46.  Құжатты  автоматты  түрде  іздеуге  арналған  белгіде  файлдың  аты  жəне 
ұйым белгілеген басқа да іздеу деректері болады. 
 
§2. Құжатты əзірлеуге жəне ресімдеуге қойылатын талаптар 
 
47-48.  Құжаттар  «MS  Оffice»,  мəтіндік  редакторда  –  «MS  Word»,  есептік 
кесте  материалдары  «MS  Excel»  қосымшалардың,  графикалық  материал  «bmp», 
«gif»,  «tiff»,  «vsd»  тəрізді  форматтардың  жұмысын  қолдайтын  бағдарламалық 
өнімдердің  көмегімен  əзірленуі  тиіс.  Кейбір  жағдайларда  «ASCII»  форматындағы 
файлдарды пайдалануға болады. 
49. Мəтін «Times New Roman» немесе «KZ Times New Roman» қаріптерімен, 
«14» қаріп өлшемімен терілгені дұрыс. Басқа өлшемді қаріптермен теруге де жол 
беріледі. 
Ақпарат  технологиясы  бөлімшесі  Мекеменің  əр  қызметкерінің    жұмыс 
орнында жоғарыда аталған қаріп үлгісін орнатуды қамтамасыз етуге міндетті. 
50.  Құжаттарды  қалыптастыру  кезінде  тиісті  санаттағы  қызметкерлерге 
арналған  бланкілер  мен  үлгілер  кітапханасы  оқуға  болатындай  етіп 
орналастырылған  құжаттарды  ресімдеудің  электрондық  бланкілері,  үлгілері  мен 
стильдік  үлгілерін  пайдалануға  болады.  Ақпарат  технологиясы  бөлімшесі  қажет 
болған  жағдайларда  құжат  ресімдеудің  корпоративтік  стандартын  əзірлеуді, 
үлгілер кітапханасын сақтау мен таратудың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. 
51.  Құжаттар екі немесе одан көп бетке əзірленсе, екінші жəне одан кейінгі 
беттер,əдеттегідей, 
нөмірленуі 
тиіс. 
Қосымшалардың 
парақтары 
бөлек 
нөмірленеді.  Беттердің  нөмірлері  құжаттың  жоғарғы  жағындағы  бос  орынға  орта 
тұсынан араб санымен нүктесіз қойылады.  
52. Құжаттарды парақтың сыртқы бетін пайдалана отырып басуға болады. 


жүктеу 5,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау